Инфоурок Начальные классы Рабочие программыТақырыбы:Біздің Елбасы

Тақырыбы:Біздің Елбасы

Скачать материал

 

Тақырыбы:Біздің Елбасы

Мақсаты:оқушыларға Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіру; Елбасының жүріп өткен өмір жолдарымен таныстыру; Елбасының ерен еңбегін мақтаныш сезімімен оқушылар бойына сіңіру.

Дамытушылық- сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік- оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың түрлі нұсқада түскен суреттері, кітап бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар.

Ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назрбаевқа арналады,“Біздің Елбасы„ деп аталады.

  Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты “1-желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні„мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім.

   1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

1-оқушы: Ақтоты

      Армысыздар, аналар мен аталар,

      Қадірлі де ұлағтты ұстаздар.

      Қош келіпсіз бүгінгі тәрбие сағатына,

      Бас иіп сәлем бердік баршаңызға.

2-оқушы: Назерке

      Болашағым Қазақстанның алдағы,

      Орындалсын қазағымның арманы.

      Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев-

      Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

3-оқушы: Ерболат

      Асқақ болып еліміздің жалауы,

      Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.

      Еңбек, достық, бейбітшілік, береке-

      Қазақстан Республикасының қалауы.

4-оқушы: Ақнұр

      Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

      Халқым менің, Елбасыны қолдайық.

      Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған

      Жасай берсін Нұрсұлтан Назарбаев!

5-оқушы: Ақтоты

      Ауыр күнді артымызға тастауы-

      Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

      Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

      Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

6-оқушы: Адайбек

      Туды ұстап тура жолға түсіріп,

      Жас Отанның өмірін де түсініп,

      “Елім, жерім” деп ұрандап тайсалмай,

      Бір керемет жасады-ау кісілік!

7-оқушы: Динара

      Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,

      Үлкен- кіші, ағайындар- бәріміз.

      “Ұлтым, елім„ деп қайғырған ұлы жан,

      Сіз біздердің піріміз де әніміз.

8-оқушы: Кенесары

       Елбасымыз жолдайды,

      Халқы оны қолдайды.

      Ешқашан да орынсыз

      Шешімдері болмайды.

Хор:Отан

Слайд.

Шежіре. Өмір дерек.

  1.Әкесі Әбіш бау-бақша өсірудің білгірі еді. Алма ағашына алмұрт ағашын будандастырып, бір ағаштан бірнеше түрлі жеміс ала беретін.

  2.Анасы Әлжанның мінезі ақжарқын болатын. Күліп, әзілдеп отырғанды ұнататын. Бірақ ашуы келсе, бет қаратпайтын. Қолы ашық жан еді.

  3.1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалаған ауылында дүниеге келген. Шөпшек теріп, отын жарды. 1947 жылы Шамалаған ауылында Абай атындағы мектепте оқып, 1958 жылы күміс медальмен бітірді. Бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинаттының құрылысына аттанды. Украинадан металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді, кейін инженер дәрежесіне көтерілді.

9-оқушы: Аймира

      Елбасы елді қорғайды,

      Халық қамын ойлайды.

      Осындай жақсы адамның

      Жақсылығы тарайды.

10-оқушы: Жантерек

      Дана болып тудың халық алыптан,

      Топырағы ол жердің киелі.

      Қазақ деген атты әлемге танытқан

      Нұрсұлтанға бас иеді көп адам.

11-оқушы: Жайна

      Отаным- Қазақстан туған жерім,

      Мұнай мен газ болады асыл кенім.

      Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан

      Артамыз Елбасына үлкен сенім!

12-оқушы: Алпамыс

      Көк аспанда нұрын шашсын жарық күн,

      Қазақ жұртын бар әлемге таныттың.

      Елің сені әрдайым да қолдайды,

      Перзентісің Қазақ деген халықтың.

13-оқушы: Нұрсұлтан

       Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

       Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

       Басшысы болмаса, ел жетім.

       Көсіле шабар жерім бар,

       Тау көтерген елім бар,

       Қол бастайтын ерім бар,

       Атадан қалған сара жолым бар.

14-оқушы: Байтерек

      Халқым айтқан “Жер көтерер ел даңқын”,

      Елім айтқан “Ел көтере жер даңқын”.

      Президентім, Елбасы, аман болғай,

      Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

15-оқушы: Айнамкөз

      Шықты тарап ой данадан,

      Бері қарап жұлдыз беті.

      Өзі қалап сайлап алған

      Елімнің бар Президенті!

Ән:Қазақстаным менің

Жас ұрпақтың арнауы мен арманы.

    1.Жаннұр: Құрметті Президент! Сіздің арқаңызда еліміз алға жылжып келеді. Жаңаөзен қаласы күннен-күнге көркеюде. Ауылдар ауыз сумен қамтамасыз етілген.

    2.Айсұлу:Айлық жалақылар, зейнетақы көбейді. Міне, осының өзі сіздің арқаңызда атқарылып жатқан істер деп ойлаймын.

    3.Адайбек:Мен шынында да Нұрсұлтан атамдай білімді, өнерлі, кез-келген жағдайда жол тауып шыға алатын ақылды азамат болғым келеді.

Би:Гүлдер

Айтыс.

            Ұл:

    Елбасының тойында,

    Кім айтысар менімен.

    Айтыс, айтыс болады,

    Айтысқанда теңімен.

            Қыз:

    Айтыс, айтыс болады,

    Шықса ақын теңімен.

    Шешен болсаң көрейін,

    Мен айтысып сенімен.

           Ұл:

    Келмеймін деп тойға сен,

    Неге келдің енді сен?

    Осы тойдан сыбаға,

    Алайын деп келдің сен!

           Қыз:

    Ерке қызбын білесің,

    Бірақ кімге күлесің?

    Той тойламай не істейін,

    Айтысуға келдім мен,

    Елбасының тойына.

           Ұл:

    Тура сөзді жақтаймын,

    Ойдан шықса мақтаймын.

    Лағындай еліктің,

    Сендей құрбы таппаймын.

           Қыз:

    Кел балар күлейік,

    Күлкіменен түлейік.

    Елбасымның тойында,

    Көңілді боп жүрейік!

Қорытынды.

    Бата тілек.

Елбасымыз алыстан көрінсін,

Ел-жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,

Таңдайтынымыз жұмыс болсын.

Малымыз төлдеп, егініміз көктеп,

Дастарханымызға ырыс толсын.

Нарық қалтаны қақпайтын болсын,

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын.

Қазақстанның барлық азаматтары

Қазақша сөйлеп алға аттайтын болсын.

Балаларымыздың бағы жансын,

Қалаған білімін алсын.

Тілін, дінін, дәстүрін біліп,

Он саусағынан өнері тамсын.

Мәдениетіміз мәнді болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та, бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын.

Аллаһу әкпар!

Мұғалім:Осымен біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы:Біздің Елбасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:Біздің ЕлбасыМақсаты:оқушыларға Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіру; Елбасының жүріп өткен өмір жолдарымен таныстыру; Елбасының ерен еңбегін мақтаныш сезімімен оқушылар бойына сіңіру.Дамытушылық- сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.Тәрбиелік- оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың түрлі нұсқада түскен суреттері, кітап бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар.Ұйымдастыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 584 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.09.2020 192
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Убинин Вячеслав Михайлович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Убинин Вячеслав Михайлович
    Убинин Вячеслав Михайлович
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 82770
    • Всего материалов: 249

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 951 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 690 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 214 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек