А.
Косарев атындағы №9 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу,
сақтау және ашу
Пән
мұғалімі: Ныгмет Манар
Сынып: 5 «А»
Степногорск-2015
Сабақтың тақырыбы: Сурет салу, сақтау және ашу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Paint графикалық
редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету. «Растрлық
графикалық редактор» ұғымын түсіне білу
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа
үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық -
абстракциясын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО
технологиясы элементтері.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, компьютер, слайд, тапсырмалар.
Сабақтың
барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен
сәлемдесіп, бүгінгі сабаққа дайындығын арттыру.
II. Үй
тапсырмасын тексеру.§13, 114-беттегітест сұрақтарына берген
жауаптарын тексеру.
ІІІ. Жаңа
тақырыпты түсіндіру:
Жана
түсініктер:
ДК-нің мәтіндік
те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің
қарапайым құралы операциялық жүйесі болып табылады. Графикалық редактор
графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған. Компьютер график
құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып
табылады. Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға, түрлі қылқаламды
пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, суретке мәтін енгізуге мүмкіндік
береді. Стандартты кескіндердің, суреттердің және дайын кескіндердің өте үлкен
кітапханалары бар, оларды пайдаланып, тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да
қажетті суретті жылдам салып шығады. Раіnt сурет салу программасы әр түрлі
графикалық кескіндерді салуға, оны өндеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның
көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін
жасауға болады.
Редактор:
1. Құрал –
саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
2. суреттерді
бөлек бөліктерден құрастыруға;
3. суретке
мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
4. Бар
графикалық объектілерді түзетуге;
5. Схемаларды
сызуға және т.б. мүмкіндік береді.
Paint графиктік
редакторы іске қосу:
Пуск – Программы –
Стандартные – Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда
әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда
болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны
және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе
өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында
айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі
координаттарын байқауға болады.
Терезе
құрылымы (слайд)
Слайдта
көрсетілген терезедегі нөмірленген аймақтардың атауы мен қызметімен таныс болайық.
1 санымен
көрсетілген жол қалай аталады? Бұл барлық терезелерде болады?
2 санымен
көрсетілген жол?
3 санымен?
Құрал-саймандар
тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және ол қандай құрал-саймандардан
тұрады екен? Атауларын білесіңдер ме?
--суреттің ерікті
аймағын белгілеу.
--суреттің тік
төртбұрышты үзіндісін белгілеу
--суреттің белгілі
бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш
--тұйық контурды
құю
--суреттен түс
таңдау
--экрандағы
бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб
--жіңішке сызықтарды
сызуға арналған қарындаш
--ерікті
сызықтарды сызуға арналған кисть
--түрлі түсті
нүктелерді салуға арналған бүріккіш
--мәтінді енгізу
мен қалыптастыруға арналған жазу
--түзу сызықтарды
салуға арналған сызық
--қисық сызықтарды
салуға арналған қисық
--тікбұрыш
көпбұрыш және эллипс- қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құал-саймандар
фигура дұрыс салынуы үшін мауысты жылжытқанда шифт нернесін басып ұстау керек
--салынған
кескінді болдырмау үшін пернесін басу керек
4 санымен
көрсетілген аймақ жұмыс аумағы деп аталады.
Меню
Меню алты пункттен
тұрады оларды маустың батырмасын басу арқылы таңдауға болады менюдің әр пункті
созылған бағыныңқы менюден тұрады.
IV. Сабақты
бекіту: Оқушыларды
үш топқа бөліп жұптық тапсырма беріледі.
Суреттерді
қалай сақтайды: Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап қою
үшін Файл — Сохранить как... командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить
как... диалогтың терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп,
Сохранить батырмасын шертіңдер. Қайта сақтағанда Файл - Сохранить командасын орындаңдар.
Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.
Суретті қалай ашады: Сақталған
суретті ашу үшін Файл — Открыть командасын орындау. Экранда диалогтың терезесі ашылады,
онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шертіп ашуға болады.
Көзге
арналған жаттығулар:
1.
1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн
ашып,жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет
қайталау қажет
2.
1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты
күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа
қарап,4-5 рет қайталау керек.
3.
1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр
нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты
қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.
4.
1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы
бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау; сонан
соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет
қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға
болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен
қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.
V.
Қорытынды: Сабақты
қорытындылау үшін бүгінгі сабақтан не түсінгендіктері сұралады.
·
Paint
графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?
·
Paint
графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
·
Paint
графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз.
·
Сурет
салу әдістері қалай орындалады?
·
Түстер
палитрасының қызметі қандай?
·
Меню
жолының қызметі қандай?
VI.
Бағалау. Оқушылар
сабаққа қатысуы бойынша бағаланады.
VII.Үйге
тапсырма:§14
оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмалар123-бет.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.