Инфоурок Другое Другие методич. материалыСтатью на тему: "Ойын элементтерін сабақта пайдалану"

Статью на тему: "Ойын элементтерін сабақта пайдалану"

Скачать материал

Ойын элементтерін сабақта пайдалану

            Оқушыларды білім көкжиегіне жеткізетін тәсіл – ойын.

А.М.Горький:  «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.
Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан.

 Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді.
Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.
Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Ойын- бала қызығуының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық кеңістігі. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.» Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.. Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасып, психологиялық қабілеттері жетіледі. Педагогикалық ойындар педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында.

А.Байтұрсынов «...баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйретуі керек» деген қағидасын басшылыққа алған жөн. Ойын – үйрету әдісінің ерекше түрі. Ол үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады.
Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;
- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;

Біріншіден, ойын білімгерлердің бойындағы  ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы білімгерлердің психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады.

 Екіншіден, ойын білімгерлердің жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда білімгер өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Бір-бірімен қарым-қатынас кезінде олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды.

Үшіншіден, ойын арқылы білімгер оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.

               Сабақта ойын элементтерін  пайдалану оқушылардың ой-өрісін танымдық белсенділігін арттырады,  ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын білімге қарай ұмтылуда жаңа ғана ашылған құпияға толы қағазға іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған сиқырлы дүниені білуге деген құштарлығы артады.

 Алайда ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын – белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

Ойынға оқытушы басшылық жасау керек. Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз – оқушылардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, оқушылардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен өзара түсіністікке аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын ролінен туындайтын мазмұнымен сипатталады.

                М.М.Жанпейісованың  модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқыта үйрету ойындары жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрінде  оқушының қисынды ойлауын, жадын, шығармашылығын дамытуды мақсат етеді. Сондықтан сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқыта үйрету ойындар – топта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге ықпал етеді.

             Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына:

мақсаткерлік;

жоспарлау;

мақсатты іске асыру;

тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.

             Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.

              Үрдіс ретінде ойын құрылымын:

Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;

Сол рөлдерді іске асыру ретіндегі ойын элементтері;

Заттардың ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы:

Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;

Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы құрайды.

        С.А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркі дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);

- елеулі мөлшерде суырып салмалық, щығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты (шығармашылық аясы);

- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәскелестік, жарыс (эмоцияналдық қуат);

- ойын мазмұнынын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

         Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтер атқарады:

Әлеуметтендіру  қызметі.  Ойын – балаға жалпы азаматтық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін  игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын – әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтыққа тәрбиелейді.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарын жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынай күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегін айқын көрсетеді.

Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі

Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ етеді.

Ойынның дамытушылық қызметі  маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде болады.

       Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының мәдени стратегиялық кеністігі болып табылады.

Педагогикалық ойындардың басқа ойыннан негізгі айырмашылығы – деп айқын қойылған оқыту мақсатымен және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен, сондай-ақ оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілермен ерекшеленеді.

Экономикалық пәндерді оқытуда мына ойын түрлерін, яғни, рөлдік және іскерлік және өндірістік, кейс-стади, блиц, брейн-ринг ойындарын тәжірибелік сабақтарында қолдану тиімді.

                                Блиц оқу ойындары

Блиц оқу орындары – қысқа мерзімді шағын ойындар, олар білім алушылардың нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады. Блиц ойындарда білім алушыларға ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, білім алушылар оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да ойыннан кейін кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы уақытта білім алушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді.

            Блиц оқу ойынның ішіндегі «Шындық детекторы» ойынның мақсаты: «Шындық детекторы» (топ басшыларына сұрақ). Бір білім алушыға 8-10 сұрақ қойылады. Белгілі бір білім алушы сұрақтардың барлығына да шынайы түрде жауап беріп, тек біреуіне ғана жалған жауап қатады. Қалған топтар жауаптардың қайсысы өтірік болғанын анықтап, өз ұстанымдарына дәлделеп келтірілуі керек. Осы ойынды мен «маркетинг және менеджемент негіздері» пәнінен «Тауар қозғалысы мен оның мақсаты. Жарнама» тақырыбында қолданылды, ондағы мақсат білімгерлердің өзіне деген сенімділік пен өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

            Ойынның нәтижесінде білім алушының дұрыс емес жауап табуда әр сұраққа жауапкершілікпен қарау және де осы пәнге деген көзқарасын, өзіне деген сенмілігін, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдылануын көреміз.

Өндірістік ойындар

         Өндірістік ойындар практикалық проблемаларды өмірлік ситуацияларға жақындастырып шешуге, кәсіби тұрғыдан нақты әрекеттерді орйындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

 Өндірістік ойындар әдетте білім алушы топтың өзара келісімге келіп, бірлескен ізденіс әрекеттері (ой-толғаныс, талқылау, пікірлесу, идея жинау арқылы) түрінде өтеді. Ал мұндай әрекет топ мүшелерінің барлығын да жұмысқа, қарым-қатынас үрдісіне жұмылдырады. Бұл әдіс коммуникацияның ерекше түріне жатады.

             Бұл ойынды «Банк ісі» пәнінде «Несие туралы шарт, оның мазмұны және құрылымы» тақырыбында қолдандым, яғни бұл ойын тәжірбиелік сабақ кезінде қолданылды, бұл сабақтың мақсаты несие берудің жаңа шарттарын талқылап, оларға өзгертулер енгізу болып табылады. Білім алушының сабақ кезінде келісім-шарттар толтырып, несие алушы немесе несие берушінің рөлдерінде ойнау арқылы өзін еркін ұстап, маман ретінде сезіне білді, құжаттар толтыруда жоғары жауапкершілікпен қарау туралы түсінік қалыптасты. Білім алушылар кәсіби проблемаларын өздігінше қарастырып, оларды шешуге теориялық білімдері мен кәсіби тәжірибелерін қолданды, кәсіби проблеманы шешудің әртүрлі балама ұстаныстарын келтірді, ішінен ең тиімдісін таңдай білді, оларды жекелей және бірлесе отырып өзіндік тұрғыдын шешті.

                                 «Брейнг-ринг» ойыны

                  Топ 7 (5) адамнан шағын топтарға бөлінеді: мұнда 6 (4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде – үстелдің сілтемесі және 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында – бірінші деңгей сұрақтары, ең үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары. Әр бөлікке бір сұрақтан 1-ші деңгей сұрақтарына дайындықсыз жауап жауап беріледі, 2-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 3-5 мин уақыт беріледі. 3-ші деңгей сұрақтарына жауап беруге 7-10 мин уақыт беріледі. Дұрыс жауаптарға фишкалар таратылады. Ойын қорытындысы бойынша көп фишка алған топ жеңімпаз болып саналады.

             

              Осы «Брейн-ринг» ойынын «Бюджет және бюджеттік жүйе» пәнінен «Педагогика саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша төленетін төлемақы түрлері» тақырыбында да қолдануға болады.Бұл ойынның нәтижесі білім алушының білімдерін тереңдетуді, нығайтуды, пәнге деген қызығушылығын арттыруды, ойлау қабілетін жетілідіруді, өз бетімен жұмыс істеуге, іздену-зерттеу жұмыстарына үйретеді. Осылайша шәкірт ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

         Қорыта келгенде  ойын -  бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Педагог-психолог ғалымдар  еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі әлеуметтану үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статью на тему: "Ойын элементтерін сабақта пайдалану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді. Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2020 669
    • DOCX 26.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елецкая Наталья Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елецкая Наталья Владимировна
    Елецкая Наталья Владимировна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 77971
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек