Инфоурок Информатика Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс "Информатика патшалығына саяхат"

Сыныптан тыс жұмыс "Информатика патшалығына саяхат"

Скачать материал

 

 

Сайыстың тақырыбы: «Информатика патшалығына саяхат»

 

Оқытушы:

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсыңба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

 

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділқазылар мен көрермендер. Сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз «Информатика патшалығына саяхат» атты сайыс сабағымызды бастайық.

Сайыстың тақырыбы: Информатика патшалығына саяхат.

Мақсаты:

Білімділігі: Информатика пәнінен алған білімдерін қалыптастыру

Дамытушылығы: Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстырып, көркем сөз, жұмбақ шешу, сурет салу пән аралық байланысын нығайту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: Қиындылары бар конверт, слайд шоу, арнайы жабдықталған компьютер кабинеті.

 

Оқытушы:

Көңілді тапқыштар, білгіштер,

Ортаға өнерін салады.

Көп оқып білетін болса егер,

Ойында жеңімпаз болады.

 

Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырайық:

1 _______________________________________________________________

2_______________________________________________________________

3________________________________________________________________

Құрметті әділ қазылар. Әр тапсырмадан кейін сіздерді әділ бағаларыңызды қоюыңызды сұраймыз, ең үлкен әділ баға - 5 балл.

 

Біліммен сайысады екі команда,

Мықтылары озып шығар бұл жолда.

Қызықтайық өнерін солардың,

Шықсын дейін қолды соғып енді алға.

 

Кеш «Интернет», «Вирус» топтарының арасындағы сайыс түрінде өтеді. Әр команда өздерінің капитандарын, топтың ұраның таныстырады.

Оқытушы: Құрметті оқушылар, бүгін біз кемеге отырып, мұхитты жүзе, «Информатика патшалығына саяхат» жасамақпыз.

Топтар әр аралға тоқтап, ондағы тапсырмаларды орындаса ғана, әрі қарай жүзе алады. Сондықтан топтар тапсырмаларды дұрыс және жылдам орындауға тырысу керек. Ал енді қай топ «Информатика патшалығына» жылдам жетуін көрейік.

Сонымен екі топ екі кемеге отырғызылсын. Енді сапарымызды бастайық.

(кеменің жүзу маршруты көрсетіледі). Кеменің жүзу маршруты:

1)    «Қиын сұрақтар» аралы – топтарға информатикаға байланысты сұрақтар қойылады.

2)    «Көркем сурет» аралы - топтар сурет жағынан шеберліктерін танытады.

3)    «Сурет салу» аралында балалар Paint программасында оқушылардың сурет салу шеберлігін көреміз.

4)    «Ғажайып қалам» аралында – сайысты қазақ бөлімінде өткізгеннен кейін, информатика пәніне арналған өлең шығарады.

5)    «Адасқан әріптер» аралында – 2 топқа информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, оны әрине уақытқа шешу керек. 

Оқытушы: Балалар, біздің кемеміз «Қиын сұрақтар» аралына келіп тоқтады. Мұнда бізге бірнеше сұрақтар берілген. Соларға дұрыс жауап берсек, әрі қарай жүзуге жолымыз ашылады.

1. «Қиын сұрақтар» аралы.

Мұнда әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинау арқылы кеме алға қарай жылжып отырады.

1. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (антивирус)

2. Ақпараттың өлшем бірлігі? (бит, байт, кбайт, мбайт, гбайт)

3. Мәтін жазуға арналған редактор? (WordPad)

4. Компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы? (сканер)

5. Ең басты батырма (Пуск)

6. Компютерден ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)

7. Архивтеу программалады дегеніміз не? (Деректерді сығады)

8. Пайнт қандай программа?(графикалық редактор)

9. Пайнт программасының құрал-саймандарын ата? (карандаш, өшіргіш, қылқалам, құю)

 10. Есептегіш программа (калькулятор)

11. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс? (ғаламтор)

12. Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)

13. Себет дегеніміз не? (уақытша өшірілген объектілер қоймасы)

14. Модем дегеніміз? (ғаламторға шығу құрылғысы)

15. Дыбыс шығару құрылғысы? (дыбыс шығарғыш)

16. Файл аты неше символдан аспау керек (256)

 

Оқытушы 1: Жарайсындар балалар! Кемеміз «Қиын сұрақтар» аралынан өтті, енді алдымызда «Көркем сурет аралы» күтіп тұр.

 

Бұны да қиналмай өтіп кетейік.

Білімімізге сенейік.

Мұнда қандай тапсырма бар екен,

Қане көрейік.

Сіздерге конверт берілген, конверт ішіндегі қиындыларды дұрыс жинап, нәтижесінде бір сурет шығу керек. Осы тапсырмаға 5 минут уақыт беріледі.    

Оқытушы: Ал кәнеки балалар уақытымыз бітті, нәтижесінде осындай сурет шығу керек.

«Сурет салу» аралы.

Бұл сайыста топ басшылары қатысады. Олар компьютерде 5 мин ішінде сурет салу керек. Paint программасында оқушылардың сурет салу шеберлігін көреміз.

Оқытушы: Біз кемеге капитандардың алғыр білімдерінің арқасында бұл аралдан да өттік.

«Ғажайып қалам» аралы.

Бұл арал – шығармашылық аралы. Сайысты қазақ бөлімінде өткізгеннен кейін, информатика пәніне арналған 4 жолды өлең шығару керек. Бұл тапсырма сізге үй жұмысы болып берілген.

Оқытушы:

«Адасқан әріптер» аралы.

Бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Қағазға орындайсындар, кім бірінші болып бітіреді, сол топқа ұпай қосылады.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу

 

 

Сан тұлпарлар сынға түсті бәрі бірдей дауылпаз,

Бәрі болу мүмкін емес, бір ғана жеңімпаз.

Әділдігін сұрап отыр сараптаушы алқадан,

Тамашалар халық мына көрермендер атынан.

 

«Информатика патшалығына саяхат» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Топтар екі кемеге отырғызылып, осы бөлім шарттары бойынша мұхитпен жүзе отырып сайысты. Ал енді әділ қазылар осы сайыстың жеңімпазын анықтасын. Сайысымыз жақсы өтті деп ойлаймыз. Сау болыңыздар!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс "Информатика патшалығына саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Word Pad редакторымен жұмыс істеуді, графикалық редактор PAINT - та жұмыс жасауды үйрету. Осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету. Информатика пәніне қызығушылығын, ойлау қабілеттерін арттыру. Сабақ «Интернет» және «Вирус» топтарының арасында сайыс түрінде өтеді. Әр топты кемеге отырғызып, мұхитты жүзіп «Информатика патшалығына» алып баруымыз керек. Кемелер әр түрлі аралдарға тоқтап, онда тапсырмаларды орындап, әрі қарай өтеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 768 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2020 344
    • DOCX 51.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шломина Ольга Дмитриевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шломина Ольга Дмитриевна
    Шломина Ольга Дмитриевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86869
    • Всего материалов: 227

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Управление сервисами информационных технологий

Менеджер по управлению сервисами ИТ

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 489 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 524 человека

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек