Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Начальные классы / "Өткенді пысықтау" 4-сынып

"Өткенді пысықтау" 4-сынып

«№ 3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Оразгалиева Салтанат Саметказиевна

Пәні: математика 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өткен материалды пысықтау.

Мақсаты: Оқушылардың «Қосу және азайтудың ауызша тәсілдері» туралы алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1.Оқушыларды өз тұжырымын мысалдар келтіріп дәлелдеуге үйрету.Математикалық ұғымдарды,ережені орынды қолданып,тапсырмаларды орындау деңгейлерін анықтау.

2.Оқушылардың шығармашылық ойын,ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Ұжымдылыққа тәрбиелеу.Табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап ,талдау,

Түрі: бекіту сабақ

Сабақтың көрнекілігі:АҚТ,сызбалар.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Психологиялық ахуал.

-Көңіл-күйлерің қалай?

-Керемет!(балаларын қолдарын көтереді )

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша!(балалар қолдарын шапалақтайды)

-Ынталарың қандай?

-Ғажап!(бір-біріне қарап қол соғады)

-Ендеше сабағымызды бастаймыз.

-О о о! (балалар бас бармақтарын көрсетеді)

3.Негізгі бөлім.

-Сабақтын тақырыбы: Өткен материалды бекіту.

Бүгін біз еліміздің ең көркем жерлерінің бірі-Бурабайға саяхатқа шығамыз. Саяхатқа мына тікұшақпен аттанамыз.Міне,билеттер де дайын.

1-слайд.Ұшақ

Бурабай Қазақстанның Ақмола облысының солтүстік аймағында орналасқан.

2-слайд.Қазақстан картасынан көрсету.

-Бурабайдағы бой түзеген қарағайлы ормандар,қиял-ғажайып заңғар таулар,керемет табиғат пен әсем жерлері ерекше көз тартады. Әсем табиғаты үшін Бурабайды «Қазақстан Швейцариясы» деп атаған.

3-слайд.

-Балалар,Бурабайдын әсем жерлері туралы білгілерің келе ме?

-Олай болса, «Қосу және азайтудың ауызша тәсілдері»туралы алған білімдеріңді ортаға салып,сабақтың қызықты өтуіне ат салысасыңдар деген ойдамын.Саяхат барысында сендерге,балалар,бірнеше жабулы қақпалар кездеседі.Тапсырмаларды дұрыс орындасандар қақпалар ашылып,жақсылыққа шақыратын нақыл сөздерді оқи аласыңдар. Сонымен, «Оқжетпес» тауына жету үшін 1-билеттегі тапсырманы орындайық.

4-слайд.Ауызша есептеулер:

9+7 8+5 11-4

12-4 8+4 14-7

«Оқжетпес» тауы туралы аңыз.

Абылайханның жауынгерлері қалмақтың қызын тұтқынға алыпты.Ақылына көркі сай өте әдемі қыз екен.Жауынгерлер қызға сөз салыпты.Қалмақтың қызы жауынгерлерге биік тауды көрсетіп,жебені тигізуге шарт қояды екен.Бірақ жауынгерлердің ешқайсысы шартты орындай алмапты.Қалмақтың қызы осылай өзін аман алып қалады,ал тау «Оқжетпес» деп аталады екен.

5-слайд. «Оқжетпес» тауының суреті.

6-слайд: «Мыс қақпа» ашылып,ішінен:

Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.

Ғылымдар патшасы боп дараланып,

Математика қызыққа тоймайтұғын.

-Келесі жерге жету үшін 2-билетті алып,тапсырманы орындайық.

4.Оқулықпен жұмыс.

1.

45+20+3 79-12-10

37-5+22 16+13-8

2.

Жұмбақ шешу.Шешуіне байланысты есеп шығару.

Болды-15 ш және 24 к

Берді-13 к

Қалды-? К

Шешуі:(15+24)-13=26 к

Жауабы: 26 кәмпит қалды.

7-слайд. «Жұмбақтас» туралы аңыз.

Бір қырынан қарағанда шашы ұзын жас қызға,екінші қырынан қарағанда келіншекке, басқа қырынан қарағанда кәрі әжейге ұқсайды екен.Сол себепті «Жұмбақтас» деп аталған екен.

8-слайд. «Темір қақпа» ашылып,ішінен:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді сендерді

Математика сырына.

5.Сергіту сәті.

-Келесі жерге жету үшін 3-билеттегі тапсырманы орындайық.

6.Блиц турнир.Сұрақтарға жылдам жауап беру:

-Мектептегі 45 минут?(сабақ)

-Шарты,сұрағы,шешуі,жауабы ?(есеп)

-Шаршының бұрыштар саны? (4)

-Дөңгелектің бұрыштар саны?(жоқ)

-Қазір жылдың нешінші айы?(12)

-1 кг мен 20 грамның қайсысы ауыр?(1 кг)

-Қаз екі аяғымен тұрса 2 кг тартады,бір аяғымен тұрса неше кг тартады?(2кг)

-Орнынан қозғалмай өтетін не?(уақыт)

9-слайд. «Үш әпке»

Абылайхан әскерімен елімізді жаудан қорғауға кетеді.Елді мекенде аналар,балалар мен қариялар ғана қалады екен.Осы жағдайды пайдаланған жоңғарлар панасыз қалған елді басып алмақшы болады екен.Сонда ауылдың үш анасы заңғар тау болып қатыпты да,жаудың жолын бөгеп қалыпты,-деген аңыз бар.

10-слайд.Өздік жұмысы:

1-нұсқа 2-нұсқа

52+35 89-80 99-75 47+22

57-25 15-7 84-32 18-9

12-слайд. «Күміс қақпа»ашылып,ішінен:

Есепке жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың болар табылатын қасыңнан.

7. «Мұқият бол» ойыны.

Ойынның шарты:1-ден 25-ке дейін санағанда «3»деген сан және толық ондықты атаудың орнына шапалақтау керек.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25.

-Балалар,Бурабайға сапарымыз аяқталып келеді.Кері қайту үшін келесі билетті алайық.

Логикалық тапсырма:

-Балалар,біз ұшып келе жатқан ұшақпен бірге тағы бірнеше ұшақ ұшып келеді.Біреуі алдыда,екеуі соңында.Біреуі соңында,екеуі алдыда.Біреуі екеуінің ортасында және ушеуі қатарынан ұшып келеді.Барлығы неше ұшақ?

13-слайд.Үш ұшақтың суреті .Жауабы: 3

14-слайд. «Алтын қақпа» ашылып,ішінен:

«Білім-байлық» деген сөз шығады.

7. Қорытындылау.Не білдік?

8.Бағалау:

«2»дегенің нашар баға

Алады оны нашар бала.

«3»дегенің орта баға

Сапасы да орта ғана.

«4»дегенің жақсы баға

Алады оны жақсы бала.

«5» дегенің үздік баға

Оқитын бол үздік қана.

9.Үй тапсырмасы: №3,№4

  • Начальные классы
Описание:

№ 1.

45+20+3 79-12-10

37-5+22 16+13-8

№ 2.

Автор Нугуспанова Шынар Туленовна
Дата добавления 20.01.2017
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 878
Номер материала MA-069668
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

Популярные курсы