Инфоурок Информатика Рабочие программыHTML-де құжат дайындау

HTML-де құжат дайындау

Скачать материал

 

 

37 Сабақ  жоспары

 

Топ

4 топ

Сабақтың  өткізілетін күні

 

Пәні:  Информатика 

Сабақтың тақырыбы: HTML-де құжат дайындау

Сабақтың мақсаты:

                  Білімділік: HTML-де құжат дайындау тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

                  Тәрбиелік:  икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

                  Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту  (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)

Сабақты  өту  әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл

Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар: компьютер 

Әдебиеттер:  В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»

«Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. «Microsoft Word текстовый редактор» Питер.  2001 ж. OC Windows 98, 2000,  XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин  «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии»  «Всемирная паутина WWW» Питер.  2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы  информатики  и  вычислительной техники» 

10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.

В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» «Microsoft Access» Питер. 2000 ж.

Сабақтың барысы мен мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі

         а) ұйымдастыру  кезеңі

         б) үй тапсырмасын сұрау

         в) бағалау

         г) жаңа  сабақ

         д) бекіту

         е) үйге  тапсырма

         ж)  қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ  басталған соң баларды  ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

3.      Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру

 

HTML-де құжат дайындау

Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады. Веб дизайнға қойылатын талаптар. Веб дизайн – сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы – тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек: Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек. Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс – мәзір анық та түсінікті болу керек. Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет. Web дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек. Веб дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн – бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл web дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады. Web дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы – веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Web дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті. Графиканы құру және оптимизациялау – күрделі жұмыс. Web-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Web-графикамен жұмыстың басты қиындығы-Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет. Векторлы және растрлы графикалық редакторлар епті қолда қуатты құрал бола алады. Растрлы суретте әрбір пикселдің анықталған орны мен түсі бар, мұнда әрбір объект программаға боялған пиксел жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл қолданушы растрлы суреттермен жұмыс жасағанда нақты суретпен емес, пикселдер тобымен жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Растрлы суреттер түс градациясын және жартытондарды дәл береді, суреттің жоғарғы детализациясын қамтамасыз етеді. Сол себепті олар тонды суретті берудің (фотографияны сканерлеу) оптималды құралы болып табылады. Растрлы графикада пикселдердің бекітілген көлемі қолданылады. Бұл суретті өзгерту (бұру, үлкейту) кезінде бейненің бұрмалауына және объект шекараның қисық болып шығуына алып келеді. Ал векторлы графика математикалық фигура – векторлар негізінде құрылып, координатасы, түсі және басқа параметрлі қисық және боялған шектелген облыстардан тұрады. Векторлы суретті файл қисықтың координатасы мен параметрлерінен құрастырылады. Оларды өзгерткенде сапа төмендемейді. Векторлы графика ұсақ кеглдер (шрифттар) қолданған цифрлы объектілер және анық контур қажет логотиптер жасауда пайдаланылады.

 

4. Жаңа материалды бекіту

Ол  үшін  студенттерге  жаңа  сабақтан бірнеше  сұрақтар  қоя  отырып сабақты  аяқтаймын.

5. Сабақты қорыту

Жаңа  материалды  пысықтау, оқушылардың  меңгерген  білімдерін  талдау,  бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру: 

    

    Оқытушы______________М.Ш. Абдулхаков 

 

    ПЦК төрағасы__________К.К. Убаев

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "HTML-де құжат дайындау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

HTML-де құжат дайындауВеб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады. Веб дизайнға қойылатын талаптар. Веб дизайн – сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы – тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек: Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек. Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс – мәзір анық та түсінікті болу керек. Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет. Web дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек. Веб дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн – бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл web дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады. Web дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы – веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Web дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті. Графиканы құру және оптимизациялау – күрделі жұмыс. Web-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Web-графикамен жұмыстың басты қиындығы-Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет. Векторлы және растрлы графикалық редакторлар епті қолда қуатты құрал бола алады. Растрлы суретте әрбір пикселдің анықталған орны мен түсі бар, мұнда әрбір объект программаға боялған пиксел жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл қолданушы растрлы суреттермен жұмыс жасағанда нақты суретпен емес, пикселдер тобымен жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Растрлы суреттер түс градациясын және жартытондарды дәл береді, суреттің жоғарғы детализациясын қамтамасыз етеді. Сол себепті олар тонды суретті берудің (фотографияны сканерлеу) оптималды құралы болып табылады. Растрлы графикада пикселдердің бекітілген көлемі қолданылады. Бұл суретті өзгерту (бұру, үлкейту) кезінде бейненің бұрмалауына және объект шекараның қисық болып шығуына алып келеді. Ал векторлы графика математикалық фигура – векторлар негізінде құрылып, координатасы, түсі және басқа параметрлі қисық және боялған шектелген облыстардан тұрады. Векторлы суретті файл қисықтың координатасы мен параметрлерінен құрастырылады. Оларды өзгерткенде сапа төмендемейді. Векторлы графика ұсақ кеглдер (шрифттар) қолданған цифрлы объектілер және анық контур қажет логотиптер жасауда пайдаланылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.06.2020 805
    • DOCX 51 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Стадник Наталья Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Стадник Наталья Юрьевна
    Стадник Наталья Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69338
    • Всего материалов: 215

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 494 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 525 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов