Тақырыбы: Адами қарым-қатынас тренингі
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту,
өзінің
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған
карточкалар,
музыка, слайд.
І.Сәлемдесу «Жүректен -жүрекке» парақтарға тілек жазып, шеңберге құрып,
бір-біріне жазған тілектерін оқиды.Топқа бөлу, санау арқылы, 1,2,3
ІІ.Психологиялық ахуал жасау. Әнді терапия. «Бақшада»
Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын арттыру,жігерлендіріп
көңіл-күйін көтеру.
ІІІ. «Бұл мен...»
Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5сөз жазып, теңеу ойлап тауып, оны
қағазға жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар
әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар
оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады:
әрбіреуіндегі нендей нәрсе ерекше есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?,
күлкілі нәрсе ше? т.б
ІҮ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жеміс-жидектер көрсетіледі. Сол
жеміс-жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы
сіздің мінез-құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал,
дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен
көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі,
артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де,
өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып
кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса
аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз.
Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кез-келген адаммен тіл табыса алатын
ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері
айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз-қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде
оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі
көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын
болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге
риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге
қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін.
Өтірік-өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде
сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар.
Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады.
Ү.Ой қозғау. Адам бойындағы қандай қасиеттер көшбасшы
екенін білдіреді? Көшбасшының қасиеттері қандай болуы тиіс?
10 мин қорғау Топтық жұмыс. Эссе жазып, топпен бір ойға келіп, қорғау.
Кіріспе.Көшбасшы жаңашылдық
енгізеді,дамытады,болашаққа бағыт түзейді, жеке тұлға, сенім қанаттандырады,
не, неліктен деп сұрайды, құрастырады, өзгертеді,т.б
Көшбасшы –мұғалімнің функциялары:
өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіру, оқу бағдарламасын әзірлеу-дамыту
жөніндегі біліммен қамтамасыз ету, мектепті басқаруға қатысты шешім қабылдауға
қатысу, әріптестерінің біліктілігін арттыру,Осы көшбасшылықтың 4 сипаттамасы н/се
бағыты көрініс тапқан ( орындаушы, қатысушы, делдалдық, қарым-қатынас)
Сондықтан да мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас құру, арқылы олар бірін-бірін
оқытып, өзара білім алады.Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты
элементі болып табылады.Сенімді қарым-қатынас орнату және білімді тарату
көшбасшылықтың басты міндеттерінің бірі.
Жағдаяттарды талдау.
1. 2 сынып оқушысы Елдар күнде сабаққа дайындықсыз келеді. Ата - анасы
мұғалімнің ескертулерін назардан тыс қалдырады.
2. Сынып оқушылары Әсетті сыныптасы ретінде қабылдамай жүр.
3. 6 сынып үздік оқушысы Есеннің ата- анасы баласының ағылшын тілінен алған
бағасына көңілі толмай, мұғалімге келеді.
Осы жағдайларды көшбасшы -мұғалім қалай шешеді?
(Әр жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешеді).
Көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін мұғалім қандай құрал- жабдықтарды қолдана
білу керек?
ҮІ. «Екі жұлдыз бір тілек» Кері байланыс
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.