Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы1 сынып " Қош бол сүйікті әліппем!"

1 сынып " Қош бол сүйікті әліппем!"

Скачать материал

 

Шолаққарғалы орталау мектебі

                                                                                                                                  Бекітемін

Мектеп директоры

---------Ж.С.Жадыкова

 

 

 

«Қош бол, менің сүйікті әліппем!»

 (ашық тәрбие сағаты )

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Суйенбайқызы Гүлнұр

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                              2014-2015 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, менің сүйікті әліппем!

Сабақтың мақсаты:

 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.

2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың.

 Мұғалім: Өсті міне бойларың,

 Өсті ақыл ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай

Арып –ашып даладан келгеніңде

 Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық

1 - оқушы

Өлшеулі ар-намысы халқымыздың

Қорғаны адамдықпен салтымыздың

Армысыздар аяулы ұстаздарым

 Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

2 - оқушы Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

 Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.

3- оқушы Бүгін бізде үлкен қуанышты күн.

Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

4 - оқушы Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 6 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.

1- оқушы : Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

2: - оқушы Қызығып қарай бердім әріптерді.

3- оқушы: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

4- оқушы: Ұстазым кілтін оның алып берді.

Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?

1- оқушы: Алыстан бір зат көрінеді.(дүрбімен қарап, қатты дауыспен) -Қайықты жағаға бұр.Бұл не екен?

2- оқушы: Суреттермен сөйлеткен,

 Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

 Дауысты мен дауыссыз.

 Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!

Әліппе : Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

 Болашаққа жол бастар

 Әліппе келді ортаға

 Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

 Басталады сендерден.

Әліппенің сұрағы: 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім? Ыбырай Алтынсарин

2– сұрақ: Дыбыс қаншаға бөлінеді?

3- сұрақ Тапсырма: «Әріптен сөз жазу» /оқушыларға парақша беріліп сол парақшада қандай әріп бар сол әріпке байланысты сөз жазу/ А. Алма, Т  Тарақ, О  орақ, С  сағат

4-  сұрақ Сөздерден сөйлем құрау.

1.Әжеде бер,атада жоқ,

Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)

2.Біреуі «белде»

Біреуі «көлде»   («Л» әрпі)

3.Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

.Ірімшікті біз жеген,

Қай әріптен басталған. («І» әрпі)

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.

1- оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

 Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2- оқушы : Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз,

 Мектепке біз барамыз.

3- оқушы: Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе.

4- оқушы: Келгенде алғаш мектепке

 Білмеуші едік әріпті де

Оқимыз қазір ертегіні де

Үйреткен оны Әліппе.

5- оқушы: Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

6- оқушы: Апа-ата атын сен

 Бізге үйреттің әліппе

 Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

Ән «Мектебім аяулы , мектебім» / барлығы/

Әліппе: Балалар! Сендер менімен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға Математиканы шақырайық.

Математика:

Сәлемет пе, достарым,

Сабағы боп жоспардың

4 амалды қолданған

Математика достарың.

-Кәне, қайсың жүйріксің?

1.Сағаттың тілі нешеу? /екеу/

2.Бағдаршам көзі нешеу? /үшеу/

3.Апта күні нешеу?/жетеу/

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ?

1 - оқушы: Бейбарыс. 1 дегенім - бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 - оқушы: Мұрагер. 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көгім.

3 - оқушы: Асылзат. 3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

4 - оқушы: Альбина. 4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

5 - оқушы: Айдос. 5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын бақыт.

6 - оқушы: Аружан. 6 дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

7 - оқушы: Айсана. 7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.

8 - оқушы: Данагүл. 8 дегенім – сөзің,

Серт беретін кезің.

9 - оқушы: Жанарыс. 9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

10- оқушы: Аманғали. 10 дегенім – Отан,

 4. Сандардың құрамын табу

Математика -Дұрыс, балалар! Математика - ғылымдардың атасы деген.

Ән: «Оқуда озат боламын»

Би: «Батырлар»

Мұғалім:Қымбатты балалар! Әліппе тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Ата-анамызды және ұстаздарымызды құрметтеуге үйретті.

-Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз?

Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім:-Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы кім дейміз?

Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім:-Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы кім дейміз?

Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз.

Мұғалім:Жарайсыздар, балалар! Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Әдептілікке үйренеміз. Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата-аналарыңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.

Ән: Ата-ананы тыңдаймыз

Жүргізуші: Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.

1 - оқушы Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.

2- оқушы Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.

3- оқушы: Қайын жұрты: ъ, ь белгілері.

Жүргізуші : Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік.

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

І - жүргізуші:

Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай

( О, Т, А, Н, Ә, Л, І, П, П, Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.

1 - оқушы:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

2 - оқушы:

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

3 - оқушы:

Астана - Астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

4 - оқушы:

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

5 - оқушы: Әлияны білесіз,

Көңілге мені түйесіз.

Ә әрпі де атымда

Оқып – біліп жүресіз.

6- оқушы Лағым,менің лағым,

Селтеңдейді құлағың.

Босқа жүрмей сенімен,

Л-дан сөзді құрадым

7- оқушы :Іл-іл ілмешек,

Ірі шарды үрлесек.

Ренжиді інілер,

«І» дыбысын білмесек.

8- оқушы:Бала отыр партада,

Оқы,үйрен шаршама.

П-дыбысы дауыссыз,

Мәлім болды баршаңа.

9 –оқушы : П – дегенде парасат,

Жақсылардан шарапат.

Еңбекқор бол перзентім

Несібеңді адал тап.

10-оқушы :Е- дегенде ертегі,

Бізге сырын шертеді.

Еңбек, есті, ерлікті

Үлгі қылып ертеді.

Жүргізуші: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Қыздар: Балаларға ақ тілек,

Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

Әліппе, саған рахмет.

1-      Оқушы : Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

 Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

2– оқушы : Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің

Сауатты адам санатына кіргенім.

3-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Жүргізуші: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз.

Әліппе: Рахмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілі де келіп қалыпты. Қарсы алыңдар

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?

Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,

 Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Елдос Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым. Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

1-оқушы : Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

Ердаулет: Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

2-Оқушы: Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

3-оқушы: Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

4-оқушы: Оқу инемен құдық қазғандай.

5 - оқушы: Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

Слайд: 1 – сынып оқушылары

Ата –аналармен ой сергіту

Би:

Мұғалім:-Балалар, енді сендердің достарың Ана тілі, Математика және басқа оқулықтар. Оларды жақсы оқып, таза ұстауға ант бересіңдер ме?

Хормен:- Иә.

-Кітапты ұқыпты таза ұстауға -Ант береміз!

-Ішіндегі білімді маржандай теруге -Ант береміз!

-Сабақты жақсы оқуға -Ант береміз!

-Мектеп ережесін сақтауға -Ант береміз!

Бәрі бірге:

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Ән: «Ұстазым менің ұстазым»

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасақ.

Әп-сәтте шыға қоя ма,

Еккен дәнің ойласаң.

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың,

Басы болар «Әліппе» - деп ақын Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана.

Басқарып бүгін келесіз

Ата – ана ұстаз балаға

Ақ жарқын сәлем етесіз

Шақырып едік келдіңіз

Сөз кезегін береміз

Мектеп директоры Жадыкова Жазира Сапарбаевнаға

 Оқушыларды марапаттау.

Ата - аналар шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.

Әліппеден Ана тіліне көшіру салтанаты.


Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата - аналарға береміз.

 

Мұғалім: Әліппемен  қоштасу салтанатын аяқтай келе, Әліппені сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма болашақтада осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Аяқтап кешті, бүгінгі
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап қысты  қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!

 

.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1 сынып " Қош бол сүйікті әліппем!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, менің сүйікті әліппем!Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету. 2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту. 3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Түрі: Әдеби-музыкалық монтажСабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж.Сабақтың барысы: Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!ал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық1- оқушы : Ең алғаш алғанымда «Әліппені»2: - оқушы Қызығып қарай бердім әріптерді.3- оқушы: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?4- оқушы: Ұстазым кілтін оның алып берді.Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе? 1- оқушы: Алыстан бір зат көрінеді.(дүрбімен қарап, қатты дауыспен) -Қайықты жағаға бұр.Бұл не екен? 2- оқушы: Суреттермен сөйлеткен, Әріптерді үйреткен. Баспа әріп пен жазба әріп. Дауысты мен дауыссыз. Айтыңдаршы, балалар Қай оқулық үйреткен? Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ! Әліппе : Армысыздар , жас достар! Армысыздар ата-аналар! Болашаққа жол бастар Әліппе келді ортаға Білім деген ғажайыптың, Әліпбиін меңгерген Келешегі қазақтың Басталады сендерден.Әліппенің сұрағы: 1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім? Ыбырай Алтынсарин2– сұрақ: Дыбыс қаншаға бөлінеді?3- сұрақ Тапсырма: «Әріптен сөз жазу» /оқушыларға парақша беріліп сол парақшада қандай әріп бар сол әріпке байланысты сөз жазу/ А. Алма, Т Тарақ, О орақ, С сағат 4- сұрақ Сөздерден сөйлем құрау. 1.Әжеде бер,атада жоқ,Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)2.Біреуі «белде»Біреуі «көлде» («Л» әрпі)3.Ірімшікті жедің ғой,Тәтті екен дедің ғой..Ірімшікті біз жеген,Қай әріптен басталған. («І» әрпі)Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.1- оқушы: Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым ағасы Әліппеден басталғанДаналықтың данасы.2- оқушы : Іші толған әріпке Жақсы кітап әліппе Әліппені аламыз, Мектепке біз барамыз.3- оқушы: Іші толған әріпке Жақсы кітап әліппе Барлық білім-ілімнің Ағасы осы әліппе.4- оқушы: Келгенде алғаш мектепке Білмеуші едік әріпті де Оқимыз қазір ертегіні де Үйреткен оны Әліппе.5- оқушы: Әліппе деген даңғыл жол Апарар сені алысқа Жеңіл емес ауыр жол Тырысып бақ намысқа6- оқушы: Апа-ата атын сен Бізге үйреттің әліппе Бізге нағыз жақындыСенен білдік әліппе.Ән «Мектебім аяулы , мектебім» / барлығы/Әліппе: Балалар! Сендер менімен достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға Математиканы шақырайық.Математика: Сәлемет пе, достарым,Сабағы боп жоспардың4 амалды қолданғанМатематика достарың.-Кәне, қайсың жүйріксің?1.Сағаттың тілі нешеу? /екеу/ 2.Бағдаршам көзі нешеу? /үшеу/ 3.Апта күні нешеу?/жетеу/ Ретімен тізбеліӘрбір санды даралап,Қайсың барсың бізге ендіАйтып берер санамақ?1 - оқушы: Бейбарыс. 1 дегенім - бесік,Шықтың содан өсіп.2 - оқушы: Мұрагер. 2 дегенім – елім,Далам, тауым, көгім.3 - оқушы: Асылзат. 3 дегенім – үміт,Үміт артар жігіт.4 - оқушы: Альбина. 4 дегенім – төзім,Төзе білем өзім.5 - оқушы: Айдос. 5 дегенім – бақыт,Бағалайтын бақыт.6 - оқушы: Аружан. 6 дегенім – ақыл,Тыңдағаның мақұл.7 - оқушы: Айсана. 7 дегенім – жалау,Жүректегі алау.8 - оқушы: Данагүл. 8 дегенім – сөзің,Серт беретін кезің.9 - оқушы: Жанарыс. 9 дегенім – тоқтау,Елдің жоғын жоқтау.10- оқушы: Аманғали. 10 дегенім – Отан, 4. Сандардың құрамын табуМатематика -Дұрыс, балалар! Математика - ғылымдардың атасы деген. Ән: «Оқуда озат боламын»Би: «Батырлар»Мұғалім:Қымбатты балалар! Әліппе тек әріптермен таныстырып қана қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережесін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Ата-анамызды және ұстаздарымызды құрметтеуге үйретті.-Сыйлап үлкен ағаны, сәлем берген баланы кім дейміз? Хормен: Әдепті екен бұл дейміз.Мұғалім:-Кітап, дәптер, қаламы, кір шалмаған баланы кім дейміз? Хормен:Ұқыпты екен бұл дейміз.Мұғалім:-Таудай биік талабы, жақсы оқитын баланы кім дейміз? Хормен:Үлгілі екен бұл дейміз.Мұғалім:Жарайсыздар, балалар! Біз әр сабақта жақсы сөздермен танысамыз. Әдептілікке үйренеміз. Егер сендер осы күннен әдепті болып өссеңдер, есейгенде ата-аналарыңның, өз Отаныңның мақтанышына айналасыңдар.Ән: Ата-ананы тыңдаймызЖүргізуші: Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.1 - оқушы Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.2- оқушы Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.3- оқушы: Қайын жұрты: ъ, ь белгілері. Жүргізуші : Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік. Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.І - жүргізуші:Енді ортаға әріптерді шақырайық.«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай( О, Т, А, Н, Ә, Л, І, П, П, Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.1 - оқушы:Оспан да өлең жаттады,Олжас та өлең жаттады.Мына менен басталғанЕкеуінің аттары.2 - оқушы:Торғай, торғай, торғайсыңТаяу келіп қонғайсың.Жем шашайын тойып ал,Сонда аязға тонбайсың.3 - оқушы:Астана - Астанам,Астана - бас қалам.Ардақтап атыңды,Аузымнан тастаман.4 - оқушы:Ас біткеннің атасыҚасиетті «нан» осы.Қайсы әріптен басталыпАяқталғанын қарашы.5 - оқушы: Әлияны білесіз,Көңілге мені түйесіз.Ә әрпі де атымдаОқып – біліп жүресіз.6- оқушы Лағым,менің лағым,Селтеңдейді құлағың.Босқа жүрмей сенімен,Л-дан сөзді құрадым7- оқушы :Іл-іл ілмешек,Ірі шарды үрлесек.Ренжиді інілер,«І» дыбысын білмесек.8- оқушы:Бала отыр партада,Оқы,үйрен шаршама.П-дыбысы дауыссыз,Мәлім болды баршаңа.9 –оқушы : П – дегенде парасат,Жақсылардан шарапат.Еңбекқор бол перзентімНесібеңді адал тап.10-оқушы :Е- дегенде ертегі,Бізге сырын шертеді.Еңбек, есті, ерліктіҮлгі қылып ертеді.Жүргізуші: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?Қыздар: Балаларға ақ тілек,Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.Хормен: Біздерге білім үйреткен,Әліппе, саған рахмет.1-Оқушы : Бүкіл қазақ баласы дәріптеген Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен. Ризамыз бәрімізді таныстырған, Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.2– оқушы : Таныстырып 42 әріппен, Қош бол менің қасиетті Әліппем! Сенің арқаң оқи жаза білгенің Сауатты адам санатына кіргенім.3-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол Сауатты боп шықты міне балаңыз.Жүргізуші: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіре отырып, сізді демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз.Әліппе: Рахмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілі де келіп қалыпты. Қарсы алыңдарМұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме?Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой- деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.Ана тілі: Туған елдің тілімін, Елдос Ақылыммен таныламын. Түсіндірер бәріне, Ана тілі пәнімін Ана тілі ұраным Ана тілі болмаса Мықты болмас тұрағым. Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?1-оқушы : Кітап-білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.Ердаулет: Ақыл- тозбайтын тон, Білім- таусылмайтын кен.2-Оқушы: Кітапсыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.3-оқушы: Ақыл азбайды, Білім тозбайды.4-оқушы: Оқу инемен құдық қазғандай.5 - оқушы: Білім іздеген озар, Бүлік іздеген тозар.Слайд: 1 – сынып оқушыларыАта –аналармен ой сергітуБи: Мұғалім:-Балалар, енді сендердің достарың Ана тілі, Математика және басқа оқулықтар. Оларды жақсы оқып, таза ұстауға ант бересіңдер ме?Хормен:- Иә. -Кітапты ұқыпты таза ұстауға -Ант береміз!-Ішіндегі білімді маржандай теруге -Ант береміз!-Сабақты жақсы оқуға -Ант береміз!-Мектеп ережесін сақтауға -Ант береміз!Бәрі бірге:Бәрімізді сүйіп өткенБалаларға үйреткенӘліппе мен ұстазға Бас иеміз құрметпенӘн: «Ұстазым менің ұстазым»Мұғалім:Жеміске құты тола ма,Бір-бірлеп теріп алмасақ.Әп-сәтте шыға қоя ма,Еккен дәнің ойласаң.Көлге айналған бұлақтыңҚайнар көзін көріп пе ең?Том-том қалың кітаптың,Басы болар «Әліппе» - деп ақын Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, бұл білімнің, ғылымның алғашқы жолы ғана. Басқарып бүгін келесізАта – ана ұстаз балағаАқ жарқын сәлем етесізШақырып едік келдіңізСөз кезегін беремізМектеп директоры Жадыкова Жазира Сапарбаевнаға Оқушыларды марапаттау.Ата - аналар шашу шашады: Шашу, шашу шашайық, Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке бұл тойдың, Бастаңғысын жасайық.Әліппеден Ана тіліне көшіру салтанаты. Ана жанын ана болсаң ұғарсың, Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың, Балаң үшін кеуде керіп қуанып, Балаң үшін биіктен де құларсың Сөз кезегін ата - аналарға береміз.Мұғалім: Әліппемен қоштасу салтанатын аяқтай келе, Әліппені сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма болашақтада осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін. Аяқтап кешті, бүгінгі Гүлдерге толсын қолдарың. Қызықтап қысты қайтыңдар Сәт - сапар болсын жолдарың!!!.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 234 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2020 161
    • DOCX 29.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ватолина Елена Николаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ватолина Елена Николаевна
    Ватолина Елена Николаевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 93731
    • Всего материалов: 204

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 517 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 221 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 668 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе