Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Теңіз патшалығындағыы жаңа жыл"

"Теңіз патшалығындағыы жаңа жыл"

Скачать материал

                   Теңіз патшалығындағы Жаңа жыл

 

Әуен қосылып,балалар залға кіреді де шыршаны айналып, жарты шеңбер жасап тұрады.Қолында бірнеше хаттары бар Аққала кіреді.

Аққала:Мына хат қоянға,мынау аюға .мынау қасқырға.Ал мына хаттың пішіні де бөлек,түрі де ерекше екен.Кімнен екенін көрейік пе?

Балалар: Иә, көрейік.

       Аққала хатты оқиды.

 

Теңіз түбінен жалынды сәлем.

Қайғырамын бар бір себеп

Біреу емес,мың себеп

Жалғызбын мен жалықтым

Балықтарым кетті өсіп

Қасымда тек ұсақ балық

Ал сендерде аппақ қар

Жақында той ,Жаңа жыл

Ол не мейрам,түсінбейм?

Несі оның көңілді?

 

Аяз ата келед дейді

Ойыншықтар береді дейді

Келеді онымен кездескім.

 

Мүмкін маған келерсіңдер

Қуанышта әкелерсіңдер

Шаттық сыйлап патшаға

Мәлім болсын баршаға

Қалай тойлайды патшамыз

Десін ауыл ,астана!

Аққала:Балалар теңіз патшасының көңіл – күйі жоқ екен.Мүмкін шыныменде теңіз түбіне саяхат жасасақ қайтеді?

Балалар: Иә, барайық.

Аққала: Бірақ оған неме барамыз?Бізге кім көмектеседі? (Ойланып) Иә,таптым.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,егерде шешуін тапсаңдар ,сол адам бізге көмектеседі.

                Ақ таяғы қолында

               Ойын – күлкі жанында

               Күтер оны шартарап

              Сый дорбасын арқалап

              Жаңа жыл сайын келетін

             Ол кім, балалар?

Балалар: Аяз ата.

Аққала: Аяз атамен бірге кім келуші еді?

Балалар:Ақшақар.

Аққала: Олай болса Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.

Балалар:Аяз ата,Ақшақар. (3 рет)

         Музыка қосылып,Аяз атамен Ақшақар келеді.

Аяз ата: Амансыңдарма, ұлдарым

               Амансыңдарма, қыздарым

               Қандай жарқын жүздерің

               Қандай әсем жырларың

               Асулармен алысқан

               Асау желмен жарысқан

               Аталарың сендерге

               Шаршап келді алыстан

                                             

Ақшақар:Ал ,кәнекей балалар

                Әнмен жырға басайық

                Той думанды жалғайық

                Жаңа жылда шыршамызды айналып

               Би билейік қалықтап.  

Аяз ата: Сәлеметсіңдерме балалар.Жаңа жылдарыңмен.(Жан – жағына қарап)

Неге ойланып қалғансыңдар?Бір жағдай болып қалды ма?

Аққала:Аяз ата теңіз патшалығынан хат алдық.Ол көңілсіз екен.Жаңа жыл қандай мейрам екенін білгісі келеді және сізбен танысқысы келеді екен.

А – ата :Теңіз патшасымен менің де танысқым келеді.Теңіз патшалығына барасыңдарма?

Балалар:Иә,барғымыз келеді.

А – ата : Теңіз патшасынан қорықпайсыңдарма?

Балалар: Қорықпаймыз.

А – ата : Онда кәне жиналыңдар.Біріміздің артынана біріміз тұрайық.Ал кеттік.

      Кассетадан әуен естіледі де артынша теңіз шуылы шығады.

     Тақта теңіз патшасы жанында су перісі отырады.

 

А – ата : Сәлеметсіздерме теңіз тұрғындары.

Патша: Сәлем, сәлем. (Орнынан тұрып, Аяз атаны айналып шығады.) Сен қандай балықсың?Неге суды лайлайсың?Өз жөніңмен кет!

А – ата : Ұлы мәртебелім,сіз балаларға хат жазыпсыз.Сізге Жаңа жыл туралы айту үшін теңіз түбіне саяхаттап келдік.

Патша: Ол хатты сендер алдыңдарма?(Қуанып,балалардың басынан сипайды)Ой менің алтын балықтарым, сүйікті де ақылды, дельфиндерім.

Су перісі:Патшам менің, сіз бірдеңені шатастырып тұрсыз.Бұлар дельфин емес.

Патша: Онда кім?

А – ата :Мен Аяз атамын.Мынау менің немерем – Ақшақар және менің кішкентай достарым.

Патша: (Басын төпештеп) Ой ,ақымақ басым.Бері жақындаңдаршы, дұрыстап түсіндіріңдерші.

А – ата : Жаңа жылмен құттықтаймыз  

              Бақыт қуаныш тілейміз

              Ешқашанда ауырмайық

              Мықты болсын денсаулық

             Аяз атадан қорықпаңдар

            Ән айтып, ойын ойнап,

            Би билеңдер.Айтшы патшам не болды?Жаңа жылда көңілсіз болуға болмайды.

Патша: Жалықтым мен бәрінен

             Жаңа жыл керек маған

             Білмеймін ғой бірақ мен

            Жаңа жылдың не екенін?

 

А – ата:Олай болса ал тыңда.

                ӘН  «Жаңа жыл»

 

Ақшақар: Ұлы мәртебелім,жаңа жылда әдемі безендірілген шырша болады.

Патша: Шырша! Қандай шырша, ешқандай шырша көріп тұрған жоқпын.

А – ата:Балалар патшаға әдемі шыршамызды көрсетейік.А – а –а менің таяғым қайда?

Санта клаус(бала ортаға шығып):Ата таяғыңызды біз тауып берейік.Келіңдер достарым.

                    БИ «Санта клаустар».Би соңында бір санта клаус Аяз – атаға таяғын әкеп береді.

А – ата:Рахмет саған достым.Ал енді шыршамызды жағуға болады.       

             Шырша,шырша тұр,оян

             Күлімдеші сен маған

            Қосыл сенде балақан

            Алақаным тақ – тақ

           Шырша шамын жақ –жақ.

 

Балалар:Алақаным тақ – тақ

              Шырша шамын жақ – жақ .    3 рет

 

                         Шырша шамы жанады.

Патша:(Шыршаны айналып)Қандай керемет,қандай сыйқыр.Осындай кереметті ешқашан көрген емеспін.

А – ата:Кел, достарым , шырша дайын

            Қол ұстасып,ән салайық

           Жаңа жылдың жарқын ойын

          Ән мен бимен қарсы алайық

 

               ӘН «Сәлеметсізбе біздің шыршамыз»

Патша:Әнді жақсы айтады екенсіңдер.Шыршаның шамдары да патшалығымды жарқыратып жіберді.Сендер де сондай әдемісіңдер.Бірақ мен түсінбедім,мынау не?(Аңдардың құйрығын ұстап көреді)Құйрық?Қараңдаршы менде де өсіп кетті ме?

А – ата:Олар біздің орман достарымыз ғой.

 

 Аққала:Біздерде бар әр – түрлі

             Чебурашка, аюлар

             Сүп – сүйкімді тиінде

            Келіп тұрған бүгінде

           Жаңа жылда бәріміз

          Ертегіден келгенбіз

 

             БИ «Аңдар»

Патша:Чебурашка деген не?

                Құс па,әлде аң ба?

  

     БИ «Чебурашкалар»

 

Патша:(Су перісін итереді)Оянсаңшы қызым –ау.Қарашы қандай әдемі билейді.Ондай би бізде жоқ қой.

Су перісі:Ой, патша,бізде одан да әдемілер бар.

Патша: Онда шақыр.

Су перісі:Балықтарым келіңдер

                Қонақтардың алдында

              Би билеп беріңдер.

 

             БИ «Балықтар»

 

Патша:Алтындарым,жарайсыңдар.Болды,жетеді.Барыңдар,кыш – кыш.Аяз – ата балаларымызды айырбастайық, ә?

А – ата: Қалай? Мен оларды құрлыққа шығармасам ата – аналары іздейді ғой.

Патша:Онда тұрған не бар?Мен де күнде жылап жүрмін.Оларда біраз жыласын.Келіспесеңдер сендерді жібермеймін.(жан – жағына қарап дірілдей бастайды)Ой – ой,ой – ой мен өзі тоңа бастадым ғой.Не болып кетті өзі?

Ақшақар:Ол менің сіңілілерім ғой.Оларда мерекеге өз өнерлерін көрсеткелі келді.Қане келіңдер.

 

              БИ «Ұлпақарлар»

 

А – ата:Ал патшам,сенің көңілің көтеріліп,жылынуың үшін қызық ойын ойнайық.

 

              ОЙЫН «Өз жұбыңды тап»

Патша:Рахмет сендерге.Мен енді Жаңа жыл туралы көп нәрсе білдім.Өте қызық мейрам екен.

Ақшақар:Аяз – ата енді кішкентай достарымыздың сыйлықтарын берейік.

А – ата: Олай болса балаларым

              Келе жатыр алыстан

              Арқалаған сыйлықпен

             Менің ақылды бұғыларым.(Таяғын жерге 3 рет соғады)

 

Сыйқырлы әуен қосылып,шана сүйреген бұғылар келеді.Аяз ата сыйлықтарды таратады.

Аққала:Аяз ата,Ақшақар бүгінгі саяхаттарыңызға рахмет.

Ал Ұлы мәртебелім біз қайтайық.

А – ата: Балалар біріміздің артынан біріміз тұра қалайық.Ұлы мәртебелім сау болыңыз.

Патша:Сендерге көп рахмет сау болыңдар.

 

        Әуен қосылып балалар шыршаны бір айналып шығады.

Аққала:Ән тыңдап,би биледік бүгін тойда

               Қалады бүгінгі той ойымызда

               Дем алып,Жаңа жылға қадам басып,

             Жаңа жыл құтты болсын баршағызға.

Енді тобымызға қайтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Теңіз патшалығындағы Жаңа жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

                                                    

 

 

 

 

 

 

                                        

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Теңіз патшалығындағыы жаңа жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: «Жер әлемі».Сабақтың мақсаты:Сабақта балалардың ғаламшар туралы білімдерін тиянақтау, судың қасиеттерін тәжірибелер көрсету арқылы білімдерін молайту. Көркем сөзді пайдалана отырып судың қасиеттері жөнінде білімдерін кеңейту. Тура және кері санау дағдыларын қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезімдерін ояту. Әріптерді тануға , басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге , сөзге дыбыстық талдау жасауға дағдылындыру. Ойын арқылы ұйымшылдыққа , достыққа тәрбиелеу. Табиғатқа деген аяушылық , қамқорлық сезімдерін ояту.Керекті құралдар:Ғаламшар, қапшық, кілемше, гирлянда, ағаштар, құстар бейнесі, ыдыстар, микраскоп, жер,су, ауа маскалары, ақ халаттар, перчаткалар, тоңазытқыш, түрлі-түсті боялар, мақта, қант, ұн , әріптер, сандар, алмаштары.Сабақтың барысы:Музыка ойналып, балалар топқа кіреді.Тәрбиеші: Балалар, біздің топқа сендердің білімдеріңді , қаншалықты тәртіпті екендеріңді көруге қонақтар келіп отыр, ендеше біз өзіміздің тәртіпті, ақылды балалар екенімізді көрсетейік.Балалар: Сәлеметсіздер ме?Тәрбиеші: Қанекей, балалар бәріміз мына дөңгеленіп тұрған орындықтарға жайғасайық. Мына домалақ жіпті бір-бірімізге жіберіп, жақсы тілектер білдірейік.Тілектер: 1.Мен су тасқыны болмаса екен деп тілеймін. 2.Жер бетінде апат болмаса екен деп тілеймін. 3.Суларымыз әрқашан мөлдір болсын. 4.Табиғатымызды қорғайық 5.Ауамыз таза болсын. 6.Соғыс болмасын деп тілеймін. 7.Әрқашан аспанымыз ашық болсын деп тілеймін. 8.Құстарға қамқор болайық деп тілеймін. 9. Өсімдіктерді аялайық деп тілеймін. 10.Балабақшамыз көркейсін деп тілеймін. 11.Деніміз сау болсын. 12.Үлкендерді сыйлайық. Тәрбиеші:Домалақ жіп тәрбиешіге оралып, балалар алдарындағы жіптібиік көтеріп, бірге былай дейді:Біз бәріміз доспыз, әрқашан біргеміз.Тәрбиеші:- Иә, дұрыс айтасыңдар!!-Балалар, мен бүгін топқа келгенде біздің табиғат бұрышында мынау әдемі шарға ұқсас зат ілініп тұр екен.Атын есіме түсіре алмай тұрғаным, маған көмектесіп жіберіңдерші.Балалар: Бұл- ғаламшар ғой.Тәрбиеші: Ол не зат? Мұндағы түрлі- түстер ненібілдіреді?Балалар: Ол жер әлемі, онда қалалар, өзен-көлдер, ормандар түрлі –түспен бейнеленген. Осы кезде есік қағылады, топқа өзі жүретін қапшық кіреді.Тәрбиеші: Қанекей, мына сиқырлы қапшық бізге не алып келді екен, ашып көрейік? Қапшықтан хат алады. Қапшық шығып кетеді. Тәрбиеші хатты оқиды.Хатта балалар, мен сендерді өз әлеміме аяхатқа шақырамын. Алақандарыңды үш рет ұрсаңдар сиқырлы кілемде пайда болады. Ұшатын кілеммен жылдамырақкеліңдер деп жазыпты, -табиғат ана.Тәрбиеші: балалар барамыз ба?Балалар: иә.Тәрбиеші: -олай болса , қане бәріміз алақанымызды ұрайық.Сол кезде сиқырлы кілем пайда болады.-Балалар, қане, барлығымыз сиысып, шуламай отырайық, әитпесе, кілем ұшпай қалар. Балалардың бәрі отырады.Дауыс естіледі: Енді көздерінді жұмып, аспан әлемін елестетіңдер.Тәрбиеші: Балалар аспанда нелер болады?Балалар: Ай,күн, жұлдыздар.Тәрбиеші: Күн туралы не білесіңдер?Балалар:Күн бізге жарық, жылу береді.Тәрбиеші: Балалар біз аспанда ұшып барамыз. Ал төменде нелер қалды?Балалар: Қалалар, таулар, өзендер,ормандар.Дауыс естіледі: Балалар көздеріңді ашуларыңа болады, сендер келдіңдер.Тәрбиеші:-Балалар, бұл неткен қараңғылық ,мына әлем неге мұңайып тұр? -Балалар сендерге ұнап тұр ма?Балалар : жоқОсы кезде табиғат ананың мұңлы дауысы шығады: Табиғатпен тіршілік, Көк түтінге тұншығып. Аяқ асты тапталып, Жаратылыс заңдылығы бұзылса... Сонда болар кім ие?Тәрбиеші: Балалар, бұл табиғат ананың дауысы ғой! Ол ренжіп тұрған сияқты.Адамдар табиғатты қорғаусыз қалдырған, бұл әлемді мәңгі түн басқан екен.Балалар көмектесеміз бе?Балалар: иәБала: Апай, табиғаттың төрт құдыретімен амандасайық мүмкін жүрегін жылытармыз.Тәрбиеші : өте дұрыс айтасың!Балалар: Армысың қайырымды қара жер. Армысың мөлдір таза су. Армысың шұғылалы алтын күн. Армысың мейірімді аспан ата.Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!Осы кезде әлемге сәуле түсіп , жарық болып , сылдыраған су дыбысы естіледі.Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы ! Мұнда қандай әдемі? Мына алма ағаштарына қараңдаршы!!Бала: Апай , қараңызшы, мына алмаларда әріптер мен сандар бар екен. Демек, бұл сиқырлы алма ағаштары ғой.Тәрбиеші:Бұл әріптермен сандар не үшін жазылған екен шешіп көрейікші.Бала: «С»-дауыссыз дыбыс. Бірінші алмада «с» әріпі жазылған.Бала: Міне, екінші алма, мұнда «У» әрпі жазылған. «У» дауысты дыбыс.Тәрбиеші: балалар бұл алма ағашында қандай сөз жазылған екен? Бала: СуСол кезде топқа судың маскасын киген бала келіп амандасады, жұмбақ жасырады.Су: Сәлеметсіңдер ме! Тәрбиеші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?Жұмбақ: Жылт-жылт етемін, Жылғадан өтемін.Балалар: Ол су. Тәрбиеші:Өте дұрыс, қанекей Су төрлет.Балалар саған арнап тақпақ айтып береді.Бала: Өмірдің өзегі, Өмірдің өзегі. Сусыз жер өмірсіз Сусыз жер өңір түз.Тәрбиеші: Балалар су туралы тағы не білесіңдер?Бала:Суды біз ішеміз, жуынамыз, су өсімдік пен жануарларға да қажет.Бала: Ащы су және тұщы су болады.Бала: Жер бетінің 70% пайызын су алып жатыр.Бала: Суды ластауға болмайды.Су: Өте дұрыс айтасыңдар балалар. Мен өте риза болып қалдым.Тәрбиеші: Балалар, бірінші алма ағашындағы сөзді таптық. Екінші алма ағашында қандай сөз жазылған екен.Бала: Бірінші, алмада «А» әріпі, ол дауысты дыбыс.Бала: Екінші, алмада «У» әріпі, ол дауыссыз дыбыс.Бала: Үшінші алмада «А» әріпі,ол дауысты дыбыс.Тәрбиеші:- Балалар сонда біз қандай сөзді таптық?Бала: АУАСол кезде желдің дыбысы естіліп,ауа маскасын кигенбала келеді.Ауа: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Тәрбиеші: бұл кім екен?Жұмбақ: Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, Ол жоқ болса , өмір сүріп жүрмейсің.Балалар: АуаТәрбиеші: дұрыс айтасыңдар. Ауа туралы кім тақпақ біледі?Бала: Жер шары үлкен әлем, Қоршаулы ауамен. Ауасыз кім шыдар, Ауасыз тұншығар.Тәрбиеші: Қош келдіңіз, төрлетіңіз. Балалар ауаның қандай пайдасы бар?Балалар: Ауамен біз демаламыз.Тәрбиеші: Ауаны нелер ластайды?Бала: Машиналар, заводтар, фабрика түтіндері.Тәрбиеші: Сендер ауаны тазарту үшін не істер едіңдер?Бала:Көптеген ағаштар, гүлдер егу қажет.Бала:Заводтарды қала шетіне салу керек.Бала: Түтіннен тазартатын фильтр ойлап табқан жөн.Ауа :Дұрыс айтасыңдар балалар, көп рахмет сендерге.Тәрбиеші: Ал балалар ең соңғы алма ағашында не жазылып тұр екен.Бала:Бірінші алмада «Ж» әрпі, «Ж»-дауыссыз дыбыс.Бала: Екінші алмада «Е»-әріпі, ол дауысты дыбыс.Бала:Үшінші алмада «Р»-әрпі, олдауыссыз дыбыс.Тәрбиеші: Балалар, қандай сөз жасырылған екен?Бала: Жер.Осы кезде ЖЕР маскасын киген бала келеді де амандасады.Жер: Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерге жұмбақ жасырайын соны шешіп көріңдер.Жұмбақ: Бір зат бар дүниеде құшағы кең, Адамзат, жан-жануар арсында... Мәңгілік өсіп, өніп өмір сүрген.Балалар: Бұл- жер.Тәрбиеші: Қане төрлет жер анасы! Балалар кім жер туралы тақпақ айтып береді?Балалар:Табиғаттың тарылтпасын, Мөлдір кәусар тынысын. Пәк табиғат жүрегімнің, Тамылжыған жырысың. Ей адамдар қалай ғана... Қатігездік жасайсың Ол анаң ғой ,ал сен кенже ұлысың.Тәрбиеші:өте дұрыс айтасың, жер біздің анамыз.Олай болса, бізге қонаққа Жер, Су, Ауа келіп қалыпты. Қане қонақтармен бірге ойын ойнайықшы.Ойын: «Жер, Су, Ауа».Мақсаты:Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.Тіл байлығын жетілдіру. Ойлай сөйлеу еске сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді мәнерлі айта білуге, аңдарды ,құстарды қорғауға тәрбиелеу.Тәрбиеші:Балалар енді тәжірибе жасау арқылы қасиеттермен танысайық. Ол үшін сиқырлы кілемшеге отырып, тәжірибе орталығына аттанайық.1.тәжірибе: Мынау- су, су үш күйде болады.Суды ыдыстан-ыдысқа құюға болады. Өйтені ол сұйық күйі.2. тәжірибе:Осы сұйық күйін далаға шығарып қойсақ, ол мұзға айналады.Бұл екінші түрі .(көрсету)3.тәжірибе:Су –бу түрінде болады.Суды қайнатып, қақпағын ашып қойсақ бу пайда болады.4-тәжірибе:Судың түрін өзгертуге болады.Мысалы:Мөлдір суға кез келген бояуды қоссақ ,судың түрі өзгереді.5-тәжірибе: Судың дәмін де өзгертуге болады.Мысалға: Суға қант қоссақ- оның дәмі тәттіболады.Ал тұз қоссақ оның дәмі –ащы болады.Тәрбиеші: Балалар кім суға байланысты мақал-мәтел біледі екен?Балалар: Судың да сұрауы бар; Бұлақ көрсең, көзін аш; Сулы жер-нулы жер; су шашып ойнама.Тәрбиеші:Жақсы балалар, енді менің сендерге көрсеткен тәжірибе орталығым ұнады ма?Осымен біздің топқа қайтатын уақытымыз болды.Осы кезде табиғат анаға кездеседі.Табиғат Ана: Сәлеметсіңдер ме балалар!Балалар: Сәлеметсіз бе!Табиғат Ана: Сендердің барлық қамқорлықтарыңды көріп, риза болып келдім. Сендер өте ақылды бала болып өсіңдер.Мынау табиғаттың мөлдір суы жемісі, сендерге берер сыйым деп балаларға береді.Балалар табиғат анамен қоштасып, кілемге отырып ,топқа ұшып келеді.Табиғат суреттері:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.07.2020 201
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухина Татьяна Леонидовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухина Татьяна Леонидовна
    Мухина Татьяна Леонидовна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 88054
    • Всего материалов: 204

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1114 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 273 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек