Инфоурок Другое Другие методич. материалыСпорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Қазақстан жерінде»

Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Қазақстан жерінде»

Скачать материал

                                                 Спорттық ойын-сауық. 
Тақырыбы: «
Қазақстан жерінде» 
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу. 
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан. 

Барысы: 
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде) 
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. 
Касенова К.А.- балабақшаның меңгерушісі; 
Козарезова Н.Д.- әдіскер; 
Шалтенова Ш.К- балабақшаның мейірбикесі. 

Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер» 
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады: 
1 бөлім – «Таныстыру» 
2 бөлім – «Жарыс түрлері» 
3 бөлім – «Қимылды ойын» 

«Мергендер» 
Мерген, мерген, мергенбіз, 
Бәрін көздеп жеңгенбіз. 

«Жүйріктер» 
Топты бастап жүретін, 
Жүйріктерміз біз алды. 
Жеңісті қолдан бермейтін 
Жүйріктерміз біз мықты. 

Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз 
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз» 
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады. 

2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру» 

3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы» 
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады. 

4 ойын: «Орамал тастамақ» 

5.«Жүйрік ат» 
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді. 

6.«Сиқырлы доптар» 

Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау. 

Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз 
Барлығымыз көңілді қайтамыз 
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған 
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МКҚК "Батыр" балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

"Қазақстан жерінде" атты спорттық мереке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавлқаласы  2015ж

МКҚК "Батыр" балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

"Сабын көпіршіктері" мерекесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавлқаласы  2015ж

                       Тақырыбы: «Сабын көпіршіктері мерекесі»
МАҚСАТЫ: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
КӨРНЕКІЛІГІ: Нептун киім үлгісі, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, сабынды көпіршіктер, шелектер, жасанды бассейн.
ЖҮРГІЗУШІ: Күн күлімдеп жел ойнайды,
Толқындар көңілді шулайды
Нептунға қонақтар асыға келеді
Балалармен қыздардың топтары.
ЖҮРГІЗУШІ: Балалар бүгін қандай күн?
БАЛАЛАР: Нептун күні.
ЖҮРГІЗУШІ: Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме?
БАЛАЛАР: Ол көл патшасы.
ЖҮРГІЗУШІ: Олай болса Нептунды шақырайық.
БӘРІ: Нептун теңіз патшасы
Келе ғой, келе ғой, келе ғой.
НЕПТУН: Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма жетті, бұл мереке менің құрметіме арналған екен. Мен Нептун – көл патшасы, мерекелерің келіп тұрмын.
ЖҮРГІЗУШІ: Көл патшасы, сіздің құрметіңізге балалар тақпақтар айтып береді.
А. АРУЖАН: Су тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі –
Су деп және білгейсің.
САЯЖАН: Жер шары дәу әлем
Қоршалған ауамен
Ауасыз тұншығар
Өмір сүріп тамаша
Қуанайық балаша
РАХМАН: Үйде ванна, душ болса,
Салқын сумен құйынған
Ыстық сумен шомылсаң,
Салқын сумен шайынғын.

НЕПТУН: Жарайсыңдар, балалар. Мен сумен ойындар ойнағанды жақсы көремін. Олай болса ойындарыңызды тамашалап, сендермен бірге ойнайын.
ЖҮРГІЗУШІ: Бүгінгі ойынымызға «Жұлдызша» тобы және «Ақтиін» тобы балалары қатысады.
1 - ОЙЫН: «Су тасушылар». Балалар бос шелегімен мәреге барады. Шелегін суға толтырып, келесі балаға шелегін береді. Келесі бала суды мәредегі ыдысқа төгеді.
2 - ОЙЫН «: Кім жылдам» Қолында сүзгі ыдыстарға суда тіршілік ететін жануар, құстарды өз жәшігін тасиды.
3 - ОЙЫН: «Суқұйғыштар». Қолында кесе толы су мәредегі банканы суға толтырады.
4 – ОЙЫН: «Мергендер». Екі топ су тапаншасынан бір - біріне су шашады.
5 - ОЙЫН: «Суда жүзушілер». Жасанды бассейнде әр топтан 2 баладан суда жүзеді.
ЖҮРГІЗУШІ: Нептун сізге балаларымыздың ойындары ұнады ма?
НЕПТУН: Әріне ұнады. Өте тамаша, қызықты сумен ойындар ойнадыңдар. Менің де сендерге сыйлығым бар. Міне сендерге сабынды көпіршіктер. Сендер сабынды көпіршіктерді үрлеп көңілді көпіршіктерді тамашалаңдар.
БАЛАЛАР: Рахмет, Нептун – көл патшасы.
Балаларды мақтау, рахмет айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МКҚК "Батыр" балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

"Менің Отаным Қазақстан"атты музыкалық-спорттық мереке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавлқаласы  2015ж

 

                           Мереке  тақырыбы:"Менің Отаным Қазақстан"
Менің Отаным - Қазақстан (Ересекте тобы)
Біздің Отанымыз – Қазақстан (Естиярлар тобы)
Мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту;
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақ барысы
I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.
Бағдарлау - мотивациялық кезең
«Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз.
«Қызықты ұйқастар»
1. Өрмекші құрды тұзақ
Менің ұлтым... /қазақ/
2. Аман болсын қарттар
Суықты болар.../қаңтар/
3. Құт - береке жауғыз,
Келе жатқан.../наурыз/
4. Ашытылған қамыр
Мерекелі... /мамыр/
5. Суда жүзер сазан
Айдың бірі... /қазан/
6. Биіктеуде жас қала,
Бас қаламыз... /Астана/
7. Менің досым салмақты
Бұрынғы астанамыз.../Алматы/
8. Партаның бетін жырма
Күзде басталады.../қырман/
9. Тынықтырар түн
Қуаныш сыйлар.../күн/
- Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі.
Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б.
- Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық?
-«Қазақстан»
- Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз.
1. Өткен күн.
Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды.
Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі)
2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/
Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік.
Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық - орындаушылық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқулықтан тыс жұмыс.
Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі:
Мұнай
Ілеспе газ
Хром рудасы
Ферро қорытпа
Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар:
Никель
Мыс
Мұнай
Конденсат
Хромит рудасы
Алтын
Асбест
Фосфорит
3. Оқулықпен жұмыс.
«Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады.
4. Дәптермен жұмыс.
Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер:
Ресей
Түрікменстан
Өзбекстан
Қырғызстан
Қытай
ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ)
1. Қазақстан жері кең байтақ
2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен
3. Астанасы – Алматы
4. Ұлты қазақ
5. Пайдалы қазбаларға өте бай
6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі
7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер
8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері
9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі
10. Менің Отаным – Қазақстан
Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық.
(Әнұран орындалады.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МКҚК "Батыр" балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

"Ал енді мүмкіндік жіберме біздің өнімді жинап ал"атты музыкалық-спорттық мереке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавлқаласы  2015ж

"Ал енді мүмкіндік жіберме біздің өнімді жинап ал"атты музыкалық-спорттық мереке

 

Жүргізуші: Бұлттар төніп, жерге шөгіп

Дымқым тұман басады,

             Шөп сарғайып, өңі тайып,

             Дала сұры қашады.

             Бой жаза алмай, ойнай алмай

             Денең мұздап тоңады.

             Айтыңдаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күз!

1 бала: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ

             Күзгі бақта күлімдеп

             Көз тартады атырап.

2 бала: Көк майса көрікті

             Алқаптағы көп егін

            Бұл күндері киіпті

            Сары жібек көлегін.

3 бала: Тамсандыры таңдайды

Жеміс- жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Жер бетіне түседі.

4 бала: Қоштасып біз жазбенен

             Күзді қарсы аламыз

             Бау – бақшада жинап өнімді

             Той – тойлаймыз бәріміз.

Балалар бәрі: Алтын күз! Алтын күз!

Ән: «Кел,кел жомарт күз»

( Балалар орындарына отырады)

Музыкамен залға қолына себет алып күз кіреді

Күз ханшайымы: Сәлемтсіздерме балалар!

                        Сәлемтсіздерме қонақтар!

                         Мен Алтын күзбін.

                         Жайдары жарқын жүзбін

                         Қонаққа келдім сендерге

                         Жапырақтар сиқырлы

                         Ойын болар не түрлі.

Мен сендерге себетпен түрлі көкөністер ала келдім олардың атын білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.(күз жұмбақ жасырады)

Қос құлағы қалқайып,

Су ішкен сайын марқайып,

Күн ысыса тон жинайды.

Доп болғанда ел жинайды.(Қырыққабат)

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз)

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.(Алма).

                                               Үстіне тігіп дәу шатыр,

                                               Астында қызғылт дән жатыр.(Қызылша)

Күз: Көкөністер билейік,

Билеп көңіл көтерейік.

Көкөністер биі.

1 бала: Берекесін сыйлауға

             Өлкемізге күз келді

             Жемістерін жинауға

             Шақырады біздерді.

2 бала: Алма пісіп, алмұрт түсіп

             Күз бақтары жайнайды

             Кұстар қайтып, қош айтысып

             Қыймас үнмен сайрайды.

Ән. «Алтын күз»

Күз: Бізге қонаққа ағайынды екі қыз келеді, олар әсем ән мен биді жақсы көреді.

Орыс халық әні « Мен тауға шықтым» әуенімен залға Айгерім билеп, оның артынан жәй жүріп ұйқылы Айгүл кірет.

Айгерім әндетіп: Ауырды көтеріп, мен тауға шықтым.

Шаршадым, шаршадым, шаршадым!

Айгүл (орындықта жатып)Жұмыстан шаршадым, шаршадым!

Айгерім: Бәлішті пісірдім, үйді сыпырдым

             Шаршадым, шаршадым, шаршадым!

Айгүл (орындықта отырып):Әрине шаршадың, шаршадың!

                                                Мен түнімен ұйықтадым,

                                                Жарты күн ұйықтадым

                                                Менде шаршадым, шаршадым!

                                                Ох, қатты шаршадым!

(Жастығын дұрыстап қайтадан жатады)

Айгерім: Айгүл тұр тез!

             Қара, қанша бізге қонақ келді?

Айгүл: Мазаламаңдар, оятпаңдар!

             Үйлеріңе кетіңдер...

             Мүлдем тұрғым келмейді.

             Айгүлге кедергі болмаңдар!

Айгерім : Айгүл күн әлде қашан шықты

Айгүл: Мейлі жарық бола берсін маған бәрі бір

Айгерім: Тыңда Айгүл ұйқыны қой

             Қонақтарды күтейік

Айгүл:( аунайды, керіледі, есінейді, тұрады) Айгерім , а Айгерім сен бәліш пісіремін деп едің ғой қане әкел бәліштеріңді. Қазір біз балалармен жейміз.

Айгерім :Алдымен жұмыс үсте содан соң бәлішті сұра. Сыпырғышты ал ауланы сыпырамыз.

Қара қанша жапырақтар түскен?( Айгүл сыпырғышты береді)

Айгерім әндетеді: Бұтақтардан сөгіліп,

                         Жапырақтар төгіліп.

                         Ұшып жатыр жүз мындап

                         Қайтер екен біздің бақ.

Айгүл:Қандай әдемі жапырақтар? жинауға қимайсын, әліде ұша берсін ( қолын сілтейтте отыра береді)

Жеке ән.

Айгүл: Шаршадым! Қандай жаман күз деген, жапырақтар ұша береді. Басыда аяғыда көрінбейді. Жердін бәрін шашқаннан басқа пайда жоқ.

Айгерім:Сен не айтып тұрсын? Айналаның бәрі қандай әдемі? Жемістермен көкөністер қысқа азық.

Айгүл: Азық, азық? Қандай азық?

Қазіргі заманның балалары жемістер мен көкөністердің не үшін керек екенін білмейді.

Айгерім: Бәрі жақсы біледі. Көкөніс пен жемістердің пайдалы дәрумендер екенін біледі.

Айгүл: Ал көкөніспен жемістің қайда екенін білесіндерме?

Айгерім: Әрине бәрі біледі. Қазір біз саған көрсетеміз.

Ойын: «Көкөніс пен жемістер»

(көптеген түрлі көкөніс пен жемістерді екі себетке бөліп салады аттарын орысша айтып)

Айгүл: Жарайсыңдар!

Айгерім: Дуняша сен білесінбе? Балалар қандай жақсы күз туралы таппақтар біледі?!

Айгүл: Білмеймін білгімде келмейді.

Айгерім: Жоқ сен сонда да отырда тыңда.

Балалар тақпақтарын айтады.

Айгерім: Енді балалардың күз туралы әдемі әндерін тында.

Ән: «Осенняя песня»

Айгүл: Болды жарайды, таппақ тындадық, өлең айттық. Енді билейміз!

Айгері: Тұра тұр, мен әлі жұмысымды бітірген жоқпын. Мен асханаға барын бәлішімді қарап келейін, сен оған дейін балаларды ойната тұр, келген соң билейміз.

Айгүл: Әр дайым осылай. Бәрін мен істеуім керек. Бәлішке салатын картоп қайда? А міне ол! (дорбасымен картопты алады, дорбаның тесігінен картоп түсіп қалады)

- Айгерім! Дорба қалай тесілді?

Айгерім: (залға кіреді) Білмеймін мүмкін тышқан тесіп тастаған шығар... Балалар саған картоп жинауға көмектессін

Ойын: Қасықпен картоп жинау

Күзім-ау-күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Ән: «Жаңбыр»

Біз кішкентай балдырған

Сескенбейміз жаңбырдан

Төбемізде қол шатыр

Алдымызда жол жатыр

«Жаңбыр» биі қолшатырмен

Айгүл: Рахмет балалар! Мен енді түсіндім, күздің жақсылығын. Қандай тамаша күз деген еңбекті жақсы көрсең.

Маша бәлішпенен кіреді

Айгерім: Рахме балалар! Әдемі әндеріңе, көңілді билеріңе жақсы таппақтарыңа және киімдеріңде әдемі

Айгүл: Ой, Айгерім сенде бәлішпен келіп қалдыңба? Күйіп кеткен шығар?

Айгерім: Күйген жоқ. Мінекей- иісі аңқыған тәтті!

Жүргізуші: Балалар бәріміз бірге Рахмет айтайық

Балалар: Рахмет!

Жүргізуші: Ой балалар, балалар

Қоңырқай күз болыпты

Ән салайық би билеп

Көңілді біз көтеріп

Би «Полька»

Жүргізуші: Жемісі мол теретін

             Күз дос екен біз бенен

             Жапырақ түсіп, гүл солып

             Қыс ызғары басталды.

Барлығыңызды шайға шақырамыз! Бәлішпенен шай ішіп, күзді еске аламыз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Қазақстан жерінде»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 919 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2020 1097
    • DOCX 29.6 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Николаева Людмила Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Николаева Людмила Анатольевна
    Николаева Людмила Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 109024
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 503 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 338 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 250 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек