Инфоурок Математика Другие методич. материалыТақырыбы: Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы.

Тақырыбы: Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы.

Скачать материал

                                Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы.

                                      Мусағалиева Сауле Сапиоллақызы

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің математика  пәнінің оқытушысы.

Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді жаңашаландыру және тәрбие мазмұнын  көркейтуді талап етуде. Біздің еліміздің, халқымыздың бәсекелес 50 елдің қатарына қосылғанда өзімізді танытатын, ол – ең  озық, жақсы қасиеттерімен құрылған ұлттық мектеп.Қазіргі мектептегі  жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін  пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын  қамтамасыз ететін оқу-тәрбие.Үлгілерін іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Оқытуды ізгілендіруге сүйене отырып, оны жеке тұлғаға бағдарлауды, жеке тұлғаның дамуы мен тиянақтануының үрдісі мен нәтижесін қамтамасыз етуді қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.Кіші мектеп жасындағы оқушы үшін оқу әрекеті жетекші рөл атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы оқушыларға берілетін құндылық бағдардың әсері мол.Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру сол жас кезеңіндегі тұлғаның барлық сфераларының өзара үйлесімділігін қажетсінеді.Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол – халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.[1]

Николай Рерих: «Өмірдің негізгі мақсаты-өзіңді-өзің жетілдіру. Болашақ ұрпақ, мұғалімнің қамын ойламау елге ұят, ол елдің надандығының белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін тапсыруға бола ма? Баланы ылғи төмендетіп, ренжітіп отыратын мектептен рухы жоғары адам шыға ма? Мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмытқан халық-өз келешегін ұмытқан халық»,-деген екен. Ұлттық тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүние танымның өзегі –адамшылық. Қазақ: «Жаным-арымның садағасы», «Дүние- қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол »,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады.[3] Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары»,-деген екен.Жатқа еліктеу- өзін-өзі қор санау.Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс. Ұлттық мектептің үлгісін қалыптастыруды ұлттық сана мен қазақи кісілікті жан дүниесін қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. Әлемдік өркениет бұл – мәдениеттердің бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халық мәдениетінің өз болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Ұлттық мектебіміздің философиясы дәстүрлі түркілік өркениетпен тең қарым-қатынаста сұхбат жасай алатындай болуы керек. Мектепте баланың тарыдай болып кірген күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн.Әр бала –Алланың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып құбылысы десек, әр баланың мүмкіндігі жоғары- төмендігіне қарамастан, өзінше тұлға ретінде тануымыз жөн. Оның шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға ұмтылып, баланың әр жастағы рухани өзгерісі,табиғи тілегін ескеруіміз керек.Ұлттық мәдениет шәкіртті адамгершілікке, парасаттылыққа, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті тағы басқа мәдениеттерден хабардар болып, білмегенін меңгеруі және осылардың бәрі ең алдымен ұлттық мәдениетті игеруден басталатынын білуі қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісінің атқаратын рөлі зор. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Бала тәрбиесіне келгенде ата-ананың да, мектеп ұйымының да, сынып жетекшісінің де жүгінері қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық, ұлттық педегогика. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол болып өссе дейді және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау арқылы әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрығын егеді деп білемін.[4]  Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энцилопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттердің қалыптаспағандығын дәлелдейді. 12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту- оқушының осы түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім беру жүйесі оқушы қажеттілігін, түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзыреттер бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және дағдыларының үйлестірмелі сипаттарымен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сапа болып табылады.[5]  Халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүлері мен мәдениетіне құрмет пен қарауға үйретері сөзсіз. Ұлттық құндылықтардың бірі ұлттық ойындар – тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі ғана емес жас ерекшеліктерін еқарай көзқарастары мен мінез-құлқының қалыптасуына ,тапқырлыққа, шешендік кебаулитын, ой өрісін жетілдіретін атадан қалған асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы.Баланың бойын да имандылық, адамгершілік-эстетикалық қасиеттердің қалыптасуынам ұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігінің әсері мол, сондай-ақ сынып жетекшісі сабақтан тыс уақытта ойын  ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып  отыруы тиіс. Мәдениеттің арналары ұлттық негізде қалыптасып, әлемдік өркениетпен ұштасуы керек. Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі 
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер , бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. 
Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз. Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың табысты орындалу деңгейіне байланысты. Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің » іргетасы қаланды. Болашақ қазақстандық мектептер үлгілері дарынды жастармен жұмысқа қуатты күш беретін болады. Әр мектептің өзіндік ерекше сипаты бар екені бәрімізге белгілі. Нақтырақ ұлттық мектептерге тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің көмегімен іріктеуден басталады. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған кешенді психологиялық-диагностикалық тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Тексерудің нәтижесінде баланың жалпы және психологиялық даму деңгейі анықталып қана қоймай, оның өзіндік қабілеттері мен дарындылығын, әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады. Дарынд ы оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес. «Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз. Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады. Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады.. Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалаыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: 
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; 
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; 
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. 
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол
арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне , ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі.


1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                              Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық

колледжінің  I санатты   математика пан окытушысы

 

                                                 Ұлттық тәрбие –ұлт болашағы.

                                      Мусағалиева Сауле Сапиоллақызы

 

Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді жаңашаландыру және тәрбие мазмұнын  көркейтуді талап етуде. Біздіңеліміздің, халқымыздыңбәсекелес 50 елдіңқатарынақосылғандаөзіміздітанытатын, ол – ең  озық, жақсықасиеттеріменқұрылғанұлттықмектеп.Қазіргімектептегі  жаңаөзгерістерәлемдікбілім беру тәжірибелерін  пайдалана отырып, баланыңжеке дара күшініңдамуын  қамтамасызететіноқу-тәрбие.Үлгілерініздестіругежәнеолардықолдануғабағытталған. Оқытудыізгілендіругесүйенеотырып, оны жекетұлғағабағдарлауды, жекетұлғаныңдамуы мен тиянақтануыныңүрдісі мен нәтижесінқамтамасызетудіқарастырады. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда ұлттық құндылық бағдар қалыптастыру жұмыстарының маңызы ерекше.Кіші мектеп жасындағы оқушы үшін оқу әрекеті жетекші рөл атқаратындықтан, сабақ мазмұнындағы оқушыларға берілетін құндылық бағдардың әсері мол.Әлеуметтік мәні зор ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын ұғындыру, оны баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу мұғалімнен шеберлікті талап етеді.Өйткені, жеке тұлғаның құндылық бағдары туралы түсінікті бастауыш сыныпта қалыптастыру сол жас кезеңіндегі тұлғаның барлық сфераларының өзара үйлесімділігін қажетсінеді.Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол – халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.[1]

Николай Рерих: «Өмірдің негізгі мақсаты-өзіңді-өзің жетілдіру. Болашақ ұрпақ, мұғалімнің қамын ойламау елге ұят, ол елдің надандығының белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін тапсыруға бола ма? Баланы ылғи төмендетіп, ренжітіп отыратын мектептен рухы жоғары адам шыға ма? Мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмытқан халық-өз келешегін ұмытқан халық»,-деген екен.Ұлттық тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық.. Қазақи дүниетанымның өзегі –адамшылық. Қазақ: «Жаным-арымның садағасы», «Дүние- қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан, болғанша, өз елінде ұлтан бол »,-деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады.[3] Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары»,-деген екен.Жатқа еліктеу- өзін-өзі қор санау.Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс. Ұлттық мектептің үлгісін қалыптастыруды ұлттық сана мен қазақи кісілікті жан дүниесін қалыптастыру арқылы, әлемдік өркениетке ене аламыз. Әлемдік өркениет бұл – мәдениеттердің бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халық мәдениетінің өз болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Ұлттық мектебіміздің философиясы дәстүрлі түркілік өркениетпен тең қарым-қатынаста сұхбат жасай алатындай болуы керек. Мектепте баланың тарыдай болып кірген күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық рухта қалыптасып, оған ұлттық мәдениет, салт-дәстүр сіңіре білген жөн.Әр бала –Алланың ата-анаға тартқан сыйы, табиғаттың ғажайып құбылысы десек, әр баланың мүмкіндігі жоғары- төмендігіне қарамастан, өзінше тұлға ретінде тануымыз жөн. Оның шығармашылық, даралық қасиетін дамытуға, қиялын шарықтатуға ұмтылып, баланың әр жастағы рухани өзгерісі,табиғи тілегін ескеруіміз керек.Ұлттық мәдениет шәкіртті адамгершілікке, парасаттылыққа, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Жұмысты ұйымдастыра білу мәдениетіне дейін бәрі құнды. Нағыз азамат би билеу, ән айту, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану мәдениеті, қарым-қатынас, тіл мәдениеті тағы басқа мәдениеттерден хабардар болып, білмегенін меңгеруі және осылардың бәрі ең алдымен ұлттық мәдениетті игеруден басталатынын білуі қажет. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениеті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару-қоғам, ұстаздар мен ата-аналар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті, сондықтан қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор.Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналар мен, мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісінің атқаратын рөлі зор. Сынып жетекшісінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Бала тәрбиесіне келгенде ата-ананың да, мектеп ұйымының да, сынып жетекшісінің де жүгінері қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық, ұлттық педегогика. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол болып өссе дейді және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау арқылы әрбір мұғалім, әрбір сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің ұрығын егеді деп білемін.[4]  Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энцилопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттердің қалыптаспағандығын дәлелдейді. 12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту- оқушының осы түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім беру жүйесі оқушы қажеттілігін, түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Құзыреттер бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және дағдыларының үйлестірмелі сипаттарымен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сапа болып табылады.[5]  Халқымыздыңасылқазынасынсыныптантысжұмыстардатиімдіпайдалану, оқушылардыөзұлтынсүюге, оныңсалт-дәстүлері мен мәдениетінеқұрметпенқарауғаүйретерісөзсіз. Ұлттыққұндылықтардыңбіріұлттықойындар – тек балалардыалдандыру, ойнатуәдісіғанаемесжасерекшеліктерінеқарайкөзқарастары мен мінез-құлқыныңқалыптасуына ,тапқырлыққа, шешендіккебаулитын, ой өрісінжетілдіретінатаданқалғанасылмұрамыздыкейінгіұрпаққажеткізуқұралы.Баланыңбойындаимандылық, адамгершілік-эстетикалыққасиеттердіңқалыптасуынамұғалімніңжекебасыныңүлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігініңәсері мол, сондай-ақсыныпжетекшісісабақтантысуақыттаойын  ойнауғажағдайтуғызып, балалардыңойынғабелсенділігінүнеміарттырып  отыруытиіс. Мәдениеттіңарналарыұлттықнегіздеқалыптасып, әлемдікөркениетпенұштасуыкерек. Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі 
Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер , бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. 
Оқыту мен тәрбие бүгінгі өмірмен ғана астасып қана жатқан жоқ, тарихтың тұңғиығымен астасып жатыр. Сол себептен де өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Бүгінде жаңа бетбұрыс жасау кезеңі деп білеміз. Педагогика ғылымы алдында оқу-тәрбие жүйесін ұдайы жетілдіру мәселесі қойылып келеді. Қазіргі кезде қазақ мектебі оқушыларының игеруіне арналған бағдарламалар бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым күрделі. Ақпараттарды жоғары ғылыми-теориялық деңгейде терең және тыңғылықты оқыту, оқу мәліметтерін терең және шығармашылықпен меңгеру талап етіледі. Яғни өздік білімін көтеруіне, ақпарат көздерін алуға, ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз. Еліміздің болашағы әлеуметтік тапсырыстың табысты орындалу деңгейіне байланысты. Бүгінгі таңда облыс орталықтарында «Назарбаев зияткерлік мектебінің » іргетасы қаланды. Болашақ қазақстандық мектептер үлгілері дарынды жастармен жұмысқа қуатты күш беретін болады. Әр мектептің өзіндік ерекше сипаты бар екені бәрімізге белгілі. Нақтырақ ұлттық мектептерге тоқталар болсақ, оқушыларды ғылыми негізделген және сыналған әдістердің көмегімен іріктеуден басталады. Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған кешенді психологиялық-диагностикалық тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Тексерудің нәтижесінде баланың жалпы және психологиялық даму деңгейі анықталып қана қоймай, оның өзіндік қабілеттері мен дарындылығын, әлеуеттік мүмкіндіктерін одан әрі дамыту жолдары қарастырылады. Дарынд ы оқушыға талантты мұғалім қажет. Егер ұстаз өз сабағын жан-тәнімен жақсы көрмесе, оның негізгі білімді жеткілікті түрде білім алушыға беруі мүмкін емес. «Елiмiздiң, ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – окушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту, яғни тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлерi көп. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы - отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару - біздің басты мiндетiмiз. Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазірде солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, мемлекет тарапынан отансүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді бағдарламалар жасалып жатқаны қаншалық деген сұрақ ойға оралады. Соңғы 20 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады.. Осындай жетістікке жетуіміз – халқымызды жасампаздыққа жұмылдырып, еліміздің тарихтағы жаңа орнын айқындаған елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Бұл жетістіктер – бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл қазақстандықтар өз елінің, жерінің өткенін сезінбей, оның ерлікке, адамгершілікке толы тарихын, өнерін жете ұғынбай, отаншылдық сезімді қалыптастыру мүмкін емес. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалаыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары,пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дарыту – қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.Өткенін білмеген халқының қадірін білмейді, халық нені бастан кешірді, бүгінге қол жеткені ненің арқасы, халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, азап шекті, тар жол, тайғақ кешуден өтіп, жерін қорғап, елін сақтады. Отансүйгіштік сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.Ұлттық сезім – өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Жалпы, патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасынан бастау алады.Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 
Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: 
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; 
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; 
- ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; 
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. 
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол
арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне , ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі.


1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 191 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 1101
    • DOCX 80.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусагалиева Сауле Сапиоллиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7298
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Методические и практические аспекты развития пространственного мышления школьников на уроках математики

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 27 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 679 человек из 79 регионов

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 36 регионов

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе