Инфоурок Другое КонспектыТылсым дүние ғажаптары

Тылсым дүние ғажаптары

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тылсым дүние ғажаптары

Сабақтың мақсаттары:

·    Білімбілік. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

·    Дамытушылық: өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу;

·    Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.

Көрнекіліктер: слайд, аудио және бейне материалдар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.

«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

Тыныштық сәтi.

Ыңғайлы және еркін отырыңыздар. Көзді жұмыңыздар өздеріңізді орманда жүрмін деп есептеңіздер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. «Иә» менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкіні сезіңіз. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі жаңа ашылған раушан гүлі сияқты. Ол сіздің ішіңізде ашылып, бүкіл денеңізге хош иіс береді. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.

Қандай әсер алдыңыздар?

Үй тапсырмасын тексеру.

Ақселеу Сейдімбековтің ғылыми-танымдық шығармасынан үзінді.

1.      Шығармада не туралы айтылады?

2.      Көшпелілердің сенімін қалай түсінесіз?

3.      Олардың табиғат құбылыстарын тамаша байқап, бағалай алуының сырын неде?

Әңгімелесу.

·         Адам неліктен тылсым дүниелердің сырын ашуға ұмтылады?

·         Неліктен табиғаттағы кейбір құбылыстарды тылсым дүниеге теңейді?

·         Адамға құпия болып келген тылсым дүниені тану несімен қызықтырады?

·         Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?

·         Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?

·         Табиғаттың аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?

·         Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?

Шығармашылық тапсырма.

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»

                                                    Халық нақылы

Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.

Жаңа ақпарат

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, қоршаған табиға ортаның түрлі қасиеттері табиғат құбылысының терең тынысына үңілуде адамзат баласы талай жолдардан өтіп, бай тәжірибе жинақтады.

  Табиғат біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы негізгі және басты ұстазы. Адам баласының білім алатын көзі – табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, тексеру, оның заңын табу сырын шешу... ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда мақамы да сонда... ғылымы да сонда, діні де сонда, адамдардың өмірі де сонда...»                                                                                                        А. Машанов

Бейнематериал көру

Жағдаяттарды шешу

1-жағдаят

Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?

 2-жағдаят

Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында  тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз?

Дәптермен жұмыс

Оқушыларға қағаздан жасалған күннің сәулелерін таратып, жақсы қасиеттер жазғызамын. Осы сәулелерді тақтадағы күн шеңберінің айналасына оқушылармен бірге орналастырамыз.

 Оқушылар тақтадағы күннің сәулесін жақсы қасиеттермен бірге дәптерге көшіріп алады.

Ән шырқайық достар

Синквейн 5 жолды өлең

1.Зат есім (бір сөз)

2.Сын есім (екі сөз)

3.Етістік (үш сөз)

4.Тақырыптың мағынасын ашатын ой ( 4 сөз)

5.Тақырыптың негізін қалайтын бірінші сөздің синонимі (бір сөз)

 

«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім. 

Сабақты қорытындылау:

АЙНА

Мен кіммін?

Мен осы сабақта не білдім?

Осы сабаққа дейін менде осы тақырып туралы түсінік көп/аз болды

Осы сабаққа кейін менің көзқарасым өзгерді

Үйге тапсырма: Ә.Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзіндіні оқып келу.

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсылық ойла, жақсылыққа қара, жақсылықты есті, жақсылықты оят, жақсылық істейік! Бақытқа бастар жол осы. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тылсым дүние ғажаптары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Тылсым дүние ғажаптарыСабақтың мақсаттары:Білімбілік. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.Дамытушылық: өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу;Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.Құндылық: Қиянат жасамауҚасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.Көрнекіліктер: слайд, аудио және бейне материалдар. Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау. Жаттығу барысы Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек. Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма? Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2020 573
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабирзянова Мадина Махмутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабирзянова Мадина Махмутовна
    Сабирзянова Мадина Махмутовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84133
    • Всего материалов: 204

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе