Құрметті қонақтар,
оқушылар, ұстаздар! Бүгін 3 мен 4 сыныптар арасында өткелі жатқан «Тапқыр
математик» атты сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі
сайысымызда қай сынып тапқыр математик екенін анықтаймыз. Ол үшін әділқазылар
алқасын сайлайық.
Әділқазылар:
Бастауыш сынып
мұғалімі – Дакенова Ш. Ж.
Мушетова Айым
Ануаровна
Сайыстың
шарттарымен таныс болыңыздар.
І. Викториналық
сұрақтар
ІІ. Жұмбақ есеп
ІІІ. Ғажайып
математика
ІV. Сөзжұмбақ
шешу
VІ. Капитандар
сайысы (сиқырлы шаршы)
Олай болса
сайысымызды бастайық. Ең алдымен әр топ өздерін таныстырып кетсін.
І.
Викториналық сұрақтар (Жауап нақты, тез болу керек)
3 сынып
1. Столдың төрт
бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5
)
2. Сағат тілі
тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3.Үш
сызықтан пайда болған фигура. (үшбұрыш)
4. Тік бұрыштан
кіші бұрыш. (сүйір)
5. Нанды үш
бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (3)
6. Уақыт
өлшемдерін ата. (секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр)
7. 5×7 нешеге
тең? (35)
8. Санды 0-ге
көбейткенде не шығады? (0)
9. 1 дм-де неше см
бар? (10см)
10. Масса өлшем
бірліктерін ата. (кг, г, тонна, центнер)
4 сынып.
1. Шеңбер сызуға
арналған құрал. ( циркуль)
2. Периметр деген
не? ( қабырғалар ұзындықтарының қосындысы)
3. Ұзындық өлшем
бірліктерін ата. ( км, м, мм, см, дм)
4. Фигураның
ауданын қалай табады? ( ұзындығын еніне көбейту)
5. Санды 1-ге
көбейткенде не шығады? ( сол санның өзі шығады)
6. 9*9 нешеге тең?
(81)
7. 1 аптада күн
бар? (7)
8. 1 сағатта неше
минут бар? (60)
9. Фигураның
көлемін қалай табады? ( ұзындығын еніне және биіктігіне көбейту)
10. Тақ сандарды
ата. (3,5,7,9)
Әр топқа рахмет
айтамыз. Келесі кезең бізде «Жұмбақ есеп» деп аталады.
3 сынып
Көбелектер далада,
Гүл күлтесін
санаған.
Әрбір гүлде 5
күлте,
Алты гүл бар
жиыны.
Күлте нешеу
санашы,
Бар ма оның
қиыны? (6×5=30)
4 сынып
Жаңа туған пілдің
массасы 1 тоннаның сегізден бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы
неше килограмм тартады. (125кг)
3 сынып.
Маймылдың 3 баласы
Дүкен жаққа
сабылды
Әрқайсысына
оқитын,
5 кітаптан алынды.
Тек ақымақ
маймылдар,
Дұрыс санай
алмады.
Неше кітап
көмектес,
Маймылдардың
алғаны? ( 3×5=15)
4 сынып
Ойлап ешкі
лақтарын,
Әкелді ағаш бұтақтарын
Он алты бұтақ
барлығы
Еденге қойды, төрт
лаққа,
Бөледі қалай, ал
мұны? 16:4
3 сынып
Су құйып ем
астауға
Үш қаз ұшты
аспанға
Үш қасқалдақ,
бірқазан
Екі үйрек, бір
фазан
Бір көксерке, бір
қарға
Қосылды кеп
бұларға
Айт, неше құс ұшып
жүр? (12)
4 сынып
Бірмін, бірмін,
бірмін деп
Үшеуі келді
біртіндеп
Екім, екім, екім
деп
Үш жұп келді
екеулеп
Қанша болды
балапан ( 9 балапан)
ІІІ. Ғажайып
математика
3 сынып
«10» оң жақтағы
ұяшық
Жұмбақ
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты
сұрап (икс)
«10» ортадағы
ұяшық
Әжей бисквитті
пирожный пісірді. Ол оның төрттен бір бөлігін шоколадпен безендірді. Қалған
пирожныйдың үштен бір бөлігін жаңғақпен әсемдеді. Одан қалған пирожныйдың
жартысын жемістермен және қалған 15 пирожныйды көпіршітілген қаймақпен безендірді.
Әжей барлығы неше пирожный пісірді? (180)
«10» сол жақтағы
ұяшық
Ұшақ Семейден
алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Айырмашылықты
тап. (екеуі тең)
«20» оң жақтағы
ұяшық
Әсия Айдостан 3
жас үлкен, бірақ Рахимадан 2 жас кіші. Рахима Айдостан неше жас үлкен? (5
жас)
«20» ортадағы
ұяшық
Қоймада 60 қап
күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше қап
жарма қалды? (70 қап)
«20» сол жақтағы
ұяшық
4 санының квадраты
нешеге тең? (16)
«30» оң жақтағы
ұяшық
Тәуліктің 3-тен 1
бөлігі неше сағатқа тең? (8 сағ)
«30» ортадағы
ұяшық
Ең кіші натурал
сан? (1)
«30» сол жақтағы
ұяшық
Әр мектеп 5 шырша
және 4 қайың отырғызды. Қаладағы 30 мектеп барлығы қанша ағаш отырғызды? (270
)
4 сынып
«10» оң жақтағы
ұяшық
Жаңғақ бес жерге
үйілді. Бірінші үймеде-12, екіншіде-21, үшіншіде-9, төртіншіде-30, бесіншіде –
18. Ағайынды үш адамға үймедегі жаңғақты қозғамай, ауыстырмай қалай тең бөліп
беруге болады? ( 12+18, 21+9, 30)
«10» ортадағы
ұяшық
3 санының кубы
нешеге тең? (27)
«10» сол жақтағы
ұяшық
1 гектар неше
ар? (100 ар)
«20» оң жақтағы
ұяшық
Қиылыспайтын екі
түзу қалай аталады? (параллель)
«20» ортадағы
ұяшық
Анасы тәтті нан
пісіріп, оны үлкен пышақпен 3 рет кесті. Тәтті нан неше бөлікке бөлінді? (6)
Ал егер 4 рет кессе ше? (8)
«20» сол жақтағы
ұяшық
Қоймадан дүкенге
327 теледидар жіберілгеннен кейін, қоймада 509 теледидар қалды. Қоймада барлығы
неше теледидар қалды? (836)
«30» оң жақтағы
ұяшық
Қиылысу кезінде
тік бұрыш құрайтын түзулер -..... деп аталады. (перпендикуляр)
«30» ортадағы
ұяшық
1 дм-дің 1/5
бөлігі неше см тең? (2)
«30» сол жақтағы
ұяшық
Таразының бір
табағында массасы 3 кг және 2 кг кір тасы, екінші табағында массасы 1 кг кір
тасы және қауын тұр. Қауынның массасын тап. (4кг)
Келесі біздің
сайысымыз «Сөзжұмбақ шешу» деп аталады. Әр топқа сөзжұмбақ беріледі. Жауаптарын
тауып жазу
Ал екі топ
тапсырманы орындағанша көрермендермен ойын.
Мақалдың жалғасын
табу.
1. Жеті жұрттың
тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)
2. Білікті бірді
жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Досыңды үш күн
сынама, ( үш жыл сына)
4. Жүз теңгең
болғанша, (жүз досың болсын)
5. Отыз тістен
шыққан сөз, (отыз рулы елге тарар)
6. Білгенің бір
тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
7. Бір кісі қазған
құдықтан, (отыз кісі су ішер)
8. Алтау ала болса
ауыздағы кетеді, ( төртеу түгел болса төбедегі келеді)
9. Жеті рет өлше,
(бір рет кес)
10. Жігітке
(жетпіс) өнер де аз.
11Мыңның түсін
танығанша (Бірдің атын біл.)
12. Ағайын алтау,
ана (біреу.)
13. Жүзден жүйрік. (Мыңнан тұлпар)
14. Жаздың бір күні Қыстың (мың) күнін асырайды.
Логикалық сұрақтар
10. Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше
шақырым жүрді? (8)
20. Бөлмеде 4 бұрыш. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, әрбір мысық алдында 3 мысық.
Бөлмеде қанша мысық бар? (4 мысық)
30. Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар
едіңіз? (сіріңкені)
40. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда
кездеседі? (Барлық айда)
50. 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.
(4 алманың әр қайсысын 5-ке бөлу керек)
60. Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңлісі қанша болса, сонша
ағасы бар. Осы отбасында неше ер бала, неше қыз бала
бар? (1 ұл, 2 қыз бала).
Біздің соңғы
сайысымыз капитандар сайысы. Әр топ басшысына «Сиқырлы шаршылар» беріледі. Сол
шаршыларды толтыру керек.
Осымен
бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.