Инфоурок Другое Рабочие программыТақырыбы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет

Тақырыбы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет

Скачать материал

Ақтөбе облысы, Шалқар каласы,           

                                                                                                                                                №12 балабақшасының           

                                                                                                                                              әдіскері 

                                                                                                 Берденова Света Жайшылыкқызы                                                                                                                         Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет

Бала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері. Сондықтанда, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап

көңіл бөлу ата-ананың алдында тұрған парызы. 

Қазақ халқында «Баланы бесіктен тәрбиелеу» деген ұғым бар. Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап оны ұқыптылыққа, тазалыққа һәм имандылық пен ибалылыққа баулысақ келешектің келісті боларына күмән тудырмасақ та болады. Жақсы әке-шеше өз баласына жат қылықтардан аулақ жүріп, жағымсыз әрекеттерге бой алдырмауды үйретеді.

Десекте, балаға бастан көңіл бөліп, орта жолда оның тәрбиесіне мән бермеу де көптеген қиыншылықтарға душар етуі мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн. Дәл осындай жағдайлар қазіргі таңдамыңдаған жанұяда орын алып жатқандығы жасырын емес. Ащы болса да шындық ұрлық-қарлық, ішімдік, бопсалау мен әлімжеттік көрсету, төбелес ұйымдастыру, тіпті кісі өліміне дейін бару бүгінде жасөспірімдер арасында жиі көрініс табуда. Көбінесе мұндай жағдайлар ата-аналардың жұмысбасты болуымен түсіндіріліп жатады. Қоғамға қомақты көлемде залалын тигізіп отырған осындай олқылықпен күресу сізбен біздің басты міндетіміз.

Міне, осы міндетті алға тартқан Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі өткен апта соңында аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ата-аналардың басын қосып, форум өткізді. Оған ауданымызға қарасты білім ошақтарында оқитын оқушылардың ата-аналары мен мектеп директорлары және мұғалімдер қатысты.

«Азаматтық тұлға қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің маңызы» тақырыбында өрбіген форум аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Вокал» үйірмесі оқушыларының концерттік бағдарламасымен басталды. Жиынның шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов бала –болашақ бастауы екенін ауызға алып, оларды тәрбиелеу жолындағы басты жұмыстарды ата-аналармен біріге атқаруға шақырды.

Мұнан кейін білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында баяндама жасап, аудан мектептерінде болған келеңсіз жағдайлар жайына тоқталды. Елдімекенімізге қарасты Ақшолақ ауылы мен Жамбыл, Көктал, Бурыл, Н.Гоголь және Ю.Гагарин орта мектептерінде оқушылар қолымен жасалынған қылмыстық әрекеттерге жеке-жеке тоқталған ол, жасөспірімдермен жүргізілген жедел іс-қимыл шаралары туралы сөз етсе, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Есалиев жасөспірім және қылмыс туралы ойымен бөлісіп, осы мектептің «Жас жасақшылар» тобы түсірген бопсалау, ұрлық, жаппай төбелес сияқты қылмыстық әрекеттердің түрлеріне байланысты бейнекескіндерді көрермен назарына ұсынды. Бейнекескінде көрсетілген қылмыстың түрлеріне қарай жазалау шараларын аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Д.Сағынов тарқатып айтып берді.

Форумның келесі кезеңінде Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Усербаев мінбеге көтеріліп, «Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері» тақырыбы негізінде аудан тұрғындарына жүргізген сауалнама қорытындысымен таныстырды. Жастар тәрбиесіндегі интернеттің алар орны, ата-аналардың бала тәртібіне көп көңіл бөлмеуі мәселелерін ортаға салып, осы бойынша қазыналы қария М.Халбаев, Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке жасы толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Б.Абдрахманова, С.Қалмұратов және форумға қатысушылар өз пікірлерін айтты.

Балаға барынша көңіл бөлу, хақ Тағала Алланың жолымен жүруді үйрету – қасиетті Құран Кәрімде де келтірілген. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.а.с.) «Ата-ананың балаға бере алатынының ең құндысы –жақсы тәрбие» деген. Форумда осы жайында сөз қозғаған «Ақыл ата» мешітінің имамы Д.Төлепбергенов дінімізде ата-ананың бала тәрбиесінде алар орны ерекше екендігі аталып өткендігі және әке-шешенің перзенті алдындағы парыздарын тілге тиек етіп, ұл мен қыз өсіруде ұқыпты болу жөніндегі, білім ошақтарындағы оқушыларға дін сабағын оқыту туралы ойларымен бөлісті. Ал, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары М.Нұртаев қылмыс жасағандар жазасыз қалмайтындығын ескертіп, ата-аналарды өз балаларына бас-көз болуға шақырды.

Форум барысында ата-аналарға арналып жаднамалар таратылып, “Отбасы мәдениеті-рухани-адамгершілік тәрбие берудің басты кепілі” тақырыбында экраннан бейнероликтер көрсетілсе, соңында құқық қорғау саласының қызметкерлері ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды.

«Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны, бесіктің қалай тербелуіне байланысты» деген екен поляк ойшылы Станислав Ежилец. Олай болса, ата-аналардың аудандық форумы көтерген көкейкесті мәселе - бала тәрбиесіне ерте бастан көңіл бөліп, жасөспірім шаққа келгенде мектеп пен жанұя қарым-қатынасын нығайта отырып, жас ұрпақтың жақсы азамат болып өсіп-өнуіне атсалысу баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін ұмытпайық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақтөбе облысы, Шалқар каласы, №12 балабақшасының әдіскері Берденова Света Жайшылыкқызы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндетБала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері. Сондықтанда, бала тәрбиесіне бүгіннен бастапкөңіл бөлу ата-ананың алдында тұрған парызы.Қазақ халқында «Баланы бесіктен тәрбиелеу» деген ұғым бар. Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап оны ұқыптылыққа, тазалыққа һәм имандылық пен ибалылыққа баулысақ келешектің келісті боларына күмән тудырмасақ та болады. Жақсы әке-шеше өз баласына жат қылықтардан аулақ жүріп, жағымсыз әрекеттерге бой алдырмауды үйретеді.Десекте, балаға бастан көңіл бөліп, орта жолда оның тәрбиесіне мән бермеу де көптеген қиыншылықтарға душар етуі мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн. Дәл осындай жағдайлар қазіргі таңдамыңдаған жанұяда орын алып жатқандығы жасырын емес. Ащы болса да шындық ұрлық-қарлық, ішімдік, бопсалау мен әлімжеттік көрсету, төбелес ұйымдастыру, тіпті кісі өліміне дейін бару бүгінде жасөспірімдер арасында жиі көрініс табуда. Көбінесе мұндай жағдайлар ата-аналардың жұмысбасты болуымен түсіндіріліп жатады. Қоғамға қомақты көлемде залалын тигізіп отырған осындай олқылықпен күресу сізбен біздің басты міндетіміз.Міне, осы міндетті алға тартқан Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі өткен апта соңында аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ата-аналардың басын қосып, форум өткізді. Оған ауданымызға қарасты білім ошақтарында оқитын оқушылардың ата-аналары мен мектеп директорлары және мұғалімдер қатысты.«Азаматтық тұлға қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің маңызы» тақырыбында өрбіген форум аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Вокал» үйірмесі оқушыларының концерттік бағдарламасымен басталды. Жиынның шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов бала –болашақ бастауы екенін ауызға алып, оларды тәрбиелеу жолындағы басты жұмыстарды ата-аналармен біріге атқаруға шақырды.Мұнан кейін білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында баяндама жасап, аудан мектептерінде болған келеңсіз жағдайлар жайына тоқталды. Елдімекенімізге қарасты Ақшолақ ауылы мен Жамбыл, Көктал, Бурыл, Н.Гоголь және Ю.Гагарин орта мектептерінде оқушылар қолымен жасалынған қылмыстық әрекеттерге жеке-жеке тоқталған ол, жасөспірімдермен жүргізілген жедел іс-қимыл шаралары туралы сөз етсе, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Есалиев жасөспірім және қылмыс туралы ойымен бөлісіп, осы мектептің «Жас жасақшылар» тобы түсірген бопсалау, ұрлық, жаппай төбелес сияқты қылмыстық әрекеттердің түрлеріне байланысты бейнекескіндерді көрермен назарына ұсынды. Бейнекескінде көрсетілген қылмыстың түрлеріне қарай жазалау шараларын аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Д.Сағынов тарқатып айтып берді.Форумның келесі кезеңінде Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Усербаев мінбеге көтеріліп, «Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері» тақырыбы негізінде аудан тұрғындарына жүргізген сауалнама қорытындысымен таныстырды. Жастар тәрбиесіндегі интернеттің алар орны, ата-аналардың бала тәртібіне көп көңіл бөлмеуі мәселелерін ортаға салып, осы бойынша қазыналы қария М.Халбаев, Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке жасы толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Б.Абдрахманова, С.Қалмұратов және форумға қатысушылар өз пікірлерін айтты.Балаға барынша көңіл бөлу, хақ Тағала Алланың жолымен жүруді үйрету – қасиетті Құран Кәрімде де келтірілген. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.а.с.) «Ата-ананың балаға бере алатынының ең құндысы –жақсы тәрбие» деген. Форумда осы жайында сөз қозғаған «Ақыл ата» мешітінің имамы Д.Төлепбергенов дінімізде ата-ананың бала тәрбиесінде алар орны ерекше екендігі аталып өткендігі және әке-шешенің перзенті алдындағы парыздарын тілге тиек етіп, ұл мен қыз өсіруде ұқыпты болу жөніндегі, білім ошақтарындағы оқушыларға дін сабағын оқыту туралы ойларымен бөлісті. Ал, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары М.Нұртаев қылмыс жасағандар жазасыз қалмайтындығын ескертіп, ата-аналарды өз балаларына бас-көз болуға шақырды.Форум барысында ата-аналарға арналып жаднамалар таратылып, “Отбасы мәдениеті-рухани-адамгершілік тәрбие берудің басты кепілі” тақырыбында экраннан бейнероликтер көрсетілсе, соңында құқық қорғау саласының қызметкерлері ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды.«Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны, бесіктің қалай тербелуіне байланысты» деген екен поляк ойшылы Станислав Ежилец. Олай болса, ата-аналардың аудандық форумы көтерген көкейкесті мәселе - бала тәрбиесіне ерте бастан көңіл бөліп, жасөспірім шаққа келгенде мектеп пен жанұя қарым-қатынасын нығайта отырып, жас ұрпақтың жақсы азамат болып өсіп-өнуіне атсалысу баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін ұмытпайық.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 754 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.10.2020 234
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шобоева Аюна Алексеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шобоева Аюна Алексеевна
    Шобоева Аюна Алексеевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79360
    • Всего материалов: 228

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе