Инфоурок Биология ПрезентацииТері оның құрылысы және қызметі

Тері оның құрылысы және қызметі

Скачать материал
Скачать материал "Тері оның құрылысы және қызметі"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Гуманитарлық педагогикалық колледжіАшық сабақ.

Тақырыбы: Терінің қызметі мен...

    1 слайд

    Гуманитарлық педагогикалық колледжі
    Ашық сабақ.

    Тақырыбы: Терінің қызметі мен құрылысы

  • Сабақ жоспары
Пән аты: Анатомия,физиология  және  гигиена   негіздері
Тобы:ТП...

    2 слайд

    Сабақ жоспары
    Пән аты: Анатомия,физиология және гигиена негіздері
    Тобы:ТП-111
    Күні: 14.12.14
    Дәріс тақырыбы: Терінің қызметі мен құрылысы
    Сабақтың мақсаты:
    1.Білімділік : Терінің қызметі мен құрылысы туралы мәлімдеме беру, тарау бойынша алған білімдерін тексеру, пәнге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру
    2.Тәрбиелік : Оқып отырған пәніне қызығушылығын, мақсаттылығын талдай білуге тәрбиелеу
    3.Дамытушылық : Ойлауға берілген сұрақтарға нақты жауап беруге, жолдастарының жауабын толықтыруға, өзінің көз-қарасын дәлелдеу және айта білу

  • Сабақтың түрі: теориялық 

Сабақтың типі : аралас сабақ

 Сабақтың әдісі: тү...

    3 слайд


    Сабақтың түрі: теориялық

    Сабақтың типі : аралас сабақ

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау.

    Көрнекі құралдар:кестелер, оқулықтар, интерактивты тақта, слайдттар

    Пән аралық байланыс: биология , гигиена, медицина

  • Сабақтың мазмұны мен барысы:1.Ұйымдастырушылық бөлімі: сәлемдесу,студенттерді...

    4 слайд

    Сабақтың мазмұны мен барысы:
    1.Ұйымдастырушылық бөлімі: сәлемдесу,студенттерді тугелдеу.
    2.Үй тапсырмасын сұрау:
    Сұрақтар:

  • Сәйкестігін тапЭритроцит


Лейкоцит 


Гемоглобин 


Фагоцитоз 

Антидене

Им...

    5 слайд

    Сәйкестігін тап
    Эритроцит


    Лейкоцит


    Гемоглобин


    Фагоцитоз

    Антидене

    Иммунитет


    Оттегін тасымалдайтын күрделі нәруыз


    Ауруды қабылдамайтын қасиеті бар


    «Обыр» жасушаларының қызметі


    Микробтардан қорғайтын нәруыз

    Ядросыз қызыл қан түйіршіктері


    Ядролы ақ қан түйіршіктері

  • Сұрақтар Жасушалар жиынтығы:
Эпителий ұлпасы қай жерлерде кездеседі?
Жүректің...

    6 слайд

    Сұрақтар
    Жасушалар жиынтығы:
    Эпителий ұлпасы қай жерлерде кездеседі?
    Жүректің қабырғасы неше қабаттан тұрады?
    Зәршығару жүйесіне:
    Адамда қанша бүйрек бар
    Ересек адамда несепағардың ұзындығы қанша см
    Ағзада жұп мүшелерді атап беріңіз
    Қанның құрамы
    Сүйектердің құрамына қай заттар кіреді?
    Бас сүйегін атап беріңдер

  • Жаңа сабақТерінің құрылысы
Терінің қызметі 
Тері аурулары

    7 слайд

    Жаңа сабақ
    Терінің құрылысы
    Терінің қызметі
    Тері аурулары

  • Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (...

    8 слайд

    Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.
    Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм).Көкіректе,құрсақта,санда, білекте,мойында  эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден
    аспайды.Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады.Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын -өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты (дерма). 
    Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог деп атайды.
    Терінің құрылысы
    Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері), ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), ішкі қабаты - шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.
    Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм).Көкіректе,құрсақта,санда, білекте,мойында  эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден
    аспайды.Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты мүйізді қабат деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады.Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын -өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты - нағыз тері қабаты (дерма). 
    Дерма «тері» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді дерматолог деп атайды.

  • Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы1-2,5 мм. Дерман...

    9 слайд

    Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын - емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын -торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары,  жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер - шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады. Теріде болатын ерекше жасушалар күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент (меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.Тері шелмайы қабаты (гиподерма) да дәнекер ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. 

  • Терінің құрылысы

    10 слайд

    Терінің құрылысы

  • І-Эпидермис, ІІ-Дерма (нағыз тері қабаты), ІІІ-Тері асты шел қабаты 1-Түк, 2...

    11 слайд

    І-Эпидермис, ІІ-Дерма (нағыз тері қабаты), ІІІ-Тері асты шел қабаты
    1-Түк, 2-мүйізді қабат,3-өсуші қабат,4- тер безінің саңылауы,5-жүйке талшықтарының ұштары,6-тер безі, 7-түкті тікірейтетін бұлшықет,8-май безі,9-шел қабатындағымай ұлпасы,
    10-қан тамырлары

  • Терінің қызметі Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қы...

    12 слайд


    Терінің қызметі
    Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жылуалмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді жылу реттелудейді.
    Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді.
    Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде газ алмасу үдерісі жүреді, яғни оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.

  • Қол және аяқ тырнағы

    13 слайд

    Қол және аяқ тырнағы

  •  Маңдайдағы безеулер

    14 слайд

    Маңдайдағы безеулер

  • .  Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің у...

    15 слайд

    .

    Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.
    Безеудің алдын алу. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма-кезек жуыну жақсы көмектеседі. Өте ащы, тәтті, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тарту қажет. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну керек.

  • Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар       
     тері ауруларының үлкен тобын құ...

    16 слайд

    Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар
     тері ауруларының үлкен тобын құрайды. Бұл микроорганизмдер денені, бас, аяқ немесе қолды зақымдайды, бірақ көбінесе аяқтың башпайлары зақымдалуы мүмкін. Уақыт өте келе аяқ басының зақымдалған терісі терең жарылып, процесс тырнаққа өтуі мүмкін. Сонымен қатар саңырауқұлақты 
    инфекция табан сүйелінің дамуына себепші болады. Бұл косметикалық кемшілік қана емес, жұқпалы
     вирус ауруы болып табылады. Саңырауқұлақтар
    тудыратын аурулар аллергиялық реакциялардың дамуына себепші болуы немесе аллергиялық
      ауруларды, мысалы, бронх демікпесін асқындыруы да мүмкін. Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар адамнан адамға оңай беріледі. Бұл, әсіресе иммунитеті нашар қала тұрғындары үшін өзекті мәселе. Аяқты қысатын аяқ киім кию, қоғамдық моншаға, бассейнге түсу саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың таралуына себепші болуы мүмкін. Жоғары ылғалдылық кезінде саңырауқұлақ теріге бөгетсіз енеді.

  • Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алуАяқты бактерияға қарсы сабынме...

    17 слайд

    Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың алдын алу

    Аяқты бактерияға қарсы сабынмен жуып, жақсылап сүрту;
    Жазда ашық аяқкиім кию;
    Синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім кимеу;
    Кроссовкамен ұзақ уақыт жүрмеу;
    Басқа адамның аяқ киімін кимеу

  • Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қ...

    18 слайд

    Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
    Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай ірінді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында қол кірінің қаншалыкты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.

  • Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек ар...

    19 слайд

    Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Қазіргі кезде дезодарант өте көп.
    Онша қымбат емес. Кейбіреулер арнаулы үнтақтарды пайдаланады. Менің бір таныс педагогім кейбір ұлттар өкілінің қолтығы жағымсыз иістерді көп таратады деп тұжырым жасады. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде түратын орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсіп, буланып қайың, емен жапырақ-тарынан жасалған сыпыртқылар мен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейіннен моншаға қайтадан түседі. Дене жақсы шынығады. Денсаулық артады.

  • Өтілген тақырыпты пысықтау
Сұрақ жауап 
Терінің құрылысы
Терінің қызметі
Эпид...

    20 слайд

    Өтілген тақырыпты пысықтау
    Сұрақ жауап
    Терінің құрылысы
    Терінің қызметі
    Эпидермис қабатын түзетін ұлпа
    Тері ауруларын емдейтін дәрігер
    Терінің ортаңғы қабатының атауы
    Терінің сыртқы қабаты


  • Сабақты  қорытындылау 
Сабаққа  белсенді  қатысқан  студенттерді бағалау
Үйг...

    21 слайд

    Сабақты қорытындылау
    Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау
    Үйге тапсырма беру
    Тері аурулары туралы мәлімет жинақтау

  • Назарларыңызға 
рахмет!

    22 слайд

    Назарларыңызға
    рахмет!

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақ жоспары

Пән аты: Анатомия,физиология  және  гигиена   негіздері

Тобы:ТП-111

Күні: 14.12.14

Дәріс тақырыбы: Терінің қызметі мен құрылысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : Терінің қызметі мен құрылысы туралы  мәлімдеме беру, тарау бойынша алған білімдерін тексеру, пәнге қызығушылығын, оқуға ынтасын арттыру

2.Тәрбиелік : Оқып отырған пәніне қызығушылығын, мақсаттылығын талдай білуге тәрбиелеу

 

3.Дамытушылық : Ойлауға берілген сұрақтарға нақты жауап беруге, жолдастарының жауабын толықтыруға, өзінің көз-қарасын дәлелдеу және айта білу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Контроль знаний по биологии в 10 классе. Контрольные работы
  • Учебник: «Биология (базовый уровень)», Беляев Д.К., Дымшиц Г.М., Кузнецова Л.Н. и др. / Под ред. Беляева Д.К., Дымшица Г.М.
  • Тема: Глава 2. Структура и функции клетки
  • 01.10.2020
  • 7008
  • 67
«Биология (базовый уровень)», Беляев Д.К., Дымшиц Г.М., Кузнецова Л.Н. и др. / Под ред. Беляева Д.К., Дымшица Г.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2014 1411
    • PPTX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурметова Дилбар Авазхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурметова Дилбар Авазхановна
    Нурметова Дилбар Авазхановна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67657
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек