Инфоурок География Рабочие программы«Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі» ашық сабақ жоспары

«Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі» ашық сабақ жоспары

Скачать материал

Ашық сабақ жоспары

 

Бекітемін:                     Оқу ісінің меңгерушісі Жармуханов А.К.

Пән атауы: Жаратылыстану

Мерзімі:17.02.2017 жыл

Сынып: 5 «ә»

Пән мұғалімі:Ізмағанбетова Ә.Ш.

Ашық сабақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі»

Сабақ жалпы мақсаты: Табиғаттағы құбылыстардың әр түрлі болатындығын түсіндіру және оларды ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға табиғаттағы құбылыстардың әр түрлі болатындығын түсіндіру және оларды ажырата білуге,құбылыстарға мысал келтіре білуге  үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру және білім меңгерту үшін  айналадағы қоршаған орта мен байланыстыра түсіндіру арқылы зейін зердесін, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалануға үйрету, табиғат пен адам арасындағы байланысты аңғарту, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық,жұптық және жекелей.

Көрнекіліктер: Оқулық, презентация, суреттер, интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс:Биология,физика,география.

Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;
- Табиғатта кездесетін әр түрлі құбылыстарға сипаттама бере алады;
- Жаратылыстану туралы білімдерін жүйелей алады;
- Табиғаттағы құбылыстарға мысалдар туралы ойын, пікірін ашық айта алады;

                                                 Сабақтың барысы     

Ι. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

в) Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.

г )Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

                          

 

II. Үй тапсырмасының орындалу сапасын тексеру:

                                                     

                                               Нені білу керек?

1.Таза зат және қоспа

2.Күнделікті тіршілікте қоспаларды ажыратудың жолдарын

3.Табиғаттағы күштер

4.Қысым

 

1. Қоспаның таза заттан қандай айырмашылығы бар?Мысал келтір.

2. Күнделікті тіршілікте қоспаларды ажыратудың қандай жолдарын білесіңдер?

3.  Қысым дегеніміз не?

4.  Атмосфералық қысым дегеніміз не?

 

Суреттерге қарай отырып, табиғатта қандай күштердің бар екендігін жаз

 

7.  Сұйықта қысымның болатындығын қандай тәжірибе арқылы дәлелдейсіздер?

 

Сөзжұмбақты шешіңіздер

Көлденеңінен: 2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. 6. Температураны өлшейтін құрал. 8. Теңіз бен таудың қайсысында қысым жоғары болады.? 9. Жануды қамтамасыз ететін газ.

Тігінен:1. Ауаның негізі қандай газдан тұрады? 3.  Жердің ауа қабығы. 4. Атмосфералық қысымды дәлелдеген ғалым. 5. Ауа райын зерттейтін ғылым. 7. Күн радиациясынан барлық тірі заттарды қорғап тұрған газ.                                                                                                        

Дұрыс жауаптарын белгіле.

1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал?

    а) термометр;    ә) барометр;    б) манометр.

2. Атмосфералық қысым төмендегенде?

    а) Ауа райы бұлыңғыр;   ә) Ауа райы ашық;    б) Қатты жел соғады

3. Атмосфералық қысымды дәлелдеген?

    а) М. В. Ломоносов;    ә) Э. Торричелии;  б) Д. Пристли;   в) О. Герике.

4. Жоғарылаған сайын ауаның салмағы?

    а) ауырлайды;   ә) жеңілдейді;    б) өзгермейді.

 

Мағынаны тану:

1.  Табиғи құбылыстың көптүрлілігі.

2.   Жарық құбылыстарын ажыратып, айқындау.

3.  Электрлік құбылыстың маңызы.

4.  Айналамызда қандай метеорологиялық құбылыстар болып жатыр?

5. Жаңа білімді бекіту.

 

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту:

Құбылыстар арасындағы байланыс.

Шығармашылық тапсырмалар

Құбылыс

Мысалы

Жарық

Дыбыс

Электрлік

Физикалық

Химиялық

  

 

2 – тапсырма.

1.Найзағай ойнап тұрғанда адам өзін қалай алып жүру керек? Қысқаша қағидасын жаз.

2.Жылдық маусымдарда қандай биологиялық және метеорологиялық құбылыстарды байқауға болады?

 

Ізденіс тенденциясы сәті.

3-тапсырма. 

Әр түрлі дыбыстық табиғи құбылыстарын тыңдай отырып,

оларды ажыратыңыздар.

                                               

Дыбыс құбылыстары

4-тапсырма.

Дұрыс жауабын белгіле.

1. Бізді қоршаған табиғат .... әсерінен ұдайы өзгереді.

    а) процестердің;     ә) құбылыстардың;    б) жаратылыстанудың.

2. Жарықтың шағылысуы:

    а) жарық шығару;   ә) электрлі      б) жылу бөліну

3. Теледидар, радионы пайдалануда қолданатын құбылыс:

    а) химиялық;     ә) физикалық;   б) электрлі

4. Метеорологиялық құбылыс бұл:

    а) желдің қозғалуы;   ә) сүттің тасуы;    б) дәннің өсіп шығуы.

5. Жарықтың табиғи көзі

    а) от жағу;   ә) майшам;    б) Күн

6. И. Ньютон дәлелдеген жарық түстері:

    а) 7;     ә)6;   б) 9.

7. Жарықтың   жасанды түрі

    а) майшам;   ә) сәулелілер;   б) Ай.  

ІҮ.Бағалау:

Бүгінгі ашық сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.

 

Ү.Үйге тапсырма :

1.&25 оқу.

 2.Кез-келген бір құбылысқа арнап реферат жазу.

 

ҮІ.Қорытынды.

Рефлексия.

«Екі жұлдыз,бір тілек»

Мұғалім оқушыларға стикерлер арқылы 2 ұсыныс, бір тілек жазуын сұрайды.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңызлар!

Назар аударғандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Класы: 5 «ә»
Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: §35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып,ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын белсенділігін,ойлау қабілетін,әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту
Тәрбиелік: Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, түсіндірмелі сұрақтар
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Кезекші мәліметі
3) Оқушының назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Кім тапқыр?»
1.Қысым дегеніміз не?
2.Атмосфералық қысым дегеніміз не?
3.Бәтеңкемен шаңғының қысымы қалай өзгереді?
4.Инемен матаны оңай тесеміз, ал ал қаламсаппен тесу қиындыққа түсіреді? Себебі….
5.Қысымды қандай құралмен өлшейді?
6.Атмосфералық қысымды қай ғалым өлшеген?
7.И.Ньютон кім болған? Оның қандай еңбегі бар?
8.Тартылыс күш дегеніміз не?
9.Диффузия латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
10.Күш дегеніміз не?
ІІІ.Өткен сабақты пысықтау
Сонымен оқушылар біз өткен сабақта Қысым тақырыбын өткен болатынбыз, яғни біз қысым туралы көптеген мысладар келтірдік, атмосфералық қысымға байланысты.

ІV.Жаңа сабақ түсіндіру
Оқушылар бізді қоршаған орта табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады.Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстарға Физикалық, биологиялық, метерологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді. Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөліну, жарық шығару, электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы –жылу бөлу құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы-жарық шығару құбылысына мысал бола алады.
Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т.б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір-бірімен сөйлеспеуі және т.б.
Электр тогы болмаса теледидарды көре,шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті электро-магниттік құбылыс дейміз.
Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор – химиялық құбылыстың нәтижесінде пайда болады. Олар бір заттың екінші затқа түрленуінен болады. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы – биологиялық құбылыстарға жатады.
Жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі – метерологиялық құбылыстарға жатады.
Таиғаттағы барлық құбылыстар бір-бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып, кемпірқосақты көруге болады. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе, оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады. Пайдаланғаннан кейінгі газдар, шаң-тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да – қышқыл жаңбырлар пайда болады. Бұлар химиялық – метерологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады.
Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.
Ү.Жаңа сабақты пысықтау
«Ойнайық -ойланайық» ойыны
1.Мысықтың даусын салып, бұл қандай құбылыс екенін анықта
2.Ағаштар көктемде бүршіктейді? Бұл қандай құбылысқа жатады?
3.Бүгін күн суық, шамамен -38 -39° шамасы, бұл құбылыс қандай?
4.Менің әкем мұнай өңдеу саласында жұмыс істейді. Бұл қандай құбылыс?
5.Мен теледидардан 2012 ж Лондонда болатын олимпиаданы көруге асығыспын. Бұл қандай құбылыс?
Графикалық диктант
Сұрақтың жауаптары жоқ; иә белгілерімен белгіленеді.
1) Табиғаттағы барлық болатын процестерді құбылыс деп атаймыз
2) Жаңбырдың жауғаны,қардың еруі,күннің күркіреуі биологиялық құбылыс
3) Құстардың сайрауы, адамдардың бір-бірімен сөйлесуі дыбыстық құбылысқа жатады
4)Электр тогы болмаса, теледидарды көре алмас едік, бұл жарық шығару құбылысы
5)Тірі организмдердің өсуі,көбеюі биологиялық құбылысқа жатады
“Сәйкестендіру тесті”
Сөз
Мәні
Жауабы
1. Химиялық
Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі
1 ( )
2. Биологиялық
Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті
2 ( )
3. Электро-магнитті
Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор
3 ( )
4. Дыбыстық
Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы
4 ( )

VІ.Қорытындылау
“Эссе жазу”
Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.
1.Метерологиялық
2.Химиялық
3.Биологиялық
4.Жылу бөлу
5.Дыбыс шығару
6.Жарық шығару
1.Табиғаттағы болатын барлық процестерді не деп атаймыз?
2.Мұнай, газ, көмір бұл қандай құбылыс?
3.Тірі организнің өсіп өнуі….
4.Құстардың сайрауы,аңдардың ырылдауы…
5.Теледидарды көру, радио жаңалықтарын тыңдау…
6.Жануарлардың жарық шығаруы…

VІІ.Үйге тапсырма. §35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі.
Оқу, конспектілеу, сұрақтарға жауап беру.
VІІІ.Бағалау

Жаратылыстану 5 сынып күні 22.12.2014

3 апта

1 күн 17 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері

Сілтеме

Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер (Нұсқаулық 32-42 беттер), диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануды дамыту ( Нұсқаулық 50-55 беттер, Александер 2001,2008: «Диалогты оқыту») География 5 сынып

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар

Оқушылардың көзден тыс қалған қасиеттерін анықтау, бағдарламаның модульдерін ұштастыра отырып, сабақты тиімді өткізу;

·         Топпен жұмыс істеу қабілеттілікғтері

·         Тақырып бойынша білімдерін анықтау

·         Сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау

·         Диалог құру арқылы тапсырмалардың шешімін табу

·         Мәтін, атлас және кескін карта мен топтаса отырып жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтау

Тапсырмалар

 

 

 

 

Мағынаны тану. «Галареяда ой шарлау» стратегиясы

 

Өткен сабақты қайталау : 1.«Автор орындығы» стратегиясында үйге берілген тақырып

Жаңа сабақ:

Блум бойынша:

Білу: 1 Атмосфера құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері туралы білім алу

Түсіну: 2 Ауа райы және климат

Қолдану: 3 Оқулықпен, атласпен дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге

Талдау: 4 Атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері туралы әңгіме құрастыру

Синтез: 5. Суреттер бойынша тірі ағзалардың климатқа бейімділігін анықтау

Жаттығулар

73 беттегі сұрақтарға жауап беру

Үйге үйреніп келуге

27-28-29 тақырыпты оқу, негізгі ұғымдар,

 

Бағалау

Кері байланыс

Аты-жөні

Мәтін мен жұмыс

Диалогқа қатысуы

Ойын қорғау

Атлас және карта мен жұмыс

Қорытынды баға

 

 

 

Сабақтың барысы: 17 сабақ

Сабақтың құрылымы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Берілген уақыт

Оқушының іс-әрекеті

 

Топтастыру

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

3 мин

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

 

 

Ой түрткі «Миға шабуыл» стратегиясы

 

Ауада қандай құбылыстар болып турады? Жауын жауғанды кім жақсы көреді?

5 мин

Өз ойларын топ ішінде талдап, ойларын қорғайды

 

Топпен жұмыс

А-топ

1Ауа райы және климат деген не? Адамға олардың әсері бар ма?

2.Жер бетіндегі климаттық зоналарды анықтап дәптерге жазыңдар

3. Бейімделудің турлері және 77 бетіндегі суреттерді талдау

Б-топ

1. .Бізді қоршаған ауа туралы не айтар едің?

Оқулықпен жұмыс

35 мин

Идеяларын ортаға салу. Қорғау. Топ ішінде мәтінді талдап, атлас және карта мен жұмыс істелінді; бір-бірімен диалогқа түседі, ес картасын құрастырады

 

Тексерілді

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

________________________

 

 

 

Қызықты деректер

1.Қаршығалар еуропаның тек бір елінде — Исландияда кездеспейді.
2.Хамелеон тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады. Сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, сондықтан да хамелеон бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай алады.
3.Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек. 
4.Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.
5.Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.
6.Шиебөрілерде (шакал) иттер мен қасқырларға қарағанда хромосома саны біреуге артық.
7.Жолбарыстардың жүні де терісіде жолақты болады.
8.Сарган балығының сүйегі жасыл түсті.
9.Жылқылардың сүйек саны адамның сүйеке санынан 18-ге артық.
10.Сегізаяқты қармауыштың (осьминог) қарашығы тік төртбұрышты.
11.Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.
12.Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.
13.Антарктида балықтарының қанының температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін жете алады.
14.Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.
15.Тауықтардың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.
16.Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
18.Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп, таси алады.
19.Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27% -ын құрайды.
20.Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.
21.Түйе құстың бір жұмыртқасынан он бір жарты омлет жасауға болады.
22.Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.
23Дүние жүзінде калибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай) 321 түрі бар.
24.Игуана су астында 28 минутқа дейін бола алады.
25.Зебра – ақ-қара жолақты болады.
26.Дүние жүзінде 500-ге жуық хайуанаттар бағы бар.
27.Жұлдызқұрттың денесінде адамдарға қарағанда бұлшық ет көп.

ақырыбы:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

Мақсаты: 1. Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру

  1. Пәнге қызығушылығын белсенділігін, ойлау қабілетін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту
  2. Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру

Оқушылар бізді қоршаған орта табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстарға Физикалық, биологиялық, метеорологиялық және тағы басқа құбылыстарға бөлінеді.

 

Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөліну, жарық шығару, электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы – жылу бөлу құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы – жарық шығару құбылысына мысал бола алады.

Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т. б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір – бірімен сөйлеспеуі және т. б.

Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті электро – магниттік құбылыс дейміз.

 

Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор – химиялық құбылыстың нәтижесінде пайда болады. Олар бір заттың екінші затқа түрленуінен болады.

Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы – биологиялық құбылыстарға жатады.

Жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі – метеорологиялық құбылыстарға жатады.

 

Табиғаттағы барлық құбылыстар бір – бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып, кемпірқосақты көруге болады. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе, оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады. Пайдаланғаннан кейінгі газдар, шаң – тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да – қышқыл жаңбырлар пайда болады. Бұлар химиялық – метеорологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады.

 

Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.

 

Ү. Жаңа сабақты пысықтау

«Ойнайық – ойланайық» ойыны

  1. Мысықтың даусын салып, бұл қандай құбылыс екенін анықта
  2. Ағаштар көктемде бүршіктейді? бұл қандай құбылысқа жатады?
  3. Бүгін күн суық, шамамен – 38 – 39 ° шамасы, бұл құбылыс қандай?
  4. Менің әкем мұнай өңдеу саласында жұмыс істейді. Бұл қандай құбылыс?
  5. Мен теледидардан жаңа 2011 ж Қазақстанда болатын олимпиаданы көруге асығыспын. Бұл қандай құбылыс?

 

Графикалық диктант

Сұрақтың жауаптары жоқ; иә; белгілерімен белгіленеді.

1) Табиғаттағы барлық болатын процестерді құбылыс деп атаймыз

2) Жаңбырдың жауғаны, қардың еруі, күннің күркіреуі биологиялық құбылыс

3) Құстардың сайрауы, адамдардың бір – бірімен сөйлесуі дыбыстық құбылысқа жатады

4) Электр тогы болмаса, теледидарды көре алмас едік, бұл жарық шығару құбылысы

5) Тірі организмдердің өсуі, көбеюі биологиялық құбылысқа жатады

 

Сұрақтар 1 2 3 4 5

Жауаптар

 

“Сәйкестендіру тесті”

Сөз Мәні Жауабы

1 Химиялық Дыбыстың құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі 1 ( )

2 Биологиялық Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті 2 ( )

3 Электро – магнитті Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор 3 ( )

4 Дыбыстық Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы 4 ( )

 

ҮІ. Қорытындылау

“Эссе жазу”

Оқушыларға табиғи құбылыстармен таныстыңдар енді сендер қазір 3 минут уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында табиғи құбылыстарға байланысты эссе жазу керек.

  1. Метеорологиялық
  2. Химиялық
  3. Биологиялық
  4. Жылу бөлу
  5. Дыбыс шығару
  6. Жарық шығару

 

Фильфорд ойыны

Қ Ұ Б Б И О Л О Г

Х Қ Ы Д Ы Б А Р И

И Ы Л Е К Ы Ж Ы Я

М Л Ы Л Т С Қ Қ Л

И Я С Э Р Т Ы Қ Ы

 

  1. Табиғаттағы болатын барлық процестерді не деп атаймыз?
  2. Мұнай, газ, көмір бұл қандай құбылыс?
  3. Тірі организнің өсіп өнуі….
  4. Құстардың сайрауы, аңдардың ырылдауы…
  5. Теледидарды көру, радио жаңалықтарын тыңдау…
  6. Жануарлардың жарық шығаруы…

 

ҮІІ. Бағалау Балаларды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:§35 Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі» ашық сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық сабақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі»Сабақ жалпы мақсаты: Табиғаттағы құбылыстардың әр түрлі болатындығын түсіндіру және оларды ажырата білуге үйрету. Міндеттері:Білімділік:Оқушыларға табиғаттағы құбылыстардың әр түрлі болатындығын түсіндіру және оларды ажырата білуге,құбылыстарға мысал келтіре білуге үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру және білім меңгерту үшінайналадағы қоршаған орта мен байланыстыра түсіндіру арқылы зейін зердесін, танымдық қабілеттерін жетілдіру. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалануға үйрету, табиғат пен адам арасындағы байланысты аңғарту, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс сабақСабақта қолданылатын әдістер: Топтық,жұптық және жекелей.Көрнекіліктер: Оқулық, презентация, суреттер, интербелсенді тақта.Пәнаралық байланыс:Биология,физика,география. Күтілетін нәтиже: - Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады; - Табиғатта кездесетін әр түрлі құбылыстарға сипаттама бере алады; - Жаратылыстану туралы білімдерін жүйелей алады; - Табиғаттағы құбылыстарға мысалдар туралы ойын, пікірін ашық айта алады;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 961 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2020 1472
    • DOCX 203.1 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шитикова Татьяна Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 126683
    • Всего материалов: 236

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 30 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 32 регионов

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе