Инфоурок Математика Другие методич. материалы6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру

6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру

Скачать материал

5-6 сынып оқушыларының математикалық  сауаттылығын  қалыптастыру


Қазақстан Республикасының  қарқынды даму кезеңінде математиканы меңгерту негізінде бүгінгі оқушылардың математикаға ынтасын, белсенділіктерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру басты міндет болып табылады.Ол үшін математика туралы қызықты материалдар, әртүрлі қызықты есептер, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табуы тиіс. Сабақты дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың білімін қалыптастыруға болады.Сонда олардың ынтасы артады, қызығушылығы туындайды. Дегенмен де жаңа тақырыпты логикалық жағынан ешбір мінсіз етіп түсіндіріп бергенмен, білім оқушылар санасына сол қалпында орнай салмайды. Білімнің оқушылар санасына жетуі, есте сақталуы оқушының ойлау қабілетіне, зерделігіне,яғни, оның жеке басына тән қасиеттерге байланысты.         

«Білім алу- батылдық, оны толықтыру- даналық, ал шебер қолдана білу- өнер» деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Демек, алған білімді өмірде шебер қолдана білу үшін әрбір балаға сауаттылық қажет және мұны біздің ата-бабаларымыз бүрыннан басты мұрат етіп келгені айқын.

Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім.

Математикалық сауаттылық- әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу болып табылады.

Математика пәнін оқытып үйрету үшін сыныптардың арасында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы пәндегі тақырыптардың сабақтастығы өте қажет. Сабақтастық- ол даму заңдылығы сияқты ескіні жоққа шығару емес, керісінше қандай бір мәнді элементтері болса, оны жаңа кезенде әрі қарай дамыту, жалғастыру болып табылады.

Ғалым И.Я. Лернер сабақтастыққа төмендегідей анықтама береді: «Сабақтастық дегеніміз – оқу тәрбие  үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, қүрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелік»

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол- оқытудағы сабақтыстық.Ал оқытудығы сабақтастықты қалыптастыру ең алдымен оқыту мақсатын дұрыс анықтау болса, келесі оқыту мазмұны түсініктілігі, оның жас ерекшеліктеріне сай келуін таңдау.

Осы жерде «Теңдеу » тақырыбына тоқтала кеткім келеді. Бастауыш мектепте теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып үйрету, сондай-ақ есепті теңдеудің көмегімен шешудің мән мағынасын ашу қарастырылған. Теңдеуді шешудің алдымен «сынап көру», яғни ( таңдап, іріктеп) алу тәсілі, содан кейін тура санды теңдіктің немесе өзара кері амалдардың қасиеттеріне негізделген тәсілдері еңгізілген .Ал 5 сыныпқа  келгенде осы тақырып жалғасын табады. Мұнда теңдеудің , теңдеудің түбірінің анықтамалары еңгізіліп, жай теңдеулерден басталып, екі амалмен шығарылатын теңдеулерге жалғасады.

6 сыныпта бұл тақырып «бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» болып қарастыралады. Мұнда теңдеудің анықтамасымен қатар, м әндес теңдеулер, сызықтық теңдеудің түбірлерінің жиыны бір ғана элементтен тұруы, бос жиын болуы немесе шектеусіз жиын болуы туралы  түсініктері еңгізіледі.

Математика пәнін оқытқанда белгілі бір ережелерге сүйеніп немесе формулаларды пайдаланып нәтиже алуға ұмтыламыз. Осыған байланысты  оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру болып келеді. Ал бұл жұмыс жүзеге асады егер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданса,және әрбір сабақтарда көрнекілікті көбірек қолданса: соның ішінде түрлі сүреттер, кестелер, фигуралар.Бүл сүреттерге қарап, оқушыларды зейін қоя тыңдауға, әңгімеге тарту арқылы математикалық тілін дамытуға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға үйретуге қажет.

Егер 5 сыныптың материалдарына қарасақ, оның оқушылардың бастауыш                                    сыныптан келгендегі білімдерінің жүйелілігінің бір бөлігі екенін байқауға болады. Уақыт өте келе сандар туралы білімдері кеңее түседі:  жай және ондық бөлшектер туралы түсінік алады, 6 сыныпта теріс сандармен де танысады . Бастауш сыныпта 4 арифметикалық амалды натурал сандарға қолданса, 5 сыныпта осы амалдар жай және ондық бөлшектерге қолданылады, ал 6 сыныпта рационал  сандармен  жалғастырады.

Есеп шығаруға үйрету- математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлерінің әр түрлігіне байланысты, олардың бәрін де «бір тарақтың түзінен шыққандай» есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Расында да тәжірибеде:                                                                                                          а) әрбір сыныпта есепті өздігінен шығарып кететін оқушылар санаулы-ақ кездесетіні

б)көпшілік жағдайларда,оқушылар өздігінен ойланбай, есептегі белгілі шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы тәуелділікті ашып беретіндей жетекші сұрақтардың берілуін, ал көпшілігі тиісті жәрдем көрсетілуін, тіпті есеп тексінің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп беруді керексінеді

в) есепті мүлде шығара білмейтіндер де кездеседі.                                                   Осы тұрғыдан алғанда әрбір баланың шеберлік деңгейі түрліше болады деп түсіну керек те әр балаға жеке-дара қатынас жасаған жөн есептеймін.
Бастауыш мектептен орта мектепке ауысқан кезде оқушылар күрделі психологиялық қиындықтардан өтеді.Бұл көптеген себептерге байланысты: бір ұстаздың орнына бірден бірнешесі болады, көптеген жаңа түрлі сабақтар, кабинеттік жүйе.т.б. Көптеген математика пәні мұғалімдері баланың 4 сыныптан 5 сыныпқа өткен кездегі бағаларымен І тоқсандағы бағаларын салыстырып, білім сапасының төмендеуін байқайды. Менің ойымша , 5 сыныпта осы балаларға сабақ беремін деген мұғалімдер алдын-ала ,олар 4 сыныпта оқыған кезде , жиі сабақтарына қатысып , балаларды байқап, немесе танысып жүрген жөн деп ойлаймын.5 сынып оқушыларына жаңа жағдайларға бейімделу оңай болу үшін мұғалімнің сабақты түсіндіру барысында бастауыш сыныптарда қолданылатын методикалық әдістерді қолдана отырып бастағаны маңызды.
Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

5-6 сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының қарқынды даму кезеңінде математиканы меңгерту негізінде бүгінгі оқушылардың математикаға ынтасын, белсенділіктерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру басты міндет болып табылады.Ол үшін математика туралы қызықты материалдар, әртүрлі қызықты есептер, ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табуы тиіс. Сабақты дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың білімін қалыптастыруға болады.Сонда олардың ынтасы артады, қызығушылығы туындайды. Дегенмен де жаңа тақырыпты логикалық жағынан ешбір мінсіз етіп түсіндіріп бергенмен, білім оқушылар санасына сол қалпында орнай салмайды. Білімнің оқушылар санасына жетуі, есте сақталуы оқушының ойлау қабілетіне, зерделігіне,яғни, оның жеке басына тән қасиеттерге байланысты. «Білім алу- батылдық, оны толықтыру- даналық, ал шебер қолдана білу- өнер» деген халқымыздың қанатты сөзі бар. Демек, алған білімді өмірде шебер қолдана білу үшін әрбір балаға сауаттылық қажет және мұны біздің ата-бабаларымыз бүрыннан басты мұрат етіп келгені айқын.Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім.Математикалық сауаттылық- әлемдегі математиканың ролін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу болып табылады.Математика пәнін оқытып үйрету үшін сыныптардың арасында оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастырудағы пәндегі тақырыптардың сабақтастығы өте қажет. Сабақтастық- ол даму заңдылығы сияқты ескіні жоққа шығару емес, керісінше қандай бір мәнді элементтері болса, оны жаңа кезенде әрі қарай дамыту, жалғастыру болып табылады.Ғалым И.Я. Лернер сабақтастыққа төмендегідей анықтама береді: «Сабақтастық дегеніміз – оқу тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, қүрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелік»Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың ең бір тиімді тәсілі ол- оқытудағы сабақтыстық.Ал оқытудығы сабақтастықты қалыптастыру ең алдымен оқыту мақсатын дұрыс анықтау болса, келесі оқыту мазмұны түсініктілігі, оның жас ерекшеліктеріне сай келуін таңдау.Осы жерде «Теңдеу » тақырыбына тоқтала кеткім келеді. Бастауыш мектепте теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып үйрету, сондай-ақ есепті теңдеудің көмегімен шешудің мән мағынасын ашу қарастырылған. Теңдеуді шешудің алдымен «сынап көру», яғни ( таңдап, іріктеп) алу тәсілі, содан кейін тура санды теңдіктің немесе өзара кері амалдардың қасиеттеріне негізделген тәсілдері еңгізілген .Ал 5 сыныпқа келгенде осы тақырып жалғасын табады. Мұнда теңдеудің , теңдеудің түбірінің анықтамалары еңгізіліп, жай теңдеулерден басталып, екі амалмен шығарылатын теңдеулерге жалғасады.6 сыныпта бұл тақырып «бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» болып қарастыралады. Мұнда теңдеудің анықтамасымен қатар, м әндес теңдеулер, сызықтық теңдеудің түбірлерінің жиыны бір ғана элементтен тұруы, бос жиын болуы немесе шектеусіз жиын болуы туралы түсініктері еңгізіледі.Математика пәнін оқытқанда белгілі бір ережелерге сүйеніп немесе формулаларды пайдаланып нәтиже алуға ұмтыламыз. Осыған байланысты оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру болып келеді. Ал бұл жұмыс жүзеге асады егер оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданса,және әрбір сабақтарда көрнекілікті көбірек қолданса: соның ішінде түрлі сүреттер, кестелер, фигуралар.Бүл сүреттерге қарап, оқушыларды зейін қоя тыңдауға, әңгімеге тарту арқылы математикалық тілін дамытуға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға үйретуге қажет.Егер 5 сыныптың материалдарына қарасақ, оның оқушылардың бастауыш сыныптан келгендегі білімдерінің жүйелілігінің бір бөлігі екенін байқауға болады. Уақыт өте келе сандар туралы білімдері кеңее түседі: жай және ондық бөлшектер туралы түсінік алады, 6 сыныпта теріс сандармен де танысады . Бастауш сыныпта 4 арифметикалық амалды натурал сандарға қолданса, 5 сыныпта осы амалдар жай және ондық бөлшектерге қолданылады, ал 6 сыныпта рационал сандармен жалғастырады.Есеп шығаруға үйрету- математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлерінің әр түрлігіне байланысты, олардың бәрін де «бір тарақтың түзінен шыққандай» есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Расында да тәжірибеде: а) әрбір сыныпта есепті өздігінен шығарып кететін оқушылар санаулы-ақ кездесетіні б)көпшілік жағдайларда,оқушылар өздігінен ойланбай, есептегі белгілі шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы тәуелділікті ашып беретіндей жетекші сұрақтардың берілуін, ал көпшілігі тиісті жәрдем көрсетілуін, тіпті есеп тексінің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп беруді керексінедів) есепті мүлде шығара білмейтіндер де кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда әрбір баланың шеберлік деңгейі түрліше болады деп түсіну керек те әр балаға жеке-дара қатынас жасаған жөн есептеймін. Бастауыш мектептен орта мектепке ауысқан кезде оқушылар күрделі психологиялық қиындықтардан өтеді.Бұл көптеген себептерге байланысты: бір ұстаздың орнына бірден бірнешесі болады, көптеген жаңа түрлі сабақтар, кабинеттік жүйе.т.б. Көптеген математика пәні мұғалімдері баланың 4 сыныптан 5 сыныпқа өткен кездегі бағаларымен І тоқсандағы бағаларын салыстырып, білім сапасының төмендеуін байқайды. Менің ойымша , 5 сыныпта осы балаларға сабақ беремін деген мұғалімдер алдын-ала ,олар 4 сыныпта оқыған кезде , жиі сабақтарына қатысып , балаларды байқап, немесе танысып жүрген жөн деп ойлаймын.5 сынып оқушыларына жаңа жағдайларға бейімделу оңай болу үшін мұғалімнің сабақты түсіндіру барысында бастауыш сыныптарда қолданылатын методикалық әдістерді қолдана отырып бастағаны маңызды. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2020 343
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суслова Елена Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суслова Елена Викторовна
    Суслова Елена Викторовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64348
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по математике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 700 человек

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 820 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека