- 30.12.2020
- 2802
- 9
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
бұл жоспар 5 - сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар болып табылады. алғашқы 5 сағат бойынша жазылған.Қазақ әдебиетінен 5-сыныпқа арналғанОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР Құрастырушы: Аманбаева Айжан Шәкірқызы2014-2015 оқу жылы«Халық ауыз əдебиеті» тарауы бойынша сабақтар топтамасының жоспарыЖалпы мақсат: Оқушыларды халық ауыз əдебиетінің үлгілерімен таныстыру, ауыз әдебиетінің түрлерін бір-бірінен ажыратып үйрету. Мәтіннен өзіне керекті мәліметті белгілеп алып, қысқаша мазмұнын айтып үйрету. Сынып оқушылары арасында топтық жұмысты ұйымдастыру, топ ішінде жұмыс істеп үйрету. Әдебиетті оқыту арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін жəне қазақ халқының рухани əлемін, дəстүрін, əдебиеті мен мəдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.Күтілетін нәтиже: Оқушылар халық ауыз əдебиетінің үлгілерімен танысады, оларды бір-бірінен ажыратып үйренеді. Берілген мәліметтен, мәтіннен өзіне қажетті бөлікті іріктеп, қысқаша мазмұндап үйренеді. Сынып оқушылары топ ішінде жұмыс істеп үйренеді. Топтық жұмыстар арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық орта қалыптасады. № Оқытудың негізгі мақсаттары Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Тақырыптарды үйренудегі кедергілерді жеңу Оқу нәтижелері Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау Барлық оқушыларды сабақта жұмысқа тарту Негізгі дереккөздері 1 Қазақ халқының ауыз әдебиеті Оқушыларға қазақ ауыз әдебиеті туралы түсінік беру. Халық ауыз әдебиетінің түрлері, оның ерекшелігі туралы сөйлеп үйрету. Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс техникалары, көрнекілік, оқыта – үйрету ойындары Топ ішінде оқушылардың бір-біріне үйретуі Оқушыларға қазақ ауыз әдебиеті туралы мәлімет алалды. Халық ауыз әдебиетінің түрлері, оның ерекшелігі туралы сөйлеп үйренеді. Тапсырмалар орындау кезінде оқушылардың тілі, ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасалады. Өзін-өзі бағалау, «басбармақ», бағдаршам, смайликтер Деңгейлік тапсырмалар, жеке, ұжымдық тапсырмалар Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», Астана: «Арман - ПВ», 2012, Электронды оқулық, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, ғаламтор ресурстары 2 Тұрмыс-салт жырлары Тұрмыс – салт жырлары туралы мағлұмат беру,түсіндіру. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеп, ой қорытуға үйрету. Сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдыларын дамыту. Оқу, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, оқыта – үйрету ойындары Оқушыларды түрлі тапсырмалар бере отырып жетелеу, үлгерімі төменірек оқушыларға жеке тапсырма беру. Тұрмыс – салт жырлары туралы мағлұмат алады. Оқушылар әр түрлі тапсырмаларды топ ішінде орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеп, ой қорытып үйренеді. Топтық бағалау, критерий арқылы бағалау, басбармақ, бағдаршам Жекелеген оқушыларға арналған тапсырмалар, дарынды балаларға арналған тапсырмалар Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», Астана: «Арман - ПВ», 2012, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, ғаламтор ресурстары 3 Төрт түлік туралы өлеңдер Төрт түлік мал туралы өлеңдер жайлы түсіндіру. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс Топ ішінде оқушылардың бір-біріне үйретуі Төрт түлік мал туралы өлеңдер жайлы түсінеді. Өз бетінше сұрақ құрастырып, сұраққа жауап беріп, өлеңді мәнерлеп оқып үйренеді. Өзін-өзі бағалау, «басбармақ», бағдаршам, смайликтер Деңгейлік тапсырмалар, жеке, ұжымдық тапсырмалар Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», Астана: «Арман - ПВ», 2012, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, постер, ғаламтор ресурстары 4 Әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар Оқушыларға қазақтың әдет-ғұрпы туралы, әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар туралы түсіндіру. Бұл жырлардың ерекшелігі туралы әңгімелеу. Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тақырып бойынша сөйлеп үйрету. Баяндау, сұрақ-жауап, ойын, қайталау, суреттеу Оқушыларды түрлі тапсырмалар бере отырып жетелеу, үлгерімі төменірек оқушыларға жеке тапсырма беру. Оқушыларға қазақтың әдет-ғұрпы туралы, әдет-ғұрыпқа байланысты туған жырлар туралы мағлұмат алады. Бұл жырлардың ерекшелігі туралы түсінеді. Тақырып бойынша тапсырмалар орындау арқылы сөйлеп үйренеді. Топтық бағалау, критерий арқылы бағалау, басбармақ, бағдаршам Жекелеген оқушыларға арналған тапсырмалар, дарынды балаларға арналған тапсырмалар Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», Астана: «Арман - ПВ», 2012, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, ғаламтор ресурстары 5 Мақал-мәтелдер Оқушыларға қазақтың мақал-мәтелдері, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істете отырып, ой қорыту дағдыларын дамыту. Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, қайталау, талдау, ойын Топ ішінде оқушылардың бір-біріне үйретуі Оқушыларға қазақтың мақал-мәтелдері, олардың ерекшеліктері туралы білім алады. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, аудару арқылы тақырыбын анықтап үйренеді. Өзін-өзі бағалау, «басбармақ», бағдаршам, смайликтер Деңгейлік тапсырмалар, жеке, ұжымдық тапсырмалар Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», Астана: «Арман - ПВ», 2012, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, постер, ғаламтор ресурстары
6 656 307 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Шаренко Татьяна Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
8 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.