Инфоурок Директору, завучу Рабочие программы«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» байқауы. «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің деңгейлерін талдау жоспары

«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» байқауы. «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің деңгейлерін талдау жоспары

Скачать материал

Гуманитарлық педагогикалық колледжі

 

 

 

 

 

Баяндама

 

«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»

 

 

 

 

Баяндамашы :           Р.Г.Жунисбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы республикалық тамыз педагогикалық кеңесі аясында он-лайн режиміндегі жаңа 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы

«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы республикалық тамыз педагогикалық кеңесі аясындағы Гуманитарлық педагогикалық колледжінің кеңесіне баяндама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің ҚР білім беру қызметкерлерінің «Білім берудің инновациялық стратегиясы −мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңестерін өткізу туралы» 2014 жылғы 9 маусымындағы №212 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 18 тамызында «2014-2015 оқу жылының басталуы туралы» мектепке дейінгі білім беру жүйесінің республикалық тамыз кеңесі on-line тәртібінде өткізіледі.

Республикалық кеңеске ЮНИСЕФ, облыстық, аудандық білім басқармалары мен бөлімдерінің  басшылары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласына жауапты мамандар, мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері және педагогтары, ата- аналар қауымдастығының өкілдері қатысады.

 Кеңесте  Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева баяндама жасайды.

Баяндама бойынша талқылау кезінде ЮНИСЕФ өкілі Т.Адерихина, ҚызҰПУ Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту факультетінің деканы С.Н.Жиенбаева және ата-аналар қауымдастығының өкілі Бегімбетова Р.Ж. сөз сөйлейді.

Қатысушылар кең көлемді Интернетке қосылған ұйымдар арқылы жаңа оқу жылындағы мектепке дейінгі ұйымдар білім беру қызметінің ерекшеліктері туралы ақпарат алумен қатар, сұрақтар қою және оған жауап алу, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болады. 

Кеңес қорытындысы бойынша басшылыққа және жұмыс барысында қолдану үшін ұсынымдар қабылданады.

Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған. 

Білім беру мекемелерін оңтайландыру бағыты бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалып жатқан шаралар аз емес. Алдымен, оған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған білім ордаларын айтуға болады. Аталған бағдарлама аясында 2009-2010 жылдары республикада 219 мектеп, 2010 жылы 93 мектеп салынып, пайдалануға берілген екен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның негізгі жоспары - жыл сайын 100 мектеп салу. Осы бағдарламаның аясында еліміздегі әр облыстардағы көптеген елді мекендерде жаңа заманауи білім беру ошақтары ашылды. Әр облыста бой көтерген Назарбаев зияткерлік мектептері осы бағыт негізінде қолға алынған болатын. Жоғары оқу орындарына қатысты айтар болса, қазір жұмыс істеп тұрған барлық ЖОО-ларды тексерістен өткізіп, қорытындысы бойынша олардың санын біріктіру немесе жекелеген мекемелерді тарату қолға алынып жатыр. Бұл да білім беру мекемелерін оңтайландыру бағытында қарастырылатын мәселелердің бірі. 

 

Екінші бағыт - оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. Бұл бағыттың үдерістері біздегі білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі - академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті сабақтар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейту жоспарланған. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері,12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта оқытуды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынды. 

 

Үшінші бағыт - білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Бұған инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерді пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика тағы басқалар жатады. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияны енгізу, оқушының жеке интеллектуалдық қабілеттерін арттыру бағытында жұмыстанып жатыр. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-лары да түрлі инновациялық методикаларды пайдалана басталады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастыруда.

 

Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы айқындап берді.

 

Хакім Абайдың мынадай сөзі бар: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма» деген. Сондықтан, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру саласына ерекше көзқарас пен қомақты қаржы бөлінуі керек. Біздің елде осы салаға бөлінген қаражат саны жыл сайын өспесе, кеміп жатқан жоқ. Соңғы 15 жылда ел экономикасының өсімі 16 есеге, соның ішінде білім беру саласына жұмсалатын қаражат 9,5 есеге өскен. Яғни, соңғы жылдардың нақты дерегін келтіретін болсақ, мемлекет тарапынан ғылымға бөлінген қаржы 2011 жылы 26,8 млрд. теңгені, 2012 жылы 48 млрд. теңгені құраған екен. Бұл ғылым саласының одан әрі дамуына үлкен септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, ғылыми зерттеулерге гранттық қаржыландыру қарастырылған екен. Яғни, 2012-2014 жылдарда жүргізілген, әлі де жасалатын ғылыми зерттеулерге бөлінген қаржыландырудың мөлшері 1,731 млрд. теңге құрап отыр. 

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақмерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Қорыта айтқанда, еліміздегі білім жүйесін дамыту – дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді.

 

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында да білім саласы қалыс қалып көрген емес. Білім беру саласындағы жаңашылдыққа ұмтылуда инженерлік оқыту, инновациялық зерттеулерді жетілдіру, ғылым мен бизнестің кооперациясы, перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыратын жол картасын дамыту сынды ұсыныстарды айта кеткен жөн. 

 

Елбасы Н. Назарбаев «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда, соның ішінде халықаралық ЖОО-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, ЖОО-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды» - делінген. Демек, елдегі білім беру саласы үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Жоғарыда келтірілген бағыттар жүйелі дамитын болса, білім беру саласы да алға жылжитыны сөзсіз. 

 

Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы да білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Еліміздегі білім беру саласында қордаланған мәселелер өте көп. Мәселен, мұғалімнің білімсіздігі, оқулықтар мәселесі, басшылардың жүгенсіздігі, оқушылардың тәрбиесі, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер, тағысын тағы. Бұлардың барлығы елдегі білім сапасыздығын арттыратын факторлар саналады. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы - ертеңгі маман. Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайды тағы белгілі. Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ

 

ЕРЕЖЕ

«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2014» байқауы «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі қарсаңында  өтеді.

 

Жалпы ереже

1.     Облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі қарсаңында  Білім басқармасы мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 2014 жылғы жоспарына сәйкес  қашықтық байқауұйымдастырылуда.

2.     Байқауды өткізу ұсынылған Ережеге негізделеді.

3.     Байқау қорытындысы Білім басқармасының арнайы сайтында жарияланады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

1.     Байқау шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау көрсету, білім берудегі ұсынылатын және қолданыста жүзеге асырылған нәтижелі жобаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

2.     Мұғалімдердің зерттеушілік әрекетін және олардың кәсіби өсуін ынталандыру, шығармашыл мұғалімдерді және әкімшілікке қолдау көрсету;

3.     Білім беру үдерісін жүзеге асыруға қабілетті идеяларды анықтау және тарату;

4.     Білім беру үдерісіне қатысты идеялардың нәтижелі жүзеге асуына қолайлы жағдай жасау;

5.     Инновациялық-педагогикалық тәжірибені қалыптастыру, ақпараттық жүйе арқылы инновациялық жобаларды, экспериментальды-зертханалық  жұмыстарды қолдау, ғылыми зерттеу жүргізу, сонымен қатар жоғары оқу орындарымен серіктестікте болу.

Қатысу шарты

1.     Байқау білім беру қызметкерлері арасында өтеді (мектепке дейінгі және бастауышта білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары, қосымша білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары).

2.     Байқауға қатысатын мұғалімдердің жұмыс өтілі 1 жылдан және әкімшілік қызметтегілердің жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы керек.

 

Құжаттарға қойылатын талаптар

1.     Өтініш 1 қосымшаға сәйкес толтырылады;

2.     Пікір (тұжырымы, қорытынды және т.б.) «Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт–2014» байқауының ұйымдастыру алқасының атына жоғарғы оң жақ бұрышына ерікті түрде толтырылады.

3.     Байқау құжаттары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Мақала соңында қысқаша аннотация болуы шарт (түйіндеме).

4.     Жоба аннотациясы төмендегідей мазмұнды қамтуы қажет: «идея», «мақсаты», «технологиясы», «күтілетін нәтижесі», «қолданылған материалдары». Мәтін 1 бетте А-4 (1,5 см барлық жағынан), 12 шрифт (TimesNewRoman) 1,15 интервал. Жоғарының орта жағына жобаның тақырыбы жазылады, төменгі жаққа– орындаушы немесе орындаушылар (топ басшысы бірінші жазылып қарамен айшықталады, төменіне «Аннотация» деп жазылады.

5.     Конкурс құжаттары сұраныс, аннотация, пікірді қоспағанда 15 беттен аспауы шарт. Беттің форматы: А-4, 1,5 см барлық жағынан, беттің реттік номері төменде оң жақ бұрышында, бірінші бетке номер көрсетілмейді. Шрифт: 14 шрифт, TimesNewRoman,1,15 интервал. Бірінші бет– титул бет болып саналады: мекеме атауы, номинация, орындаушы немесе орындаушылар (топ басшысы бірінші жазылып қарамен айшықталады,жоба атауы. Жоба материалдары байқауға қатысушының талғамымен безендіріледі.

6.     Пайдаланылған әдебиеттер мәтіннің соңына қолдану реттілігіні қарай жалғанады. Мәтіндегі әдебиетке сілтемелер «тік жақша» ретінде пайдаланыған әдебиеттегі номерлермен сәйкес болады, мысалы: [1, 250б].

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұшқыр ізденіс пен шығармашылық шабыт-2015» байқауы. «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің деңгейлерін талдау жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жалпы ереже 1. Облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі қарсаңында Білім басқармасы мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 2014 жылғы жоспарына сәйкес қашықтық байқауұйымдастырылуда. 2. Байқауды өткізу ұсынылған Ережеге негізделеді. 3. Байқау қорытындысы Білім басқармасының арнайы сайтында жарияланады. Байқаудың мақсаты мен міндеттері 1. Байқау шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау көрсету, білім берудегі ұсынылатын және қолданыста жүзеге асырылған нәтижелі жобаларды анықтау мақсатында өткізіледі. 2. Мұғалімдердің зерттеушілік әрекетін және олардың кәсіби өсуін ынталандыру, шығармашыл мұғалімдерді және әкімшілікке қолдау көрсету; 3. Білім беру үдерісін жүзеге асыруға қабілетті идеяларды анықтау және тарату; 4. Білім беру үдерісіне қатысты идеялардың нәтижелі жүзеге асуына қолайлы жағдай жасау;

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 615 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2020 175
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Цыбикдоржиева Ирина Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91326
    • Всего материалов: 223

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности в сфере национальных и религиозных отношений

Специалист в сфере национальных и религиозных отношений

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Профессиональные навыки экономиста: планирование, учет и анализ деятельности предприятия

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 21 региона

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции