Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыШыншылдық - адалдықтың белгісі. Өзін өзі тану

Шыншылдық - адалдықтың белгісі. Өзін өзі тану

Скачать материал

№ 211  А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шыншылдық-адалдықтың белгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қаласы

 Тақырыбы:Шыншылдық-адалдықтың белгісі

 

     Мақсаты:

-оқушылардың бойында адалдық және шыншылдық ұғымы жөнінде түсінік қалыптастыру;

-балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ынталандыру;

-оқушыларды өз-өзіне және айналасындағыларға жақсылық жасап жүруге үйрету арқылы адал болуға тәрбиелеу.

-ой белсенділігін,өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру.

      Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,түсіндіру,оқулықпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс.

      Қажетті оқу құралдары:оқулық,дәптер,түрлі суреттер.

 

Сабақ барысы:

1.Көңілашар

Ø Балалар,мен сендерді ортаға шақырамын.Мына өлеңді айтып үйренейік.

        Шындықты сақтаймыз,                            Өрге баспас өтірік,

        Шыншылды жақтаймыз.                          Шындықты тек айтамын.

        Достықты дәріптеп,                                  Өз бойымнан бүгін мен

        Шығарып мақтаймыз.                              Шыншылдықты байқадым.

2.Тыныштық сәті

Ø Ертеде қаз дауысты Қазыбектің аулына бір саудагер келіпті.Түстеніп,тамақ ішіп болған соң Қазыбекке:

-  Би,бір сөз сұрайын деп едім,-депті.

-  Сұраңыз,-дейді Қазыбек би.

-  Біз өзара дауластық та.ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық.Сөздің атасы кім,анасы кім?-депті

   Сонда Қазыбек би:

-Сөздің атасы-бірлік, анасы-шындық ,-деген екен.

Ø Балалар,бірлік дегеніміз -тату болу дегенді білдіреді.Ал шындық туралы сендер    білесіңдер деп ойлаймын.

-Егер « шындық- сөздің анасы» деп түсінетін болсақ, онда ол қандай қасиет болғаны?

Балалардың жауаптары төмендегідей болды.

ü Шындық деген өтірік айтпау

ü Досыңды алдамау

ü Шыншыл болған жақсы

ü Өтірікшімен дос болмас едім

ü Абай ата да өтірік- бес дұшпанның бірі деген

 

3.Оқулықпен жұмыс

 

 

 

                                   Шыншылдық

 

   Естай екінші сыныпқа көшті.Бойы кіп-кішкентай,білетін адам болмаса,оны оқушы деп ешкім ойламайды.Жазғы каникулда олар басқа қалаға бармақ боп келісті.Естай:

  -Әке,мен де барайын, -деді.Әкесі анасына көзін қысып қойып:

-Бұрын саған билет алмаушы едік.Сен енді есейдің.Саған билет алуға ақша жоқ .Сен бармайтын шығарсың,-деді.

- Әкесі,Естайды әлі мектепке барған жоқ деп билет алмасақ қайтеді,-деді анасы.

- Жоқ. Ұшқыштарды алдауға болмайды.Ешқашан өтірік айтпа деуші едіңіздер ғой,-деді Естай.

- Ендеше, үйде қал,-деді әкесі.

- Бармасам, бармаймын,-деді Естай өкпелеп.

  Келесі күні ата-анасы жол жүруге дайындалып жатты.Естайда үн жоқ.

-         Естай,бізбен бірге жүрсеңші,-деді әкесі.

-         Билетсіз бармаймын ,-деді Естай.

Әкесі көк қағазды көрсеткенде Естайдың қуаныштан жүзі жайнап сала берді.Олар әуежайға келді.Ұшаққа отыру басталған екен.Естай билетін жолсерікке ұсынды.

-         Сенде де билет бар ма?-деп таңданды жолсерік.

-         Әрине.Мен 2 -сыныпта оқимын ғой,-деді Естай.

-         Бізге қоярда қоймай өзі алғызды,-деді анасы.

-         Балаңыз шыншыл екен.Бұл жақсы қасиет қой. «Жаным арымнан қымбат» деген бар емес пе?-деді жолсерік.

Естай аяғын адымдай басып,жоғары көтеріліп бара жатты.

 

 

Ø Әңгіме сендерге ұнады ма?

Ø Әңгіме кім туралы?

Ø Естай қандай бала?

Ø Егер сен Естайдың орнында болсаң, не істер едің?

Ø Осы әңгімеден қандай ой түйдің?

Ø Өтірік айтқан кездерің болды ма?

 

Балалардың жауаптары:

 

ü Өтірік айту- ең жаман әдет.

ü Мен де Естай сияқты билет алғызар едім.

ü Естай сияқты балалар көп болса екен.

ü Шыншыл болған жақсы.

ü Өтірік өрге баспайды.

ü Шыншылдық-адалдықтың белгісі.

4.Дәптермен жұмыс

Ø Әр жүрекшеге өзіңе ұнайтын жақсы қасиеттерді жазып шық.

Сердце: шыншыл
дық ыншылдық
Сердце: адалдық ыншылдықСердце: сыпайылық   

 

 

 

 

 

Сердце: әдептілік
Сердце: еңбекқорлық  Сердце: мейірімділік
 

 

 

 

 

 

 

 


5.«Шын ба,әлде өтірік пе?» ойынының шарты мынадай.Мұғалім әр сөйлем айтқан сайын «шын ба,әлде өтірік пе?» деп сұрайды.Балалар оның шын-өтірігін тез айтуы керек.

 

Ø Жазда қар жауды.

Ø Асан дәптерге бормен жазды.

Ø Сәуле он деген баға алды.

Ø Көктемде малдар төлдейді.

Ø Тазша бала тек шындықты айтады.

Ø Біздің сыныпта он екі қыз бар...

   6. Дәйексөз

        Шындықтың шырағы сөнбейді.

         Өтірік өрге баспайды.

 

   7.Жүректен жүрекке

-  Екі көз не үшін керек?

-  Жақсыларды көру үшін.

-  Екі құлақ не үшін керек?

-  Ақыл-кеңес алу үшін

-  Екі қол не үшін керек?

-  Елге көмек беру үшін

-  Қызыл тіл не үшін керек?

- Тек шындықты айту үшін керек.

 

Ø Олай болса, шындықпен дос болайық,балалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шыншылдық - адалдықтың белгісі. Өзін өзі тану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:Шыншылдық-адалдықтың белгісі

 

     Мақсаты:

-оқушылардың бойында адалдық және шыншылдық ұғымы жөнінде түсінік қалыптастыру;

-балалардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ынталандыру;

-оқушыларды өз-өзіне және айналасындағыларға жақсылық жасап жүруге үйрету арқылы адал болуға тәрбиелеу.

-ой белсенділігін,өз ойын еркін жеткізе білу дағдысын арттыру.

      Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,түсіндіру,оқулықпен жұмыс,ойын,сұрақ-жауап,интерактивті әдіс.

      Қажетті оқу құралдары:оқулық,дәптер,түрлі суреттер.

 

Сабақ барысы:

1.Көңілашар

ØБалалар,мен сендерді ортаға шақырамын.Мына өлеңді айтып үйренейік.

        Шындықты сақтаймыз,                            Өрге баспас өтірік,

        Шыншылды жақтаймыз.                          Шындықты тек айтамын.

        Достықты дәріптеп,                                  Өз бойымнан бүгін мен

        Шығарып мақтаймыз.                              Шыншылдықты байқадым

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2014 781
    • DOCX 62.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танатарова Даригуль Кабылбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4563
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе