Инфоурок Другое Другие методич. материалыТілдер мерекесіне арналған

Тілдер мерекесіне арналған

Скачать материал

Тіл қаруы –сөз

 

Мақсаты: Білімділігі: оқушыларды өз ана тілін сүюге, ана тілінде таза сөйлеуге, тілге деген ынталарын жандандырып, тіл біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіріп, тәрбиелеу.

Дамытушылығы: сөздік қорларын молайту, логикалық ойлауға дағдыландыру. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелігі: оқушыларды адамгершілікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Сабақтың ұраны: «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы –ой. Ақылды ой, алғыр сөз –адамның ең жоғарғы қасиеті».

                                                                                                                      Ғабиден Мұстафин.

Мұғалім. Қазақ тілі - дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Ана тіліміз арқылы біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген. Олай болса, біз бүгін өз ұшқыр ойымызбен, өткір тілімізбен ана тілінің тұғыры биікке көтеретін ұрпақпыз.

Сайыс кезеңдері:

I.            «Жүзден жүйрік»

II.            «Озық сәт»

III.            «Ұшқыр ой»

IV.            «Ойлан,тап»

V.            «Шығармашылық сәт»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін біз топтарға берелік,

Арамызда, ұтқыр, тапқыр достар көп,

Енді олардың жауаптарын көрелік, –деп сайысымызды бастаймыз.

І кезең «Жүзден жүйрік» бұл кезеңде әр топқа 10 суреттен беріледі, сол суреттер бойынша мақал-мәтелдер айту. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І топ. «Ұтқырлар»

1.     Ағаш - Жалғыз ағаш орман болмас.

2.     Тауық - Тауықтың түсіне тары кіреді.

3.     Жігіт - Жігітке жеті өнерде аз.

4.     Арба - Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.

5.     Ауыз - Бір елі ауызға екі елі қақпақ.

6.     Шебер - Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ.

7.     Еңбек – Еңбек ер аттандырады.

8.     Қой – Семіздікті қой көтереді.

9.     Нан – Ат атасы –нан.

10. Тау – Көрінген таудың алыстығы жоқ. 

ІІ топ. «Тапқырлар»

1.     Бөрік – Жау жоқ деме, жар астында,

                         Бөрік жоқ деме, бөрі астында.

2.     Ине – Оқу инемен құдық қазғандай.

3.     Балапан – Балапан ұяда не көрсе, соны іледі.

4.     Үй – Үндемегеннен үйдей пәле шығады.

5.     Ет – Ет етке, сорпа бетке.

6.     Ат – Ер қанаты –ат.

7.     Жапырақ – Адам көркі –шүберек, ағаш көркі- жапырақ.

8.     Тас – Таспен атқанды аспен ат.

9.     Ит – Ит жоқта шошқа үреді.

10. Аққу – Аққуды атпа, досыңды сатпа.

ІІ кезең «Озық сәт». Тақтада әр топқа бірнеше сөздер беріледі, жасырын сөзді ашып, сөздердің ішінен, сыңарын тауып мақал құрайды.

І топ «Ұтқырлар»

Жусан                                                           Теңіз

Есік                                                               Орман

Қар                             Қалау                         Жіп                             Құдық

Отын                                                             Өсімдік

Боран                                                            Мың

(Қалауын тапсаң, қар жанар) (Бір кісі құдық қазса, мың кісі рахмет айтар)

ІІ топ «Тапқырлар».

Мектеп                                                          Жұмбақ

Бидай                                                            Газет

Тамыр                   Тас                                  Қазан                         Құлақ

Еңбек                                                            Ұстаз

Әнші                                                             Елші

(Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен) (Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса)

ІІІ кезең «Ұқыр ой». Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі, сол сұрақтарға мақал-мәтелдермен тез жауап беру керек.

І топ. «Ұтқырлар»

1.     Бақыты қайдан іздейсің? (Бақыт кілті білімде)

2.     Қойды не үшін ұстаймыз? (Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір)

3.     Дастарханға нанды неге бірінші қоямыз? (Ас атасы - нан)

4.     Бір үйдің балаларының мінездері неге әр түрлі болады? (Бес саусақ бірдей емес)

5.     Автобуста бір бала үлкен кісіге орын бермеді. Ол қандай бала? (Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала –сорлы бала)

6.     Біреуге жасаған жақсылығыңды мақтау үшін жасау әдетіңде бар ма? (Өзіңді- өзің мақтама, біреу мақтасын)

7.     Қауіпсіздік ережелері не үшін қажет? (Сақтықта қорлық жоқ)

8.      Біреудің намысына тиетін сөздерді айтуға бола ма? (Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле)

ІІ топ «Тапқырлар».

1.     Досың ұрлыққа итермелесе не істейсің? (Ұрлық түбі –қорлық )

2.     Кітапты құрметтейсің бе? (Кітап-алтын қазына)

3.     Бір нәрсеге қатты ашулысың, не істейсің? (Ашу –дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос)

4.     Өмірде қателескен адам өз қатесін түзетсе, кемшілігін бетіне басуға бола ма? (Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң)

5.     Біреуге жамандық жасауға бола ма? (Біреуге ор қазба, өзің түсерсің)

6.     Қыздарды неге гүлге теңейміз? (Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі)

7.     Өзіңде барды өзгелермен  бөлісе аласың ба? (Өле жегенше, бөле же) 

8.     Өз денсаулығыңа көңіл бөлмей ауырып, өкінбеу үшін не істеу керек? (Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде)

 

ІV кезең. «Ойлан, тап». Тақтада жиырма ұяшық беріледі. Әр топ бес ұяшықтан таңдайды. Әр ұяшықта тапсырмалар бар. Ашықхаттан әріп суырып, берілген тапсырмаларға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру тапсырылады.

1.      

16.  

9.      

6

13.  

18.  

2.      

 

 

Әріптер

11

 

15.  

8.      

12.  

14.  

7.      

20.  

17.  

3.      

4.      

5.      

10.  

19.  

Үлгі:

І топ «Ұтқырлар»

2 - Көлік түрі                                                такси

6 – Қала                                 Т                     Талдықорған

20 – Мінез-құлық                                        тұйық

17 – Киім                                                      тон

15 – Табиғат құбылысы                              тұман

ІІ топ «Тапқырлар»

1 – Кісі есімі                                                 Жомарт

  10 – Ағза                               Ж                    жүрек

  15 – Өсімдік                                                 жусан

4 – Өнер иесі                                                жыршы

8 – Зергерлік бұйым                                    жүзік

V кезең. «Шығармашылық сәт». Біріңғай бірдей әріптен сөйлем құрау.

І топ «Ұтқырлар»

Қ Қ қ қ қ қ.

Қойшыбаев Қанат қораға қойлардың қошақандарын қамады.

ІІ топ «Тапқырлар»

Ж ж Ж ж ж ж

Жасұлан жазда Жайық жағасынан жидек жинады.

VІ кезең. Қорытынды. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық. Өз ана тілімізді қадірлейік. Ұпай саны жоғары болған топ марапатталады.

 

Авторы:

Ұқсас ашық сабақтар: 

·         Тіл-әдебиет білгірі

·         Тіл табыса білу өнері. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар

·         Мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа тәсілдері

·         Үш тілді меңгеру-жарқын болашақтың кепілі

·         Тіл мерейі - ел мерейі

·         Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік

·         Арналы бұлақ- асыл сөз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – тірлігімнің айғағы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу.

 

Көрнекілігі: Тіл туралы мақал - мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – тірлігімнің айғағы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу.

Көрнекілігі: Тіл туралы мақал - мәтелдер

 

Сабақтың барысы:

 

Кіріспе сөз.

- Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш.

Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.

Әдеби монтаж

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,

Тіл туралы заңым енді күшіне!

Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы!

«Сүйінші!» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілменен

Сол арқылы құлпырады гүл бағы

Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,

Өйткені атаң менен анаң сүйген

Ал мұны біліп қана қойсаң күнә,

Мұрат ет, жалғастырып, балаң сүйген!

 

Сұрақтар:

- Тіл туралы заң қашан қабылданды?

- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі қай тіл?

- Біз оқулықтарымызды қай тілде оқимыз?

- Конституцияда тіл туралы не делінген?

 

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамызды сыйлап, бағып - қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің солай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім бағалай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

 

Ана тілі – асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

 

Айналайын халқымнан,

Айналайын даңқыңнан.

Ана тілдің бағасы,

Қымбат екен алтыннан.

 

Тілің – бағың бастағы,

Тиістісің білуге.

Тарихың да тастағы,

Ата – бабаң тілінде.

 

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

- Тіл туралы білетін мақал - мәтел, нақыл сөздерімізді ортаға салайық.

 

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

 

Тілі жеткенше сөйлеген шешен,

Қолы жеткенше нұсқаған көсем.

 

Тиекті тілден текті сөз шығады,

Тиексіз тілден кекті сөз шығады.

 

Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне көз,

Тіл қазынасы – ескі сөз.

 

Жыланның уы тісінде,

Адамның уы тілінде.

 

Жақсылықпен қуантатын да тіл,

Жамандықпен қуартатын да тіл.

 

Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жауың.

 

Көрініс: «Менің тілім өлмейді»

 

- Тіл туралы қандай мазмұнды ойларың бар?

 

1. Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, қуанышы.

2. Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу - өмірден алған ең үлкен сыйың.

3. Халықтың қуаты – тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

4. Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің әдептілік өлшемі болып табылады.

 

Ән: «Анамның тілі - аяулы үні»

 

Туған тілім табындырған талайды,

Ел ертеңі саған ғана қарайды.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,

Ана тілім әрқашанда арайлы.

 

Тілім бар да қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған жан - жағы,

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

 

Ана тілі көңіліңе гүл егер,

Ана тілді ғұмырым деп біле бер.

Өзге тілде сөйлей білу бір өнер,

Ана тілде таза сөйлеу шын өнер.

 

Поэзия минуты.

 

- Нұрғожа Ораздың «Кел, ағайын, сілкінші!» өлеңі. Оқитын Орынбасаров Әнуар.

- Ән «Балғындар жыры». Орындайтын Бақытжанова Айнагүл, Саржанова Гүлфия, Бөлекбаев Ақылбек.

 

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,

Тұнығым, рухани жан азығым.

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

 

Бабамыздың тілі деп,

Даламыздың үні деп,

Ана тілін сүйеміз,

Басымызды иеміз.

 

Қорытынды сөз.

- Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тілдер мерекесіне арналған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.08.2020 679
    • DOCX 53.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдурзакова Хава Салавдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдурзакова Хава Салавдиевна
    Абдурзакова Хава Салавдиевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68379
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе