Инфоурок Другое Рабочие программыСын тұрғысынан ойлау атты коучинг-сессиясының есебі

Сын тұрғысынан ойлау атты коучинг-сессиясының есебі

Скачать материал

       Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру  курстарының    Екінші  деңгей  бағдарламасын толық меңгеріп, өз мектебіме оралғаннан кейін мұғалімдерден сауалнама ала отырып,  коучингтік бір жылдық  жоспарымды жасадым. Ең  алғашқы коучинг сабағымның тақырыбы  «Сын  тұрғысынан  ойлау» болды.  Бұл   тақырыпты алған себебім,  осы жеті модульдің барлағы сын тұрғысынан ойлауға келіп тіреледі және  мұғалімдердің түсінігі  бойынша «сын тұрғысынан ойлау» дегеніміз- біреуді сынау немесе кемшілігін табу  екен. Сонымен бірге осы  жеті  модульдің  қайсысын  алсақ  та  сын   тұрғысынан  ойлау  арқылы  жүзеге  асатындықтан  осы  тақырып  жөнінде  мұғалімдерге   дұрыс мағлұмат беру және ойлаудың әлдеқайда жоғарғы деңгейін  әріптестердің  өз сабақтары мен  өмірлерінде   шебер  қолдана білуге түрткі  болу,  оқушыларға  сапалы  білім  беру мақсатында олардың  бойында  метасана    мен  метатануды  қалыптастыру   мақсаты  болды.

           Мен білім беретін  мектепте барлығы 124 мұғалім  жұмыс істейді. Олардың  70  пайызы   жас  мамандардан   тұрады. Олардың  барлығы  дерлік  тәлім  алуға зәру десек те болады. Әрине,  олардың  бөлініп берілген   тәлімгерлері бар, дегенмен де олардың өздері дәстүрлі білім беруге   қалыптасып  қалған. Сол  себепті  коучингке  тәлімгерлер  мен тәлім  алушыларды  араластырып  шақырдым және алғашқы коучингке он адам қатысты

.

 

             Коучинг сабағының сипатамасы.

 

Тақырыбы:  Сын  тұрғысынан  ойлауды  сабақта қолдану

Мақсаты:  Сын  тұрғысынан ойлау   жөнінде мағлұмат беру

Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:

1. Сын  тұрғысынан  ойлаудың  маңызын түсінеді.

2. Блум таксономиясын сабақта қолдана білуді үйренеді.

3.Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау арқылы сапалы білім алуға   дағдыланады.

      Ең  алдымен  мен  тыңдаушы әріптестеріме  әлемдегі  болып жатқан   қарқынды  өзгерістер  туралы,  бұл  өзгерістердің  білім  саласында да  елеулі  өзгеріс  енгізіп  жатқандығын   айтып  өттім.  Сол   мақсатта Экономикалық  ынтымақтастық және даму  ұйымы  туралы да  шолу  жасап  кеттім. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ХХI ғасыр  мұғалімдеріне  арнайы  дайындаған  моделімен  таныстырдым. Оның  әр  бөліміне  нақты  тоқталып,  мысалдармен  негізгі түйінін шынайы өмірмен байланыстырдым. Еліміздің  түпкір-түпкірінде  жүргізіліп  жатқан   педагог  қызметкерлердің құзіреттілігі мен   қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  мұғалімдерге   керекті жаңа әдіс-тәсілдерді  үйрету  мақсатында  қызу  жұмыс  жүргізіп  жатқан дайындау курстарының  жеті  модуль  төңірегінде  білім   беруге  дайындайтындығы  туралы  айтып  кеттім. Сонымен  оларға  жеті  модуль туралы  қысқаша  анықтама  бере  отырып, олардың  барлығы   сол сын тұрғысынан  ойлау төңірегінде  іске  асатындығы  туралы  түсіндірдім. Сын  тұрғысынан  ойлау  тек қазір  ғана пайда  болмағандығы  туралы,  оның   тіпті сократтық дәуірге  дейін 2500 жыл бұрын пайда  болғандығы  туралы  айттым. Ал  осы  сын  тұрғысынан  ойлауды   әрбір  адам  бойына  сіңірсе,  ол қоғам  үшін,  оның  ілгері  дамуы  үшін  таптырмайтын қозғаушы  күш  екендігі  туралы айтылды. Мұғалімдерге «Зен» бейнекөрсетілімін көрсеттім. Бұл бейнекөрсетілімде  өнебойын күш билеген, бес  қаруын  асынған,  тек қана өз күшіне сенген  самурайдың   шынайы  өмірді көрмей,  қиыншылықты өз басына тигенде ғана түсінеді. 

Осы көрсетілімнен кейін әріптестердің өз ойлары сұралды. Болат бұл бейнекөрсетілімнен « Сабыр түбі сары алтын» деген ойды көріп тұрмын деді. Лена бұл бейнекөрсетілімнен қатыгездік пен мейірімділікті салыстырып тұрғанын көріп тұрғанын айтты. Дильнура  бұл жерден  әртүрлі мәселелерден басы қатқан адамды көріп тұрғанын айтты. Толқын бұл жерде  адам әрқашан өз-өзін өмір сүріп отырған ортада реттеп  отыруы керектігін және жақсылыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу керектігін айтты.

Осыдан  кейін  әріптестерді  келесі  жоспарланған  іс-әрекетке  дайындау  мақсатында «Макарено» өлеңіне би билеп сергіту сәтін  өткіздім. Олар бұндай іс-әрекетті сабақта пайдаланғанда  оң ықпалын тигізетіндігі туралы олар өз бойларынан өткізгеннен кейін білді. Әріптестерге  балауыз  шам  таратып  беріп,  соған қарай отырып эссе жазды.

 Нәтижесінде мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлана отырып бір-біріне ұқсамайтын, жүректерінен жарып шыққан ойтолғауларына куә болдым. Айгульдің ойтолғауынан үзінді: «Алдымдағы  тұрған  балауыз  шам  мен  үшін  өзімнің  оқушым сияқты. Ол  алғаш  жанғанда кішкене  ғана  болып, уақыт өте ұлғайып  келеді. Оның  жағдайын жасап,  қамқор  болсам  өзінің  құлашын  кең   жайып,   жан  жағына  ұлғайады. Ал  егер қараусыз қалдырсам, жан жаққа  бұлқынып, қай жаққа   қарай  жалынын  бұрарын  білмей  дір-дір  етеді, тіпті жел  кішкене  қаттырақ  соқса  сөніп  қалатын сияқты. Бұл  шамның  шырағына  қарай  отырып,  оны  өзімнің  оқушым сияқты елестеттім.» Сонымен бірге мұғалімдерге Блум таксономиясы туралы мағлұмат бердім және оқушылардың  білім деңгейіне байланысты  Блум таксономиясының қай деңгейінде оқушылардың қандай қабілетінің дамитындығы  және  жетістікке жететіндігін айттым. Оларға «ХХI ғасырда оқушылар қандай болу керек?», «Біз оқушыға қалай білім беруіміз керек?» деген сұрақтар қоя отырып, оларға  постерлер таратып беріп, «ХХI ғасыр  оқушысы» тақырыбында постермен жұмыс істеуге түрткі жасадым. Мұғалімдер осы тақырыпта постерлерін жасап, оны қорғады. Олардың айтуынша жаңа ғасыр оқушылары білімді, ойлау қабілеті жоғары, кез келген қиындықтан шыға білетін тұлға болу керек және олар  жаңа  технологияларды АКТ –ны шебер меңгерулері керек деді. Ал сондай тұлғаны қалыптастыру үшін  мұғалімдердің  өзі  заман талабына сай жан-жақты, құзіреттілігі жоғары болу керектігін айтты.

  «Күнделікті  өмір  рецептімен» коучингті аяқтадым. Бұл рецепт адамзатты сын тұрғысынан ойлата отырып бірлікке, адамгершілікке, имандылыққа және сабырлыққа шақыратын терең мағынаға толы.

 Сондықтан  болар әріптестердің  қызыққаны соншама,  барлығы  жазып  алып жатты. Коучинг соңында мұғалімдер кері байланыстарын берді. Осы  коучингтер  өткізу  барысында   сәтті және сәтсіз   тұстарым болды.

     Сәтті  тұсы:   Әріптестерімді   қызықтыра   тыңдата  алғаным   және сын тұрғысынан ойлаудың не екендігін олардың өз бойларынан өткізе отырып сөйлете алғаным болды. Бейнекөрсетілімді  көрсетер алдында  техникалық ақау болып, бес минуттай отырып қалды. Сол кезде  мен  уақытты бос өткізбеу үшін оларға  парақ алдырып, бір қолымен  умаждатып, екінші қолымен  қайтадан қалпына келтіртуге түрткі жасадым. Осы іс-әрекет бойынша мұғалімдер өз ойларын айтты. Умаждалған парақтың  қайта  орнына келмейтіндігін мысалға ала отырып, біз оқушылар болсын, айналамыздағы адамдар болсын егер олардың көңілін қалдыратын болсақ  кейін қанша қалпына келтіреміз десек те, оның бастапқыдай болмайтындығын  айтты.

 Коучингтен кейін олардың көзқарастары өзгеріп, өз жұмыстарына деген құлшыныстары  артты.  Мектеп басшылары да келесі оқу жылында мектептің мақсаты мен міндеттерін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, бізбен бірлесе  жасайтындығы туралы ескертті.

Сәтсіз тұсым: Коучингке шақырылған әріптестерім өз  уақытында  келмей, әсіресе  тәлім  алушым кешігіп келді. Постермен жұмыс кезінде бір топта мұғалімдерде дағдының болмауына байланысты  ойларын толық айта алмады.

Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау:

     Осы коучингтен кейін жаңа әдіс-тәсілдерді қаншалықты  меңгергендігін бақылау мақсатында  мұғалімдердің  сабақтарына қатыстым. Нәтижесінде жас мамандардың осы әдіс-тәсілдердің  кейбір түрлерін мысалы сергіту сәтін, топтық жұмыс, кері байланыстарды   сабақтарында қолданып жатқандығын байқадым. Бұның өзі мен үшін көңіл қуантарлық жағдай болды.     География пәнінің мұғалімі Сымбат  ата-аналар жиналысында кері байланыс алғандығын  және оның да тиімді жақтары болғандығын айтты. Бірақ  тәжірибелі мұғалімдер осы жаңа әдіс-тәсілдерге қызыққанмен, іс жүзінде қолданып жатқандығын  көре алмадым. Осыған байланысты келешекте  мектептегі әртүрлі  шешімін таба алмай жатқан мәселелерге қатысты коучингтер өткізіп мұғалімдердің қызығушылығын  арттырғым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сын тұрғысынан ойлау атты коучинг-сессиясының есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Коучинг сабағының сипатамасы.

 

Тақырыбы:  Сын  тұрғысынан  ойлауды  сабақта қолдану

Мақсаты:  Сын  тұрғысынан ойлау   жөнінде мағлұмат беру

Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:

1. Сын  тұрғысынан  ойлаудың  маңызын түсінеді.

2. Блум таксономиясын сабақта қолдана білуді үйренеді.

3.Оқушыларды сын тұрғысынан ойлау арқылы сапалы білім алуға   дағдыланады.

      Ең  алдымен  мен  тыңдаушы әріптестеріме  әлемдегі  болып жатқан   қарқынды  өзгерістер  туралы,  бұл  өзгерістердің  білім  саласында да  елеулі  өзгеріс  енгізіп  жатқандығын   айтып  өттім.  Сол   мақсатта Экономикалық  ынтымақтастық және даму  ұйымы  туралы да  шолу  жасап  кеттім. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ХХI ғасыр  мұғалімдеріне  арнайы  дайындаған  моделімен  таныстырдым. Оның  әр  бөліміне  нақты  тоқталып,  мысалдармен  негізгі түйінін шынайы өмірмен байланыстырдым. Еліміздің  түпкір-түпкірінде  жүргізіліп  жатқан   педагог  қызметкерлердің құзіреттілігі мен   қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  мұғалімдерге   керекті жаңа әдіс-тәсілдерді  үйрету  мақсатында  қызу  жұмыс  жүргізіп  жатқан дайындау курстарының  жеті  модуль  төңірегінде  білім   беруге  дайындайтындығы  туралы  айтып  кеттім. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Лекция по предмету Электротехника на тему "Осветительные электроустановки".
  • Учебник: «Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.
  • Тема: Глава 12. Электрическое освещение и источники света
Рейтинг: 3 из 5
  • 03.10.2020
  • 12966
  • 383
«Электротехника, учебник для нач. проф. образования», П.А, Бутырин, О.В. Толчеев и др.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 478
    • DOCX 411.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдыжамалова Кульмира Кемаловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10184
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов