Инфоурок Литературное чтение КонспектыТақырыбы: Тұманбай Молдағалиев "Гүлдер" 4 "Б" сынып

Тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев "Гүлдер" 4 "Б" сынып

Скачать материал

Светлана Абдыгазымовна Курмашева,

Бастауыш сынып мұғалімі,

Ембі қалалық №  3 орта мектебі,

Мұғалжар ауданы,

Ақтөбе облысы.

Сыныбы:4 «Б»

 

Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:13.02.2018

Кабинет:202

Мұғалім:Курмашева С.А.

Сабақтың тақырыбы:

Т. Молдағалиев  Гүлдер

Мақсаты:

 

 

Күтілетін нәтиже

 

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сабақтың жабдығы:

 

Пәнаралық байланыс:

1.Оқушыларға Т.Молдағалиев туралы мағлұмат беру.Гүлдер өлеңінің мазмұнын ашу,мәнерлеп дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру.

2.Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын,тілін дамыту.

3.Туған жердің табиғатын сүюге,аялауға тәрбиелеу.

Жаңа білім беру сабағы.

Түсіндіру, баяндау,сұрақ-жауап,тіл дамыту.

Т.Молдағалиев суреті,гүлдерге байланысты слайдтар,мәліметтер, кестелер. Интерактивті тақта,электрондық оқулық,суреттер.

Дүниетану,музыка,еңбек,бейнелеу өнері.

 

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

 

Өнер де,ой да,білім де,

Өркендер ана тілінде.

Ананың тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

Алу үшін сапа,білім,

Ардақтаймыз ана тілін.

 

Шаттық шеңбері                          «Жылы жүрек-ізгі тілек»

Топқа бөліну.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 «Гүл шашу» Гүлдер шашылады,балалар гүлдерді теріп алып,бірі-біріне гүл сыйлау арқылы жылы лебіз,тілек білдіреді.

Гүлдер арқылы 3 топқа бөлінеді

1-топ: «Бақбақ»

2-топ: «Раушан»

3-топ: «Қызғалдақ»

Қызығушылықты ояту

 «Өткенге ой жүгірту»

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? Қыс

-Осы қыстан кейін қандай мезгіл келеді?Көктем

-Ақпан айы қыстың соңғы айы.

-Көктем ерекшеліктері,белгілері туралы не айтуға болады?

-Құстар ұшып келеді,күн жылынады, гүлдер өседі т.б.

-Енді балалар,бізге ең алғаш ұшып келетін қандай құс?Ұзақ

-Ұзақ құсы бізге тапсырмасымен келіпті. «Конверт» сұрағымен келіпті.

-Біз балалар, «Мәуелі бақ»тарауын аяқтадық.Сол бойынша  әр топқа сұрақтар беріледі.

-Топ басшысы бағалап отырады.

Мағынаны тану

 «Ой қозғау»

-Көктемнің алғаш гүлдерін атаңдар.Бәйшешек,жауқазын, қызғалдақ.

-Тағы қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?

-Гүлдер қайда өседі?Далада,бөлмеде,бақшада орманда

- Балалар,қалай ойласыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады ? Гүлдер

-Дұрыс.Авторы кім? Т.Молдағалиев

- «Ти» әдісі бойынша мына кестені толтырыңдар.

-Т.Молдағалиев туралы не білеміз,гүлдер туралы не білеміз соны жазамыз. «Дейін»кестесін толтырамыз.

Дейін

Кейін

 

 

-Т.Молдағалиев туралы слайд көрсету

Т.Молдағалиев-ақын,жазушы,аудармашы.Ол 20 наурызда 1935 жылы Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» ауылында дүниеге келді. «Балдырған» журналының редакторы болды.Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері»1957 жылы жарық көрді.Т.Молдағалиевтің өлең,поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды.Оның «Құстар қайтып барады», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем» атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған.

-Гүлдер туралы слайд көрсету.                                                                         Гүл-өсімдік,ол тірі табиғатқа жатады.Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар.Олар адамға үлкен пайда келтіреді.Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Гүлдер ауаны тазартады,кейбірі ауруларды емдеуге өте пайдалы,тіпті олар үйді де әсемдейді.Дала гүлдерінен сабын,сусабын,денеге арналған майлар, әтірлер, әртүрлі заттар жасалынады.Мерекелерде,туған күндерде,жақсылықта гүл сыйлау-үлкен құрметтің белгісі.

-Балалар,гүлдерге қатысты мақалдар білесіңдер ме?

1. «Гүл-өмір қызығы»                                                                                           2. «Әр атаның өз ұлы бар,

      Әр бұтаның өз гүлі бар»

3. «Гүл қайда болса,көбелек сонда»

4. «Гүл ашылмай,бұлбұл сайрамас»               

5. «Қыз өссе-елдің көркі,

      Гүл өссе-жердің көркі»

-Қазақта қыздарды гүлге теңеген.Біздің ата-аналарымыз гүлдей жайнап өссін деп, әдемі болсын деп қыздардың есімін де гүлдермен байланыстырып қойып жатады.Мысалы, біздің сыныпта қыздардың,қонақтардың есімдері гүлмен байланысты бар ма?Соларды атап көрейіші.

-Ақындарамыз да гүлдерді өлең жырларына қосқан.

 

Бейне-ролик көрсету: «Али мен Айя»мультфильм .«Гүлдер» Т.Молдағалиев өлеңін тыңдату.

 

Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс  Өлеңді мәнерлеп оқу

 

1-топ: 1-ші шумақ, 2-топ:2-ші шумақ. 3-топ:3-ші шумақтарын оқиды.Әр шумақта қайталанып тұрған сөздерді атаңдар

1-шумақта- «гүлдер,гүлдер»,2-шумақта-«гүлдер,гүлдер екен,екен» 3-шумақта- «гүлдер,гүлдер тұра берші,тұра берші,ұнайды,ұнайды»

-Енді балалар,қалай ойласыңдар бұл сөздер неге қайталанып тұр?

-Яғни,қайталау-сөз әсерін күшейту.Ақын белгілі бір құбылысты немесе сөзді бірнеше мәрте қайталау арқылы оқырманның назарын өзіне аудару үшін қолданады.

 

Сергіту сәті.    Т.Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән:                  «Шақырады көктем»

 

Жеке жұмыс

-Дәптермен жұмыс:өздері білетін гүл атауларын жазу.

Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс.

-Қызыл кітапқа енген өсімдіктер:

Ақжапырақ.Таушымылдық.Қызғалдақ.

-Дәрілік өсімдіктер:алоэ,адыраспан,бақбақ.

-Бөлме өсімдіктері:қазтабан,хлорофитум,жүзжылдық.

-Дала өсімдіктері:бәйшешек,жауқазын, қызғалдақ.

 

 «Қызықты мәлімет» Гүлдер туралы слайдтан көрсету.

-Әлемдегі ең үлкен таяуда ғана Швейцарияда пайда болды,ол гүлдің аты-Титан Арум.Базел қаласының ең ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2 метрден асады,ал салмағы 100 кг екен.

Топпен жұмыс:

1-топ:Гүл туралы өлең құрастыру.Оқулық бойынша

Гүлдер,гүлдер көп гүлдер,

Қызыл гүлдер,көк гүлдер.

Күлімдейді қарап балаға,

Жүгіріп шыққан далаға.

Жұлып алды біреуін,

Сыйлайын деп анама.

2-топ:Гүлдің суретін салу.

3-топ:5 жолды өлең құрастыру.

1.Не?Гүл

2.Қандай?Әдемі,нәзік,қызыл,көк.

3.Не істейді?Тербеледі,ырғалады,нұрланады.

4.Сөйлем.Әсия гүл өсірді.

5.Түйін.Табиғаты аялауға шақырады.Гүл-өсімдік.

 

-Енді балалар, «Ти» әдісіне қайтадан оралайық. «Кейін»не білдік соны жазайық.

 

Ойын «Қырдағы әсем гүлдер» Ойынның шарты:Әр оқушыға әріптер жазылған гүлдер таратылады,сол әріптен гүлге қатысты сөз тіркесін айту.Ол зат есім,сын есім,етістік болуы да мүмкін.Ең бастысы тез айтып гүлді қырға орналастыру.Мысалы:Н-нәзік гүл,Р-раушан гүл Қ-құлпырған гүл.

-Гүл-даламыздың көркі,табиғатымыздың сәні.Сондықтан гүлдерді жұлмаймыз.

 

Қорытынды:

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Гүл егеміз бақтарға

Айналасын қоршаймыз.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттап келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Гүлдерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні:Әдебиеттік оқу

 

Тақырыбы:Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер»

 

Сыныбы:4 «Б»

 

Сынып жетекшісі:Курмашева С.А.

 

 

 

 

 

 

 

          Ембі қалалық № 3 орта мектеп

 

                 2017-2018 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев "Гүлдер" 4 "Б" сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 935 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2018 1643
    • DOCX 85 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмашева Светлана Абдыгазымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11481
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1186 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 564 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка и культуры речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе