Инфоурок Другое КонспектыҰстаз -ұлы есім! (эссе)

Ұстаз -ұлы есім! (эссе)

Скачать материал

Ұстаз -ұлы  есім! (эссе)

                Мен өмірде екі адамға мәңгі қарыздармын: бірі -ата-анам болса, екіншісі анамдай болған ұстазым.Соның  ішінде анамызбен бірдей ұстазымыздың да берген білімін,тәрбиесін  Меккеге үш арқалап апарсақ та өтей алмасымыз анық.  Бұл ұлы есімге  мәңгі қарыздармыз...  

                                                                                Автор.

 

           Әлемге аты белгілі қылышынан қан тамған ,патша, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі  Александр Македонский: "Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал ұстазымнан  өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым"-деген екен. Иә, расын да солай секілді.

          Біз мектеп табалдырығын  аттаған сәтте алдымыздан жадыраған жаздай жылы жүзімен қарсы алып,партаға отырғызып, қолымызға қалам беріп, әріп үйретіп, кітаптың алғашқы бетін ашқан сәттен -ақ өмірдің ақ пен қарасын, жақсы мен жаманын,оңы мен солын ,әрқашан жақсы өмір сүріп,жақсы адам болып қалу жолын  үйретуге білек жеңін түріп кірісіп кеткен де осы ұстаз еді.

          Қай заманда да ұстаздың аты ұстаз. Ол қараңғылықтан  оянбаған санамызға білім мен тәрбиенің жарық сәулесін шашыратқан шамшырақ тәрізді. Ағаш бір орында тұрып, күннің нұрын жұтып көгерді, ал ғылым  иесі  ғалым ,  ел  қорғаған  батыр , тілінен  бал  тамған ақын  , әп-әсем киініп халықтың алдында отырған көк кастюмді әкім,  темір балқытқан   жұмысшы , егін  салған диқан , мал  бағып   терін   төккен  шопан  , көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер    бәрі-бәрі  ұстаздан  білім мен   тәлім  алып көгерді, гүлдеді. Сондықтан да ұстаз есімі ұлы есім.

        

          Өз  уақытын аямайтын,өзгенің бақытын аялайтын ұстаздық кәсіп- өте  қарапайым болып көрінгенмен, баламен баладай тіл табыса білетін мінезді, қайсарлықты, қажырлы еңбекті, жүректілікті, шығармашыл да теориялық  жағынан білімді, ізденгіштікті талап ететін және қазіргі заманның тілімен айтсақ қағазбастылыққа  шыдай білетін жанның ісі. Бізді мектеп бітіргенше тәрбиелеп адам қылатын да, жоғары оқу орнын бітіртіп шебер маман қылатын да осы ұстаз екенін ұмытпауымыз керек.

        

         Ойымды қорытындылай  келе   қырық бес жыл  хан сарайнда  шалқып өмір сүрген патша болсақ та , әкім болсақ та , тілімізден  бал тамған ақын болсақ  та,  қырық бес минутта білім мен тәрбие дәруменін бойымызға  дарыта білген ұстазға  қарыздар екенімізді ұмытпайық. Ұстаз ұлы тұлға,біз  оның алдында әрдайым шәкірт болып қала бермекпіз!!!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстаз -ұлы есім! (эссе)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 791 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.02.2017 1916
    • DOCX 13.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ханов Шохан Уалиханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ханов Шохан Уалиханович
    Ханов Шохан Уалиханович
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 12
    • Всего просмотров: 789236
    • Всего материалов: 177

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой