Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Түлек –думан 2016"

"Түлек –думан 2016"

Скачать материал

Түлек –думан  2016

9 А сынып оқушыларының 11 сыныпқа арнаған құттықтауы

Асхат:  Құрметті ата-аналар,ұстаздар, бүгінгі қуанышты бөлісе келген қонақтар! Осыдан 11 жыл бұрын ата-аналары мен әже-аталарының жетегінде келген кіп-кішкентай бөбектер, енді міне,ақыл ойлары өскен, өмірдің тағы бір белесіне өткелі отырған саналы түлектар. Түлек шоуға қош келдіңіздер!

Анеля: -Бәйгеге осыдан 11 жыл бұрын

      Қосып еді жетектеп 1-1 құлын

     Бәрі де бас білмейтін асау еді

     Жолының аңғармайтын ой- шұңқырын

     Мәреге сол бәйгеміз бүгін жетіп

    Жіберді көкіректі дүбірлетіп

   Сәйгүлік кілең тұлпар сап түзеді

   Ата-ана, ұстаздарын күлімдетіп.

Асхат:

Бірге жүрдің,11 жыл, бірге ойнадың,

Бірге оқыдың 11 жыл, бірге ойладың

Келді бүгін қоштасатын кездерің,

Ақтық рет мектеп тойын тойладың

Анеля: Бүгiнгi күн- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!

Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар сiздерге арналады.  

(Әке әнінің әуенімен)

Базылбектің мектебінде оқыдың,

Бар білімді көңіліңе тоқыдың.

Түлек болып бүгін ұшып барасың

Өз жолыңды өмірде сен табарсың.

Қайырмасы

Аман-есен ҰБТ-дан өтіңдер,

Армандарға, қиялдарға жетіңдер.

Түлектерім  жолың болсын қашанда,

Асқар таудан маман болып асқанда.

Тек түлектер сендер ғана лайықсың

Универдің гранттарына.

Тек түлектер сендер ғана лайықсың

Универдің гранттарына.

Отқа түстің, суға түстің мен үшін,

Еңбегіңнің көре берші жемісін.

Бала қыран ұшып шықса ұядан

Мұның бәрі ұстаз сенің жемісің.

Қайырмасы

Білім берген, ақыл берген әрқашан,

Ұмытпаймыз өздеріңді ешқашан.

Ұстаздарым бақ тілейміз сіздерге

Дұрыс жолды таңдай білген біздерге.

Тек ұстаздар сіздер ғана лайықсыз,

Абырой мен сыйлы құрметке.

            Тек ұстаздар сіздер ғана лайықсыз,

         Абырой мен сыйлы құрметке.

Әке деген асқар тауым орманым,

Ана деген мәпелеген қорғаным,

Қандай жақсы бұл өмірде достарау,

Ата-ананың қасымызда болғаны.

            Қайырмасы

            Анашымды отырғызып жаныңа,

Гүл беремін салып алақаныңа.

Ей балалар шүкіршілік етіңдер,

Бұл өмірде ата-ананың барына.

Тек ата-ана сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына.

 

Асхат:

Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға.

Азат:

Көркем сөздің шебері, әнші, түрлі пәндерден  олимпиада жеңімпазы, ата-анасының тұңғышы  Насиғазина Жұпарды ортаға шақырамыз:


Президент болды өз кезі

Жасұлан ұйымын басқарып,

Өз жұмысын жасады,

Ойдағыдай атқарып.

Талай жігітті жылатқан,

Кешірім де сұратқан.

Жұпардай мерген қызымыз

Құралайды көзбен құлатқан

Аминаға

Көрінген емес ешқашан

Жаман мінезі байқалып,

Амина жүреді әрқашан

Жауқазындай жайқалып

Ылғи да күліп жүретін,

Күлкімен өмір сүретін

Өмірде мынау өлшеулі

Өз орынын білетін.

Назеркеге

Болмайды неге демеске

Ақыл да айтар, кенесте

Кейде көл, кейде шөл болар,

Нәзерке біздің емес пе.

Айтқан тілін алмасаң

Қалады ол да наздана,

Өзгеремейтін қыз екен

Қыста да, көктем, жазда да.

Ғазизге:

Маскасын қара киіп ап

Балаларды билеткен.

Ортада өзі тұрып ап,

Қалай билеуді үйреткен.

Жігіттердің төресі,

Серілердің серісі

Ғазиз болғанмен есімі

Корейге ұқсайды терісі

Русланға

Мектепте бәрі сыйлайды,

Таниды бұл түлекті.

Қыз мінезді болғанмен,

Қайратты ол жүректі.

Өзі сұлу, келбетті

Орманда жүрген еліктей

Русланның бойы өте ұзын

Африкадағы керіктей.

Дәрменге

Кішкентай ғана бойы бар,

Аналдыра киген тоны бар,

Қозыға өзі ұқсаған

Бұл жігіттің жолы бар

Тенниске жұмсап  күн сайын,

Жігерін, күшін, пәрменін.

Сыйлайды оны барлығы

11-сынып Дәрменін.

Дамирге

Күн сайын өзі құлпырып,

Өзінен-өзі жұлқынып

Ренжітсең оны байқамай,

Қалады кейде қылқынып

Кеудесі батыр тұлғалы

Еңсесі биік Памирдей

Дүниеге келер бір рет

Әдемі жігіт Дамирдей.


Алға түлек(9 –а сынып ұлдары «Қазақтың жігіттері» әнінің әуенімен)

Асыл текті туған, білім жолын қуған

Болашақ елі үшін белін бекем буған

Ақ тілек күшімен, саналы ісімен

Түлектер бүгінгі көрінші биіктен

Алға, алға мектептің түлектері

Сенім артқан жансын ұстаз үміттері

Сынағыңнан сүрінбей өт , бағың жансын

Арманыңа жете бер, түлектерім.

Еркесі сыныптың әнші қыз Амина,

Әрқашан сыпайы бұрымды Назерке

Атақты әнші ұлдар Ғазиз бен  Дәрменің

Дебатшы Дамир мен Жұпарың тағы бар

Алға, алға мектептің түлектері

Сенім артқан жансын ұстаз үміттері

Сынағыңнан сүрінбей өт , бағың жансын

Арманыңа жете бер, түлектерім.

Түлектер, түлектер биікке өрлеңдер

Сүйікті мектептің намысын бермеңдер

Ардың күші дарып, жүрек дүрсіл қағып.

Жетіңдер жеңіске шаршы топты жарып

 


’Түлектер'' арнау  (Ғабит)

Арманыңда жаныңда жалын ән бар

Жас талапкер сөзіме көніл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,

 Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір ұстаз ақылды, ақ шаш өнді. 

Басқаша енді үйретер бар сабағын

Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл демек,

Білімің мен ақылың күйің бөлек

Енді басқа жиын, той, киім керек

Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді

Жаса қанша тентектік, есір мейлі

Мектептегі мұғалім кешіргенмен,

Өмір , қатал ол күнде кешірмейді.

Даусыз ол күн сақталар

Жазылмаған өмірдің ақ парағы

Жаңа дастан күтеді жазуыңды

Күтпейді тек класстың тақталары

Енді сені күтеді барлық жолдар,

Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі дауыл да, дабыл да көп

Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп

Үлкен ойдан үлкен іс туар,

Ойла, болашақтың тағдыры қолымда деп. 

Уақытта емтихан алар

Ол сын қорқыта алмас

Көңілге сенім қонсын

Жас талапкер билет ал тәуекел деп

Ұлттық тестте, өмірде, жолың болсын.


Асхат

Ұшырады мектебің өз қолынан,

                        Көріне бер ғылымның сан қырынан

                        «Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

                        Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.

Анеля

Қоштасады алтын ұя мектебің,

                        Маңдайыңнан сипап өтер көктемің

                        «Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,

                        Тілейміз біз армандарға жеткенін!

            Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Түлек –думан 2016""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар, бүгінгі қуанышты бөлісе келген қонақтар! Осыдан 11 жыл бұрын ата-аналары мен әже-аталарының жетегінде келген кіп-кішкентай бөбектер, енді міне,ақыл ойлары өскен, өмірдің тағы бір белесіне өткелі отырған саналы түлектар. Түлек шоуға қош келдіңіздер!Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2020 203
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Лемишева Тамара Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Лемишева Тамара Владимировна
    Лемишева Тамара Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72706
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе