Ассабырқызы Шынар,
«Абыралы ЖНББМ » КММ
ШҚО, Семей қаласы,
Абыралы ауылы
Ұстаз – ақылшым, қарт – қазынам
Ұстаздар мен қарттар күніне арналған әдеби-сазды кеш
Өтетін жері: жиын залы.
1- жүргізуші: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
2-
жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
1-жүргізуші: Ақырын жүріп анық
бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден
балаға.
2-
жүргізуші: Туғанжерденықтұрып,
Елдікмәнінұқтырып.
Бар ғұмырынсарпетсе,
Міне, нағызмықтылық.
Қолсоғайық,
ендеше,
Ұстаздар мен қарттарымызға тіктұрып,-
деп жырлай отырып мектебіміздегі ұлағатты ұстаздарымыз бен
ауылымыздың қазыналы
қарттарымызға арнап орынымыздан тік тұрып қол соғып
қошемет көрсетейік.
1- жүргізуші: Сіздерді біздің елімізде жыл сайын аталып өтетін
дәстүрлі ұстаздар және қарттар мерекесімен шын жүректен құттықтап, зор
денсаулық, мол табыс тілейміз.
2- жүргізуші: Бұл дәстүрлі мереке көңілге жылы
шуақ орнатып, тоқтаусыз жылдар тізбегіндегі ерекше сәттерді, қызу еңбекті еске
түсіретін шырайлы күн. Аяулы ұстаздар,қадірменді қарттар сіздердің ерен
еңбектеріңіз жоғары бағаланып, мақтан тұтарлық.
Олай болса
сіздерге арнап 9-сынып оқушылары Секен Түрысбековтың күйі «Көңіл толқынын»орындайды.
Қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші:
Өзінің
бар ғұмырын шәкіртіне арнап, әр минутын кестеге салып, есептеп жүрген аяулы
ұстаздар үшін мектепте өткен әрбір күн ерекше қымбат екені даусыз!
Дәрігер де ғалым да,
Елгеәйгілідарын да.
Ел басқарған әкім де,
Титтейтамшысекілді
Мұғалімнің жанында.
Ұстазыныңсиясы
Ақындардыңқанында–дейотырып
Құттықтаусөздімектеп-директоры С.Коппаев мырзаға береміз.
2-
жүргізуші: Көкірегіме нәрін құйған
білімнің
О,
ұстазым сырын ұқтым ұғындым
Сіз
мен үшін сарқылмайтын дария
Әр
шәкіртін мәпелеген гүліңмін.
Мерекелеріңізбен
ұлағатты ұстаздар!
Ұстаздарымыздың
құрметіне бастауыш сынып оқушыларының «Мұғалім ол біздің» әнін қабыл алыңыздар
2- жүргізуші: Ауылымыздың қариялары мен
ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтау үшін сөз кезегін ауылымыздың әкімі
Рысбек Жүнісұлына береміз
1- жүргізуші:
Қарттарым
жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
2-жүргізуші: Ұстаздарым, сүйіктіанамдайсың,
Білгеніңдібіздерден аямайсың,
Бар баланытеңкөріп, күлімсіреп
Тағдырына ара түсіп алаңдайсың.
1-
жүргізуші: Иә, қарты бар үйдің қазынасы
бар демей ме, олай болса ардақты ата-апалар сіздер біздің баға жетпес
қазынамызсыздар.
2- жүргізуші: Ұстаз... Қандай қасиетті
сөз. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғымның бірі. Сондықтан
ұстаздар жайлы ақындарымыздың жыр жолдарына кезек берейік.
Әдеби
монтаж 6-сынып оқушылары
1- жүргізуші:
Ел мүддесін бәрінен биік
қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген
ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының
орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны
өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.
2- жүргізуші: Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің
бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы
дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып
келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан
Қарттар күнімен құттықтай отырып, бастауыш сынып бүлдіршіндерінің мың бұралған
биін тарту етеміз.
Бастауыш
сынып бишілерінің «Үнді» биін қабыл алыңыздар
1-
жүргізуші:Мұғалім- ұстазысың балалардың
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың-шынымен құрметті ұстаздар қауымы сіздердің
біз үшін төккен терлеріңіздің бағасы жоқ. Сіздерден білім алып үлкен өмірге
қанат қаққан шәкірттеріміздің алды шет мемлекеттерден көрініп, еліміздің
көптеген жоғары оқу орындарында өз іздерін қалдыруда. Сіздерге арнап 5,6-сынып
оқушылары әннен шашу шашпақ. Ән: «Алғашқы ұстазым» қабыл алыңыздар.
1-
жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
2-
жүргізуші: Таң атып күн де шыққан
өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып,
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен, -деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып
аман-есен жүре беріңіздер- дей отырып қарттарымызға арнап Астана қаласынан
Ерболат Төлегенов келген екен. Қабыл алыңыздар!
Енедеше қол соғып қошеметпен қарсы алайық.
9-сынып
оқушыларының сықақ әзілі.
1-
жүргізуші: Талдырмай жүріп қанатын,
Жүрекке жол табасын.
Санаға салмақ салатын,
Ұстаздар керек біздерге.
2-
жүргізуші: Қиындыққа жасымай,
Жетістікке тасымай.
Жалтылдаған жасындай ,
Ұстаздар керек біздерге.
1-
жүргізуші: Ұстаздар қауымы сіздерге
әрдайым шығармашылық табыс тілейміз. Сіздердің құрметтеріңізге 7,8-сынып
оқушыларының «Аталар мен апалар» биін ұсынамыз.
2-
жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
1- жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
Ұстаздарымыздың құрметіне 9-сынып оқушылары Хыдырхан
Жандос пен Біржанов Саматтың орындауындағы ән «Қазақ жастары»
2-
жүргізуші: Әй, тәкапар , дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
1-
жүргізуші: Ізетіңдіинеетіп
Иманыңдытүймеетіп
Инабаттыкүймеетіп
Жүрші балам жамандықты күйретіп,- дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі,
бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп,
жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік. Олай
болса
«Ата
өсиеті» шағын қойылымын қабыл алыңыздар
7,8-сынып
оқушыларының көрінісі «Ата өсиеті»
1-
жүргізуші: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
2-
жүргізуші: Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
Дей
келе ардақты әжелерімізге Тельманова Аяжан мен Тельманова Құндыздың
орындауындағы «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.
1-
жүргізуші: Білдіріп шәкірттердің ақ
ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін.
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
2-
жүргізуші: Ұстазым сені тыңдадым
Әрқашан саған ризамын
Көрсеткен
өзің құрметке
Елжіреп
менің тұр жаным
Ұстазға мәңгі ризамын!- дей отырып қлағатты ұстаздарымыз бен қазыналы
қарттарымызға арналған «Ұстаз –ақылшым, қарт-қазынам» атты кешімізді аяқтаймыз.
1-
жүргізуші: Қош сау болыңыздар! Назарларыңызға рахмет!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.