Бекітемін: ----------------------
Оқу ісінің меңгерушісі м.у.а Нугманова Г.Ж
Пәні:
қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Күні: 21
қазан 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы : "БІРЖАН МЕН
САРА" АЙТЫСЫ
Сабақтың мақсаты :
а) Біржан
мен Сара айтысындағы көтерілген әлеуметтік мәселелерді айқындай отырып айтыстың
маңызын ашу, айтыстың көркемдік ерекшеліктерін таба білу;
ә)
тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге
тәрбиелеу, адалдыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа баулу;
б) төл
өнерімізге қызығушылықтарын ояту, өнерге баулу;
Сабақтың түрі
: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,
шығармашылық іздену, топтастыру,
Сабақтың көрнекілігі : ақындардың
суреттері, кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс : тарих,
музыка
Сабақтың барысы :
а)
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен
амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл
бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)
Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырма бойынша
Біржан сал Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы туралы мәліметті сұраймын.
Оқушыларға сұрақтар қоямын:
1. Біржан
Қожағұлұлы кім, не істеді?
2. Сара
Тастанбекқызы кім, не істеді?
б) Жаңа
сабақты түсіндіру.
Мұғалім: - "Біржан
мен Сара" айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан
болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.
Бүгінгі сабағымыз осы
айтыстағы екі ақынның көтерген әлеуметтік мәселесін тану, талдау болатын. Олай
болса, өздеріңді толғандырған, әсер еткен жырдағы мәселелерді жаза қойыңдар.
Әлеуметтік
мәселе
|
Түсініктеме
|
1. Ру
мәселесі
|
Найман
руы
|
2. Елдегі
атақты адамдарды дәріптеу
|
Арғын
руының атақтылары
Найман
руының атақтылары
Абай
Құнанбайұлы
|
3. Қазақ
қыздарының бас бостандығы
|
Қалың
мал мәселесі
|
Пікірталас. «Қалың
мал» салт-дәстүріне қалай қарайсыздар?
Қыздар «Даттаушы» топ
Ұлдар «Жақтаушы» топ
Кітаппен жұмыс: «Біржан
мен Сара» айтысын оқи отырып Біржан мен Сараға сипаттама беру.
1. Біржан
өзін қалай сипаттайды?
2. Сара
өзін қалай сипаттайды?
3. Біржан
мен Сара бірін-бірі қалай сипаттайды?
Топтастыру: 1-
топ Сараның бойындағы қасиеттерді жазу.
2-
топ Біржанның бойындағы қасиеттерді жазу.
Біржан: ақылды, парасатты, мейірімді,
өткір т.б
Сара: білімді, қайсар, өткір, шешен т.б
Оқушылар таратылған қағаздарға жазып
тақтаға магниттермен жабыстырады.
Айтыскермен кездесу.
Оқушылар өздерінің ой толғаныстарын,
айтыскермен кездескен кезде сұрайтын сауалдарын жазады.
Ұлдар Біржан салға, қыздар Сараға.
Көргендінің сөзін ал. Ақындар
айтысында көтерілетін мәселенің бірі өнеге жайлы нақыл сөздердің мәнін ашу
тапсырылады.
1. Ақ
көкірек, ақылды адамдармен кеңес құр.
2. Адамның
қадірін бағалай біл.
3. Сөзді
дәлелдеп айт.
4. Жақсылықты
ардақтай біл.
5. Біреуге
ақыл айтпақшы болсаң, оны өзің орындаған бол.
Слайд арқылы
түсіндіру: Айтыс –өнер –театр - кино
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына
жауап беремін.
1. «Біржан
мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?
2. Айтыста
екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?
3. Айтыстың
болашағы туралы не ойлайсыңдар?
4. Айтыстағы
жеңу мен жеңілу деген не?
Білімді бағалау: Оқушылырдың
жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай қыздар мен ұлдар
бір-бірлерін бағалайды.
Үйге тапсырма: -
«Біржан мен Сара» айтысын оқып келу;
-
Біржан сал мен Сараның ізбасарлары бар ма?
Айтыс өнеріндегі өздері ұнатқан қыздар мен жігіттер туралы мәліметтер жазу.
Қорытынды
Рефлексия кезеңі:
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерңізге сүйене отырып өз бағаларыңызды
беріңіздер.
Жасыл түс: Жаңа
сабаққа көңілім толды.
Ақ түс: Бүгінгі
сабақ сезіміме әсер етті.
Қызыл түс:
Сабақтан жаңа идеялар байқадым
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.