Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыТұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Тұңғыш Президент күніне арналған ашық  тәрбие сағаты.

Күні:  25.11.2015 ж.

Тақырыбы: «Елбасы сенімі-ел сенімі»

Мақсаты:  1.Қазақстан Республикасының тұңғыш  президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.

2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау. 

3. Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу..                                      
Көрнекілігі: шарлар,  тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.

 

Өту барысы:

Әнұран орындалады.

Мұғалім: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары!  Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі - ел сенімі» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер. 

Аят:  -Армысыздар, бармысыздар,  құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 

Мұғалім :   -Сен қалай ойлайсың,  Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

Аят:  -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.

Мұғалім: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде.  Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе? 

 

 Аят: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы -  Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.


 Мұғалім:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент.  Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.

/2 «а», 3 «а»  4 «а» сынып оқушылары шығады./

1-оқушы: Аят

 Қазақстан дейтін менің бар елім,
 Жатыр алып жарты дүние әлемін!
 Бұл даланы анам жаспен суарған,
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
 Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

 

2-оқушы: Велора

 Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.

Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.

 

3-оқушы: Дияс

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар

 

4-оқушы:Аружан

 Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.

 

5-оқушы: Мейрамбек.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.

 

6-оқушы: Аяжан

 Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 

 

7-оқушы: Дидар

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

 

8-оқушы: Айлана

Шықты тарап ой-данадан,
 Бері қарап жұлдыз беті.
 Өзі қалап сайлап алған,
 Елімнің бар Президенті

 

9-оқушы:  Әділжан.

Қиялы ұшқыр , ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші ,Атамыз.

Ән: «Бір жұлдызың боламын менде»  орындайтын  4 «а» сынып  оқушысы  Ж.Велора

Би: «Қаражорға»  2, 3 4  сынып оқушылары

Т. Аружан.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.  Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Мұғалім:

- Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.

Аят : Оқушы монологы  «Менің Президентім»

3 «а» сынып оқушысы      Батыргалиев Дияс.          

  -  Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.

Қазақ биі   2, 3 4  сынып қыздары

Мұғалім :

-Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік.

 

-Ұлтжанды

-Елін, жерін сүйетін патриот

-Жан-жақты

-Спортшы

-Мықты саясаткер

-Парасатты

-Сыпайы

-Қабілетті

-Мәдениетті

-Болашаққа жол бастаушы 

Хор:  

 

Отан деген ата- мекен,

Отан деген туған туған жер.

Отан-ана, Отан-пана,

Қазақстан туған ел.

Мұғалім:   Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық.  Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды.     Тыңдағандарыңызға көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

 

 

 

 

 

Новенький ЖОББМ

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Елбасы сенімі – ел  сенімі»

 

 

 

Өткізген: Абдрахманова З.С.

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағаты.Күні: 25.11.2015 ж. Тақырыбы: «Елбасы сенімі-ел сенімі»Мақсаты:1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау. 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.. Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.Өту барысы:Әнұран орындалады.Мұғалім: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі - ел сенімі» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер. Аят: -Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Мұғалім : -Сен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?Аят: -Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Мұғалім: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе? Аят: - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Мұғалім:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. /2 «а», 3 «а» 4 «а» сынып оқушылары шығады./ 1-оқушы: Аят Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!2-оқушы: Велора Ашық аспан жайнаған жұлдыздары, Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.Анасындай туған ел қамқор болып, Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.3-оқушы: ДиясЕл басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,Ақ ниетті халық деген данам бар4-оқушы:Аружан Туған жердің жайқалған алқабы егін, Биік сенің мәртебең, дарқан елім. Пейіліндей қазақтың байтақ далам, Сен не деген кең едің, шалқар едің.5-оқушы: Мейрамбек.Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.6-оқушы: Аяжан Әсем сазы басталған таза ағыстан, Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан. Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 7-оқушы: ДидарГүлдене бер, Отаным, Көтерген туын Нұр ағам! Көбейткен достың қатарын, Нұр аға – біздің ұлы адам.8-оқушы: АйланаШықты тарап ой-данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті9-оқушы: Әділжан.Қиялы ұшқыр , ойлы адам.Әлемге болған аты аңыз.Ұрпақтың қамын ойлаған,Аман-сау жүрші ,Атамыз.Ән: «Бір жұлдызың боламын менде» орындайтын 4 «а» сынып оқушысы Ж.Велора Би: «Қаражорға» 2, 3 4 сынып оқушыларыТ. Аружан.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.Мұғалім: - Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар. Аят : Оқушы монологы «Менің Президентім»3 «а» сынып оқушысы Батыргалиев Дияс. - Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.Қазақ биі 2, 3 4 сынып қыздарыМұғалім : -Балалар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейік. -Ұлтжанды-Елін, жерін сүйетін патриот-Жан-жақты-Спортшы-Мықты саясаткер-Парасатты-Сыпайы-Қабілетті-Мәдениетті-Болашаққа жол бастаушы Хор: Отан деген ата- мекен,Отан деген туған туған жер.Отан-ана, Отан-пана,Қазақстан туған ел. Мұғалім: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Новенький ЖОББМТәрбие сағатыТақырыбы:«Елбасы сенімі – ел сенімі»Өткізген: Абдрахманова З.С.2015-2016 оқу жылы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2020 321
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пашковская Вера Антоновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пашковская Вера Антоновна
    Пашковская Вера Антоновна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75058
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции