Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Сыр сұхбат" танымдық шара

"Сыр сұхбат" танымдық шара

Скачать материал

 

Сыр - сұхбат                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

«Мұғалім-мамандық, ұстаздық-қасиет»

 

 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Н.Ө.Ахметова

 

 
                   

 

 

Сыр-сұхбаттың мақсаты:

 

а) Ақпараттық: Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, студенттерді үлкенді сыйлауға,  басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірде, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға назар аударуға дағдыландыру.

ә) Коммуникативтік:  Қонақпен сұхбаттаса отырып, өздері таңдаған мамандыққа бейімделуге, өз бетінше ой қалыптастыруға, өмірді сүюге тәрбиелеу.

б) Проблеманы шешу: Танымал тұлға мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, жақын таныстыру, өмірін үлгі-өнеге ету.

Шараның түрі: Сыр-сұхбат, танымдық шара

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, презентация.


Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,  слайдтар, шарлар, қағаздар, түрлі-түсті фломастерлер, қарындаш, өшіргіш, смайликтер

 

 

 

Барысы:

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Қонақты қарсылау
  • Сұрақ-жауап
  • Қорытындылау

 

 

Оқытушы: Құрметті ұстаздар, студенттер, қонақтар!
Біздің бүгінгі сыр-сұхбаттың қонағы, ұстаздардың ұстазы, студенттердің азамат болып, өз орындарын табуға зор үлесін қосып жүрген Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы, практика меңгерушісі Батишева Зәуре Дәулетқызы. Қош келдіңіз апай! Көңіл-күйіңіз қалай? Студенттер сұрақтары іштеріне сыймай кездесуді асыға күтіп отыр. Сыр сұхбаттың дәстүрі бойынша өзіңіз жайлы анықтамадан бастайық..

Батишева Зәуре Дәулетқызы     

1953 жылы 6 ақпанда Орал облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі селосында дүниеге келген.

1968-1972ж.ж. Орал педагогикалық училищесінің студенті.

1973-1978ж.ж. Орал педагогикалық институты тарих факультетінің сырттай бөлім студенті

1972-1980ж.ж.Тасқала ауданы, Ақтау ОМ-нің бастауыш сынып, тарих пәні мұғалімі, тәрбие ісінің орынбасары.

 1980-1994ж.ж. Тасқала ауданы, Камен ОМ-нің , тарих пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі.

1994-2001ж.ж. №9 ЖОББМ-нің тәрбие ісі меңгерушісі.

2001-2007ж.ж. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжнің қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

2007-2012ж.ж.  №5 ЖОББМ-нің директоры.

2012ж-дан осы кезге дейін Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде практика меңгерушісі болып қызмет атқарады.

 

Оқытушы:
Сөк мейлі, сен оларды, сөкпе мейлі,
Лайық менің балам ерге дейді.
Ұстазың бір сабақтан «мұның не?»-деп,
Баладай бір - біріне өкпелейді.

 

Кешіміз сұхбат ретінде өтеді, арнайы тапсырмаларымыз дайындалды, апай ортаға келіңіз, төрге жайғасыңыз.
Студенттер:

1. Балалық шақтан есіңізде не бар?
2. Туған жер сізге несімен ыстық?
3. Жас кезіңізде қандай қыз болдыңыз?
5. Отбасыңыз, балаларыңыз туралы айтып бересіз бе?

6 Алғашқы ұстаздық жолыңыз жайлы айтып берсеңіз.
7. Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
8. Шет елде болдыңыз ба?
9. Сыйласатын достарыңыз кімдер?
10. Алғашқы ұстазыңыз кім еді?
11. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
12. Сіздің әдемілігіңіздің, жас болып көрінуіңіздің себебі неде?

13. Кейде біреу сіздің аяғыңыздан шалса, мұқалып шаршайсыз ба, қайғырасыз ба?

14. Ұстанымыңыз жөнінде әңгімелесеңіз.

15.Қоғам. қазіргі заман, т.б.туралы қандай ойдасыз, көңіліңіз тола ма?

 

IMG_4360                              IMG_4354

 

Оқытушы:

Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған   батыр да, тілінен бал тамызған ақын да, тегеуріні темір балқытқан ұста да, бәрі-бәрі ұстаздан білім  алған.  Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға біздер өмір бойы қарыздармыз, борыштармыз, басымызды иіп өтеміз.

 

Ол менің «ұлым менен, қызым» дейді,
Естісе олар жайлы елеңдейді.
Отырар тілекшің боп, есейсең де,
Қайырылып қалмасыншы «кемең» дейді.

 

1. Тапсырма: «Жасырын хат,ойлан тап!» Ерте-ерте-ертеде... әлі адамдар әріп танымаған уақытта, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Қазір сізден суретте салынған тапсырманың  мағынасын табуыңыз сұралады.

1.Бүгін маған кешкі сағат 6-да телефон соқшы.

2.Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық.

3.Жексенбі күні сағат 15:00-де менің туған күнім.

 

2. Тапсырма: Өнерге деген көзқарасыңыз қандай, бір ән айтып, би билеп берсеңіз.

(Оқушылар қонақпен бірге ән айтып, би беледі. Ұстаз бен кейінгі буын арасында тығыз байланыс, жақын таныстық орнап, өмірін үлгі-өнеге етті.)

Оқытушы: Студенттер, апайға қандай баға қоямыз?

Студенттер: Әрине, 5 деген баға қоямыз.

 

     IMG_4367                          IMG_4363

 

Оқытушы: Сіз сияқты үлкен тұлғамен кездесу, бүгінгі болып жатқан сұхбаттың өзі тарих деп ойлаймын. Бүгінгі кездесуден сізге қойылған сұрақтардың ішінде өзіңізге ұнаған, жақын болған сұрақты қойған студентке өз қолтаңбаңызды қойып кітапты сыйласаңыз.

Сыр сұхбаттың әдемі бір дәстүрі бар. Бұл смайликтер. Бүгінгі кездесуден өзіңіздің коңіл-күйіңізді осы смайликтердің біреуін таңдау арқылы корсетсеңіз.

                              

 

 

 

 

«Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірде  қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

 

Қорытындылау

 

Сонымен бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, студенттер, қонақтар! Біздің ортамызда жүрген апайымыздың көп қырын, өнерін үлкендер білгенмен студенттеріміз біле бермейтін еді. Бүгін апайымыздың да есіне көп нәрселер түсіп, бізге жақсы - жақсы әңгімелерін айтты. Біле бермейтін жақтарымыз көп екен, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық, апай сізге рахмет.
Өнеріңізді көрдік, әңгімеңізді айттыңыз, бізден ескерткіш болсын деп, сыйлығымызды қабыл алыңыз. Сау болыңыз.

 

Студенттермен естелік суретке түсу.

 

IMG_4377

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сыр сұхбат" танымдық шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Сыр сұхбат" "Мұғалім-мамандық, ұстаздық-қасиет" танымдық шарасы Кездесуге шақырған адамның жаңа қырларын білу, студенттерді үлкенді сыйлауға, басқалардың балалық шағымен өз өмірін салыстырып, өмірде, адамдар арасында болатын түрлі жағдайларға назар аударуға дағдыландыру. Қонақпен сұхбаттаса отырып, өздері таңдаған мамандыққа бейімделуге, өз бетінше ой қалыптастыруға, өмірді сүюге тәрбиелеу. Танымал тұлға мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, жақын таныстыру, өмірін үлгі-өнеге ету. Барысы: Оқушылармен сәлемдесу Қонақты қарсылау Сұрақ-жауап Қорытындылау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2020 983
    • DOCX 17.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабина Татьяна Евгеньевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жабина Татьяна Евгеньевна
    Жабина Татьяна Евгеньевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67973
    • Всего материалов: 207

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе