Новогодняя скидка — 70% на все курсы только до 31 декабря!
Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / сыныптан тыс жұмыс

сыныптан тыс жұмыс

hello_html_5555dacd.gifАшық сабақ 1. 03. 2012

аль- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 4- курс студенті Мансурова Айжан Акжигиткызы



Сабақтың тақырыбы: “ XXI ғасыр көшбасшысы ” зияткерлік сайысы

Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Барысы: Ойын екі кезеңнен тұрады, бірінші кезеңде сыныптың барлық оқушылары 40 сұрақтық тест тапсырмасы орындайды. Ең көп ұпай жинаған 8 оқушы келесі кезеңге жолдама алады. Бірінші кезең 28.02.2012, сағат 14: 00 де өткізіледі.

Керекті құрал жабдықтар және көрнекіліктер: Интерактивті тақта, плакаттар, физикалық құрал-жабдықтар, видеопроектор, экран.

Ұйымдастырылу кезеңі:

  1. 1-кезең бойынша оқушыларға төмендегідей тапсырмалар таратылады:



Жылу құбылыстары.



1. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?

а) дененің ішкі энергиясы тәуелсіз шама; б) дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына; в) денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына; г) денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына; д) бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына .

2.100 ºC ретінде қандай температура алынған?

а) мұздың температурасы; б) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы; в) қайнап жатқан судың температурасы; г) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы; д) тұз араласқан мұздың еру температурасы.

3.Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?

а) қыздыру кезінде сұйықтың булануы; б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы; в) қыздыру кезінде қатты дененің балқуы; г) қыздыру кезінде сәуле шығару; д) қыздырған кездегі сұйықтағы конвекция .

4. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?

а) ағаш; б) мыс; в) шыны; г) үшеуі де бірдей; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

5. Бөлмедегі ауа орталық жылу жүйесінің радиаторы арқылы қалай жылынады?

а) радиатордан жылу бөлінеді де, бөлмеге түгел таралады; б) бөлменің жылынуы тек жылу өткізгіштік арқылы жүзеге асады; в) бөлменің жылынуы тек конвекция арқылы жүзеге асады; г) энергия батареядан жылу өткізгіштік арқылы бөлмедегі ауаға беріліп, содан кейін конвекция арқылы бөлмеге таралады; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

6. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды?

а) меншікті булану жылуы; б) меншікті жану жылуы; в) меншікті балқу жылуы;

г) меншікті жылу сыйымдылық; д) жылу өткізгіштік.



Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.

1. Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет?

а) 84 ºC; б) 255 ºC; в) 123 ºC; г) 212 ºC; д) 167ºC.

2. Бөлмедегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%. Құрғақ термометр hello_html_4e2736ab.gif және ылғал термометр hello_html_7a9f111c.gifкөрсетулері үшін қандай теңбе-теңдік орындалады?

а) hello_html_4e2736ab.gif= hello_html_7a9f111c.gif; б) hello_html_4e2736ab.gif<hello_html_7a9f111c.gif; в) hello_html_4e2736ab.gif>hello_html_7a9f111c.gif;

г) нақты жауап беру мүмкін емес;

д) бөлменің температурасына тәуелді болуы мүмкін.

3.Массасы m денеге қандай да бір жылу мөлшерін бергенде оның агрегаттық күйі өзгерген жоқ. Осы жағдайда денеге берілген жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?

а) Q=q·m; б) Q=hello_html_m5378a1da.gif·m; в) Q= cm(hello_html_m779aafa.gif); г) Q=L·m; д) Q=0.

4.100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К.Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді.

а) 4,1кг; б) 2,5кг; в) 0,63кг; г) 1,026кг; д) 0,82кг.

5. Адам өзін жақсы сезіну үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы белгілі мөлшерден аспау қажет.Ылғалдылықтың өзгеруі жылу алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады.Бұл неге байланысты?

а) ауаның меншікті жылу сыйымдылығының өзгеруіне байланысты; б) адам денесінен ылғалдың булану жылдамдығының өзгеруіне байланысты; в) атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты; г) ауадағы оттегінің құрамының өзгеруіне байланысты;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

6. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады.Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?

а) 92г; б) 46г; в) 126г; г)104г; д) 118г.


Жылу машиналары.


1. ПӘК-і 4% жылу машинасы 3 кДж жұмыс атқарады.Жылу машинасы қыздырғыштан қандай жылу мөлшерін алған?

а) 7500 кДж; б) 0,75 кДж; в) 7,5 кДж; г) 75 кДж; д) 750 кДж.

2. Егер қыздырғыш пен салқындатқыштың температураларын 2 есе кемітсе, онда қозғалтқыштың ПӘК-і:

а) 2 есе артады; б) 4 есе артады; в) 2 есе кемиді; г) 4есе кемиді; д) өзгермейді

3. Идеал жылу қозғалтқыштың салқындатқышының температурасы 27ºC, ал қыздырғышының температурасы одан 90ºC-қа артық.Осы қозғалтқыштың ПӘК-і қандай?

а) 23 %; б)46 %; в) 77 %; г) 30 %; д) 66 %.

4. Адиабаталық ұлғаю кезінде газ салқындайды, себебі...

а) одан қандай да бір жылу мөлшері алынады;

б) газ ішкі энергиясының өзгерісіне тең жұмыс атқарады;

в) газдың атқарған жұмысы оған берілген жылу мөлшерінен көп;

г) газбен сыртқы күштер жұмыс атқарады, бірақ осы кезде одан көп мөлшерде жылу алынады;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

5.Жылу қозғалтқышының ПӘК-і 40%.Қозғалтқыштың қыздырғыштан алған жылу мөлшері оның салқындатқышқа берген жылу мөлшерінен неше есе көп?

а) 1,67; б) 3,22; в) 2,7; г) 2,5; д) 1,32.


Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы.


1.Электр өрісінің -2·10hello_html_45c926f7.gifКл зарядты потенциалы -700В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғандағы жұмысы ...

а) 18 мкДж; б) -18 мкДж; в) 10 мкДж; г) -10 мкДж; д) -9 мкДж.

2. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы электр өрісін сипаттайды?

1) күш сызықтары зарядтармен байланысқан;

2) өрістің энергиясы бар;

3) өрістің энергиясы жоқ;

4) күш сызықтары тұйықталған;

5) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең;

6) электр зарядын тұйықталған сызық бойымен орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс нольге тең емес.

а) 2,3,5; б) 1,3,6; в) 3,4,5; г) 1,2,5; д) 2,4,6.

3.Массасы 10hello_html_m117838c1.gifг май тамшысы пластиналарының арақашықтығы 2см жазық конденсатор өрісінде қалықтап тұр. Пластиналарға 1000В кернеу берілген. Май тамшысының заряды ...

а) 10hello_html_54e896c3.gifКл; б) 10hello_html_45c926f7.gifКл; в) 3·10hello_html_54e896c3.gifКл; г) 2·10hello_html_54e896c3.gifКл; д) 4·10hello_html_54e896c3.gifКл.

4. БХЖ-де Дж/Вhello_html_3046c012.gifтүрінде көрсетуге болатын физикалық шаманың өлшем бірлігі қалай аталады?

а) Кулон; б) Ампер; в) Ньютон; г) Фарад; д) Ом.

5. Конденсатордың бір пластинасының электр заряды +2Кл, екінші пластинасының заряды -2Кл.Пластиналар арасындағы кернеу 5000 В.Конденсатордың электр сыйымдылығы неге тең?

а) 0; б) 0,0004 Ф; в) 0,0008 Ф; г) 2500 Ф; д) 1000 Ф.


Электр тогы. Тұрақты ток заңдары.


1. Өлшем бірлігін hello_html_m28abebc5.gif түрінде көрсетуге болатын физикалық шама:

а) кедергі; б) ток күші; в) ток көзінің ЭҚк-і; г) өткізгіштік; д) меншікті кедергі.

2.Суретте көрсетілген схема бойынша тізбектің жалпы кедергісін анықта:


а) 5 Ом;

б) 2 Ом;

в) 3 Ом;

г) 12 Ом;

д) 14 Ом.



hello_html_33af5d9d.png







3.Кедергілері hello_html_m8e2a9e4.gifОм, hello_html_mbec3d47.gif30 Ом, hello_html_18bc5c3b.gif20 Ом үш резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Қай резистор арқылы көп ток жүреді?

а) hello_html_m3af6a61d.gif; б) hello_html_m64d56653.gif; в) hello_html_m1184c017.gif;

г) бәрінде бірдей;

д) нақты жауап беру мүмкін емес, себебі бұл ток көзіне байланысты.

4.Кедергілері hello_html_m3af6a61d.gif=1Ом, hello_html_m314eebb.gif Ом, hello_html_18bc5c3b.gif3 Ом үш резистор электр тізбегіне алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанады.Осы жағдайлардың қайсысында және қай резисторда көп жылу бөлінеді?

а) тізбектеп және параллель жалғағанда да hello_html_m3af6a61d.gif резисторда көп;

б) тізбектеп және параллель жалғағанда да hello_html_m64d56653.gif резисторда көп;

в) тізбектей жалғағанда hello_html_m3af6a61d.gifрезисторда, параллель жалғағанда hello_html_m1184c017.gif резисторда көп;

г) тізбектей жалғағанда hello_html_m1184c017.gifрезисторда, параллель жалғағанда hello_html_m3af6a61d.gif резисторда көп;

д) тізбектеп және параллель жалғағанда да hello_html_m64d56653.gif резисторда көп;


Әр түрлі ортадағы электр тогы.


1. Сыртқы ионизатордың әсерінен газдың иондалады.Осы кезде қандай физикалық құбылыс жүреді?

а) атомнан электрондық қабықшаның бөлінуі;

б) газ молекулаларының оң және теріс иондарға ыдырауы;

в) атом немесе молекуладан бір немесе электрондардың жұлынуы;

г) атом ядросының нейтрон мен протонға ыдырауы;

д) разрядты түтікшенің катодынан электрондардың ұшып шығуы.

2. Электр тогы жүріп жатқан кезде электролитті қыздырады.Осы кезде электролиттің кедергісі ...

а) кемиді; б) артады; в) өзгермейді; г) жауап электролиттің түріне байланысты;

д) электролиттің кедергісі электролиттің температурасына тәуелсіз, оның концентрациясына тәуелді.

3. Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді?

а) 10hello_html_m385db109.gif; б) 2·10hello_html_m385db109.gif; в) 1,6·10hello_html_m385db109.gif; г) 6,25·10hello_html_3c555ad8.gif; д) 2·10hello_html_3c555ad8.gif.

4. Рельфті заттардың көшірмесін электролиттік жолмен дайындауды қалай атайды?

а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальваностегия;

г) рекомбинация; д) гальванопластика.

5.Электролиз кезінде ток күшін 2 есе арттырса, электролит ерітіндісінен катодта бөлініп шығатын заттың массасы қалай өзгереді?

а) 2 есе артады; б) 2 есе кемиді; в) өзгермейді;

г) нақты жауап беру мүмкін емес, себебі бұл токтың жүру уақытына байланысты;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

6. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:

а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальванопластика;

г) рекомбинация; д) гальваностегия .

7. Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,4 hello_html_6c5f4e73.gif; б) 0,5hello_html_6c5f4e73.gif; в) 0,2hello_html_6c5f4e73.gif; г) 0,3hello_html_6c5f4e73.gif; д) 0,6hello_html_6c5f4e73.gif.

8.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз:

а) вакуумдік диод арқылы электр тогының жүруі; б) жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығуы; в) электр тогының газ арқылу өту процесі;

г) қыздыру нәтижесінде электрондардың шапшаң қозғалуы;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

9.Газдардағы электр тогы дегеніміз:

а) газдың иондалуы; б) газ атомдары немесе молекулаларынан электрондардың ажырауы; в) электрондар мен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысы;

г) электр өрісінде үдетілген электрондардың бейтарап молекулалармен (немесе атомдармен) соқтығысуы кезінде олардан электрондарды жұлып шығаруы;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

10. Қоспасы жоқ жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі қандай?

а) электронды; б) кемтіктік; в) бірдей мөлшерде электрондық және кемтіктік;

г) иондық; д) мүлде электр тогын өткізбейді.


Магнит өрісі


1.Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар:

а) парамагнетиктер; б) диамагнетиктер; в) ферромагнетиктер; г) магнетиктер;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

2.Магнит өрісі ... әсер етеді.

а) тыныштықтағы электр зарядтарына; б) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; г) қозғалыстағы электр зарядтарына; в) магниттік зарядтарға; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

3.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты ... анықталады.

а) оң қол ережесімен; б) бұрғы ережесімен; в) сол қол ережесімен; г) Ленц ережесімен;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

4.Суретте магнит өрісінде орналасқан тогы бар өткізгіш көрсетілген.Өткізгішке әсер ететін күштің бағытын көрсетіңдер.




S






N




а) өткізгішке әсер ететін күш оңға қарай бағытталған;

б) өткізгішке әсер ететін күш солға қарай бағытталған;

в) өткізгішке әсер ететін күш тік төмен бағытталған;

г) өткізгішке әсер ететін күш тік жоғары бағытталған;

д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ,























  1. Екінші кезең 1.03.2012, ұзақтығы 45 мин.



«ХХІ ғасыр көшбасшысы»  сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

 

Сайыс   кезеңдері:         1. “Бәйге” сайысы.

                                              2. “Жеті кермет” сайысы.

                                              3. “Полиглот” сайысы.

                                              4. “Жорға” сайысы.

5. “Қызықты тәжірибе” сайысы.







Бүгінгі “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымызға қатсатын ойыншыларымызбен танысып өтсек. Олар:

1. Жұмабекова Ақерке
2. Қайнарбекова Жазел
3. Машжанова Жібек
4. Қанатбекова Дарина
5. Қамбаров Сержан
6.Манабаева Күнай

7.Қайназар Мұхтар
8.Тасболат Адина

Оқушылар өздерін таңыстырады, ұстанымдарын айтады. Сайыскерлерге сәттілік тілейміз! Ойынымызды бастаймыз...





Ойынымыздың бірінші кезеңі – Бәйге деп аталады.

ШАРТЫ:
1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 10 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын айтады.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

5. 8 оқушыдан 7 оқушы келесі кезеңге жолдама алады

1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?

а) молекулалардың арақашықтығы артты; б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;

в) молекулалардың өлшемі өзгерді;

2.Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?

а) жылу өткізгіштік; б) сәуле шығару; в) конвекция;

3. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q=A; б) Q=hello_html_753f07cc.gifU+A; в) Q= +hello_html_753f07cc.gifU;

4. Суретте идеал газдың күйінің өзгеру процестері көрсетілген. Жауаптар ішінен дұрысын тап.


а)1-2 изохоралық,2-3изобаралық,3-1изотермиялық;

б)1-2 изотермиялық,2-3изобаралық,3-1изохоралық;

в)1-2 изобаралық,2-3изохоралық,3-1изотермиялық;

г)1-2 изохоралық,2-3изотермиялық,3-1изобаралық;

д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.

V

P

1

2

3









5.Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы:

а) Q=A; б) Q=hello_html_753f07cc.gifU+A; в) A= −hello_html_753f07cc.gifU ;

6.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?

а) 0,4 Кл; б) 16 Кл; в) 160 Кл;

7. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері қандай?

а) Үйкелу

б) Жылу беру

в) Қайнау


8. Жылу мөлшерін есептеудің формуласы:

а) hello_html_1825410.gif

б) hello_html_m37463b5d.gif

в) hello_html_70ad44af.gif

9. Әртүрлі орта арқылы ток жүргенде оның қандай әсері әрқашан да байқалады?

а) жылулық; б) химиялық; в) магниттік;

10.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:

1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;

а) 1,2,3; б) тек 2;в) тек 3;


Ойынымыздың екінші кезеңі – Жеті керемет деп аталады.

ШАРТЫ:
1.Бұл сайыста 7 ойыншыға мына экрандағы 7 тақырыпты таңдау ұсынылады.
3. Тақырыптар 7 пән бойынша бөлінген, әр тақырыпта төрт сұрақтан беріледі
4.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 7 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 5 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Үстеудің неше түрі бар ? (7)
2. Орфография қай елдің сөзі? (грек)
3. Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер?
(Бірыңғай мүшелер)
4. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? (Диалект)

МАТЕМАТИКА
1. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең?

(Гипетенузаның жартысына тең)
2.Дискриминанттың формуласы қандай? (D=
hello_html_m27512b6d.gif-4ac)
3.
У=hello_html_395cc67f.gif функциясының графигі қалай аталады? (Парабола)
4.2 қатынастың теңдігі (пропорция)

БИОЛОГИЯ
1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер? (Пластидтер)
2. 1892 ж темекі теңбілі вирусын алғаш ашқан орыс биологы? (Д Ивановский)
3. Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан сұйықтығын түзетін ұлпа? (Дәнекер)
4. Тимус безі орналасады ? (Кеуде бөлімінде)

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Қожа Ахмет Иассауй кесенесіндегі тайқазан қай қалада соғылған ? (Қарнақ)
2. Жеті жарғы заңы бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді ? (Қарусыз келген адам)
3. 14 ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан? ( Тоғылық - Темір)
4. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы (Жошы хан)

ГЕОГРАФИЯ
1. Сотүстік жарты шардағы ең ұзақ күн? (22 желтоқсан )
2. Қазақстанның аласа тауларын ата (Мұғалжар, Сарыарқа, Маңғыстау)
3.Қалыпты атмосфералық қысым?
(760 мм)
4. 0 градус ендік, 0 градус бойлықта орналасқан объект (Атлант мұхиты)

ХИМИЯ
1. Молекула деген корпускула, ал атом – элемент деп есептеген ғалым.
(Ломоносов)
2. Бір элемент атомдарынан тұратын заттар (Жай заттар)
3. Кез келген заттың бір молінде қанша бөлшек болады ? Бұл қандай сан? ( Авагодро саны 6,02*1023)
4. Элемент атомның , басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті ( Валенттілік )

ИНФОРМАТИКА
1.Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелейтін құрылғы қалай аталады? (Монитор)
2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы? (Мәтіналғы)
3. Әріптік және сандық ақпаратты енгізу құрылғысы? ( Пернетақта)
4. Компьютердің жұмыс істеуі үшін кемінде 3 құрылғы болса болғаны, олар қалай аталады? (Жүйелік қорап, Монитор, Пернетақта
)

ОРЫС ТІЛІ
1. Сколько в русском языке падежей (6)
2. Как называется слово или сочетание слов ,называющее лицо,
к которому
обращена речь? (Обращения)
3. И шоколадка и планета (Марс)
4. Что находится между небом и землей (
союз И)

Ойынымыздың үшінші кезеңі – Полиглот деп аталады.

ШАРТЫ:
1. Бұл сайыста 5 ойыншыға физикалық жұмбақтар жасырылады.
2.
Бұл турда сұрақтың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі тиіс

3. Қазақша, орысша жауабын дұрыс берілсе 20 ұпай, барлық тілде жауабын дұрыс берсеңдер 30 ұпай.

4. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 5 ойыншыдан 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол, дорога, way)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт,время, time )

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық,скорость,speed)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу,ускорение,accelaration )

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш, сила, force)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық, плотность,density)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Ауадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым, давление, pressure)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса, масса, mass)


Ойынымыздың төртінші кезеңі – Жорға деп аталады.

ШАРТЫ:
1. Бұл сайыста 3 ойыншыға физикадан 20 сұрақ қойылады.
2.
Бұл турда 2 мин дейін жауап береді

3. Сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан

беріледі.

4. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 3 ойыншыдан 2 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

1 – сұрақтар тобы

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама – Үдеу

12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді ? – Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? – (рад/с)

15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар - hello_html_mf373c61.gif

16.Цетрге тартқыш үдеу қалай бағытталған ? – Центрге қарай

17.hello_html_6852db6f.gifненің графигі ? – Парабола

18.Материалық нүктенің айналу центрінің маңында 1 с. ішінде жасайтын айналым саны - Жиілік

19. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді ? - hello_html_m6af9ca61.gif

20.Жол қандай шама ? – Скаляр


2 – сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу

3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор – Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте

9.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

11.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)

12.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді ? - hello_html_m62a00377.gifg

13.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период

14.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан

15.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

16.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? – t

17.Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? - Шеңбердің бір нүктесінен жүргізілген жанама бойымен бағытталады.

18.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат

19.hello_html_m380886dd.gif қандай қозғалыстың теңдеуі ?- Бір қалыпты үдемелі

20.Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте өз уақытқа қатынасы не болып табылады – Лездік жылдамдық


3- сұрақтар тобы

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – Жылу мөлшері

2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – Кебу

3.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)

4.Ядродағы бейтарап бөлшек – Нейтрон

5.Кернеуді өлшейтін прибор – Вольтметр

6.Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең – Джоуль-Ленц заңы

7.Ішінде темір өзегі бар катушка – Электромагнит

8.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – Жол

9.ХБЖ уақыттың бірлігі – (с)

10.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама – Жылдамдық

11.Жиілік қандай әріппен белгіленеді? -hello_html_m6bb0b6a4.gif

12.Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?- Векторлық, координатолық және траекториялық

13.Период пен жиілік бір- біріне қандай шамалар? – Кері

14. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? – а

15.Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрін білесің –Тікелей және жанама өлшеулер

16.ХБЖ бұрыштық ығысу немен өлшенеді ? –Радиан

17.hello_html_23d6d96e.gif әрпімен қандай шама белгіленеді ?- Бұрыштық жылдамдық

18.Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу

19.Акселерометрмен қандай шама өлшенеді?-Үдеу

20.hello_html_5dba78da.gifқандай қозғалыстың теңдеуі?-Бір қалыпты кемімелі.

Ойынымыздың бесінші кезеңі – Қызықты тәжірибе деп аталады.

ШАРТЫ:
1. Бұл сайыста 2 ойыншыға тәжірибе ұсынылады.
2.
Жылдам орындау керек

3. Электрлік тізбектерді қосу арқылы шамды жағу керек




Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептегенше кезекті әнге береміз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!























  • Другое
Автор Алимжанова Айжан Абдиканиевна
Дата добавления 12.01.2018
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 380
Номер материала MA-073426
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»