Сюжеттік рөлдік
ойын
Тақырыбы: «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай
жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер
еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды
ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, халаттар, бас киімдер, құрал -
жабдықтар. күшік,телефон.
Әдіс - тәсілдер: Ойын ойнау арқылы
әңгімелесу, сұрақ - жауап алу.
Ойын барысы: балалар қанеки қонақтармен амандасайық, енді шаттық шеңберге
тұра қалайық
Арайлап таң атты,
Алтын сауле тараты,
Қайырлы күн балалар,
Жақсы өтсін күніміз.
Балалардың көңілдерін үйшікте отырған күшікке аударамын.Балалар біздің күшігіміз
көңілсіз отыр . Неге көңілсіз отыр екен.Ол ауырып қалған сияқты. Кане балалар
не істеу керек? Телефонды алып ауыруханаға қоңырау соғу
керек.
Родион : Дәрігерге қоңырау соғады. Сәлеметсіз
бе дәрігер.Бүгін біздің балабақшадағы күшігіміз ауырып қалды, соны емдеуге
келесізбе?
Дәрігер:Сәлеметсізбе қазір
келемін. Тарсылдатып
дәрігер келеді, балалармен амандасады.Орындыққа барып жайғасады.Балалар
күшікпен бірге дәрігердің қасына
келеді. Дәрігер
күшікті бақылайды,иә күшігініз ауырып тұр екен.Мен қазір күшікті
емдеймін.Күшіктің кеудесін тындайды, қызуын өлшейді,аузын ашып тамағын
тексереді, сосын дәрі береді,содан кейін укол салады және дәрумен береді.
Родион
дәрігерге рахмет айтады.Біздің күшігімізді үйшігіне апарайық . Күшігіміз
демалсын.Балалар біздің Ақтабан күшігіміз жазылды,ол сендермен ойнағысы
келеді.
Ойын:Күшік үйшігінде отырады.Балалар күшікті барып оятады,аяқтарымен
тарсылдатады,қолдарымен шапалақ ұрады,сол кезде күшік тұрып ыр деп дыбыс
шығарады,гаф-гаф деп үріп балаларды қуады.Ойын екі-үш рет
қайталанады.
Ал дәрігер балаларға дәрумен
таратып қоштасып топтан шығып кетеді. Осымен біздің бүгінгі ойынымыз
аяқталды.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.