«Әдебиеттің
ғажайыптар әлемінде» сахналық қойылым
Мақсаты:
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, ертегі кейіпкерлерімен
таныстыру,ана тілін, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.
Сабақтың
түрі:
сахналық қойылым
Әдіс-тәсілдері: сұрақ
жауап, диалог, мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі: тіл
туралы жазылған өлең жолдары, гүлдер, шарлар, слайд, ертегі суреттері.
Сабақтың
барысы:
I
бөлім – «Ана тілім-жүрек үнім». II бөлім. «Әдебиеттің ғажайыптар әлемінде»
1-жүрг. – Ерте,
ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай, суы мөлдір, ауасы таза,
табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан –байтақ шаһар болған екен. Сол
шаһардың ішін кезіп жүріп жастары білімге құштар, үлкендері ұлағатты, ынтымағы
жарасқан, жақсы жетістіктерімен танымал болған бір елді мекенге кезіктім.
2-жүрг. –Біз осы
елді мекендегі ауылға «Білімнен асқан жақұт жоқ, ұстаздан асқан бақыт жоқ»
дегендей, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған білім нәрін сепкен ұлағатты, әз
жүрек асыл жандары бар білім ордасына келіп қалғанбыз
1-жүрг: Олай
болса, білім ордасының ұстаздары мен білімпаз оқушыларын бүгінгі Қазақстан
Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз!
2-жүрг: Жылаған
алғашқы іңгә үннен тілім,
Жөргекте
былдыр қағып күлген тілім,
Жағымды
ана әлдиі, ақ сүтімен,
Жүрегіме,
қаныма сіңген тілім.
1-жүрг: Жанымды
жадыратқан баба тілім,
Жыр
,ертек жаттаттырған сана тілім.
Жаралып
жермен бірге, күн көзімен,
Жасасқан
қазақ тілі- ана тілім.
2-жүрг: Жарысқан
жыл құсымен үнді тілім,
Жарасқан
дала, малмен сырлы тілім,
Жиһанкез
желмаялы Асан қайғы,
Жер-жерге
баға берген сынды тілім .
1-жүрг:Жырлатқан
қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан
елдік, ерлік азаттығын.
Жұлдызды
құдіреттің туы болған,
Жауынгер
ана тілім-қазақ тілім.
I
бөлім – «Ана тілім-жүрек үнім».
(Оқушылар
тілге деген құрметін өлең жолдар, әні арқылы жеткізеді)
II
бөлім. «Әдебиеттің ғажайыптар әлемінде»
1-жүрг: Енді, тіл
мерекесіне арналған «Әдебиеттің ғажайыптар әлемінде» атты қойылымымызды
бастаймыз.
2-жүрг: Өткен күн
–тамаша ертегі ғой,
Айтады
ертегі сыр, ертегі ой,.
Ертегі
айтса аналар еліктіріп,
Қияға
қызықтырып ертеді ғой.
Ертегіде
халықтың мұң-зары бар,
Орман,
тау, өрмелейтін құздары бар.
Жамандықпен
алысып , жауын жеңген,
Халқымның
ұлдары мен қыздары бар.
1-жүрг:
Жауларымен алысып, жекелеген,
Батыр
ма ел намысын өтемеген?!
Ертегімен
еліміз ертеңіне
Ұрпағын
қызықтырып жетелеген,
Кел,
онда ертегіні шертейік біз,
Қауымды
мына келген елтейік біз.
Ертегі
кейіпкерлерін шақырайық,
Келгендерді
соңымыздан ертейік біз.
(Ертегі
кейіпкерлері ортаға шығады).
(Мыстан
келеді)
1-жүрг:Бұл не
қылған дауыс?
Мыстан
кемпір:
- Аспанда қайдағы бір тікұшақтар, ұшақтар ұшып жүр ғой. Тіпті, аспанды жауып
кетіпті. Таяғымды сындырып алдым. Кім шығынымды өтейді? Жаңа сыпырғышты қайдан
аламын? (Жанына қарайды) Қаншама томпиған ,тәтті, әдемі балалар көп екен мына
жерде. Мені шақырмай өздерің тойлап жатырсыңдар ма?Мерекені болғызбаймын!
-Балақайлар,
менің сендерге шартым бар. Оны орындамасаңдар мен сендерді жеймін.
(Балалар
ертегі қояды)
1
қаз.класс.”Мақта қыз бен мысық”. Жетекшісі: Есентаева Г.К
2
қаз.класс.”Байлық пен ақыл”.Жетекшісі: Каукаева М
3
орыс класс. “Қызыл телпек”.Жетекшісі: Нурумова Ж.А
4
қаз.класс.”Шық бермес Шығайбай”.Жетекшісі: Нұрсұлтанова А.Ш
5-9
орыс класс.”Мақта қыз бен мысық”.Жетекшісі: Кенжебаева Н.Г
6
орыс класс. “Қаңбақ шал”. Жетекшісі: Абдуллина Қ.С
6
қаз.
класс. “Шеше мен бала”. Жетекшісі:
7
қаз.класс. “Алтын сақа”.Жетекшісі: Калиева Г.Б
7
орыс
класс. “Бауырсақ”.Жетекшісі: Абдуллина Қ.С
8
қаз.класс.
“Менің атым Қожа”.Жетекшісі: Ермекова А
8-орыс.
“Алдар Көсе мен бай”. Жетекшісі: Кенжебаева Н.Г
9
қаз.класс. “Қыз Жібек”. Жетекшісі: Абдуллина Қ.С
10
қаз класс. “Батыр Баян”. Жетекшісі: Даулеткельдиева З.М
Шарттарым:
Өлең, сөзжұмбақ, ертегі естігім келеді. Мыстан кемпір: Сендер ақылды баласыңдар
ғой. Мені кешіріңдерші. Бұдан былай жамандық жасамаймын.
Мыстан
кемпір:
Сендерге тілек тілейін,
Балалар
құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын
жан сарайын білімдінің,
Кешегі
анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне
зер салыңдар бұрынғының!
1-жүрг: Үміт
күтіп кейінгі жас ұрпақтардан,
Сенім
арту бабалардан басталған!
Қазақ
тілін мойындату әлемге,
Жастар
үшін болса екен басты арман!- деп бүгінгі тіл мерекесіне арналған қойылымымызды
аяқтаймыз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.