Инфоурок Химия Другие методич. материалы"Суретшілер және олардың шығармалары"(5 сынып)

"Суретшілер және олардың шығармалары"(5 сынып)

Скачать материал


 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Суретшілер және олардың шығармалары»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Садуов Р.Б.

 

 

 

 

 

Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармалары

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстырудың көркемдік білім беріп, олардың өнертанымдарын қалыптастырудағы орнын тану орынды.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады.Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә,Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының  бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан – Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пезажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады.

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы».

Суретші Ә. Қастеев халық батыры, Амангелді Иманов тақырыбына өз шығармасынан ерекше орын берген. Бұл шығармалар қатарына «А.Имановтың портреті», «Амангелдінің шабуылы» атты композициялары жасады.

Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Ысымайлов шығармашылығы көрнекті орын алады.Алғашқы ұлттық график-суретші Ә. Ысымайловтың творчествосы, қазақтың профессионалдық бейнелеу өнерімен қатар қалыптасты. Ол кескіндеме, графика, газет-журналдарды көркемдеу салаларын қатар алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде «Қарағанды», «Қарағанды шахтерлары» шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары («Теңіздің ар жағынан», «Жарылып кетті») терең мағыналы сынға құрылған.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының, тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты.

Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды. А.И.Черкасскийдің «Дина мен Жамбыл» картинасы, В. Антошенко – Оленовтың «Сәкен Сейфуллин», «Ілияс Жансүгуров», Х. Наурызбаевтің «Жамбыл», «Құрманғазы», Ә. Қастеев пен И.Леонтьевтің «Қазақстан кілемшелері» шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.

Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А.Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А.Ғалымбаева «Дастархан», «Қостанай перамидалары» картиналарын жазды.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ.Т.Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967).

1947-53 жылдары Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында М. И. Авиловтан білім алып көркемөнерге оқыды. 1953-58 жылдары Алматы көркемсурет учелищесінде сабақ берді.

1965-68 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры, қызметтерін атқарды.

Қ. Телжанов қазақ халқының өмірі мен тұрмысы жайлы замани және тарихи тақырыптағы «Жамал» (1955), «Бейбітшілік оттары» (1961, екеуі де Третьяков гал, Москва), «Домбыра әуендері», «Атамекен» (1958), «Кокпар» (1960), «Тыныштық» (1964), «Бүркіт салу» (1964), «Қыз қуу» (1966) атты шағын поэтикалық көріністер мен монументті еңбектердің, кең тынысты әрі қанық бояулы триптихтардың («Жол басы» 1966-70, Октябрь, 1970, «Бозаралдықтар» 1972) портреттердің авторы. Суретші шығармашылығы қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бет бұрыс алып келді. Суретші Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекет сыйлығының лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталған. Оның негізгі еңбектері Қазақстанның Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы.

Қазақтың профессионал мүсін өнерін қалыптастырушылардың бірі Хакімжан Наурызбаев 1925 жылы 27 тамызда Қостанай облысы, Октябрь селосында туған. Оған 1969 жылы Қазақстанның Халық суретшісі атағы берілді. 1960 жылдан бастап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан 1966 жылға дейін Алматы қөркемсурет училищесінде ұстаз болды. 1985 жылдан қазақ мемлекеттік өнер академиясында ұстаздық етеді.

1950-60 жылдары «Бала Жамбыл», «Амангелді Иманов», «Құрманғазы», «Сәкен Сейфуллин», «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін танытты.

Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста көрсете білді.

Мүсіншінің шәкірттері Т. Досмағанбетов, Б. Төлеков, Е. Мергенов қазіргі кезде кең көлемде танылған шеберлер. Мүсінші шығармашылығы лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен наградталған.

Қазақ  бейнелеу өнерінде ерекше орын алатын дара тұлға А.Ғалымбаева. 1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу жасқа толған болатын.

Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік бөлімін бітірді.

А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері «Абай әндері» (1949), «Махаббат туралы поэма» (1954) кинофильмдеріне жасаған еңбектері мен «Тоқымашылар» (1951), «Автопортрет» (1956) атты станоктың картиналары.

Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген картиналар жазды. Солардың бірі «Халық таланттары» (1957) атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз. Айша Ғалымбаеваның «Халық таланттары» атты картинасы оның шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы.

Осындай шығармаларының бірі – «Халық шебері Б. Бәсенованың портреті» (1958). Суретшінің «Батыр ана» (1960), «Қазақстан әуендері» (1962) картиналарында сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі.

Жетпісінші жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж туындыларын жазды. Олардың қатарына «Аяқ-Қалқан», «Үңгіртас», «Сарыағаш» шығармалары кіреді.

Суретшінің «Жайлау жолы», «Болашақ», «Совхоз», «Шопан қыздары», «Совхоздағы кеш», «Сенімді қарауыл», «Автолавка» шығармалары ауыл еңбеккерлерінің өмірін көрсетеді.

А. Ғалымбаеваның шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Алпысыншы жылдары жазған «Үш ғасыр», «Ертедегі керамика», «Қобыз», «Сары алма», «Айва» картиналары ерекше бейнелік сипатқа ие болған. Суретші бұл картиналар арқылы табиғат пен адам арасындағы қарым қатынас бірлігін көрсетеді. Ертедегі дүние мен қазіргі өмір атрибуттары салыстырмалы түрде көрсетіледі.

Суретшінің «Бас киімдер» деп аталатын картинасында қазақтың көне ұлттық бөркі басы көрініс, ал ұлттық киімдер қосалқы композиция бөлшегі ретінде берілген.

Айша Ғалымбаева шығармашылығындағы жанрдың бірі – портрет. Ол 60-жылдардың соңында артист С. Қойшыбаеваның, жазушы Ғ. Мұстафиннің, актриса С. Майқанованың портреттерін жазды. Осы жылдары А. Ғалымбаева актер Н. Жантуриннің портретін және өзінің автопортретін жазып бітірді.

Алпысыншы жылдардың соңында суретші «Қырықтықшы», «Дәмді шай», «Бір кесе қымыз», «Нан», «Біз уақыттың мақтанышымыз», «Дала қызы», «Абай әндері», «Билердің соты», «Үйлену кеші», «Айдардың өлімі», «Айтыс», «Кездесу» сияқты картиналары мен эскиздерін кинофильмдер тақырыбына арнады. Бұл шығармалар қатарына «Дала қызы», «Батырлар кездесуі» картиналарын қосуға болады. Халық суретшісі Айша Ғаріпқызы Ғалымбаеваның шығармашылығысы Қазақстан республикасының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосылған жарқын үлес болып табылады.

Елуінші жылдары қазақ суретшілерінің шығармалары бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты экспозициясына айнала бастады. Бұл кезде көптеген қазақ суретшілері Россиядағы көркемсурет институттарын бітіріп келіп Қазақстан суретшілерінің қатары профессионал ұлттық кадрлармен толыға түсті. Солардың бірі Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Кенбаев.

Суретші М.Кенбаев картиналары қазақтың ұлттық ерекшеліктерін кең көлемде көрсеткен ерекше туындылар. М. Кенбаев шығармалары Москвадағы Третьянов галереясында, Ташкенттегі Шығыс халықтары өнерінің музейінде, және қазақ бейнелеу өнері музейінде сақтаулы. Бұл өнердегі құбылыс ретінде суретші шығармаларының биік деңгейін көрсетеді.

М. Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданында шаруа семьясында дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте жетім қалып, 1931-1941 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ол сурет салумен жас шағынан айналысты. 1938 жылы республикалық балалардың көркемсурет көрмесіне оның суреттері алғаш рет қойылады.

М. Кенбаев 1941 жылы Алматының театралды-көркемсурет учелищесінің кескіндеме бөліміне оқуға түсіп, — кескіндеме профессоры А. М. Черкаскийден, өнерге еңбек сіңірген қайраткер Л. П. Леонтьевтен дәріс алады. Мұнда ол «Суретші» деген тақырыпқа дипломды жұмыс жазады.

1951 жылдан бастап М. Кенбаев өз білімін Москвадағы В. И. Суриков атындағы көркемсурет институтына түсіп жалғастырады. Бұл институтты бітірерде М. Кенбаев «Жангельдин отряды» деген тақырыпқа диплом жұмысын жазған.

Суретші М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз байланысты болып келеді. Суретші «Әңгіме» (1957), «Қашағанды ұстау» (1967), «Сары-Арқа», «Құрманғазы», «Киіз басушылар» атты картиналарында кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі.

Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Асауды ұстау» картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен сызылыңқы етіп алынған картина форматы,  қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің «Асауды ұстау» картинасы Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне қойылған.

М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі – қазақ халқының даңқты сазгері Құрманғазы бейнесін көрсететін «Сары-Арқа» картинасы. 1958 жылы Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М. Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның «Сарыарқа» деп аталуы Құрманғазының даңқты – Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты. М. Кенбаев бұл картинаны жазу барысында ақын Хамит Ерғалиевпен жиі пікірлесіп, оның «Құрманғазы» поэмасының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу кезеңдерінде ғалым, зерттеуші әрі композитор Ахмет Жұбанов мұқият бақылау жасап, пайдалы кеңестер беріп отырған.

Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі – «Киіз басу». Бұл картина түстердің әуенділігімен және ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Шығарма мазмұны халық шеберлерінің еңбегін көрсету.

М. Кенбаев шығармашылығы – қазақ халқының өмірін бейнелік-поэзиялық тілде көрсету. Соңғы жылдар М. Кенбаев басқа да суретшілермен қосыла отырып монументалдық өнер саласында өнімді еңбек етуде.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме шығармаларымен танылған ерекше тұлға С.Мамбеев. Сабыр Мәмбеев Шымкент облысы, Келес ауданы Абайбазар селосында 1928 жылы туған. Сабыр Мәмбеев Қазақстанның Халық суретшісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер. С. Мәмбеев 1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1953 жылы Санг – Петербургтегі И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. 1952-62 жылдары және 1968-82 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметін атқарған.

С. Мәмбеевтің шығармашылығындағы негізгі тақырыптар – замандастар өмірі, туған жердің табиғаты және еңбек адамдары. Суретшінің «Сұқбат», «Тауда» деп аталатын картиналары Москвадағы Третьяков галереясында, «Қоныс аудару», «Көктем» шығармалары Москвадағы шығыс халықтары өнерінің музейінде сақтаулы. «Киіз үйде», «Терезе алдындағы қыз», «Жастар», «М. О. Әуезов» картиналарын суретші 50-60 жылдары жазды.

С. Мәмбеев 1970-80 жылдары қазақ халқының өткені мен бүгінгісін көрсететін сериялық суреттер салды. Шығармаларының көпшілігі қазақтың көркемсурет музейінде сақтаулы. Суретші шығармашылығы уақытында лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі ордендерімен марапатталған.

Қазақтың кино суретшісі, графигі, кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған  1967 жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981 жылы Халық суретшісі құрыметті атағы берілді.

С. Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркемсурет мектебінде оқыған. Ол 1944-47 жылдары Ленинградтағы көркемсурет институтында оқыды. Суретші 1955 жылы Бүкілодақтық  мемлекеттік киномотография институтын бітірді.

Суретші С. Романов 50-60 жылдар аралығында «Қанатты сыйлық», «Алдар Көсе», «Жангелдин отряды», «Найзатас», «Ас беру», «Қырық өтірік», «Құрманғазы» атты кинофильмдеріне декорациялар жасады. Сонымен қатар аталған кинофильмдерге арнап кейіпкер костюмдерінің нобайларын эскиздерін салды. Суретші Сахи Романов шығармашылығында ақын «О.Сүлейменов», «Автопортрет», «Мұхаммед Хайдар Дулати» портреттері ерекше орын алады. Сахи Романов шығармашылығында «Жер туралы декрет», «Отан аспаны аясында», «Бұғаудан босану», «Төлектің тор жайлауында», «Бектау аты», «Аврора жаңғырығы», «Құсбегі» картиналары ұлттық колоритімен, символдық тілімен ерекшеленіп, суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады. Суретші С. Романов «Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі» ордендері мен наградталған.

Қазақстанның халық суретшісі (1980), Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер (1965) Евгений Матвеевич Сидоркин Ресейдегі Киров облысының Лебятье селосында 1930 жылы 5 шілдеде дүниеге келіп, 1982 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болған.

Е. Сидоркин 1951жылы Қазандағы көркем сурет училищесін бітірді. 1951-52 жылдары Ригадағы көркемсурет училищесін академиясында оқыды. 1957 жылы Ленинградтың кескіндеме мүсін және архитектура институтын бітірді. 1957 жылдан бастап Е. Сидоркин Алматы қаласына жұмысқа орналасты. Осы жылдары суретші Е. Сидоркин, С.Михалковтың мысалдарына арнап автолитографияларды жасады. Е.Сидоркиннің бұл еңбектерін өзіндік қолтаңбасы бар дарынды график екендігін аңғартты.

Қазақтың халық ертегілеріне арналған «Көңілді алдампаздар» (1958), «Қазақ эпосы» (1959), атты иллюстрациялары оның есімін қазақ жұртына кеңінен таныстырды. Суретші график Е. Сидоркин 1963-64 жылдары «Қазақтың ұлттық ойындары» атты автолитографиялар топтамасын, «Сәкен Сейфулинді оқығанда» деп аталатын графикалық суреттерін жасады. Қазақ халқының тіршілік болмысына, оның ішкі сыр-сипатына терең бойлаған бұл топтама суреттері 1965 жылы Лейпцигтегі көрмеде алтын медаль алды. «Ақсақалдар» (1959) атты автолитографиялық топтамасы мен М.О.Әуезовтың «Абай жолы» романына (1960) жасаған иллюстрациялары үшін Е. Сидоркинге 1970 жылы Қазақстанның  Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Суретшінің «Ғасырлар түнегінен» (1971-79) атты үлкен автолитографиялық топтамасы, М. Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» атты (1974-78) романына салған иллюстрациялары көрермендерден жоғары бағасын алды. Сонымен қатар Е. Сидоркин монументті сәндік өнер саласында жемісті еңбек етті. Ол Алматыдағы «Целинный» кинотеатрының фоэсіне арнап көп қабатты түрлі-түсті сграфитто композициясын жасады. Суретші О. Богомоловпен бірге балалар фронтонының мозайкалық үлкен панносын жасады.

Қазақстанға белгілі суретші Алексей Степанов Пенза облысы, Пенза ауданы, Чемодановка селосында 1923 жылы  19 қаңтарда дүниеге келді. Ол 1933 жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы  кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірді. Сол жылдардан бастап А.Степанов Алматыда тұрып шығармашылық жұмыстармен айналыса бастады.

Алексей Степановқа 1969 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Суретші «Бейбіт дала» (1965), «Көктемгі Алатау» (1969), «Бейбіт Алматы» (1980) пейзаждарын жазды. Сонымен қатар «Раушан гүлдер» (1955), «Күз» атты натюрморт салды. 50-60 жылдары «Р.В.Валиканованың», «Раушанның», «Л.Лотушкиноның» портреттерін жазды.

А.Степанов «Қазақстан Магниткасы», «Еңбек күндері», «Күміс Еңлікгүл», «Медеудегі жексенбі» атты кескіндеме шығармаларын 70-жылдары жазды. Суретші айналадағы өмірді, дүние поэзиясын, замандастардың рухани келбетін бейнелеуде асқан шеберлік көрсетті.

Кескіндеме шебері Алексей Степановтың шығармашылығындағы ерекше тақырып–космосты игеру. Ол 1960-1980 жылдар аралығында космос тақырыбына байланысты «Жұлдыздарға», «Жер планетасынан келген адам», «Жұлдызды аспан», «Космосқа», «Біз Байқоңырданбыз» атты картиналарын жазып, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көркемсурет көрмелеріне ұдайы қатысып тұрды.

Қазақстанға белгілі кескіндемеші Әбдірашит Аронұлы Сыдыханов қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Кулагино селдосында 1937 жылы 12 тамызда дүниеге келді.Ол 1967 жылы КСРО суретшілер одағына, 1985 жылы Киномотографистер одағының мүшелігіне қабылданды. Ә.Сыдыханов 1966 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, шығармашылық қызметін «Қазақфильм» киностудиясында бастады. Суретші 1967-1986 жылдар арасында қоюшы-суретші ретінде «Қараш-Қараш», «Құлагер», «Кездеспей кеткен бір бейне», «Өрнек», «Жусан» фильмдерін түсіруге қатысты.

1967 жылы Москва қаласында оның «Ән қанаты» атты фильміне жасаған эскиздері бойынша көрме ұйымдастырылды. Суретші 1960-1979 жылдар аралығында «1916 жыл», «Ақындар даусы», «Ереуілшілер», «Жеңілгендер», «Маңғыстау мұнайшылары» атты триптихтарды «Қазақстан туралы поэма» панносын, бригадир П.Казакованың портреттерін жазды.

Ә.Сыдыхановтың шығармашылық еңбектері 1987 жылы Москва қаласында, 1979 жылы Польша мен Болгарияда өткен халықаралық көрмелерге қатысты. 1986 жылы «Шоқан Уалиханов» атты телевизиялық фильмді көркемдегені үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тоқыма суретшісі, сәндік қолданбалы өнердің кәсіпқой суретшісі, қазақ гобеленінің негізін салушылардың бірі Қ.Тыныбеков болды.  Құрас  Тыныбеков – 1947 жылы 7 сәуірде  қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Амангелді атындағы колхозда дүниеге келді. Құрас Тыныбеков 1976 жылы КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданды.  Ол 1966 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1971 жылы Украинадағы Львов қаласындағы Мемлекеттік сәндік қолданбалы өнер институтын бітірді.

Сәндік қолданбалы өнер шебері Қ.Тыныбеков 1971-78 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде, 1978-80 жылдары Алматы  Мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқытушылық, шығармашылық жұмыста болды.

Құрас Тыныбеков 1970-80 жылдар аралығында «Шоқан», «Дала балладасы», «Тау мен дала аңызы», «Әлем», «Өмір ағашы», «Тың парады», «Байқоңыр ырғақтары», «Медеу», «Байқоңыр», «Теңіз симфониясы» гобелендерін тоқыды.

Суретші 1976-80 жылы шетелдермен достық және мәдени байланыстарының  қазақ қоғамы, Қазақстан Суретшілер Одағы Президиумының  мүшесі болды. Қ.Тыныбеков 1981 жылы (қайтыс болғаннан кейін) «Қазақстан» гобелені үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Қазақ бейнелеу  өнерінде пейзаж жанрымен ерекше танылған суретші Ж.Шарденов болды.Шарденов Жаңатай  1927 жылы 4 сәуірде қазіргі Ақмола облысы, Мариновка ауданы, Ковылевка селосында туған. Оған  1981 жылы Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері деген құрметті атақ берілді.  Ж. Шарденов 1961 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды. Суретші Ж.Шарденов 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. 1953-55 жылдары Ленинградтағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтында оқыды.

Ж.Шарденов республикадағы пейзаж өнерінің жетекші маманы ретінде көпке танымал. Суретшіның шығармаларында туған ел табиғаты поэзияға толы өрнектермен астарланып, лирикалық көркем бейнелер көрініс тапқан.

Ж.Шарденовтың «Ағаш түбіндегі шағын үй», «Жас қайыңдар», «Қапшағай теңізі», «Алма арасан сайы, «Тауда», «Медеуге апаратын жол», «Кешкі әуен» шығармалары табиғат әсемдігін  жырлаған.  Суретшінің «Талас даласында», «Алатау бөктерінде» және «Көктөбе» картиналарында адам мен табиғат ерекше үндестік тауып,  бояу түстерін шығарма мазмұнын аша түседі. Шебердің «Кезек», «Алматы жылу электр станциясы», «Теміртаудағы завод» атты индустриалдық пейзаждары көрерменге әсерлі, ырғақты, әрі көркем  туындылар.

Ж.Шарденов шығармашылығында  пейзаж бен қатар «Сары гүлдер», «Капуста» деп аталатын натюрморттары бар. Суретші салған жазушы С.Бегалин, батыр Т.Бигелдинов  портреттері республикалық көрмелерге қатынасқан.

Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме саласында белгілі тұлға А.Аханаев. Суретші Амандос Ақанаев  1949 жылы  1 мартта Алматы облысында туған. 1968 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1978 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1970 жылдан бастап республикалық, шетелдік көрмелерге қатысып келеді.

Суретшінің «Кешкі автобус», «Бұлақ», «Жоқтау», «Ат арба» композициялық-тақырыптық картиналарында құбылыстардың ішкі мәнін ашуға тырысады. «Тасжарған», «Өзен мен ағаш»,  «Тікен ішіндегі түлкі» шығармалары табиғат  сырын ашуға арналады. Суретші А.Ақанаев ғалым А.Жұбановтың, суретші К.Дүйсенбиевтің, хирург Т.Кукеевтің, ақын О.Сүлейменовтың портретін салды.

Суретші А.Ақанаевтың сүйікті тақырыптарының бірі тарихи оқиғалар. Олардың қатарында «Аспарух ханның қалыңдығы», «Алтыбақан», «Мәңгілік туралы поэма», «Тынымсыз өмір»  атты тарихи іздер қазіргі заман көріністері бейнеленген шығармалар бар.

Суретші К.Дүйсенбиев 1942 жылы 25 октябрьде Оңтүстік Қазақстан облысы Абай селосында туған. 1972 жылы Н.Островский атындағы Ташкенттің театр-көркемсурет институтын бітірген. 1975 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. 1964 жылдан  бастап республикалық, шетелдік көрмелерге қатынасқан.

Суретші К.Дүйсебиев «Тандыры бар натюрморт», «Пейзаж қосылған натюрморт» атты ұлттық заттарды  бейнелеген  шығармалар жазған. Бұлармен қатар суретші табиғат көріністері бейнеленген «Паркте», «Таңертең», «Ауылда», «Күз», «Көл жағасында», «Кешқұрым», «Түскі мезгіл»  шығармалары бар.

К. Дүйсебиев ұлттық колориттегі, салт-дәстүр бағытындағы  «Ата мен немере», «Үміт», «Далада әйелдері», «Сушылар», «Тауда», «Аулада» атты композициялық картиналары қазақ даласының, оның адамдарының өмір тіршілігін көрсетеді.

Кескіндеме шебері Бахтияр Табиев 1940 жылы 14 майда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1967 жылғы  В.Суриков атындағы Москва көркемсурет институтын  бітірген. 1970 жылы Қазақстан суретшілер одағына мүше.  1961 жылдан бастап  республикалық, шетелдік, халықаралық көрмелерге қатысқан. 1988 жылы суретшіге «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген құрметті атақ берілді.

Суретші Б.Табиевтің «Майданнан келген хат», «Бала емізген  ана», «Сақыманшылар», «Кездесу», «Бала көтерген ана», «Самаурын жанында»,  «Жанұя», «Таудағы таң», «Даладағы кеш» картиналары бар. Б.Табиевтің шығармалары ұлттық өзіндік ерекшеліктерін тұрмыс салтын, табиғатын, шаруашылығын, дәстүрін, этнографиялық белгілерін көрсетпесе де қазіргі өмір жағдайындағы сипатымен суреттейді. Суретші шығармаларында аттылы адам, киіз үй, түйелі ауыл, қазан ошақ, үй жихаздары, ұлттық киім, қазіргі ауыл көріністері молынан кездеседі.

Суретші график Қайырбай Закиров 1945 жылы 25 февральда Қызылорда облысы Арал қаласында туған.  1965 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1976 жылдан Қазақстан суретшілер одағына мүше. 1968 жылдан бастап  республикалық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан. 1988 жылы суретшіге «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілген.

Суретші Қ. Зәкіровтың «Дастархан», «Ұлбаланың бақыты», «Теңіз туралы аңыз», триптихтары бар. «Көше қиылысында», «И.Оразбаевтың өлеңіне жасаған иллюстрациялары, «Базар жырау», «Жұт», «Жаңғырық», «Күту» шығармалары қазақ жеріндегі  сыр өңірінің өмірі мен ұлттық дәстүр көріністерін  терең суреттеуге  арналған графикалық шығармалар.  Суретші туындыларында еңбек ерлері Ы.Жақаевтың, У.Алтайбаеваның  көркем образдары жасалған. Қазақ даласының қазіргі көріністері жаңа тақырыптық- композициялық шешімдер табылған.

График суретші Василий Тимофеев 1943 жылы 1 январьда Россияның Новосибирь  облысының татарка селосында туған. 1963 жылы Алматы көркемсурет  училищесін бітірген. 1974 жылдан Қазақстанның Суретшілер  одағын мүше. 1963 жылдан бастап республикалық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан.

Суретші В.Тимофеев «Бейбітшілік туралы сөз», «Тың жол салушылар», «Ойлау», «Балхаш балықшылары», «Адамдар мен  тағдырлар», «Балхаш тарихы», «Жыл мезгілдері», «Қазақстанның даңқты адамдары» сериялық линогравюра суреттер салған. В.Тимофеев В. Шукшиннің, Жамбылдың, Шохан Уәлихановтың, Әл-Фарабидің,  А.Афанасьевтің портреттерін жасады. Көптеген жеке адамдарлың кітаптарына арнап экслибристер салды.

Мүсінші Рыспек Ахметов  1942 жылы 3 январда Шымкент облысы, Абай-базар селосында туған. 1968  жылы Н.Островский атындағы Ташкент театр-көркемсурет институтын бітірген. 1969 жылдан Қазақстан суретшілер одағына мүше. 1968 жылдан бастап республикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан.

Мүсінші Р.Ахметовтың «Алдар көсе мен бай», «Аққу биі», «Қобыз үні», «Махамбет Өтемісұлы», «Қобыланды батыр», «Құрманғазы Сағырбайұлы», «Жастық шақ», «Әл-Фараби», «Абай әндері», «Ана», «Қонақжайлық»  атты кіші формадағы мүсіндер жасаған.

Р.Ахметов шығармашылығындағы ерекшелік шығармаларының ұлттық формада орындалуы, қазақтың салт-дәстүрін көрсететін, (станоктық) көрмеге қоюға арналғандай болып келуі сонымен қатар,  ауыз әдебиетінің, ғылымның, қоғам қайраткерлерінің образын жасауға бейілділік ерекшеліктері болып табылады.

Мүсінші Ескен Сергебаев  1940 жылы 19 майда Алматы қаласында туған. 1969 жылы  Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. 1962 жылдан бастап республикалық, шетелдік көрмелерге қатысқан.

Мүсінші «Ешек мінген қария», «Әке», «Суретші Салихадан Айтбаев», «Абай», «Қызымның портреті», «Гүлнараның портреті», «Халық әртісі Қ.Қуанышбаевтың портреті», «Композитор Ә.Бейсеуовтың портреті» сияқты белгілі адамдардың образдарын жасаған.

Е.Сергебаев Алматыдағы драма театрының алдындағы М.Әуезовтың ескерткішінің авторы. Мүсіншінің жұмыстарын жасауға ағаш, гранит, мыс, галваника материалдары қолданылған.

Мүсінші Досмағамбетов Төлеген.  1940 жылы 10 көкекте, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Мыртып селосында дүниеге келді. 1962 жылы Ленинградтағы И.Е.Репин атындағы  сұнғат, мүсін және архитектура институтын бітірді. Мүсіншіге «Қазақстанға еңбек сіңірген, өнер қайреткері» деген атақ берілген.

Мүсінші Т.Досмағамбетов 1971 жылы Көкшетауда Уалихановтың,  1975 жылы Жангелдиннің, 1985 жылы Алматыда Ғани Мұратбаевтың ескерткіштерін жасады. Ал 1980 жылы Сүлейменовтың, 1980 жылы академик Семеновтың портреттерін жасады.

Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы Қазақстан жастар Одағының лауреаты.

Суретші Темірхан Ордабеков – сурет өнерінің график саласында өзінің бағыт-бағдарымен танылған қылқалам шеберлерінің бірі. ҚазПИ-дің көркемсурет графика факультетін бітірген  соң, Шымкент педагогика институтында ұстаздық қызметте болып, талапкер жастарды суретшілікке баулыды. Респуликалық баспаларда істеп жүріп  кітаптарды көркемдеп безендіруге ат салысты. Идеясы мазмұнымен үндесіп, оның танымдық мәнін айшықтаған суреттері оқырмандарды ғана қызықтырып қойған жоқ, көрмелерде одақтас шетелдік мамандарды да сүйсіндірді.  Темірхан Ордабековтың еңбектерінің дені тарихи тақырыптарға арналған. Оның «Бұхар жырау» атты графикасы көне заман шындығын қазіргі өмірмен үндестіре отырып, көпшілікті ойлантуға жетелейді.

Суретші Бексейіт Түлкеев 1955 жылы 22 қаңтарда Шымкент облысының Ленгер ауданында  (қазіргі Төле би ауданы) Қасқасу ауылында туылған. 1971 жылы Москвадағы жоғарғы көркемсурет-өндірістік училищесінде сұңғатшы, монуметалист мамандығында оқыды.

1980  жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып,  осы атаққа ие болады. 1983 жылдары «Атамекен», «Әке», «Суретшінің ұйқысы» деген суреттерін жазды. 1984 жылы «Түсіру алаңы» деген сурет жазады.

ҚР суретшілар одағының мүшесі Меңдібай Әлин 1953 жылы туылған. 1977 жылы Алматының Н.В.Гоголь атындағы суретшілер училищесін бітірді. Бітірген соң «Жазушы» баспасында, әуелі көркемдеуші редактор, сосын редакция меңгерушісі болып қызмет істеді.

Меңдібай осы білімімен шектеліп қалуды місе тұтқан жоқ. 1978 Москва полиграфия институтына түсіп, оны 1985 жылы бітіріп шықты. Қазір ол – «Жалын» баспасының бас суретшісі. Талантты қылқалам иесі дизайн және  кітап безендіру саласында жемісті жұмыс жасап, өзінің айырықша қолтаңбасын таныстарлық дара туындыларымен көзге түсіп келеді. Оның дарын қабілетін айқындай түсетін шынайы шығармалары көптеген бүкіл одақтық халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орын алды. Қазақ ауыз әдебиеті саласындағы шығармаларды көркем безендіргені үшін, 1986 ж. Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Орта Азия және Қазақстан Респубикаларының  «Плакат және кітап» өнерін республика аралық конкурсында «Тазша бала», «Қушыкештер», «Көсе кісі», «Ауған ертегілері», «Құйыршық» атты кітаптар І-дәрежелі, «Нан мен тұз» (С.Жиенбаев), «Өлген қазан» атты кітаптар ІІ дәрежелі, «Бағдат» атты кітап ІІІ дәрежелі дипломдармен атап өтілді. «Радуга» баспасынан (Москва) жарық көрген. «КСРО халықтарының ертегілері» атты бес томдықты көркемдеуге қатысқаны үшін  1985 жылғы бүкілодақтық «кітап өнері» конкурсында ол ең жоғары награда – Иван Федоров атындағы дипломға ие болды.  Меңдібай шығармашылығы шетел көрермендерінің де назарын аудара бастағаны белгілі. Оның Лейпциг «ИБА-89» көрмесіне қатысқан «Қушыкештер күлкісі» атты кітапқа жасаған безендіруді күміс медальды жеңіп алды.

Сәрсенбай Сәлменұлы Әлиев  1956 жылы  Гурьев қаласында туған. 1985 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтына түсті. Жас суретшінің еңбектері алғаш рет 1978 жылы өткен жас суретшілер көрмесінде жоғары бағаланды. Қылқалам шебері мұнан кейін 1982-1983 жылдары өткізілген жас суретшілердің көрмесіне қатысып, қабілетін жан-жақты таныта түсті. Оның «Балыққа байланысты натюрморт», «Айлы түн», «Жаңа қайық», «Отарда» сияқты майлы бояумен салған суреттері көрермен көңілінен шығуда.

Ғалым Рысбекұлы Ахметов  1969 жылы Алматы қаласында туған.  Алматы театр және көркемсурет институтының сурет факультетінің мүсін бөлімінде оқыды. Республикалық жас суретшілер көрмесінде Ғалымның «Желтоқсан», «Отыз екі жыл ашаршылық», «1937 жыл», «Ату жазасы» еңбектері жұртшылықтан жоғары баға алды.

«Аралмен қоштасу» еңбегі «Жастық» девизімен өткен Бүкілодақтық жастар көрмесіне қойылды. Жас мүсіншінің Арал тағдырына арналған шығармасының бірінші тұлғасы Халықаралық  көрмелерге жолдама алып, Польша, Чехославакия қалаларында өткен байқауларда көңілден шықты. Ғалымның жаңа еңбегі – «Есімхан» – жас мүсіншінің ізденіс, қуат-күшін айқын танытумен қатар, болашағынан зор үміт күттірген еңбек болды.

Суретші кескіндемеші Қосыбек Егізбаев 1936 жылы  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Гродекаво селосында дүниеге келген. 1959 жылы Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет  училищесін бітірген.

Сурет салумен бала кезінен айналысады. Әсіресе, қазақ халқының ертегі кітаптарын кескіндеп, безендіруге шағармашылық жаңа қырынан көрінген. Ол «Түлкі мен бөдене», «Қаңбақ шал» тағы басқа кітаптарды көркем безендіруде ешкімге ұқсатпай өз қолтаңбасын таныта білдірді. Қ.Егізбаев көркемдеп безендірген «Бозінген» атты кітап Мәскеуде өткен бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің қола медалін жеңіп алған. Ол КСРО журналистер одағының мүшесі, қазір «Жалын» баспасында жұмыс істейді

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Суретшілер және олардың шығармалары"(5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан суретшілерінің өмірі мен шығармаларыБейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстырудың көркемдік білім беріп, олардың өнертанымдарын қалыптастырудағы орнын тану орынды.Қазақ бейнелеу өнерінде суретші Ә.Қастеевтың шығармашылыға ерекше орын алады.Қазақстанның халық суретшісі Ә. Қастеевтің шығармашылығы республика көлеміне кеңінен таныс. Ол өзінің сапалы өмірін Отанының көркем образын жасауға арнаған. Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә,Қастеевтің таланты Қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан – Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пезажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 445 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по химии на тему "Готовимся к ЕГЭ- кислые соли"
  • Учебник: «Химия. Профильный уровень (в 2 частях)», Кузнецова Н.Е., Литвинова Т.Н., Лёвкин А.Н.
  • Тема: § 54. Основные классы неорганических соединений и взаимосвязи между ними
  • 30.12.2020
  • 3687
  • 199
«Химия. Профильный уровень (в 2 частях)», Кузнецова Н.Е., Литвинова Т.Н., Лёвкин А.Н.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2020 1401
    • DOCX 63.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макаров Виктор Алексеевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макаров Виктор Алексеевич
    Макаров Виктор Алексеевич
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76489
    • Всего материалов: 211

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в преподавании химии с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 48 регионов

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе