- 31.12.2020
- 440
- 2
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Жарыстың бағдарламасы Ж1: Армысыздар құрметті спорт сүйер қауы. Ж2: Мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымы аясында құрылған «Спорт» орталығының ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында өткелі отырған «Намысты Толағай» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Ж1: Балалар отыр сайысқа түскелі Сынамақшы ептілік пен күштерін Әрбірінің жігер күші жалындап Жеңіс сәтін тағат таппай күткені Ж2: Спорт десе таза біздің арымыз Жалындайды сайысқанда жанымыз Сайысатын балаларды бүгінгі Қарсы алайық қошеметтеп бәріміз Олай болса қошеметпен қарсы алайық: 1 топ 6А сыныбы әғни «Сәттілер» тобы 2 топ 6Б сыныбы «Жас Қыран» тобы Ж1: Сайысқа қатысушы топтар ортамызға келді қошемет көрсетіп қолдап отырайық, достар. Ж2: Сайыскерлерімізге әділ бағасын берер қазылар алқасымен таныс болайық. Ж1: Енді бүгінгі сайыстың шарттарымен таныстыра кетейік. 1.Топтарды таныстыру (топ аты, ұраны, эмблемасы, фармасына назар аудару керек) 2.«Кедергілі баскетбол» ойыны (баскетбол ойынына бейімделу) 3.«Қартобыңды егіп кел де, жинап ал» ойыны (қырағылық) 4.«Пинвиннің дәлдігі» ойыны (қырағылық пен дәлдікті дамыту) 5.«Қырықаяқтар» ойыны (саптық жүрісті дамыту) 6.Топ басшылары сайысы 7.ҚорытындылауЖ2: Міне қазылар алқасымен және сайыстың шартымен таныс болдыңыздар. Ендеше сайыскерлерге сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.Ж1: Бақ сынар бүгін жарысарБойында жігер намыс барСпорт сүйер ұл, қыздарОртаға келіп танысар – деп сайыстың бірінші кезеңі «Таныстыру»Ж2: Әр топ аты, ұраны, эмблемасы, формасына назар аудару керекЖ1, Ж2: Олай болса «Таныстыру» кезеңін бастаймыз.Ж1: Шынықсаң шымыр боласыңСпортты серік ете білЖақсы азамат боларсыңЖ2: Сайыстың екінші кезеңіне көшеміз. «Кедерлі баскетбол»Ж1: Ұстаздарым көңіл қойса дем беріпСпортты біз сүйер едік тең көріпСалауатты өмір салтын сақтаймызСпорт қана қамалымыз ең биікЖ2: Салауатты өмір салтын қолдаймызЖамандықтан жанымызды қорғаймызДенсаулықты жанымызға серік қыпБолашаққа аманат қып жолдаймызЖ1: Қане достар сайыскерлерді қошеметпен қолдау көрсетіп отырайық.Ж2: Сайыстың үшінші кезеңіне көшеміз «Қартобыңды егіп кел де, жинап ал»Ж1: Денің сауда күштісің, бұл әлемдеДенің сауда сұлусың жер бетіндеСол мықты денсаулықтың арқасындаЖеңерсің ауыр заман тәлкегіндеЖ2: Сайыстың келесі кезеңін бастаймыз «Пингвиннің дәлдігі» бұл қырағылық пен дәлікті талап етеді.Ж1: Ал балалар сайысқа қалайсыңдар?Сендер өтер әлі де талай сың барДәлдеп көздеп жебені ата білсеңСекіруден ешқашан талмайсыңдарЖ2: Келесі сайыстың кезеңі «Қырықаяқтар» ойыны. Жанкүйерлер қолдап қошемет көрсетіп отырайық.Ж1: Ал қанекей көрелікшіКелесі сыннан қалай өтпекшіБар өнерін ортаға салыпКөрерменді бір қошеметке бөлеші – деп сайыстың келесі кезеңіне көшейік.Ж2: Бұл кезеңде топ басшылары сайысқа түседі. Олай болса «Топ басшылары сайысын» бастайық.Ж1: Спортқа берік сеніңізДуманға берік келіңізӘділ қазы ел сенгенСайысқа баға беріңіз.Ж2: Олай болса бүгінгі сайыстың қазыларын қошеметпен сөз кезегін ұсынамыз.Ж1: Денсаулығымыз мықты болу үшін, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын сақтау керек.Ж2: Әр баланың дені сау болуы – оның болашақ өмірінің алтын діңгегі.Ж1: Олай болса спортпен шұғылданайық.Ж2: Әрқашан денсаулықтарыңыз мықты болсын.Ж1: Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
6 662 641 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Сахаров Олег Игоревич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
72/108 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Мини-курс
8 ч.
Мини-курс
8 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.