Адамтаева Гульмира Алтайқызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясы
Сабақтың тақырыбы:
Сөз және оның мағынасы.
Сабақтың мақсаттары: 1)
Сөз және оның мағынасы туралы бұрынғы сыныптарда берілген білімдерін одан әрі
тереңдете түсу. Мәтіндегі сөз мағыналарын дұрыс түсінуге, сөздерді мағынасына
сай орынды жұмсай білуге үйрету;
2) Сөздерді дұрыс қолдану арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, сөйлеу
дағдыларын жетілдіру;
3) Сауатты, көркем, таза жазуды насихаттау;
Сабақтың түрі:
Қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі:
Саралап оқыту, топтық, жұппен жұмыс, өз бетімен жұмыс, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі:
суреттер, тест, интнрактивті тақта.
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқу құралдарын
түгендеп, оқушылардың назарын сабаққа айналдыру.
ІІ Өткенді қайталау.
Ой қозғау сұрақтары.
Ойын «Күзгі жаңбыр»
1-тамшы. - Бірыңғай
мүшелер дегеніміз не?
2-тамшы - Сөйлем
мүшелері нешеге бөлінеді? Оларды ата.
3-тамшы - Қыстырма
сөз дегеніміз не?(Мысыл)
4-тамшы – Қыстырма
сөздер құрамына қарай қалай жасалады?
5-тамшы - Қысқасы,
ендеше деген қыстырма сөздерге сөйлем құра.
6-тамшы – Жай және жайылма сөйлем туралы не білесің?
7-тамшы – Сөз тіркесі дегеніміз не?
8-тамшы – Күрделі сөз тіркесі қалай жасалады?
ІІІ Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс.
-
Енді мына суреттерге назар
аударайық. (Суреттерді атау, сұрақ қою)
Мысалы: Гүл-не?,
ата-кім?- заттық ұғым, Ұшты, секірді-не істеді? – қимыл, іс-әрекет ұғымы. Жуан,
жіңішке, қызыл, көк, сары – қандай?-сапа-сындық ұғым. Он екі, бес, төрт –
қанша? – сандық ұғымды білдіреді.
Топтастыру.
-
Бүгінгі сабағымыз «Сөз
және оның мағынасы » деп аталады. Сөз туралы біз 3-сыныпта өткенбіз., соны
еске түсіреміз.
-
Сөз дыбыстардан құралады.
Сөз – қарым-қатынас жасау үшін, адамдар сөз , сөйлеу арқылы бір-бірінің
сезіміне, көңіл-күйіне әсер етеді, өзіне керекті нәрсені біледі және білдіреді.
-
Мағынасыз сөз болмайды.
Сөздің мағынасы әртүрлі болады. Сөздің тура, ауыспалы мағыналары болады. Мысал:
есіктің тұтқасы – тұтқа сөзі – есіктің қолға ұсталатын жері деген мағынаны
білдіреді. Бұл – сөздің тура мағынасы. «Адам - өмірдің тұтқасы» деген сөйлемде
тұтқа – тірек деген мағынаны білдіріп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Бұл
туралы сендер жоғары сыныптарда танысасыңдар. Сонымен бірге мәндес сөздер
(синоним), қарсы мағыналы сөздер (антоним), жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі
сөздер (Омоним) де болады.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
-
Мәндес сөздер, қарсы
мағыналы сөздер, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздердің ережелерін еске
түсіру. Мысал келтіру. (Әдемі, көркем, сұлу, салмақты, байсалды, байыпты,
күн-түн, жуан-жіңішке, ақ-қара)
Жүз - бет, бейне.
Жүз – суға жүзу.
Жүз – сан.
Жүз – пышақтың жүзі.
Оқулықпен жұмыс.
199- жаттығу. Сөз туралы алған білімдерін бекіту, сөздерді мағыналарына
қарай топтастырып, олардың айырмашылығын түсіну.
Зат есімдер Сын есімдер
Етістіктер Сан есімдер
Тау ұялшақ
сөйлеу он жеті
Ағаш қызыл
көру алтау
Елік әдемі жаттау
тоғыз
Оқушы жүйрік жығылу
Бас аласа күлу
Түйе тапқыр
Көз
Сөз таптарының ережелерін сұрау.
Сыныпты топқа бөлу.
І топ – «Синоним» , ІІ топ «Антоним», ІІІ топ «Омоним».
Топпен жұмыс.
Әр топқа берілген сөздерге өз аттарына байланысты сөздер айту.
200-жаттығу. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбысты тап.
Жол – жал – жыл – жел
Соңғы дауыссыз дыбыстарды өзгертіп бірнеше сөз жаса, осы сөздердің
ішінен үш сөзді қатыстырып, сөйлем құра.
Жоқ – жас – жез – жық
Жақ – жек – жыр
Жон – жап – жек – жыр
Жат – жер
Жау т.б.
Жар өте биік екен. Арбаға атты жек. Жыршы жыр жырлады. Үйде ешкім жоқ.
201 – жаттығу. (ауызша) Әр қатардағы сөздердің мағыналарын салыстыр.
Мұндай сөздерді сөйлегенде бірінің орнына бірін қолдануға бола ма?
1) Ұғымтал, зерек, алғыр – қандай?
2) Момын, жуас, ынжық, қой аузынан шөп алмайды – қандай?
3) Бет, дидар, өң, рең, шырай – не?
4) Қасқыр, бөрі, ұлыма, итқұс – не?
Мағыналары бірдей, айтылуы әртүрлі.
202 – жаттығу. Жазбаша.
1) Әдемі, сұлу, көрікті.
2) Бет, келбет, дидар.
3) Ынтымақ, бірлік, татулық.
4) Қағілез, алғыр, зерек.
Ауызша мәндес сөздерге сөйлем құра.
ІV. Қорытындылау
1. Ойын «Сыңарын тап»
Синонимдер
Антонимдер
Шал түсіну
қалың қымбат
Қалың үлкен мағына
жұқа
Дәу қария
арзан ауыр
Жұқа жуан
сырты үлкен
Қымбат жіңішке
жеңіл бар
Ғалым асыл
кіші іші
Ұғу ғұлама жоқ
мағынасыз
2. «Мақалдың жалғасын тап.»
- Үлкен кісі бастар – кіші қостар
- Жақсы бала қуаныш – жаман бала өкініш
- Жазда күн ұзарады – ал қыста қысқарады
- Батыр бір өледі – қорқақ мың өледі
- Ашу - дұшпан – ақыл – дос
- Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа – жаманмен дос болсаң, қаларсың
ұятқа.
3. Шығармашылық жұмыс.
Топпен жұмыс.
І топ. Синоним жаз: алыс, екі, биік, зәулім, қасқыр.
ІІ топ. 5 антоним сөздер жаз.
ІІІ топ. 5 омоним жаз. Мағынасын түсіндір.
V. Үйге тапсырма беру. 203 – жаттығу
VІ. Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.