Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТілім менің тірегім

Тілім менің тірегім

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: № 47 ЖОББМ   

Тақырып:   «Тілім менің тірегім»

Құндылық:   сүйіспеншілік

Қасиеттер:  адамгершілік, сүйіспеншілік, ілтипаттылық, сыйластық

Мұғалiм:    Бабагумарова Аяжан Мүтиғоллақызы 

Сынып  4

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «тіл», «отан» ұғымдарын түсіндіре отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері:

-ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру;

-ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті             

 Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің      төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 

Сабақ барысын талдау

Үй тапсырмасын тексеру

Д.Әбіловтың «Туған тілім» өлеңі

Сұрақтар:

-          Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?

-          Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар?

-          Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

Оқушыларға үй тапсырмасы арқылы сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы қорытыланды.

Дәйексөз.

  «Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»

С.Торайғыров

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Абайдың он тоғызыншы сөзі

   Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған ада білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда ісе жарайды, сонда адам  болады.

 - Абайдың бұл сөзнен не ұғынуға болады?

 Абайдың он тоғызыншы қара сөзі арқылы балалар өздеріне көптеген ойлар түгендерін айтып, сол ойларын ортаға салды.

Шығармашылық жұмыс

Дәптердегі нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсініп, өмірде қолдану

Нақыл сөздерді өмірмен байланыстыра өз ойларын жеткізді.

Топпен ән айту.

                        Біз – туған ел баласы

Сөзі: Қ.Ыдырысов

Әні: Қ.Қуатбаев

 

Асыр салған таласып,

Біз – туған ел баласы.

Қандай байтақ Отаным,

Жан-жағыңа қарашы.

Отаным кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған мал, алып дән,

Бәрі менің несібем.

Бәрін көріп келеміз,

Болашаққа сенеміз.

Жақсы оқумен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз.

 

 

Үй тапсырмасы.

С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқу

Тапсырманы кунделіктеріне жазып алды.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Осы тыныштық сәті арқылы сабақта өткен жақсы әңгімелермен бабалардың сөздерін еске түсіріп, жүректеріне сақтап алады.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тілім менің тірегім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ тыныштық сәтінен басталып, тыныштық сәтінен аяқталады. Үй тапсырмасын тексеруД.Әбіловтың «Туған тілім» өлеңіСұрақтар:-Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз?-Қандай адам өз тілін өте құрметтейді деп ойлайсыңдар? Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?Дәйексөз. «Сүйемін туған тілді, анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»С.ТорайғыровӘңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)Абайдың он тоғызыншы сөзіШығармашылық жұмыс Дәптердегі нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсініп, өмірде қолдануТоппен ән айту.Біз – туған ел баласыҮй тапсырмасы. С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 682 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2020 124
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Егорова Юлия Вячеславовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Егорова Юлия Вячеславовна
    Егорова Юлия Вячеславовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 98058
    • Всего материалов: 221

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1215 человек из 82 регионов

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1048 человек из 82 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе