Инфоурок Иностранные языки КонспектыСөздік қорды байытудың дидактикалық негіздері

Сөздік қорды байытудың дидактикалық негіздері

Скачать материал

 

Сөздік қорды байытудың дидактикалық негіздері

     Тіл – бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінің жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тілді үйрену арқылы балалар білім негіздерінің ұңғыл-шұңғылдарын үйренеді.

  Тілдік қарым-қатынаста берілетін ақпараттарды адамдар қабылдау,түйсіну, ойлау, секілді психикалық үрдіс негізінде сөйлеу үрдіс арқылы меңгеріп, оны қайтадан сыртқа шығарады.

   Тілдің осындай көпжақтылығына байланысты тілді үш жақтама зерттеудің бағыттары бар:

-лингвистикалық

-психолингвистикалық

-социолингвистикалық

Бұл бағыттар тілді әр қырынан:тілдің теориясы(лингвистика), тілдің психикалық ерекшелегі(психолингвистика), тілдің әлеуметтік ерекешелігі(социолингвистика) туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге қажеттесі психолингвистикалық бағыт.Себебі тілді меңгеру психикалық ойлау, қабылдау, қиял, зейін т.б. үрдістер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан тіл психикалық зерттеудің объектісі болып табылады.

    Психология ғылымында тілді-тіл және сөйлеу деп бөледі. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қатысым әрекетінде ғана өзінің бүкіл қызметін айқындап, көрсете алады. Бала өзінің ойлаған ойын, мұң-мұқтажын, қуанышын, ренішін, пікірін тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сырқа шығарады. Бала сөйлеу процесінде өзінің сөз байлығын пайдаланады. Сондықтан сөздік қордағы әрбір сөз баланың ойлау қабілетіне, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етуші рөлін де қолданы.

Сөз әрекеттің мағынасын білдіреді. Сөзбен өзінің қайғы-қасіретін бастан өткізген сезімдерін, өзінің бір нәрсеге қатыстылығын білдіреді.

Балада іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара әрекетте және адамдармен қарым-қатынасында, өз күшін байқау формасында сана –сезім дамиды. Алайда, бала әрекеттің субъектісі екендігін тек сөз  арқылы түсінеді.

Сөйлеуді меңгере отырып, бала басқа адамдармен араласуды, оларды түсінуді, оларға әсер етуді, ересектермен және басқа балармен сөйлесуді үйренеді.

Демек, тіл арқылы бала өзінің қоғамының бір бөлшегі, қоғамға қатысты екендігін  сезінеді. Бұл баланың психикалық дамуына оның жеке тұлға болып  қалыптасуына ықпалын тигізеді.Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, сөздік қор да тек қоғам бар жерде ғана жинақталады. Қоғам жоқ жерде  сөздік  қор дамымайды, жетілмейді.

   Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде  оқушының сөздік қорын қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Оның  ішінде адам сөйлеуіне нысана болатын зат атауларын үйретуге ерекше мән берген. Сонымен бірге оқулықта келтірілген сөздерден шектелмей, одан «молырақ тоқталу қажет» деу арқылы оқушының сөздік қорын байытып отыру мәселесін көтерген. Ұлы ғалымның бұл пікірлерін қазіргі әдістемеші ғалымдар да өз зерттеу  жұмыстарына өзекті етеді.

   Тілді үйренудің негізгі мақсаты - сөйлесе  пікірлесе білуге үйрету. Ал сөйлесу үшін алдымен сол тілдегі сөздерді білу қажет, сөзсіз ойын жеткізу мүмкін емес. Адамның сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым ол ойын толық, дәл жеткізе алады. Әрине, тек сөздерді ғана білу сөйлесуді қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Сондықтан да Ы.Алтынсарин оқушыға сөздердің өзгеруін игерту керек екенін  көрсеткен. Сөйтіп, ғалым жаттығу жұмысына, ойын ауызша және жазбаша дұрыс айтып, жаза білуге еркін сөйлеуге үлкен мән берген Ы.Алтынсарин оқулығындағы берілген мәтіндер оқушының сөздік қорын молайтып,тілін дамытуға, халық тілін білуге атап айтқанда мәтін барысында баланың тілін дамытудың негізін салғандығын анық байқауға болады.

    Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді. Оқушының алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жақсылықтың нұрын себетін сөздер  болғаны дұрыс.

    Оқушының сөздік қорын белсенді қорға айнылдыру үшін мұғалім сөздерді қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Оқушының оқу кезінде сөздік қорын белсенді қорға айналдыру үшін сабақ үстінде арнайы ұйымдастырған жұмыстары, сондай-ақ дағдыландыру жаттығулары үнемі жүргізіліп отырғаны дұрыс.

   Оқушының сабақта сөздік қорын дамытуда сөздік жұмысы дұрыс ұйымдастырудың қажеті зор. Ойланбай, жүйесіз жүргізген оқыту үстінде жақсы нәтиже бермейді. Бұл жұмыс түрі әр сабақта өткізілуі тиіс, оқытушы үйренген сөзді мағынасын түсініп саналы меңгеріп, мұны есінде сақтауы қажет.

    Бастауыш сыныптардағы сөздік жұмысының негізі сабақ сайын жаңа сөздерді үйренуден басталады. Мұның өзі сынып жоғарылаған сайын оқушының сөздік қорын жылма – жыл молаюына, баюына апарады.

   Сөздік жұмысы – тілді дамытудың негізгі – қадамы.

   Қазіргі қоғамның мемлекеттік тілде сөйлей алатын, қоғам талаптарына сай, іскер тұлғаларды дайындауды қажет етіп отыр. Осындай тұлғаны даярлау бағытында қазақ тілі, әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің міндеттері ерекше. Ең негізгі мақсат – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру, ауыз

екі тілдерін дамыту. Сөздік жұмыс тек жаңа сөздерді жаттаумен шектелмей, оның түрлі жолдарын тиімді пайдаланған дұрыс. Жоғарғы сыныпта сөздік жұмысы түрленіп оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылыққа жетелейді. Бұл сыныптарда сөздік жұымысы сөздің ой тұлғасы деген шартты атпен жүргізіледі. Оқушылар жаңа сөздердің ой тұлғасын қарастырып, өз бетінше сөздік қорын байытып отырады. Мысалы:

 

 

                    күзету                            күзетіп отыр                       күзеткім келеді

                                                           күзетеді                               күзетсең

Күзет

                                                           күзетті                                 күзететін

                   күзетші                          күзетермін

 

      Оқушының сөздік қорын анықтау түрлі жолдармен жүргізіледі.

  Бұл орайда сөздік жұмысы, оны жүргізу әдістерін түрлендіріп қолдануының маңызы зор. Оларға төмендегідей түрлер жатады:

    1. Әңгімелесу, әңгіме құрату - өзін қоршаған орта туралы: Үй іші, мектебі, сыныбы, ата – анасы оқу құралдары т.б.

  2. Оқушының күнделекті жиі пайдаланатын заттарды көрсету арқылы оны

атау (киім – кешек, ыдыс – аяқ, төсек орын, үй жиһаздары )

   3. Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес затарды көрсету)

   Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты ұстамына – оқушының логикалық материалын белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез – келген грамматикалық мағынада қолдана алу қажет. Мысалы: оқу, оқып, оқыған, оқығанда, оқитын, оқыса, оқымақ т.б. Сөздік жұмысының екінші ұстанымы – жаңа сөзді оқушыға бірінші рет түсіндіруде зат есім, сын есім, есімдік, сан есім түрлері.

    Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-қатынасқа даярлау міндеті қойылады. Ол: баланың тілін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту, сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы, ұғымы, ойы және мазмұны арқылы оқушылардың бойында ұлттық танымды қалыптастыру.

    Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен, оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормалырын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігімен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау,айту, жазумен байланысты болады.Сондықтан қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым-қатынастың түрткісіне мақсат-міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни, тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады.

   Қорыта айтқанда, адам ой әрекетімен ашылған заңдық байланыс тәуелдік қатынастар сөздік және грамматикалық формаларда өмір сүреді. Ой танымның жоғарғы сапасы ретінде де, үрдіс ретінде ойлау мен сөйлеудің тұтастығы сайып келгенде, тіл мен ойлауды дамыту болып табылады. Ал, логикалық заңдылықтарға сүйенсек, үрдістің керісінше жүруі даусыз. Яғни, ой дамыту, тіл дамыту болмақ.

Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты»ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Буркитбаева Г. А.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сөздік қорды байытудың дидактикалық негіздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тіл – бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінің жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тілді үйрену арқылы балалар білім негіздерінің ұңғыл-шұңғылдарын үйренеді. Тілдік қарым-қатынаста берілетін ақпараттарды адамдар қабылдау,түйсіну, ойлау, секілді психикалық үрдіс негізінде сөйлеу үрдіс арқылы меңгеріп, оны қайтадан сыртқа шығарады. Тілдің осындай көпжақтылығына байланысты тілді үш жақтама зерттеудің бағыттары бар:-лингвистикалық-психолингвистикалық-социолингвистикалықБұл бағыттар тілді әр қырынан:тілдің теориясы(лингвистика), тілдің психикалық ерекшелегі(психолингвистика), тілдің әлеуметтік ерекешелігі(социолингвистика) туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге қажеттесі психолингвистикалық бағыт.Себебі тілді меңгеру психикалық ойлау, қабылдау, қиял, зейін т.б. үрдістер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан тіл психикалық зерттеудің объектісі болып табылады. Психология ғылымында тілді-тіл және сөйлеу деп бөледі. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қатысым әрекетінде ғана өзінің бүкіл қызметін айқындап, көрсете алады. Бала өзінің ойлаған ойын, мұң-мұқтажын, қуанышын, ренішін, пікірін тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сырқа шығарады. Бала сөйлеу процесінде өзінің сөз байлығын пайдаланады. Сондықтан сөздік қордағы әрбір сөз баланың ойлау қабілетіне, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етуші рөлін де қолданы. Сөз әрекеттің мағынасын білдіреді. Сөзбен өзінің қайғы-қасіретін бастан өткізген сезімдерін, өзінің бір нәрсеге қатыстылығын білдіреді.Балада іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара әрекетте және адамдармен қарым-қатынасында, өз күшін байқау формасында сана –сезім дамиды. Алайда, бала әрекеттің субъектісі екендігін тек сөз арқылы түсінеді.Сөйлеуді меңгере отырып, бала басқа адамдармен араласуды, оларды түсінуді, оларға әсер етуді, ересектермен және басқа балармен сөйлесуді үйренеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 448 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2020 746
    • DOCX 17.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мережникова Александра Михайловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87486
    • Всего материалов: 237

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Письмо: методика подготовки учащихся к ОГЭ по английскому языку

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Курс повышения квалификации

Концептуальное и методическое обновление дисциплины «Иностранный язык» в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 506 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе