Инфоурок Классному руководителю КонспектыТұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары

Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары

Скачать материал

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын  өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеумет- тік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес

Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады:           « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш.  Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.[3]

Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  « Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен  өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.[5]

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер мен жоғары оқу орындары.Олар жас мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп,қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек.[4]

Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза.иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің  де ролі ерекше .

Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен міндет.

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз.Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу-сынып жетекшінің міндеті.

Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.

Міне ,осы  алты қасиетпен бірге үш асыл мінез-құлық.

1.Елімен туған-туыс,жұрағат,жекжат,дос-жолдасқа адал болу.

2.Өте әділетті болу

3.Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру.Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.

Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын  өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді,әдістемелік шығармашы- лық   шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеумет- тік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағ- дыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2]

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес

Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады:           « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш.  Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.[3]

Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  « Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту ,сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен  өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.[5]

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып,адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза елжанды азамат керек.Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін,елін,туып-өскен жерін,тілін,халқының тарихын,дінін,мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы,мектептер мен жоғары оқу орындары.Олар жас мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп,қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек.[4]

Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза.иман жүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің  де ролі ерекше .

Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 328 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2015 533
    • DOCX 52 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баянбаева Рауан Бейсембаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баянбаева Рауан Бейсембаевна
    Баянбаева Рауан Бейсембаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 166534
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 547 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека