Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Шудың адам ағзасына әсері»

«Шудың адам ағзасына әсері»

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Шудың адам ағзасына әсері» 

Бағыты:  Таза  табиғи  орта  —  Қазақстан  —  2050  стратегиясын    іске  асырудың  негізі

Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

 

 

Ғылыми жоба дайындаған: 104- топ білімгері Шамен Айдана

Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің  оқытушысы  Асжанова М.А.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2018 жыл 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны 
1. Кіріспе........................................................................................................6 


2. Зерттеу бөлімі

2.1. Шу- экологиялық фактор ..............................................................7

2.2. Табиғатта  шу пайда болу әдістеріне  байланысты

 танылады ..............................................................................................8

2.3. Шудың  адам денсаулығына зияны .............................................9

2.4.Тұрақты шудың әсерінен қысымның өзгеруі .............................12

2.5.Ағзаға шудың арнайы емес әсері................................................. 15 

3. Қорытынды...............................................................................................18 

4. Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

 

 Профессор Рузуддиновтың медициналық – стоматологиялық колледжінің

« Дантист » мамандығы бойынша 104 топ білімгері Шамен Айдана « Шудың адам ағзасына әсері» -тақырыбы төңірегінде  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген.Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық  қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан бұл тақырыптың өзектілігі осымен айқындалады.

Ғылыми зерттеу жобасының мақсаты міндеттері дұрыс көрсетілген. Шудың жүрек соғысына, артериальдық қысымға және  білімгерлердің  көңіл бөлуіне әсерін анықтау. Себебі, бұл білімгердің үлгерімінің басты компоненті болып табылады. 

1. Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2.Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3.Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4.Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5.Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.

  «Шудың адам ағзасына әсері» - тақырыбында жазған ғылыми  зерттеу жобасы жоғары деңгейде, талапқа сәйкес жазылған және конкурстарға қорғауға жіберуге толық болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің оқытушысы                   Асжанова М.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация.

 

Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.Азырақ шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады. 

 

 

 

 

Аннотация.

 

   Шум это не звук, состоящий из больших чисел обыкновенных высот и сил, а совокупность неизменчивых звуков. Шум – затрата производства нашей цивилизованной эры который с каждым днем входит в нашу жизнь. Стало известно что, чем сильнее шум, тем сильнее он действует развитие ребенка. Находиться долгое время в интенсивном шуме приводит к изменению артериального давления и к ухудшению работы сердца. В коре мозга появляются нарушения, происходит ухудшение слуха и нарушается память. По этой причине, данная тема является актуальной в наше время.

 

 

 

Annotation.

 

 

 Noise is not a sound consisting of large numbers of ordinary heights and forces, but a collection of unchanging sounds. Noise is the cost of production of our civilized era which constantly enters our life. It is established that, the stronger the noise, the more it influences on the development of the child. Staying for a long time in an intense noise leads to the change of arterial pressure and deterioration of the work of human heart. There are disturbances in the cerebral cortex, the hearing system deteriorates, and the memory is impaired. Consequently, the given theme is considered as actual in our time.

 

 

 

 

 

 

 Зерттеу мақсаты: Шудың жүрек соғысына, артериальдық қысымға және  білімгерлердің  көңіл бөлуіне әсерін анықтау. Себебі, бұл  білімгердің үлгерімінің басты компоненті болып табылады. 

 Зерттеу міндеттері:

 

1.Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2.Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3.Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4.Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5.Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
 

Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану,

зерттеу жұмысында салыстырмалы тарихи, салыстырмалы типологиялық және жүйелі сипаттама тәсілдері қолданылды.Жинақтау, саралау әдістерін басшылыққа ала  отырып,тақырып бойынша әдебиеттерді талдау,  сауалнама жүргізу, тәжірибе жасау

 

Дерек көздері: Шу туралы  зерттеу еңбектер.

 

Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп  мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктермен көпшілікпен бөлісу.

 

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

Зерттеу өзектілігі: Ауаның, топырақтың судың ластануы адам ағзасына кері әсер ететіні барлығына белгілі. Алайда, бұл аталғандардың зияны шуға қарағанда азырақ Шудың неғұрлым қатты болуы баланың ақыл ойының дамуына әсер ететіндігі анықталған. Ұзақ уақыт бойы интенсивті шудың ортасында болу артериальдық қысымның өзгеруі мен жүрек жұмысының нашарлауына алып келеді. Мидың қыртысында бұзылулар пайда болып, есту, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі осы болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.

Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дыбыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы.

Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.

Зерттеу мақсатым адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:

1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.

  Ежелгі Қытайда шудың көмегімен жазалау ең ауыр жаза болып табылған. Әсіресе,балалар қатты зардап шегеді. Табиғат көптеген дыбыстардан тұрады. Адамдардың даусы,құстардың сайраған әні,желдің гуілі,сағаттың соғуы,көліктердің дыбысы және т.б. Болып жатқан оқиғаларды анықтап білудің негізгі хабаршысы дыбыс. 
Дыбыс дегеніміз не? Неге біз оны естиміз және ол қайдан шығады? Оның көзі денелердің немесе оның бір бөлігінің тербелу,үйкелу,сығылу және т.б жағдайлар арқылы пайда болады. Тербелу арқылы қоңырау соғылады. 
Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.

  Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс. Адам ағзасына олардың әсері  ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі  әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

 

 

 

 

 

 

 

2.Зерттеу бөлімі ( теориялық бөлім )

2.1. Шу — экологиялық фактор

Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады.80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін әр  қайсысы білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сіздер бұндай жағдаймен кездессеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз. "Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.

Пәнде мынадай мәселелердің жәй-күйі мен жағымсыз факторлары қаралады: тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары - адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары; 

- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру; 

- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері; 

- ТЖ мен оның салдарын болжау; 

- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;

Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.

2.2 Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады

1) Қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.

2)Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.

3)Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.

4)Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.

Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.

Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.

Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.

Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.

Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.

Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.

Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы,тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.

Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.

Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

2.3.Шудың адам денсаулығына зияны

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің  өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шуды ңұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының  кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

 1.Дәрежесі  – есту ағзасына шудың әсер  ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц  - тен 50 дБ(±20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1).

2.Дәрежесі - Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

3.Дәрежесі-Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит.           Осы дәрежедегі  естудің төмендеуі  сөзді қабылдау  аймағындағы есту босағасының  21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап  сөйлеудің 2 м (±1) дейін естудің  төмендеуінде қалыптасады.

4.Дәрежесі – айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы  неврит.  Осы дәрежедегі естудің  төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 31 ден 45 Дб жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап  сөйлеудің 1 м (±0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы  неврит кезінде консервативті емдеу  әдісі қолданылады; ол лабиринттің  рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.

Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық  әсерлері бар дәрілерді қолдануға  болмайды, әсіресе аминогликозид  қатарының антибиотиктерін.шудың  әсерінен   пайда болған кереңдіктің  медикаментозды емі кезінде, И.Б.Солдатов және А.Я.Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1). Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы  қан айналымды жақсартатын; 2). Жасушалық және тіндік метаболизмге  әсер ететін; 3). Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4). Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының  реттелуі.  Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.

 Егде  жастағы адамдарға  профессионалды неврит кезінде стугерон, девинкан немесе винкапанды тағайындаған дұрыс. Емдеу курсы 3-4 апта А және Е витаминдерімен бірге жүргізіледі. Алмасу процестерін  жақсарту үшін витамин препараттарын қолданамыз. Осы мақсатта В1, В6, В15 витаминдерін қолданады. Кокарбаксилаза, АТФ, А витаминін қолдану көрсетілген. Биостимуляторлардан кеңінен алоэ экстрактысы қолданылады, ФиБС- 30 күн бойы тері астына, гумизоль 2 мл бұлшық етке және апилак 0,01г ішке 20 күн бойы.Жеке  қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер  жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын  бірқатар талаптар бар, олар  шудың әсерін төмендетіп, қолдануға  ыңғайлы болу керек. «Шудан  жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.Жеке  қорғаныс заттарын қолдану кезінде  белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық  болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы   аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей  тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын  қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.

Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі  әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Патогенезі. Шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар  шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.

Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің  тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың  алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы  тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.

Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.

Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары  есту анализаторларының  анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер,  тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
   Тірі ағзаларға тікелей және айрықша әсеріне байланысты қоршаған ортаның шумен ластануы таза экологиялық факторлардың категориясына жатады 
Тұрақты шуда қалада өскен ағаштар жиі ауырып ,тіршілігін тоқтатады. Шудың ұзақ уақыт бойы тұруы өсімдіктерге ғана әсер етіп қоймай,кейбір. Адамдар өмір бой дыбыстар әлемінде өмір сүріп келеді. жануарлардың да жойылуына алып келеді. Адам дыбыс әлеміне сөйлеу пен әуенді әкелді. Дыбысты өзінің көмекшісі ретінде пайдаланды. Теңіздің толқуы,жаңбырдың жаууы,жапырақтың тусуі сияқты дыбыстардың адам ағзасына жағымды әсер ететіні белгілі,адамды тыныштындырады. Ал транспорттағы немесе кәсіп орындағы шу адамды шаршатады,басады,ойын жүйеге келтіруге бөгет жасайды. Зерттеулер бойынша, шу адамның жұмысқа деген қабілеттілігін 50% төмендетеді. 
Әлемдегі әртүрлі дыбыстарға толы, сағаттың тықылаған дыбысы, матордың гуіллі,жапырақтың және тағы басқа дыбыстарды айтуға болады. Табиғаттың жаратқан дыбыстарының барлығы адамның денсаулығына кедергісі жоқ сияқты, дегенмен дыбыстар табиғатта әртүрлі мақсатта қолданылады. Мысалы: хайуанаттарға сигнал ретінде, адамдар қал-жағдайына қараай қолданады. ХХІ ғасырда адам баласының ыңғайына шешіліп отырған көптеген жетістіктерді атап айтуға болады. Дегенмен, біз көптеген мәселелерді пайдамызға шеше білгенімізбен, олардың екінші жағы, зиянын қарастырмаймыз. Өйткені,қазіргі таңда медицинаның дамыған кезінде де әуен арқылы адамдарды емдеуге болатынын көріп жүрміз. Мысалы: психологиялық жағынан қарағанда классикалық әуендер адамның миын тыныштандырады. Сондықтан дыбыстарды зиянды демей, оның пайдалы жақтарында айтуға тура келеді. Бізді қоршаған ортада, табиғаттың ешбір зиянды жақтарын көре алмайтынымыз дұрыс, бірақ адам баласы өзіне зиянды нәрселерді өз қолымен жасайды емес пе? Олардың бірі бізді қоршап отырған дыбыстың түрлері. Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениет пен техниканың айырылмас жол серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді. Шу – амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелісті айтамыз. Шу дегеніміз- адам организміне механикалық тербелістің әсер етуі, тербелістің жиілігіне, интенсивтілігіне және берілу ортасына байланысты болады. Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қанқысымы көтеріледі. 
Шумен күресудегі ең негізгі шаралары бұл – үш негізгі бағытта жүзеге асырылатын техникалық шаралар: 

-шудың пайда болу себебін немесе оның көзінің шуын азайту шаралары; 
беру жолдарының шуыназайту; 
-цехтағы жұмысшыларды қорғау. 
Шуды азайтудың негізгі құралы бұл – шуды көп шығаратын технологиялық құбылыстарды аз шулы немесе мүлде шу шығармайтын құбылыстарға ауыстыру. 
Шудың аккустикалық есебін жүргізу және шудың адам организіміне әсер етуінен қорғану шараларын жасау. 

2.Зерттеу бөлімі (практикалық бөлім)

 2.4.Тұрақты шудың әсерінен  қысымның өзгеруі 
Өз жұмысымның барысында мен біздің колледж  білімгерлерінен сауалнама өткіздім.

 

1-      кесте колледж білімгерлерінен алынған сауалнама нәтижесі

 

Сауалнамадағы сұрақтар

Нәтижесі

1

 Колледж ішіндегі  шу сізге қалай әсер етеді?

 

65%

2

Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?

 

50%

3

Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?

 

42%

4

Сабақта қандай шу кедергі  жасайды?

78%

 

 

 

1- сурет 104 –топтан сауалнама алу сәті

 

Білімгерлерге қойылған сауалнамадағы сұрақтар:

1. Дәліздегі  шу сізге қалай әсер етеді?

А.әсер етпейді

В.үзіліс кезінде онсызда шу болады

Г.маған қатты әсер етеді

Д.мән бермеймін

2.Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?

А.алаңдаймын

В.көңілім бөлінеді

Г.жүйкемді әлсіретеді

Д.мән бермеймін

3.Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?

А.бәрібір

В.үрей тудырады

Г.бәріне мән беремін

Д.мән бермеймін

 

2- кесте. 104 топ сауалнама нәтижесі

Сауалнамадағы сұрақтар

Нәтижесі

1

 Дәліздегі ішіндегі  шу сізге қалай әсер етеді?

 

20%

2

Терезе сыртындағы шудың әсері қандай?

 

43%

3

Шудың басқа түрлерінің сіз үшін әсері бар ма?

 

60%

4

Сабақта қандай шу кедергі  жасайды?

67%

 

     

2-сурет.Білімгерлердің өлеңді жатқа айту сәті

 

 Келесі тәжірибемді өз тобымдағы  оқитын  білімгерлерге жүргіздім: Аружан , Диана, Марал атты достарыма ақиық ақын М.Мақатаевтың « Біздің көктем » атты өлең шумағын жаттауға берілді. Өлеңді жаттау үшін 2 минут уақыт берілді, шулы ортаны жасауға топтағы білімгерлер көмектесті. Нәтижесінде, Диана 1 шумақ өлеңнің 3 жолын ғана толығымен айтты .Аружан 4 жол тақпақтың 2 жолын жаттады 2 жолын есіне түсіре алмады. Ал, Марал 1 жолын жаттап,бірақ 3 жолын ұмытып қалды.

 Тәжірибені тыныш ортада қайталап жасадық. Енді «Біздің көктем» өлеңінің  тағы бір шумағын қосып жаттауға берілді. Бұл тәжірибені орындауға  1- минут уақыт берілді. Сол кезде, Диана 8 жолды толық жатқа айтып берді. Ал Аружан 6 жолды жаттап , 2 жолын ғана ұмытып қалды. Марал осы 8 жол шумақтың 4 жолын жатқа айта алды.

 Бұл тәжірибе барысында байқағаным, шулы ортада  тақпақ берілген білімгерлер  тақпақты жаттау барысында біраз қиналды. Себебі: олардың тақпақ жаттауға зейіні тұрақсыз болды.Білімгерлердің шамадан тыс шулауы кері әсерін тигізіп, жадына сақтауға мүмкіндік болмағандықтан,тақпақ толық естерінде қалмады.
Ал тыныш ортада жүргізген кезде, тақпақ оңай, әрі қиындықсыз зейіндері тұрақталып,тез жаттауға мүмкіндік туды.

 

  

3- сурет. Колледж мейірбикесі тәжірибе алдындағы білімгерлердің пульсі мен қан қысымын өлшеу сәті

 

 Келесі тәжірибеде шудың адам ағзасына әсерін зерттедім. Қатысушылар ретінде өз тобымның  білімгерлері Әсет пен жасминді алдым.Алдымен,колледжіміздің мейірбикесі Қадырова Дидар Уәлиханқызы Әсет пен Жасминнің тәжірибе алдындағы қан қысымдарын өлшеді.Сол кезде Әсеттің қан қысымы 100/70,ал Жасминнің қан қысымы 115/65 болды.Жасмин судың ағуының дыбысын,ал Әсет шуылы қатты рок музыканы құлаққаппен тыңдады.1 минуттан соң олар музыкаларын өшірді,содан соң Дидар Уәлиханқызы екеуінің қан қысымдарын қайта өлшеді.Судың ағуының дыбысын тыңдаған Жасминнің қан қысымы 115/70 ,ал Әсеттікі 100/70-тен 110/70-ке жоғарылады.

4-сурет.Колледж мейірбикесінің шуылы қатты әуен тыңдаған білімгер мен шуылы әлсіз әуен тыңдаған білгердің қан қысымы мен пульсін өлшеу сәті

 

 Демек бұл тәжірибе нәтижесінде байқағаным, Жасминнің қан қысымы қалыпты,ал Әсеттікі керісінше,тамыр соғуы жиіледі және қан қысымының бастапқыдан біршама  ұлғаюы байқалды. Себебі, құлаққап тыңдаған музыка әуеніде    оңың құлағына кері әсерін тигізді.Құлаққапты алғанды Әсеттің құлағының шектен  тыс қызарып кеткенін байқадық, ал өзі басының шуылдағанын айтты.Құлаққаптыңда құлаққа зиян екендігі тәжірибеден көрінді. Табиғаттың аясындағы су ағысының ән ырғағын  тыңдағанда-115/65-тен 115/70-ке ғана барды.Демек, бұл- қалыпты жағдай.
Рок – музыка  тыңдағанда,100/70-тен 110/70-ке дейін қан қысымын жоғарлағаны байқалды.

Адамның сезу мүшелерінің ішіндегі ең сезімталы  құлақ. Құлағымыз болмаса біз ешқандай дыбысты ести алмас едік. Алайда, адам қартайған сайын оның барлық мүшелерінің қызметтері бәсеңдейді.

 

 

 

 

 

5- сурет Құлаққап және ұялы телефонның пайдасы және  зияны

 

Ұялы телефонға жиі үңіліп, көзіміздің көруін нашарлатамыз, ал құлаққапты үнемі тыңдап, құлақтың есту қабілетін бұзамыз.«Музыка тыңдаған дұрыс-ақ,бірақ құлаққаппен емес, радиодан, магнитафоннан да тыңдаса болады, жастарымыз осыны ескерсе екен. Құлаққап бізге ыңғайлы, жақсы болып көрінгенмен, уақыт өте келе оның қандай ауруларға шалдықтыратынын ескере бермейміз. Бар қателігіміз осында. Адам құлаққапты пайдаланғанда біртіндеп кереңдік ауруына тап болады. Тап болып қалмай, сонымен қатар өзіне артық радиотолқын мен шектен тыс биоток қабылдайды. Бұл ағзада әртүрлі аурулар туғызады. Зерттеу барысында құлаққапты ұзақ уақыт, мәселен 3 сағаттан артық  тыңдағанда адамның бас миының тамырлары тарылып, оттегі жеткіліксіздігінен бас ауру пайда болатындығы анықталды. Бұны мен дәрігер маман ретінде ескертемін.

 Сонымен қатар ашушаңдық, үрейлену, яғни стресс дамиды. Ең қауіптісі – құлаққаптың құрамында магнитті дыбыс тарататын құрылғы орналасқандықтан бұл құрылғының электр энергиясын көп қажет ететіндігі бар.Көпшілік құлаққап пайдаланушылардың телефон қуаты тез сөніп қалатыны да осы себептен. Құлаққаптың бірден әсер ететін мүшесі – құлақ. Ең бірінші көрінетін, белгі беретін ауру – кереңдік. Адам құлағы естімегендіктен көп ақпараттарды дұрыс қабылдай алмайды.Уақыт өте келе, жасы 45-тен асқаннан кейін естуі тіпті қиынға соғуы мүмкін», – дейді  дәрігерлер.

Құлаққап арқылы әртүрлі микроағзалар құлаққа таралуы мүмкін екен. Дәрігердің сөзінше, бұл отит, паротитті инфекцияны туғызады.Осының алдын алу үшін құлаққапты тыңдар алдында 70 пайыздық спиртпен өңдеп, тазартып отырған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша,  қазіргі кезде ең көп микроағзалар болатын заттар – ұялы телефон, құлаққап, ақша.Сондықтан құлаққапты пайдалануды бірте-бірте қысқарту керек. Күніне 1 сағаттан артық тыңдауға болмайды. Осы уақыттың ішінде де адам радиотолқынды қабылдайтындығын ұмытпау керек.Мысал келтірсек, мәселен,  біз зерттеу барысында байқағанымыз, құлаққапты жол үстінде немесе суық болған кезде тыңдаудан аулақ болған жөн екен. Бұл сіздің құлағыңызға зиян, тіпті өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

 Құлаққапта музыка ойнап, сіздің біраз жұмысыңыздың жеңіл бітуіне  септігін тигізуі мүмкін, алайда зиянсыз құлаққап болмайды, десті студенттер қауымы. Құлаққапты тек керек кезінде ғана қолданған жөн. Мысалы, ұялы телефонмен екінші бір адаммен сөйлескенде, сенсорлы телефоннан бөлінетін радиотолқынды азайту үшін қолдануға болады. Арнайы бір орында тұрып, сөйлескен жөн екен. Жолда жүріп сөйлесуге, сабақ кезінде сөйлесуге әрине болмайды. Ең бастысы, құлаққаппен кішкентай сәбилерге тыңдауға берудің қажеті жоқ.

Адам ағзасына шудың әсері  мына мәлімет бойынша беріледі.
Тербеліс амплитудасы,мм 
Діріл жиілігі,Гц 
Әсердің нәтижесінде: 
1.0,015 дейін            Әр түрлі ағзаға әсері жоқ. 
2.0,016-0,050 40-50  Депрессия мен жүйкенің қозуы. 
3.0,051-0,100 40-50  Орталық жүйке жүйесіндегі,жүректегі,есту органдарындағы өзгерістер болады. 
4.0,101-0,300 50-150  Аурулар туындау мүмкіндігі  бар.
5.0,101-0,300 150-250 Виброаурулар туындайды.

 

2.5. Ағзаға шудың арнайы емес әсері.

  Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін.Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия  синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта   тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында  ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді.  Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет.Есту мүшесіне шудың әсері туралы арнайы пән оқытушысы:Гульмира Таттибековнадан мағлұмат алу сәті

 

Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э.А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л.Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).

Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде  тұрақсыздық байқалынады.

Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы  рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің  өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина Э.А және т.б., 1965ж; Волкова А.М., 1970ж; Хаймович М.Е., Соколова Е.И., 1978ж және т.б).Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық  қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н.Н., 1971ж). Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович  және  С.В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған  қанның систолалық және минуттық  көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі  орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған,  арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.

Емі. Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы неврит кезінде консервативті емдеу әдісі қолданылады; ол лабиринттің рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық әсерлері бар дәрілерді қолдануға болмайды, әсіресе аминогликозид қатарының антибиотиктерін.шудың әсерінен пайда болған кереңдіктің медикаментозды емі кезінде, И.Б.Солдатов және А.Я.Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1). Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы  қан айналымды жақсартатын; 2). Жасушалық және тіндік метаболизмге  әсер ететін; 3). Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4). Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының  реттелуі.  Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.

 Егде жастағы адамдарға  профессионалды неврит кезінде стугерон, девинкан немесе винкапанды тағайындаған дұрыс. Емдеу курсы 3-4 апта А және Е витаминдерімен бірге жүргізіледі. Алмасу процестерін жақсарту үшін витамин препараттарын қолданамыз. Осы мақсатта В1, В6, В15 витаминдерін қолданады. Кокарбаксилаза, АТФ, А витаминін қолдану көрсетілген. Биостимуляторлардан кеңінен алоэ экстрактысы қолданылады, ФиБС- 30 күн бойы тері астына, гумизоль 2 мл бұлшық етке және апилак 0,01г ішке 20 күн бойы. Нерв  импулстерінің өтімдігін жақсарту үшін және лабиринт рецепторларына  тонусты әсер мақсатында аз мөлшерде дибазол (10-14 күн бойы бұлшық етке 0,5 % 1мл), антихолинэстеразды препараттар (галантамин, прозерин, оксазил). Аталған заттардың ішінде ең нәтижелісі галантамин (20 күн бойы тері астына 0,5 мл 1 %), ол гематолабиринтті және гематоэнцефалды барьер арқылы өтіп,  есту анализаторларының шеткі бөліктеріне ғана емес сонымен қатар орталық бөліктеріне де әсер етеді. Профессионалды кохлеарлы неврит емінде  нейродинамикалық бұзылыстардың қалыптасуына көңіл аударылады.  Осы мақсатта бром, валериан, кофеин және транквилизаторлық препараттар көрсетілген (элениум, седуксен, мепробамат, тазепам және т.б).

 Шудың әсерінен пайда болған кереңдікті емдеу кезінде М-холинолитикалық (атропин, платифиллин, красавка препараттары) және Н-холинолитикалық (ганглиоблокаторлар) әсері бар холинолитикалық заттарды қолданулар кезінде нәтижесі оң болады. М-холинолитикалық белсенділігі бар беллоид және беллатаминал заттарына үлкен көңіл аударылады, олар ағзаның орталық және шеткілік адренергиялық және холинергиялық жүйелерінің қозғыштықтарын төмендетеді, құлақтағы шуды азайтып, сол арқылы естуді жақсартады.

 Арнайы емес шудың әсерінен пайда болған патологияларды емдеу кезінде, неврастения және вегетотамырлық дисфункциялық сипаттағы нейродинамикалық және вегетативтік-тамырлық бұзылыстар қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта жалпыбекітетін, седативті, вегетотропты препараттар, транквилизаторлар, инелік ем, электросон, гидротерапияны қолданады.

0,5% галантамин ертіндісімен, 0,05% прозерин ертіндісімен, 0,5-1% никотин қышқылының ертінділерімен эндоуралды электрофорез оң нәтиже береді.

Профессионалды кереңдікпен соған қосымша жүретін ауруларды ерте емдеу ұсынылады. Емнің нәтижесін бекіту үшін комплексті емнің курсын қайталау керек.

 



6-сурет. Арнайы пән оқытушысы: Майгул Оралғалиқызынан есту мүшесі зақымданған кезде қолданылатын  емдік дәрілер туралы ақпарат алу кезі.

 

Алдын алу. Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.

 

 

 

 

7- сурет Арнайы пән оқытушылары: Дидар Доқтырбекұлы және Бейсенбек Муқашұлы шуды өлшейтін құралдар туралы кеңес беруде

1. Аудиомер                                                  2.Шу өлшегіш құрал

 

Картинки по запросу аудиомерШумомер ADA ZSM 130

 

Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын  бірқатар талаптар бар, олар  шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан  жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.

Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы   аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей  тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын  қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Қорытынды 
   Менің зерттеу нәтижелерім көрсеткендей, шу шын мәнінде адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді, оның жадын нашарлатады және соның салдары ретінде үлгерімін төмендетеді. Сондықтан шумен күресу керек. Шуды маңызды шешу үшін көгалдандыру орын алады. Шуға өсімдіктер өз үлестерін қоса алады, үй ішінде акустикалық комфорт жасайды. Бірақ біз өзіміз  колледждегі қалған  білімгерлерге кедергі келтірмес үшін тыныштықты сақтауға тиіспіз. Осы зерттеу жұмысымда «Адам ағзасына шудың  әсері»туралы сауалнама жүргіздім.
  Дыбыстың зиянды жақтары да бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениет пен техниканың айырылмас жол серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді 
Есту мүшесіне адамға күнделікті әсер ететін қатты шу зор зиян келтіреді. Соның салдарынан адамның құлағы нашар естіп, мазасызданып ұйқысыздыққа ұшырауы мүмкін.      Бұл түрлі ауруларға себеп болады. Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.Қазақстан үкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын үй кварталдары  оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82—85 децибел.Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі — 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу — спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен — ал жиілік -спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.

 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Арустамова .Э.А. БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ .Учебник Под редакцией МОСКВА, 2002 -54 бет 
2.Гончарова О.В., Гончарова Л.А. Влияние вибрации и шума на организм человека: Конкурс научно-технических проектов «Звездная эстафета» – Вологда, 2012. – 12 бет 
3.Носова Л.В.Шу және адам денсаулығы/ журнал «Мектептегі биология» №2, 1999.-11 бет 
4.Ковригин К.Н., Михеев А.П. Влияние уровня шума на -33 бет 
производительность труда.- М.: Гигиена и санитария, 2001. - 125 бет 
5.Кузнецов В.Н. Экология пәніне арналған қосымша және анықтамалық материалдар.М:

6. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.

 7.Экология негіздері.Ғ. Сағымбаев.

 8.Экология.Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.

 9.Денсаулық журналы.

 10.Экология. Ә. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева

 11.Асқарова Ұ. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау, Атматы – 2004

 12.Бродский А. К. Жалпы экологияның қысқаша курсы, Алматы, 1998

 13.Баешов А. Экология және таза су проблемалары, Алматы, 2003

 14.Бейсенова Ә. С. Экология, Алматы – 2001

 15.Бейсенова Ә. Экология – ел тағдыры//Егемен қазақстан, 2005, 13 шілде

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Шудың адам ағзасына әсері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 018 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.08.2020 5907
    • DOCX 1.6 мбайт
    • 80 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козлова Алена Юрьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козлова Алена Юрьевна
    Козлова Алена Юрьевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69739
    • Всего материалов: 214

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и психологическими состояниями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 53 человека