Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: Жылы жүрек — жақсы тілек

Тақырыбы: Жылы жүрек — жақсы тілек

Скачать материал

№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

 

 

Сабақты тақырыбы:

Жылы жүрек — жақсы тілек

 

 

 

 

 

Сыныбы: 3

Пән мұғалімі: Аунамасова Ақмарал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты тақырыбы: Жылы жүрек — жақсы тілек

Жақсы сөз - жан семіртер.

Халық мақалы

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

А) жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

Ә) қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Б)  мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынады:

- Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:

- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.

Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.

Мұғалім оқушыларға ризашылығын білдіріп:

-         Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып «Ризамыз әні» өлеңін айтайық.

Әңгімелесу

Мұғалім, оқушылармен төмендегідей сауалдар төңірегінде әңгімелеседі.

·       Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

·       Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Тыныштық сәті

Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:

                 Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.

Мәтінмен жұмыс

Жылы жүрек, жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Жақсы ата

Е. Шайқыұлы

Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам көбіне-көп табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян.

Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді. Ол:

-                     Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.

Әкесі:

-                     Өзің ойнасаңшы, - деп сылап-сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:

                 Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін, - деді.

Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмары қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:

-                     Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.

                 Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, — деді мейірленіп.

·       Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

·       Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?

·       Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Жақсы, сөз - жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:

                 Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Тапсырма

Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін тиянақтау үшін, тапсырма беріледі. Тапсырмада оқулықта берілген суреттердегі кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсысөз, жылы тілек айту ұсынылады.

Сергіту сәті

Балалаларды барлық уақытта жақсы ой ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:

                 Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.

 

Тілек

Б. Кірісбаев

Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді. )

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді. )

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды. )

Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді. )

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды. )

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды. )

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды. )

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтағы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі.

Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.

Қорытындылау

Мұғалім бүгінгі сабақты, қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды:

Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

Жүректен жүрекке

Бала тілегі

Сөзін жазған С. Молдасаұлы

Әнін жазған Ф. Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Жылы жүрек — жақсы тілек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақты тақырыбы: Жылы жүрек — жақсы тілек
Жақсы сөз - жан семіртер.
Халық мақалы
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
А) жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
Ә) қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Б)  мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, үнтаспа.
Шаттық шеңбері
Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынады:
- Балалар, бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен жеткізейік:
- Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
Осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.
Мұғалім оқушыларға ризашылығын білдіріп:
-    Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын. Енді бәріміз қосылып «Ризамыз әні» өлеңін айтайық.
Әңгімелесу
Мұғалім, оқушылармен төмендегідей сауалдар төңірегінде әңгімелеседі.
•    Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?
•    Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Тыныштық сәті
Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді:
—    Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.
Мәтінмен жұмыс
Жылы жүрек, жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Жақсы ата
Е. Шайқыұлы
Ерасыл биыл төртке толды. Оның туған күніне атасы Қуандық пен әжесі Күміс әдемі шана сыйлады. Бірақ ол өздігінен жүре бермейді. Міндетті түрде бір адам сүйреу қажет. Ал ондай адам көбіне-көп табыла бермесі Ерасылдың бір өзіне ғана аян.
Міне, бүгін де шанасын сүйретіп, өзін ойнататын адам таппай әлекке түсті. Мамасына айтып көріп еді. Ол:
-    Қолым тимей жатыр, - дегеннен аса алмады.
Әкесі:
-    Өзің ойнасаңшы, - деп сылап-сипап шығарып салды. Ендігі үміті әжесі Күмісте болатын. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, әншейінде айналып-толғанып отыратын әжесі есеп-қисап шығарып, өз бөлмесінен бой көрсете қоймады. Ерасыл ызасы келіп, жыларман болды. Мұның бәрін сырттай бақылап, көріп отырған атасы Қуандық:
—    Ерасыл, жүре ғой, жүр, құлыным. Мен сені шанаға сүйретіп, мұзға сырғанатып, Аққала жасап ойнатып келейін, - деді.
Ерасыл мұндай қуанбас. Сол күні атасы екеуі әбден құмары қанғанша ойнады. Сырғанақ тепті, аққала соқты, шанаға мініп, қырдан оқша зулады. Үйге қайтып бара жатып атасына:
-    Ата, бұл дүниеде Сізден өткен жақсы ата жоқ, - деді көңіліндегі қуанышын жасыра алмай.
—    Құлыным, мен де әлемді жеті айналсам да сендей балдан тәтті немере таба алмаспын, — деді мейірленіп.
•    Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?
•    Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
•    Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер.
Дәйексөз
Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
Мұғалім тақтаға «Жақсы, сөз - жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:
—    Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Тапсырма
Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін тиянақтау үшін, тапсырма беріледі. Тапсырмада оқулықта берілген суреттердегі кейіпкердің орнына өздерін қойып, жақсысөз, жылы тілек айту ұсынылады.
Сергіту сәті
Балалаларды барлық уақытта жақсы ой ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:
—    Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.

Тілек
Б. Кірісбаев
Шөліркемей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)
Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді. )
Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді. )
Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды. )
Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді. )
Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды. )
Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды. )
Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды. )
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақтағы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі.
Тапсырма: «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.
Қорытындылау
Мұғалім бүгінгі сабақты, қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды:
Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.
Жүректен жүрекке
Бала тілегі
Сөзін жазған С. Молдасаұлы
Әнін жазған Ф. Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 659 991 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2015 776
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбай Жадыра Смагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбай Жадыра Смагуловна
    Козыбай Жадыра Смагуловна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 197942
    • Всего материалов: 78

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 276 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе