Инфоурок Другое Другие методич. материалыӨзін - өзі тану сабағы бойынша "Жақсылықтар еліне саяхат" атты ашық сабақ жоспары

Өзін - өзі тану сабағы бойынша "Жақсылықтар еліне саяхат" атты ашық сабақ жоспары

Скачать материал

Жақсылықтар еліне саяхат

(«Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты: 1) оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық»,

«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін

кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым-

қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

2) жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту;

3) қайырымды болуға, үлкенге,кішіге қамқор бола

білуге тәрбиелеу:

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, бүктеме, жүрекше,кеспелер

 

§  Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Бүгін біз тек қана

жақсылықтан тұратын, адамдары бір-біріне тек жақсылық қана ойлап,

қамқор бола білетін елге, «Жақсылықтар еліне» сапар шегеміз.

Ендеше, ол елге бармас бұрын, ол елге барғанда өзімізді қалай ұстай білуіміз керек, қандай болып жүруіміз керек,соны үйреніп алайық.

Ой қозғау.

§  Жақсылық деген сөзді қалай түсінеміз?

§  Жақсы адам болу үшін не істеу керек?

§  Айналаңдағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесің?

§  «Жақсылық жасау» адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар?

§  Жақсы көретін адамдарың туралы айтып беріңдер?

 

Осы сұраққа жауап беру үшін «Жақсылық шеңберін» құрастырып көрейік.

(шеңберді оқушылар өздері толтырады)

 

—     Дұрыс айтасыңдар.

§  Міне, балалар, «Жақсылық елі» осындай жақсы адами қасиеттерден

тұрады екен. Осы қасиеттерді бізде бойымызға сіңіре білейік.

§  Енді мына өлең жолдарына назар аударайық.

«Осындай әлем бар»

Осындай әлем бар

Қызықты шуақты.

Әлемде әр ел бар

Бақытты, қуатты.

Ондағы балалар

Жайдары,көңілді

Бәрі де керемет.

— Ал, енді балалар, осы елге қарай сапар шегеміз.Осы керемет елге жету үшін бірнеше аялдамалардан өтуіміз керек екен.Ол аялдамаларда бізді бірнеше тапсырмалар күтіп тұр.Осы тапсырмаларды дұрыс әрі шапшаң орындай білсек, «Жақсылық еліне» тез жетеміз.

1-аялдама.

Шығармашылық жұмыс

       1 топ. «Жақсылықпен жаным дос» тақырыбына топпен жұмыс жасау.

       2 топ. «Жақсылық жасасаң өзіңе,

            Жамандық жасасаң өзіңе» деген тақырыбына топпен жұмыс жасау.

Суреттерің әдемі шықты, ойларыңа рахмет, жарайсыңдар! Әрбір сабақта айтылған ойларды өзіміздің түйсігімізге іліп алдық деп ойлаймын. «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі» сондықтан мен сендерге қай кезде, қай жерде болса да тек жақсылық жасап жүреді деп сенемін.

— Міне, 1-аялдамадағы тапсырманы дұрыс орындап шықтыңдар.

Енді 2-аялдамаға қарай жылжиық.

2-аялдама.

— Адамдарға ізет білдіріңдер.(оқушыларға «Ізеттілік әліппесі» бойынша өлең жолдары таратылып беріледі.Осы өлең жолдарынан не түсінді, қандай адами қасиеттерді бойына сіңіре білді,сол туралы өз пікірлерін айту)

«Ізеттілік әліппесі»

1)Атам менің әмәнда                                      2) Алдын орап кісінің

Әдепті жан бол деген.                                 Кесіп өтпей көлденең.

Ата сөзі санамда                                          Ізетімен кішінің

Жасы үлкенге жол берем.                           Сәлемдесіп қол берем.

3) Атам менің әмәнда                                  4) Өзгелерден өзімді

Кішіпейіл бол деген.                                         Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда                                          Артық айтып сөзімді

Мақтанбауды жөн көрем.                           Желпінгенім жоқ әлі.

5) Тыңдай білем атамды

Тыңдай білем анамды.

Сондықтанда атамнан

Алдым алғыс батамды.

§  Дұрыс,балалар. «Жақсылық еліне» жеткенде де осындай кішіпейіл,

ізетшіл, сыпайы бола білуіміз керек.

3-аялдама.

— Бұл аялдамада сендерді «Ертегіні жалғастыр» тапсырмасы күтіп тұр екен.Балалар, бұл аялдамада сендерге 2 тапсырма беріліп тұр.оны тез орындау үшін 2 топқа бөлінейік.(оқушылар 2 топқа бөлінеді)

1-топ. «Аю мен тышқан» ертегісі.

Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады.Одан адасып жүріп,аюдың құлағына кіріп кетеді.

     Аю шошып оянып,құлағын баса қояды:

-Менің құлағым – сенің інің деп пе едің?-деп ақырады.-Өзіңді жақсылап сабайын ба?

-Сабамашы.Мен де бір керегіңе жарармын.

-Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,-деп күледі аю…Дегенмен босатып жібереді. .......

2- топ. «Қарлығаш пен дәуіт»

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз  жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп,қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді…

(Балалар ертегі желісі бойынша туындаған оқиғадан жақсылыққа қарай бағытталып аяқталатын шығу жолдарын іздестіріп,ертегіні аяқтау керек)

4-аялдама. «Жақсылық» туралы мақал-мәтелдерді айту (оқушылардың жақсылық туралы білетін мақал-мәтелдерін тыңдау)

5-аялдама. «Жақсылық жасау» адамдарды қандай қуанышқа бөлейді деп ойлайсыңдар? (оқушылар сендерге суреттер берілді , осы суреттер бойынша әңгімелеп сахналап бересіздер)

6 мұғалім сыйы (Видио)

Жақсылыққа қара,

Жақсылық ойла,

Жақсылықты есті,

Жақсылықты айт,

Жақсылық істе – міне бақытқа бастар жол осы .

 

— Міне,балалар, біз «Жақсылық еліне» апаратын жолды жүре отырып, жақсылық әлемі туралы ұғым қалыптастырдық.

            Жақсылық жерде қалмайды

Жақынды, досты аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.

Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатыгез болсаң – сол қайғы.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.

 

Дәйексөз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

-Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді.Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды,онымен достасқысы келеді.Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті.сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік.Өйткені жақсылық  зая кетпейтінін, оның шарапты өзіңе, жақын-туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер.алғысқа бөленіп,ризашылыққа кенелесіңдер.

Жүректен жүрекке.

— Ал,балалар,біз енді бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді, бекітіп,пысықтаған  білімімізді толықтыра отырып,бір-бірімізге жақсы ниетімізді,білдіріп,тілек айтып,сабағымызды қорытындылайық.

(Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім жүрекше бейнесін ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған оқушыға ұсынады.ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағындағы көршісіне береді.Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін - өзі тану сабағы бойынша "Жақсылықтар еліне саяхат" атты ашық сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 675 394 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2018 672
    • DOCX 19.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касенова Гульмира Каримжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4197
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 292 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 337 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе