Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыТарихы терең Маңғыстау

Тарихы терең Маңғыстау

Скачать материал

 

Сайыс сабақтың тақырыбы:  .«Тарихы терең Маңғыстау»

«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар»

Н.Ә.Назарбаев

 

Мақсаты:

1. Маңғыстау облысының тарихы  туралы оқушылардың  білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3.Туған халқына, жеріне,  Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Патриоттық тәрбие беру.

Өтілу түрі: сайыс.

 

Сынып 4  топқа бөлінеді, әр топта 5 қатысушы болады.

Жүргізуші :

Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген — жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятар  қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.

Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,

Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.

Арманға аттанады ақ кемелер

Қазақтың жалғыз теңіз қақпасынан, -дегендей  қарт  Каспийдің жағасында қаншама тарихты ішіне бүгіп жатқан  Маңғыстаудың тарихын, өткенін білу- бүгінгі  жас буынның  болашаққа  бастар нық жолы. Қалың қазақтың мақтанышы, заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың: «Қазыналы Маңғыстау- Тәуелсіз Қазақстанның тез тыңайып, тез нығаюына жанқиярлықпен үлес қосты. Тәуелсіздік оның өз байлығына лайық өркендеуіне кең өріс ашып берді…», деп тебіренгені тегін емес қой. Ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талатын қазақтың кең байтақ даласына не жетсін!

Қасиетті жеріміздің бүгінгі ұрпақтарының білімін, зейінділігін таразылар «Тарихы терең-Маңғыстау» тақырыбында өткелі отырған  зияткерлік  сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

 

 

 

Сайыс  кезеңдерімен таныстырып өтейік.

I . «Бәйге» бөлімі.  1 минутта  7сұраққа жауап беру.

II. «Дода» бөлімі. Жер аттарын табу.

III. «Тұлғаларды танып біл» (қойылған сұрақтарға жауап беру)

IY. «Сен білесің бе?»

І  топ. «Шерқала»       ІІІ топ. «Тамшалы»

ІІ топ. «Отпантау»      ІҮ топ. «Кетік»

І кезең. «Бәйге» бөлімі. Әр топ  1минутта 7 сұраққа жауап  беру.

І  топ. «Шерқала»  тобына

1.Маңғыстау облысының құрылған жылы.

2.Маңғыстау облысындағы қалалар.

3.Форт -Шевченко қаласындағы Маңғыстау көтерілісінің батырларына арналған ескерткіш  қай  жылы ашылды?

4. М.Шоқайға Форт -Шевченко қаласында  арналған  ескерткішті салған  сәулетші шебердің  есімі .

5. Маңғыстау түбегіндегі  Т.Г.Шевченко  атындағы мемориалдық мұражай қашан ашылды?

6.Орыс- қазақ училище  ғимараты қай жылы салынды, қайда орналасқан?

7. Пирамида пішінді  шоқылы тау

ІІ топ. «Отпантау»  тобына

1.     Маңғыстау облысында қанша аудан бар?

2.     1992жылы  шілдеде  құрылған аудан аты

3. Жетібайда мұнай кен орны  қай жылы ашылды?

4.1850-1857жж  айдауда болған ақын.

5.1939-1946жж  Маңғыстау көмір тресі  ащылған   жер.

6. «Гүлденді өмір», «Маңғыстау», «Октябрь арайында» еңбектерінің   авторы

7. Алғаш  радиоантенналы  телеграф орнатылған жер, алғаш байланысқа  шыққан кім?

ІІІ топ. «Тамшалы» тобына

1. Маңғыстау  түбегінен шыққан алғашқы ұстаздарды ата.

2. Құнды жәдігер ретінде Қарлыбас шатқалынан  таңбалы тас қай жылы әкелінді?

3. Маңғыстаулық көрнекті  жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері

4. Маңғыстау дербес  облыс болып, қай жылы құрылды?

5. Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс басшыларын ата.

6.  Маңғыстауда құрылған қорық.

7.  Маңғыстау ауданының құрылған жылы

ІҮтоп. «Кетік» тобына.

1. Қарақия  ауданы қай жылы құрылды?

2.Ақтау пластмасса зауыты  қай жылы салынды?

3.Маңғыстаудағы жер асты мешіттерін ата.

4.Маңғыстау облысы қай   жылы   таратылды?

5.Түпқараған ауданында неше мектеп бар?

6.Түбекте тұңғыш рет мұнай тақырыбында қалам тербеткен  жазушыны ата.

7.Ново-Александровск қамалы  қай жылы салынып бітті?

 

II кезең. «Дода» бөлімі. Жер аттарын табу.

І  топ. «Шерқала»  тобына:

1.         Ақтау қаласының оңтүстік -шығысы, Құрық кентінің

солтүстік- шығыс жағында  орналасқан,теңіз деңгейінен 132 метр тереңдікте  орналасқан ойпат қалай аталады?

ІІ топ. «Отпантау»   тобына:

1.     Бозащыдан Хорезм мен Хиуаға  жүретін жол бойындағы тау, ұзындығы 300метр  қамал аты.

ІІІ топ. «Тамшалы» тобына:

1.     Хорезм мен Маңғыстау арасындағы керуен  жолының бойына орналасқан  ескілікті сәулет өнер ескерткіші,Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті.

ІҮ топ. «Кетік» тобына:

1.Нәубет  құрбандарын  еске алуға арналған Форт -Шевченко  қаласында салынған ескерткіш қалай аталады?

III.кезең. «Тұлғаларды танып біл» (қойылған сұрақтарға жауап беру)

І  топ. «Шерқала»  тобына:

1.Кеңес қайраткері,ихтиолог- инженер  ғалым, Каспий теңізінде кефаль балығын жерсіндірген.

2.Саясат және қоғам қайраткері,публицист,  Біртұтас Түркістанның  тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестің идеологы

ІІ топ. «Отпантау»   тобына:

1.Өлкетанушы,Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Халық ағарту ісінің үздігі» , «Маңғыстаудың Марғұланы» атанған ұстаз

2. Медицина ғылымының докторы, ҚР еңбегі сіңген дәрігер,ғалым- жазушы,

«Тұщыбек» санаториясының негізін салушы

ІІІ топ. «Тамшалы» тобына:

1.Форт  Шевченкода ұста шеберханасын ұйымдастырушы, 18 жасында «Қырымның қырық батырын» жырлаған.

2.Маңғыстауда кеңес өкіметін орнату жолындағы белсенді күрескер, 1918жылы «Бірлік партиясы» жастар ұйымының төрағасы

ІҮ топ. «Кетік» тобына:

1.Көрнекті Халық жазушысы, ҚР Президентінің Бейбітшілік  және рухани келісім  сыйлығының лауреаты.

2.2012жылы  Лондонда өткен жазғы олимпиадада былғары қолғаптан күміс медаль иегері, жерлесіміз

 

 

IY. «Сен білесің бе?»

1.Маңғыстаудың жеті  кереметі

2.Көріпкел,әулие,сәулетші Бекет Мырзағұлұлы өмір сүрген жылдар

3.Маңғыстаудағы қорық.

4.Ең  тұйық  көл

5.Форт -Шевченко қаласының негізі қай жылы салынды?

6.Қазақстандағы АЭС қай  қалада орналасқан?

7.Баутин кентінің ескі атауы

8. «Дарын» қосымша білім беру орталығы кімнің атымен аталады?

9.1964жылы салынған,Ақтау қаласының оңтүстік шығысында 150км жерде орналасқан,Республикадағы мұнай мен газ өндірісінің орталығы қай қала?

10.1963жылы негізі қаланған,1991жылға дейін  Шевченко қаласы аталып келген, облыс орталығына айналған қала.

Топтарға   шығармашылық  тапсырма   беру.

І топқа:  Маңғыстаудан шыққан   Ұлы Отан соғысының батырлары  туралы  өз ойын жазу.

ІІ топқа: Маңғыстаудың мұнайлы өңірлері турал  өз ойын жазу.

ІІІ топқа:Маңғыстауда қазіргі таңда дамыған шаруашылық салаларына  тоқталу.

ІҮ топқа:Маңғыстаудан шыққан өнер тарландарына   тоқталу.

Қорытынды:

Тауды биік деме сең,

Талаптансаң шығарсың,

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң, шығарсың дей отырып сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазыларға береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарихы терең Маңғыстау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сайыс сабақтың тақырыбы: .«Тарихы терең Маңғыстау»«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар»Н.Ә.НазарбаевМақсаты:1. Маңғыстау облысының тарихы туралы оқушылардың білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу3.Туған халқына, жеріне, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Патриоттық тәрбие беру.Өтілу түрі: сайыс.Сынып 4 топқа бөлінеді, әр топта 5 қатысушы болады.Жүргізуші :Армысыздар,қадірменді ұстаздар, оқушылар! Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген — жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятар қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.Арманға аттанады ақ кемелерҚазақтың жалғыз теңіз қақпасынан, -дегендей қарт Каспийдің жағасында қаншама тарихты ішіне бүгіп жатқан Маңғыстаудың тарихын, өткенін білу- бүгінгі жас буынның болашаққа бастар нық жолы. Қалың қазақтың мақтанышы, заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың: «Қазыналы Маңғыстау- Тәуелсіз Қазақстанның тез тыңайып, тез нығаюына жанқиярлықпен үлес қосты. Тәуелсіздік оның өз байлығына лайық өркендеуіне кең өріс ашып берді…», деп тебіренгені тегін емес қой. Ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талатын қазақтың кең байтақ даласына не жетсін!Қасиетті жеріміздің бүгінгі ұрпақтарының білімін, зейінділігін таразылар «Тарихы терең-Маңғыстау» тақырыбында өткелі отырған зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 484 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Методический материал: «Сарматская культура, Таштыкская культура, культура хунну (сюнну)» (5-11 класс)
  • Учебник: «Всеобщая история», Климов О.Ю., Земляницин В.А., Носков В.В., Под ред. Мясникова В.С.
  • Тема: Глава 1. Первобытность и Древний мир
  • 01.01.2021
  • 544
  • 0
«Всеобщая история», Климов О.Ю., Земляницин В.А., Носков В.В., Под ред. Мясникова В.С.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2020 508
    • DOCX 21.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Новохатская Любовь Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Новохатская Любовь Васильевна
    Новохатская Любовь Васильевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91507
    • Всего материалов: 247

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 54 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе