Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Абай - дана, Абай - дара қазақта" 2 сынып

Тәрбие сағаты "Абай - дана, Абай - дара қазақта" 2 сынып

Скачать материал

Өткізген: Усенова Д.Э.     Бастауышш  сынып мұғалімі       «Озерки  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі»  КММ

Тақырыбы:  Абай  - дана, Абай – дара қазақта

Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін  меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен        таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу,    дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз   байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:  суреттер,  флипчарт, маркерлер

Барысы:

«Желсіз түнде  жарық ай» бейнежазбасын тамашалау.

-Балалар, бейнежазбадан не көрдіңдер?

-Ән қалай аталады?

-Бұл әнді  кім жазды?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл ән Абай атамыздың әні.

Бүгінгі  тәрбие  сағатымыздың  тақырыбы:  «Абай – дана, Абай – дара қазақта» 

Парасатты болып  туған,

Шыңғыстаудың  Абайы.

Ән  мен  жырын   мұра  қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның  Абайы.

Ақылымен  дана  болған,

Бүкіл  әлем  Абайы, - деп  ақын  Жұмағазы Алмабаев  жырлаған  Абай  кім?

Аружан :Абай ата қазағымның тірегі

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

Төгетұғын сәулесі мен шуағын,

Маңдайдағы жарқыраған күн еді.

Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,

Сен өлгенмен,мәңгі өлмес өлеңің бар.

Ұғындырған осынау жас қадірін,

Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,

Танытқандай қазақтың қасиетін.

«Жас жүрек соғар Абай» деп,

Ұрпағың тұр алдыңда бас иетін.

Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.

Мұғалім: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» дегендей, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздеріне, даналық ойларына және өмірдерегіне шолу жасаймыз.

Айдос:Абай Құнанбаев- қазақ халқының кемеңгері. Дана ақын – Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.

Альбина:  Жүрегім шырақ етіп жандырған кім,

Жырымен жан сусынын қандырған кім.

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім.

Аман:       Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім,

Талабын тас қияға өрлеткен кім.

Құбажон, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім.

Дана:         Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім.

Арманын аттандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім.

 

Аяжан:   Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім,

Жауына найза сөзін шанышқан кім.

Өзендей құйған бәрін көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім

Бәрі:-          Ол Абай Құнанбаев - ұлттың мәңгі ұйтқысы.

 

Милана: Абай жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.

 

Көрініс: «Әженің әңгімесі»

 

Автор:  Биыл Абайдың жасы он нүшке толған еді. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен,қызық сөйлейді. Әңгіменің барлық жерін дәмді қып,қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда,бір күні кешке ұйықтай алмай жатып,әжесінен әңгіме айтуды сұраған. Сонда ол ойланып отырып;

Әжесі; -Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
             Бұрынғыда кім өткен!?

Автор:  Әжесі әңгімені осылай бастайтын,ылғи әңгіме тыңдарда,Абай әжесінің тізесін қағып;
Абай
:  -Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен,
Бұрынғыда кім өткен!?

Автор: Кейде әжесі шаршаса,өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай,білдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады.Сондаи шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп жүрген. Күндердің бірінде бұл үйге бөгде екі қонақ келеді (екі қонақ кіріп, отырғандарға амандасады). Бірі- қартаң,бірі -жас қонақ. Жасын Абай біледі,таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп,осы үйде үш күн жатып, «Қозы Көрпеш-Баянды» жырлап берген Байкөкше еді. Қасындағысын Абай білмесе де ,шешесі әбден таниды екен.

Шешесі:  Ал,балам,әжең екеумізді қажай беретін едің, әңгіме-жырдың дүкені,міне,жаңа келді. Мына кісі;-Барлас- деген ақын.

Автор: Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп,үндемей отырған өзге үлкендердей емес.
Барлас ақын: Е, балам; «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай езілген»-дегендей сөйлеуіңді де,тыңдауыңды да сүйген ел-ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң,айтуға Байкөкше жалықпас (жолдасына қарап).

Автор:  Осы түнде ас піскенге дейін  Барлас«Қобыланды батыр» жырын жырлады. Абайдың қазақ аузынан да,кітап ішінен де өмірі естіп білмеген,ең бір сұлу,ең бір әсерлі,күшті жыры осы еді (Барлас қолын жуғалы қамданғанда);

Абай: Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен?

Барлас:  - Әріден келе жатқан деседі-ау, балам, бұның  түбін.

Бұл Абай тілегі еді... Абай бұл күнге дейін өмірінде осы Барлас,Байкөкше баян еткен дастан-жырларға бара-бара еш нәрсе естімеген сияқты болды. Күндіз де,түнде де Барластың қасынан шықпады. Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып,Барлас пен Байкөкшкні дәл бір айдай жібермеді.

Барлас: -Шырағым,ер жетерсің,
Ер жетсең сірә не етерсің?
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң шыңға жетерсің.

(Абай домбырасын ұсынады). Міне ,балам осы менің батам болсын (Ақындар жүруге қамданды. Абай шешесін шақырып алып);

Абай: Апа,екеуіне де жақсы сый беріп аттандыршы (қонақтарға қымыз құйылады).

Ұлжан: Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп,арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар,қадамы құтты қонақ екенсіңдер.

Автор:  Абай шынында да,дәл осы кезде өзін-өзі бір сырқаттан құлан таза болып алғандай,бойына қайрат жиып алғандай сезінді.

Ұлжан: Тағы да келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де сөйлетіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза қош болып аттаныңдар.

Әжесі Зере:  Қонақтар жүруге қамданып отырсыңдар ғой,ас қайырып бата алайық!

Байкөкше: Асқа берекет,
Адамға қанағат,
Аллаға сабыр ет,
Не тілесең соны қабыл ет!
әумин!

(Қонақтарды аттандырады).

Абай: (шешесіне риза болып);-Апа сізге де үлкен рахмет! Адам жанын айтқызбай ұғасыз. Ризамын,анашым (бәрі сахнадан кетеді).

 

Бекзат: Жастайынан халық ауыз әдебиетіне сусындап өскен Абай ақындық жолға бет бұрады. Абайдың өлеңдері жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуды үндейді. Алғашқы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім »

 

Ажар:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де баска шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.

Айсана:  Ғылым  таппай  мақтанба

Сағадат: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар.

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқан кімде бар.

Сол жарасар туғанға.

Абай өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге қарсы болды. Абайдың күйлері бар. Абай ата – ақын, жазушы, философ, сазгер, аудармашы, данышпан, көсем, табиғат жыршысы, табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі. Абай әндерін бала да,үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де сүйіп орындайды.

 

Алтынай: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең,менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді-өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Ән: «Көзімнің қарасы»

Мұғалім: Абай атамыз орыс халқының классик ақындарының шығармаларын аударған.Пушкиннен «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған.

 

Құрманғали: Қараңғы түнде тау қалқып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт,дем-салғып,

Түн басады салбырап.

Шың шығармас жол-дағы,

Сыбдырамас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсақ азырақ.

  Көрініс «Шегіртке мен  құмырсқа»

Сондай – ақ, Абай атамыздың 45 қара сөздері бар. Абай ата 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілікке өсиет, толғауға арналған .

Диляра:

18- қара сөзінен үзінді: Тегінде адам баласы  адам баласынан  ақыл, ғылыми, ар, мінез  деген нәрселермен  озбақ. Одан басқа  нәрселермен  оздым  демектің  бәрі  де  ақымақтық.

Ілиас:

33-қара сөзі: Егер де  мал  керек  болса,  қолөнер  үйренбеек  керек.  Мал  жұтайды, өнер  жұтамайды. Алдау  қоспай,  адал  еңбегін  сатқан  қолөнерлік- қазақтың  әулиесі  сол.

 

Наргиза: Жастайынан халық жағына шығып,олардың зар, мұңын ұға білген Абай қазақ халқының болашағы үшін күресті. Ел арасындағы дау-жанжалдардың әділ жолын көрсетіп, адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды ақыл, парасаттылығымен шеше білген.

  «Өшес мұралар»  кітаптар көрмесі.  Абай  мұрасымен , ақынға  арналған  жазушылардың  еңбектерімен таныстыру.

Мұғалім: Міне,балалар бүгін Абай атамыз жөнінде біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын.Абай атамыз туралы кино бар.Онда Абайдың ролін Болат Әбдіманов ағамыз ойнайды. «Абай» атындағы опера-театры,Абай атындағы көшелер,музейлер,Абай ескерткіші,жоғарғы оқу орындары,мектептер,қала аттары бар. Бұл дегеніміз халқымыздың Абай еңбегін бағалап,мәңгі есте сақтайтындығымыздың куәсі. Енді сабағымызды қортындылайық.

«Абай ата сөзі»  кестесін толтыру.  «5 дұшпан мен 5 асыл істі»  жазу.

«Пікірлер  ағашын»  жазу.

 Қазіргі ақындар Абай мектебінен өткен. Абай салып кеткен ізбен келеді. Оның дәлелі мінекей, бүгін Абай өміріне шолу жасадық.

Қорытынды: Абай жолы – халық жолы. Абай атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күн шуағы. Әрқашанда жас жүрегіміз соғар Абай- деп ойлаймын. Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Абай - дана, Абай - дара қазақта" 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатында Абай атамыздың балалық шағынынан көріністер көрсету арқылы өмірімен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерімен таныстыру. Абай сздерінің құдіретін таныту. Жаман әдеттерден аулақ болуға , жақсы іс, адамгершілікке, асыл істерге жақын болуға тәрбиелеу. Ақынның орыс жазушысы Крыловтан аударған " Шегіртке мен құмырсқа" мысалы арқылы еңбектің маңыздылығын көрсете отырып, аудармашылық қыры да көрсетілді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 822 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2020 1899
    • DOCX 86.5 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ризванова Эльмира Габдрахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79876
    • Всего материалов: 257

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1184 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 563 человека

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 352 человека

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек