Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСыныптан тыс "Әдептілік- тәрбие бастауы" іс-шарасының жоспары

Сыныптан тыс "Әдептілік- тәрбие бастауы" іс-шарасының жоспары

Скачать материал

Хамзина Гүлдарай Советқызы     4 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі

Өндіріс орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік- тәрбие бастауы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке , еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту , тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты суреттер, нақыл сөздер.

                   Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатына қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.

        Үлкенге де «сіз»,

        Кішіге де «сіз».

       Сәлем бердік сіздерге

        Құрметпенен біз.

ІІ.Кіріспе: -Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік –тәрбие бастауы» деп аталады.

-Балалар, әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

Әдептілік-үлкенді сыйлау,әділ болу, өтірік айтпау, жалқау болмау, кішкентайларға қамқор болу, үлкендерге көмектесу.

-Әдептілікті бізге кімдер үйретеді?

-Әдепсіз адам қандай болады?

-Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті ата-аналарымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.

-Әдептіліктің ең басты белгісі не?

-«Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені»дейді халық.Сәлем-арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.Әдеп,  адамшылық-амандасудан басталады.

Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені екен.

-Балалар, ата мен баланың амандасуын көрсетейік.

-Ассалаумағалейкум, ата!

-Уағалейкумассалам, балам!

-Денсаулығыңыз жақсы ма?

-Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз.

-Бала-шағаңыз есен-сау ма?

-Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр.

-Өзіңіз күйлі-қуаттысыз ба?

-Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы.

 Әже мен қыз баланың сәлемдесуі.

-Армысыз, әже!

-Бар бол,балам!

-Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба?

-Тәңірге тәуба, барлығы күйлі-қуатты, аман-есен.

-Ылайым жақсы болсын.

-Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам!

 Кездескен кезде кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.

Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас, құрдас, ағайын-туыстар қауышып амандасады. Олар әуелі қос қолдап амандасып, содан соң құшақтарын жайып барып бір-бірімен төс қағыстырып, оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасқан. Осылай қауышып амандасу ер азаматтар үшін ұлттық амандасудың ең құрметті түріне жатады.

Сәлемдесу, әдептілік туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.Әдепті елдің баласы                      2.Сәлем беру де –парыз,

   Алыстан сәлем береді.                    Сәлем алу да- парыз.

3.Сәлемің түзу болмай,                    4. Болар елдің баласын

   Ісің түзу болмайды.                           Сәнінен емес, сәлемінен танисын.

5.Алыстан алты жасар бала келсе,                         6.Әдептілік ар-ұят,

   Алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем берер.      Адамдықтың белгісі.

 7.Әдепті бала-арлы бала,                                          Тұрпайы мінез, тағы жат,

   Әдепсіз бала- сорлы бала.                                       Надандықтың белгісі.

 8. «Сіз» деген -әдеп,                              9.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,                

     «Біз» деген –көмек.                              Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.                                                

Ал, енді ақылды, әдепті балалар қандай болады. Сол жайлы өлеңдеріңді тыңдап көрейік.

1.       Ата-ананың тілегі,                          2. Әдептілік дегенің

Адам болып өскенің.                            Әрқашанда керегің

Адамдықтың тірегі                               Әсемпаздық дегенің

Адал болып өскенің.                             Әуре сарсаң әлегің.

3.Спортпен айналыс,                            4.Тәртіпті бала сүйеніш

Сұлулық сыйлаған.                               Төбең бір көкке жетеді.

Сол ғой саған пайдалы іс                    Тәртіпсіз бала күйініш

Сауық пен кинодан.                               Төмендеп басың кетеді.

5.Ұрыншақ бала жаныңда                    6.Шындықты сақтаймыз

Ұрыс пен керіс айқай-шу                       Шыншылды жақтаймыз

Ұстамды бала маңынан                          Шаршы топ алдында

Ұнамды қылық байқайсың.                  Шығарып мақтаймыз.

7.Сыйлап сәлем беремін,                      8.Су құйдым да құманмен

Көршілерді көргенде.                            Қолына мен әкемнің

Ізетті деп білемін,                                   Содан кейін оған мен

Үйге қонақ келгенде                              Орамалды әпердім.

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.

 9.Бақшаны суарып,                              11.Қарсы ал ерте күн көзін,

Келді су алып                                         Төсегіңді жина өзің.

Самауыр қайнатып                                Асықпай іш тамақты,

Үйде де , түзде де                                  Жалама аяқ табақты.

Қылығы өнеге                                        Пышақты ұста оң қолмен

Ұстазы бізге де                                       Шанышқыны сол қолмен

Ұнайды ол неге?                                     Нанды үгітпе қадірле

10. Кім үлкенді сыйласа                        Қабығымен бәрін же

Кім үлкенді тыңдаса                              Саусағынды сормағын,

Сыйлы болмақ өзі де                              Салдыр салақ болмағын.

Үлкен болған кезінде.

12.Салма аузыңа инені,                          13.Іштарлыққа жол берме,

Үзбе жұлып түймені.                              Бақталастық білдірме.

Ашуланып долданып,                             Мақсат қоймай алдыңа,

Жауап бергін ойланып.                           Қыдырып құр , қаңғыма.

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

14.Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

     Суреттер бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелету.

     «Жалғастыр» ойыны. Не істеуге болмайды?    

Үлкендердің алдынан  кесіп өтуге болмайды.

Кішкене баланы жылатуға болмайды.

Құстарды атуға болмайды.

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабаққа кешігуге болмайды.

Сыныпта айқайлауға болмайды.

Не істеу керек?

Үлкен кісіні сыйлау керек.

Үлкеннің тілін алу керек.

Үлкендерге сәлем беру керек.

Кішілерге қамқор болу керек.

Аналарды, апаларды сыйлау керек.

Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

    -Балалар, аталарымыздың біздерге қалдырған өсиеттерін кім  маған айтып береді.

Бұл өсиеттерді жадымыздан шығармай ұстауымыз керек.

1Атам маған әманда,                       2.Алдын орап кісінің,

Кішіпейіл бол деген.                       Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда,                             Ізетімен кішінің,

Жасы үлкенге жол берем.               Сәлемдесіп қол берем.

3.Атам маған әманда,                     4.Өзгелерден өзімді

Кішіпейіл бол деген.                       Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда,                             Артық айтып сөзімді,

Мақтанбауды жөн көрем                Желпінгенім жоқ әлі.

5.Атам маған әманда,                     6.Қалдыратын ұятқа-

Әділетті бол деген.                          Жалған сөзге төзбеймін.

Ата сөзі санамда,                             Жеткізетін мұратқа

Жүрем тура жолменен.                   Тек шындықты көздеймін.

«Сиқырлы сөздер» ойыны.  « Рақмет», «Кешіріңіз», «Рұқсат па?», «Жарайды», «Сәлеметсіз бе?», «Көмектесейін».

Не деу керек?

1.Апаң сенің базардан,                                      2.Балалар жүр көшеде,

   Алма сатып әкелді.                                            Естіледі шу, айқай.

   Ең үлкенін жақсысын,                                       Сен де шықтың көршіңді,

   Саған таңдап әперді.                                          Қағып кеттің байқамай.

   -Не деп барып жеу керек?                                 -Мұндайда не деу керек?

3.Әжең   сенің түскі асқа,                                  4.Добын апар Назардың!-

     Қант-кәмпит салды мол                                 Деді ағаң, бармадың 

     Жұрттан бұрын ыдысқа                                 Тапжылмадың, сазардың,       

     Өз бетіңмен салдың қол                                Аға тілін алмадың.

    - Жөн еді не айтқаның ?                                  -Сен қай сөзді айтпадың? 

5.Осы келген бетінде                                          6.Үй артында қоқысты

Допты қудың жарыстың                                        Жатқан көптен үйіліп

Көшенің сол шетінде                                             Тазалайды қарт кісі

Кезікті бір танысың                                                Белі зорға иіліп

Ұмыттың сен не деуді?                                          Не дегенің жөн еді?

«Сәлеметсіз бе?» деу керек.                                  «Көмектесейін» деу керек.

«Құпия хаттарға жауап»

Құпия хаттарды қатарға қойып, дауыстап оқып, жауабын ойланып айту.

-Мектептен шығысымен үйіңе қарай жүгіріп келе жатқанында алдыңнан бір үлкен кісі шықса, сен не істер едің?

-Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

- Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?

-Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпау керек.

-Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?

-Асықпай түсіндіріп беремін.

-Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?

-Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

-Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

 -Үлкен кісімен сіз деп сөйлесу керек.

 

Көрініс: «Көшеде»

Сіз: Абылайхан көшесіне қалай баруға болады, айтып жібересіз бе?

1-бейтаныс.(кідірмей , тіл қатып) Немене?

Сіз:Кешіріңіз, мен Абылайхан көшесін сұрап едім.

1-бейтаныс: Алғаш кездескен көшемен оңға қарай....

Сіз: Абылайхан көшесіне қалай баруға болады, айтып жібересіз бе?

2-бейтаныс:Ол жап-жақын , осы бетіңізбен тура жүріңкіреп барып, оңға бұрылыңыз.

Сіз: Рақмет!

2-бейтаныс: Оу, оның не қиындығы бар! «Адасқанға жөн сілтеген сауап».

Мұғалім: Осы көріністен не үйрендіңіздер?

Көшеде біреу жөн сұраса не істеу керек?

Бірінші кездескен адамның істегені дұрыс па?

Ал екінші адамның ше?

Қай адамды жақсы адам деуге болады?

Қорытынды:Жақсы ,жаман қасиеттер туралыАбай атамыздың қандай өлеңін білесіңдер? Естеріңе түсіріп көріндерші ?

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.  

      Осы өлеңде айтылған 5дұшпанды атап беріңдерші, ал 5 асыл істі атаңдар. Осы 5 дұшпанды бойымызға жуытпай, 5асыл істі бойымызға сіңіруге тырысу керек. Сонда  жақсы адам болып өсесіңдер. Әрдайым ақылды , әдепті болыңдар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс "Әдептілік- тәрбие бастауы" іс-шарасының жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік- тәрбие бастауы.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке , еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту , тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты суреттер, нақыл сөздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2015 803
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамзина Гульдарай Советовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамзина Гульдарай Советовна
    Хамзина Гульдарай Советовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9285
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 783 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек