Инфоурок Всеобщая история Статьи"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДІН МӘСЕЛЕСІ" тақырыбында мақала

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДІН МӘСЕЛЕСІ" тақырыбында мақала

Скачать материал

                         МАМИЕВА Ә. А.                                                          

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДІН МӘСЕЛЕСІ

                                                                                                                      

Халқымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке жеткен қазіргі күні болашақтағы беріктігімізді іске асыруда өткен тарихымызды жеткілікті тұрғыда саралап, үлгі алар жақтарын жаңғыртып, кемшіліктерінен қорытынды шығара білу қазіргі күн талабы екендігі белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жазуынша: «Біздің кіндігіміз жеті атамызбен ғана жалғасып жатқан жоқ, одан да арғы Үнді мен Ніл, Еділ мен Дон жағалауларына қазақ даласының рухын жеткізен бабаларымызбен де жалғасып жатыр. Осынау қанатын кеңге жайып, жанарын алысқа салатын қазақ рухы әзірге өз деңгейінде келеді» [1, 24 б.].

Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанның әрбір өлкелері мен өңірлерінің тарихын тың мәліметтер, құнды мұрағат құжаттары арқылы зерттеп, оның өзіндік ерекшелігін айқындау, осы арқылы нақты шындыққа негізделген біртұтас ел тарихын жасаудың маңызы үлкен. Еліміздің нақты мәліметтерге негізделген осындай тарихын жасаудың өзіндік мақсаты бар. Себебі өткенімізге шындық тұрғысында талдау жасамай біз сол дәуірдегі халқымыздың басынан өткен оқиғаларға, тарихи құбылыстарға нақты баға бере алмаймыз.

Сонымен қатар, аталған мақсаттағы толыққанды тарихымызды жасауда XVIII - XX  ғасырлар басы көлемінде қазақ даласында, соның ішінде оның шығысы, Алтай аймағы өңірлерінде әр түрлі мақсаттармен болған немесе онда ұзақ уақыттар тұрып, қызметтер атқарған зерттеушілер мен жиһангерлердің, саяси жер аударылғандардың жергілікті халықтың әлеуметтік, шаруашылық, мәдени дамуын жазып қалдырған еңбектерінің орны ерекше. Олардың басым көпшілігі өз шығармаларында біздің ұлтымыз туралы шындықты жазды, оның ауыр тағдырын баяндады. Қазақ халқының барлық салада да ешкімнен кем емес екендігін айқындады.

Қазақ жерінің, соның ішінде оның шығысы, Батыс Алтай өңірінің XVIII ғасырдың екінші жартысының жан-жақты тарихы белгілі өлкетанушы, әскери қызметкер Иван Григорьевич Андреевтың зерттеулерінде кеңінен қамтылады. Өзінің «Описание Средней орды киргиз-кайсаков» деген еңбегінің рәсімдер атты бесінші бөлімінде қырғыз-қайсақтардың заңы Бұхарада Жәнібек хан кезінде қабылдаған магометандық заң деп көрсетілген. Құдайға құлшылық ету үшін молдалары жоқ, білімі бар адамдарды молда деп есептеген, бірақ өздерінің арасынан ондайлар шықпағандықтан, ташкенттіктер мен бұхарлықтардан таңдаған болатын. Еш жерде мешіттері болмаған, бірақ ташкенттік қала Түркістанды киелі мекенге балайды, өйткені онда олар қасиетті деп санайтын ертедегі Хазірет сұлтанның қабірі бар. Олар жеке-жеке ол жерге дұға оқу үшін ұзақ жол жүріп барады. Олардың Құдайға құлшылық етіп дұға оқулары ата-аналарының ертегілері ретінде жүреді: әрбір ауыл және аймақтың заң рәсімдерін біршама жақсы меңгерген сыйлы ақсақалдары болады, олар көшеге шығып дұға оқиды; ол күніне 5 рет жасалатын музгу болып табылады. Заң бойынша бекітілген мерекелері жоқ, тойлар тек неке қию және жерлеу рәсімдері кезінде ас қабылдау және ат жарыстары түрінде өтеді. Сонымен қатар әр ер адамда молдалар дұға оқып берген бойтұмарлары әрқашан қасында болуы тиіс. Бойтұмарды олар көйлектеріне тігіп алады, арқаларында ұстап жүреді [2, 55-56 б.].

Дін мәселесіне байланысты келесі бір зерттеуші Александр Ефремович Новоселов осы өңірдегі ескі салтты ұстанушылар (старообрядцы) туралы мағлұматтар береді. 1912-1914 жылдары Шығыс Қазақстандағы ескі салтты ұстанушылардың ауылдарына жасалған этнографиялық экспедицияларында жиналған мәліметтер негізінде жазылған «Беловодье» повесі ең үздік еңбектерінің бірі болып табылады. Олардың тұрмысы мен мәдениетін зерттей отырып, А. Новоселов көп нәрсені тануға құлшыныс білдірді: табиғаты, салт-дәстүр, фольклор, Петр кезіне дейінгі ерекшеліктерін сақтап қалған киімдері. Кіші-Убадағы «федосеевтықтардың» құлшылық ету үйлерінде болып, А. Е. Новоселов өзінің жол күнделігіне: «Кешкі діни рәсімнен кейін мен алғашқы христиандықтардың катакомбаларына тап болғандай күйді бастан кешірдім. Ғасырлар ғасырға ұласып, бір халықтың орнын басқа халық басып отырды, бірақ мұнда бәрі сол бастапқы күйде сақталыпты», - деп жазады. «У старообрядцев Алтая» очеркінде Александр Ефремович тақуалардың қарапайым жабдықталған орындарын сипаттап беріп, олардың әрқайсысында көптеген иконалар болғандығы жайлы айтады. Жазда осы монастырьға ескі салтты ұстанушылар келіп, тақуалардың еңбек пен бас тартушылыққа толы өмірін көріп, монастырьлық режимнің қатаңдығына тәнті болатын. А. Е. Новоселов: «Дін құрсауы халықты қаталдықта ғана ұстап отырған жоқ, сонымен қатар оларды рухани ізденістерден де шектеп тастады», -  деп жазады [3, 73-74 б.].

Қазақстанның шығыс өңірінің тарихын зерттеуге көп үлес қосып, Семей қаласы мен осы өңірдегі ғибадатханалар тарихы бойынша құнды мәліметтер жазған өлкетанушы Кашляк Виктор Николаевич. Кашляк Виктор Николаевич – жазушы және журналист, тарихшы, КСРО-ның жазушылар одағының мүшесі, жүзден астам жергілікті және республикалық ғылыми басылымдардағы және бұқаралық ақпараттар құралдарындағы жариялымдардың авторы. 1951 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 20 жыл көлемінде Семей облыстық және қалалық басқару мекемелерінде еңбек етті. Жастайынан Семей өңірінің тарихымен айналысты. Тарихи сипаттағы 80-нен астам зерттеу жұмыстарының авторы. Сол мақсатта Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Тюмень мұрағаттарында, сондай-ақ Алматы және Семейде ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Ең алғашқы жариялым 1965 жылдың 21 ақпанында «Ертіс» қалалық газетінде «Собираем краеведческие материалы» тақырыбында жарияланды. Зерттеудің нысаны XVIII-XIX ғасырлар тарихы.

Кашляк В. Н. 2004 жылы жарық көрген  «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» атты еңбегінде әр түрлі діндердің ғибадатханалары тарихына арналып, дін мәселесін жан-жақты қарастырады. «Бұл тақырыпты таңдау себебім, - деп жазады зерттеуші, - төңкеріске дейінгі уақытта шіркеулер мен мешіттер құдайға құлшылық ету құрылысы ғана емес, сонымен қатар қалаларды құраушы ғимараттар ретінде болды. Олардың айналасында жаңа тұрғылықты аудандар пайда бола бастады, яғни жалпы алып қарағанда олар қалалық мәдени орталықтарына айналып, қала жоспарын құрастыру барысында олардың архитектуралық сыртқы келбеті мен көлемі ескерілетін болды. «Летопись Семипалатинских улиц» атты кітабымды жазу барысында осы мәселеге тап болдым, сондықтан да қала тарихын зерттеумен айналысқанда осы тақырыпты айналып өте алмадым» [4, 3 б.].

«Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» еңбегінің “Семь палат” немесе акдемик Г. Ф. Миллердің қателіктері бөлімінде берілген 1857 жыл «Семипалатинские древности» атты И. А. Армстронгтың мақаласында келтірілген заттарды толық зерттеу нәтижесінде олардың будда сенімінің рәсімдеріне жататындығы жайлы айтылады [5, 30 б.]. Ертіс жағалауларын зерттеумен айналысқан Археологиялық Қоғамның Шығыс бөлімі келтірген деректеріне сәйкес,  қазылған қабірлер жоңғарлардың Семей өңірінде көшіп жүрген кезге, яғни XVII ғасырдың ортасына жатқызуға болады. Қабірлерде табылған адам сүйектері олардың бұрын да ашылғандығын дәлелдейді, себебі сүйектердің қабірдің бір бұрышында үйінділер арасында жатуы мүмкін емес.  Адам сүйектерінің арасынан иероглифтік таңбалармен боялған бас сүйегінің басқалардың табылмауы мән беруге тұралық және де жанында монумент пен жарты ай салынған плитка табылған осы бас сүйекті Семейге мухаммедандар келе бастаған кейінгі уақытқа жатқызуға болады немесе жоңгарлар мен калмақтар буддизмді ұстанған. Осында тұрып жатқан Ташкеттіктер, Бұхарлықтар және Қырғыздардың біреуі де адам бас сүйегіндегі боялған таңбалардың мәнін түсіндіре алмады. Шыны, янтарь, перламуттан жасалған ұсақ заттар әйелдердің киімдеріне тән болды [6, 30-36 б.].

Дәл осы бөлімде Семейдегі ежелгі заттарға сипаттама жасалынады. Олар пирамиданың суреті бар плитка, адам бас сүйегі, мыс балта, ағаш аяқ, бұқа басы. Егер пирамиданың суреті бар плитка жайлы айтатын болсақ, жалпы пирамида Буддистер киелі деп есептейтін субурга бейнесі. Пирамида тау шыңдарына /Буддистердің ойынша тылсым, қара күштер болытын жер/, үлкен жолдар өтетін жазықтар мен далалық жерлерге қойылады. Қабірлерге ол діни мақсатта құлпытас ретінде, ал қабірдің ішінде өліктердің қасына шумсундардың күшінен қорғаушы ретінде қойылады. Жалпы алғанда Буддистерде осындай пирамидаларды қандай да болсын жерге орналастыру діни сипатқа ие. Адам бас сүйегін құрбандық шалу кезінде қолдануды Буддистер әр түрлі құбыжық құдайларға табынушы Брахмандардан алған. Бас сүйектерінде салынған бейнелерге байланысты бірнеше атаулары бар. Біз қарастырып отырған бас сүйекті Буддистер көмгені сөзсіз, бұны онда салынған фигура дәлелдеп тұр. Егер зат тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол екі мақсатта көмілген: не оның бір кемістігі болды, не оны көму арқылы халық пен мемлекетті бақытқа бөлемек болды [7, 32-36 б.].

В. Н. Кашляк  «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее» еңбегінде шіркеулер мен мешіттер тарихын жан-жақты әрі нақты фактілерге сүйене отырып қарастырады. Жоғарғы Ертістегі жоңғар иеліктеріндегі алғашқы православтық шіркеу болған 70 жылға таяу өмір сүріп, бай тарихы бар Антония мен Феодосий Печерскийлар атындағы шіркеу  толық зерттелмеген. Оның тарихын XIX – XX ғасырдың көптеген тарихшылары қалпына келтірмек болған, бірақ сәтсіз болды. В. Н. Кашляк Тобыл мұрағатына 2003 жылы жасаған сапарында XVIII ғасыр құжаттарымен жұмыс істеп отырған кезде осы шіркеу тарихының біраз бөлігін, нақты айтқанда 1750 жылдан бері қарай қарастыра алды. Осы уақытқа қарай шіркеу 68 дворлардан тұрды. Осы кезеңдегі Семей қаласындағы шіркеулер жайлы толық қарастырылған. В. Н. Кашляк әр шіркеуге жеке тоқталып, олар туралы толық мағлұматтарды мұрағат деректеріне сүйене отырып келтіреді. Бұл шіркеу өмірінің әр кезеңі, сол кездегі шіркеуге қатысты барлық құжаттардың барлығы фактілерге негізделіп жазылған. Мұсылман мешіттері мен оның дін қызметкерлері жайлы жазылған бөлімінде В. Н. Кашляк Семейдегі мұсылман мешіттерінің құрылысы XVIII ғасырдың соңына жатқызылады деп жазады. Семейде мешіттер 1798 жылдан кейін пайда болды. Омбы мұрағатында ташкент көпесі жазып, 1834 жыл деп көрсеткен жуырда табылған мұрағат құжаттарының бірінде: «Сол кездегі биліктің рұқсатымен өзімізге тиесілі жерде 35 жыл бұрын екі мешіт салдық...» деп көрсетілген, яғни ол бірінші ташкенттік мешіт Полковничьи аралынан көшірілген жылы, нақты айтқанда 1798 жылы салынғанын айтады [8]. Бұл еңбекте салынған әрбір мешіттің нақта уақыты, құрылыс түрі, қызмет жасаған молдалардың тізімі, мешіттерге байланысты Қалалық кеңес Президиумының хаттамаларына дейін берілген.

            Қорыта келгенде, жоғарыда аталған зерттеушілердің еңбектері, көрсетілген мерзімдегі Ресейлік ғылыми журналдар мен басылымдардағы жарияланған мақалалар, шолулар мен хабарламалар арқылы негізінен еліміздің шығысы мен Батыс Алтай өңірінің Ресей империясы құрамы кезіндегі жан-жақты тарихынан едәуір құнды мәліметтер алуға болады.

Осылайша, жоғарыда сараланып, жүйеленген зерттеулер мен жазбаларды Қазақстанның белгілі өлкесінің қазіргі талап тұрғысындағы тарихын жазуда құнды шығармалар, ал олардың авторларын қазақтың тарихын жасаушылар деп толық атауға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.              Назарбаев Н. Ә. «Тарих толқынында». – Алматы, 1999. 24 б.

2.              Андреев И. Г. «Описание Средней орды киргиз-кайсаков» -Алматы: Ғылым, 1998ж. 55-56 б.

3.               Жиенбекова Ж. М., Захарова Т. Б. «Краеведы Восточного Казахстана». Усть-Каменогорск, 2011 г. 73-74 б.

4.              Кашляк В. Н. «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее». Семипалатинск, 2004. 3 б.

5.              Кашляк В. Н. «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее». Семипалатинск, 2004. 30 б.

6.              Кашляк В. Н. «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее». Семипалатинск, 2004. 30-36 б.

7.              Кашляк В. Н. «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее». Семипалатинск, 2004. 32-36 б.

8.              Кашляк В. Н. «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее». Семипалатинск, 2004.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨЛКЕТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ДІН МӘСЕЛЕСІ" тақырыбында мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 677 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2017 698
    • DOCX 56.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамиева Әсел Амангельдықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамиева Әсел Амангельдықызы
    Мамиева Әсел Амангельдықызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43036
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 321 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 346 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов