Инфоурок Иностранные языки КонспектыТема урока: «Жыр жанартауы»

Тема урока: «Жыр жанартауы»

Скачать материал

 

                                                Орал «Мақсат» медициналық колледжі

                         

                                                                                                                        «Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

                                   жөніндегі орынбасары                                           

  Ғ.Жанисова

                                                                                                                         «    »   --------

Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына  орай     өткізілген

         « Жыр жанартауы» атты                                                                                      

                   әдеби кеш

 

 

 

                                                        Дайындаған:  кәсіптік қазақ тілі 

                                                         пәні мұғалімі Рсаева М. Т.

 

 

 

                                          Орал-2015

 

                                                                        Рсаева  М. Т

                                                      кәсіптік қазақ тілі пәнінің мұғалімі,

                                                        «Мақсат»медициналық   колледжі,

                     Орал қаласы 

-

 

Тақырыбы: «Жыр жанартауы»

Формасы: әдеби кеш

Мақсаты: жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: ақын портреті, әр жылдардағы шығармалары, альбом, буклет, плакаттар, слайд материалы, бейне жазба.

 

 

    Құрметті  қонақтар,ұстаздар, оқушылар!

Еліне аты да қадірлі ,өзі де қадірлі ,қазақ жырының Қадыры –ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері,Қазақстанның Халық жазушысы,ақын Қадыр Мырза Әли  көзі тірі болса 5 қаңтарда 80 жасқа толар еді. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауға арналған   « Жыр жанартауы» атты әдеби кешімізге  қош келдіңіз.

 

 Ән « Өз елім» Орындайтын: Ф-11 тобының студенті Мейрамбек

 

Қадыр Мырза Әли «Ұсақ- түйек, кіші-гірім шаруамен шұғылданған жан шарықтап ұша алмайды. Бүкіл өмірі күйбең-күйбең тірлікпен өте шығады, жарқ дүниеге неге келіп, неге кеткенін өзі де білмей қалады. Алдына аса биік мақсат қоя білген азамат қана өте алысқа барады. Адамда да қанат бар. Ол - арман »,-деп ғұмырының әр кезеңін үлкен істерге, халқының қажетіне арнаған ақын.

Арамыздан Қадыр ақын кетті.Бірақ ақын соңында алты жасар баладан еңкейген кәріге дейін сүйіп оқитын «Ой орманы»,»Домбыра», «Жерұйық», «Көш»,«Қорамса» ,«Жазмыш», «Иірім» сынды том-том асыл мұрасы,200-ден аса әндері қалды,мәңгілік мұрасы қалды.

Қадыр « Жоқ өлмеймін»  Оқитын: Ф-11 тобының студенті Садыржан

 

 

         Экраннан Қадыр Мырза Әлінің өмірі, творчествосы туралы сыр шертетін  видеожазба   көрсетіледі.

     

Ақын өз өмірі туралы былай деп толғанады: «Менің балалық шағым жоқтықпен өтті. Соғыстан кейінгі аштықтың ауыр азабын бастан кешіп өстім. Үйімізде мал, дүние болған жоқ. Әке мен шешеге еркелеуді білгем жоқ.Талонмен жүрек жалғар ғана нан береді. Дүкенде фамилияң жазулы тұрады. Таң қараңғысынан кезекке тұрып, нанға барамыз. Дүкен төбелеу жерде болатын.

 Бір күні нан алып келе жатып, қарным ашқаннан көзім қарауытып құлап қалғанмын.»

 

Қадыр«Бір үзім нан»  Оқитын:  Ф-11 тобының студенті Садыржан 

 

Балалық шағы сұм соғыс жылдарына тап келген Қадыр балалықтың тәтті балын татып та үлгермеді. Соғыс, жоқшылық, қайғы бала Қадырды ерте есейтті. Бұл жылдар туралы Қадыр: «Мені сиыры бар үйден шайға сүт алып келуге жібереді. Тостағанымды көрсетпей артыма тығып тұрам.

Қас- қабағына қараймын. «Келе ғой» демесе, көрсетпей шығып кетем»-деп еске алады.Ақынның достарына «сендер оқуды әліппеден, ал мен қас- қабақтан үйренгем»деп қалжыңдауының астары да осы да.

 

Қадыр «Балалықсыз балалық»  Оқитын:  Мустафа Ф-11 тобының студенті

Қадыр ағамыз арамыздан кеткелі 4 жылдың жүзі болыпты .Осы жылдарда ақынның артына қалдырған мол әдеби мұраны кеңінен насихаттау,ақынның есімін ұлықтау, ақынның есімін ардақтау  бағытында көше аттарын ,мектепті атау,ақынға арнап ескеркіш тұрғызу,еске алу кештері,Орал қаласының орталығында  Қадыр Мырза Әли орталығын аяқтап,іске қосу сияқты қадау-қадау істер тындырылуда.Осындай игі істердің басында жүрген зиялы қауым өкілдерінің бірі Орал қалалық мәслихатының депутаты,қордың құрылтайшысы,  колледжіміздің басшысы  Мақсот Бергенов ағамыз.Ендеше, ағай,сөз кезегі өзіңізде.( М.Берген сөйлейді.)

 

Дарындылық, ақын туралы Қадыр былай дейді:-Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз үйі,өз қара шаңырағынан. Өйткені, ақын да кәдімгі бала.Ал ата-ана өздерінің ойда жоқта абайламай айрықша азамат,ұлы перзент әкелгеніне ә дегеннен сене алмайды. Олар үшін бұл-ақылға сыймайтын жұмбақ дүние.Ағайын-туған, ауыл-оймақ та осылай қабылдайды.Басқа-басқа құдай қосқан қосағың да жарының қандай ірі тұлға,қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп,елден естіп біледі.,бірақ сене қоймайды,өтпелі дүние деп есептейді.Обалы не керек,

талантты алдымен танитын да, табынатын да-оқырман қауым,қалың ел,халық!

         Иә,ақын түйінінде үлкен шындық бар.Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Талантына табынды.Өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұшына оқыды.Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығын ту еткен туындылар ұсынды.

       

 

         Әдеби қорда сақталған Қадыр ақынның өз дауысына құлақ түрелік.Видеожазба тыңдалады

 

Қадыр «Қазақ пен қонақ»    Оқитын :  Юля Даракчян МС-22 тобының студенті

 

Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың,рухтанасың,жігерленесің.Бірде бала,бірде дана боласың,сүйсіндіреді,тамсандырады,күй тартқандай боласың,халқымыздыңбүкіл болмысы көз алдыңа келеді. 

Қысқасы,басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттың асыл қасиеттерімен, құндылықтарымен қаруланасың.

 

 Сөз колледж мұғалімі Оралбай Сатуұлы Сатуовқа  беріледі.

 

 Қадыр «Домбыра» Ф-11 тобының студенті Садыржан 

 

«Қадыр- найзалы ақын.Дәуірдің,уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын.Оның поэзиясы-өзіміздің өмір сүріп отырған дәуір мінездес,»-депті Мұқағали ақын.Бұл талантты тану,мойындау,түйсіну десек те сия береді.Қалай десек те қазақ өлеңін Қадыр Мырза Әлисіз елестету қиын болар.

 

   Ән «Тамаша» Орындайтын:  МС-23 тобының студенті Еламан

 

 

Қадыр ақынның айтуынша,Швецария әдебиетшілері,негізінен 3 тілде: итальян,неміс,француз тілдерінде жазады екен.Жас талапкер қай тілде қалам сілтесе,сол тілдің төркініне қоныс аударып,әбден атақтары шығып,әйгілі болғаннан кейінбарып,кіндік қаны тамған өз отанына оралады екен.Әйтпесе,өз елі,өз отаны оны мойындамайды екен.  

         Иә,бойдағы табиғат-ана сыйлаған құдіретті ақындық мінез өзін танытпай қоймайды. Өз ақындығымен өзін мойындатқан ақынның бірі де-Қадыр ақын.Енді ақынның әр жылдарда жазылған өлеңдеріне кезек берелік

 

 «Ақиқат пен өтірік»  Оқитын: Балтабаева Жанна МС-13 тобының студенті

 

« Жас адам сүймеген күні үшін күнәһар»  Оқитын: Жұмагелдин Қожамберді МС-23 тобының студенті

 

«Жалғыз»  Оқитын:  Әсемгүл МС-11 тобының студенті

 

 

«   Дала  »  Оқитын:  Нәулешова Әсима МС-23 тобының студенті

 

Қадыр ақынға бірде:-Аға,қазақта уақытты өзіне бағындырған бірден-бір ақын өзіңізсіз.Сол туралы әңгімелеңізші,- деп өтініш білдіреді. Ақын:-Ол рас.Уақытты дұрыс пайдаланудың нышандары мектеп қабырғасында басталды-ау деймін.Мен әдебиетке ғана емес физика, математикаға да өте зерек болдым.Аштық пен жоқтықтың салдарынан 6 класта оқи алмай қалдым.Сол үзіліс жаныма қатты батты.Сол жазда күн,түн,сағат,минутты қатты есептеп,оқулықтағы теориялармен салыстыра отырып, өзімді-өзім оқытып шықтым. Мен жалпы ойын -тойларға  көп бармаймын,-деп жауап берді.

 

 

Ән «Сыған серенадасы»

 Орындайтын: Гүлжауһар МС-15 тобының студенті

 

 

 

Келесі кезекте колледж кітапханашысы Ләйлә Хамидуллақызының «Асыл сөздің алдаспаны» тақырыбындағы шолуына назар аударайық.

 

Қазақ прозасының майталманы Әбіш Кекілбаев «Қадыр таланты-қарапайым» деп бағалайды,шынында да Қадыр қарапайымдылығымен халық санасында өзіндік орны бар ақын.

Ақынның соңғы жылдары «Жазмыш», «Иірім» эссе- естелігі, Қазықұрт баспасынан жарық көрген 12 томдық шығармалар жинағы халық арасына кең тарады.

Бір өзі бір театр демекші, ұлттың дүниетанымның Қадыр тіккен ақ отауы/ поэзия, проза, драма, аударма, зерттеушілігі, сыншылдығы /  бір халық мектебінің жүгін көтерді. Біз өз кешімізді танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтің сөзімен аяқтағымыз келеді: « Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаны ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Өзін білмесе де сөзін біледі.Мұның сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.

 

Оқушы қауымның ыстық ықыласы мен шынайы сүйіспеншілігіне қапысыз бөленген Қадырдай ақын кемде- кем.»

 

         «Атамекен» ән.   

                                                                                  

 

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема урока: «Жыр жанартауы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Жыр жанартауы» Формасы: әдеби кеш Мақсаты: жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу Көрнекілігі: ақын портреті, әр жылдардағы шығармалары, альбом, буклет, плакаттар, слайд материалы, бейне жазба. Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар! Еліне аты да қадірлі ,өзі де қадірлі ,қазақ жырының Қадыры –ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері,Қазақстанның Халық жазушысы,ақын Қадыр Мырза Әли көзі тірі болса 5 қаңтарда 80 жасқа толар еді. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауға арналған « Жыр жанартауы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіз. Ән « Өз елім» Орындайтын: Ф-11 тобының студенті Мейрамбек

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2020 179
    • DOCX 899.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байкова Ирина Борисовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байкова Ирина Борисовна
    Байкова Ирина Борисовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83375
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные методы развития навыков эффективного и уверенного общения на английском языке у старших школьников

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 674 человека

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе