Инфоурок Всеобщая история Статьи"Шығыс Қазақстан өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы" тақырыбында мақала

"Шығыс Қазақстан өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы" тақырыбында мақала

Скачать материал

Шығыс Қазақстан өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы

 

 

Қазақ даласының Ресей империясының құрамына қосылуы негізінде патша үкіметінің отарлық саясаты күшейген сайын оған қарсы жергілікті халықтың наразылығы да арта түсті. Қазақстанның барлық аудандарын әр кезеңдерде қам- тыған наразылықтар жекелеген қарсылықтардан басталып, ұйымдасқан қарулы күрестерге ұласты. Қазақ халқы патша үкіметінің теңсіздік саясаты мен кемсітушілігіне, тікелей қанауына осылай жауап беріп, ол XVIII ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына, яғни патша самодержавиесі құлағанға дейін үнемі жүргізіліп келді.

Осындай қозғалыстар мен бас көтерулер, қарулы қақтығыстар, әсіресе XIX ғасырдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында үнемі орын алды. Шығыс Қазақстандағыосындай ұлт-азаттық қозғалысы тарихын мөлшермен бірнеше кезеңге бөлуге болады:

-                 Біріншіден, орыс мемлекетінің казактар мен орыс шаруаларын қоныстандырусаясаты нәтижесінде жерінен айырылған жергілікті қарапайым қазақтардың әр болыстар мен аймақтардағы наразыльғы;

-                 екіншіден, өлкедегі тау-кен кәсіпорындарындағы қазақ жұмысшыларының кен, зауыт әкімшіліктеріне қарсы экономикалық, әлеуметтік талаптар қоюы, ереуілдер мен жұмысқа шықпауы немесе одан қашып кетуі, ал XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл қарсылықтар өзінің ұйымшылдығы, талаптар ауқымының кеңеюімен ерекшелене тусті;

-                 үшіншіден, қазақ даласындағы, соның ішінде оның Шығысындағы бұл қозғалыстар 1916 жылғы ұлттық қарулы азаттық соғысқа ұласуымен аяқталды [1, 269бет].

Патша үкіметі жергілікті әкімшілігінің озбырлық саясаты мен мөлшерсіз көп салық жүйесіне аталған мерзімде жергіліктіқазақтармен қатар осы аймақтағы орыс шаруалары да көтерілді. Жалпы Қазақстандағы, соның ішіндегі Шығыстағы жергілікті орыс шаруаларының патша үкіметі әкімшілігінің қанауына қарсы алғашқы толқулары XVIII ғасырдың аяғынан бастау алады.

1798 жылы Уба уезіндегі мемлекеттік шаруалардың Алтай тау-кен зауыттарындағы кіріптарлыққа қарсы бас көтерулері болды. Оған Уба, Өскемен уездеріндегі 4600 шаруа қатысып, олар аталған зауыттарда теңсіздік жағдайда жұмыс істеуден бас тартты. ГІатша үкіметінің осында жіберілген арнайы өкілі В.К. Чулков бір рота солдат және әскери казак ондығымен барлық мекендерді аралап, оларды қайтадан жұмыс істеуге күшпен көндірді. Толқудыңжетекшілері анықталып, олар қатаңжазаланды [2, 123-124 беттер].

Жұмысшылардың, зауыт маңайындағы тіркелген маусымдық шаруалардың зауыт әкімшіліктерінің экономикалық қанауларына қарсы наразылықтарының бастапқы түрі - жұмысты тастап, қашу болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап Алтай тау-кен орындары жалдамалы жұмысшылары жайлы тұрмыс іздеп, Бұхтарма мен Катон өзендері маңайларына көптеп қаша бастады. Олардың жаппай қашулары әсіресе 1819 жылдан басталып, 1861 жылға дейін созылды. 1861 жылдың 30 қыркүйегінде Сібір әскери корпусы командирінің адъютанты Врангель кабинеттік 86 шаруа мен көшпенділердің жұмыстан қашып, шетелге өтіп кеткендігін жазған [2, 122бет].

Патша әкімшілігінің орыс қоныстанушылары үшін қазақтардың жайылымдық жерлерін алуына қарсы жаппай наразылығы XIX ғасырдың басынан бастап орын алды. Ал оның кең қанат жаюына патша әкімшілігінің 1822 жылғы «Сібір қырғыздары ережесін» қабылдауы нақты себеп болды. Негізінен Орта Жүз қазақтарын өз жерінде кіріптарлыққа түсірген осы ереже, оның негізінде іске асырыла бастаған жергілікті әкімшілік-территориялық ықшамдаулар одан кейінгі кездерде де қабылдана бастады.

Шығыс өңірі қазақтарының патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қырғыздарының ережесін» қабылдауына, осыған байланысты оларды территориялық-әкімшілік шектеулерінің басталуына байланысты кең етек алған қарсылығын көптеген тарихи құжаттар дәлелдейді. Мысалы, Қазақстанның шы- ғыс, Батыс Алтай өлкесін кеңінен зерттеуші Н.Я. Коншиннің жазуынша: «XIX ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысынан басталатын бұл Ордадағы Ре- сей округтерінің ашылуымен осындағы қырғыздардың қарсылығы басталды. Олар өздерінің жерлерін тастап, топталып оңтүстікке, Ресей империясының құрамына еніп болмаған Балхаш жағалауына жаппай қоныс аудара бастады. Бұл тәртіпсіздіктің себебі - қырғыздардың жаңа тәртіпке наразылығынан туындады» [1, 270бет].

 Жергілікті халықтары арасындағы патша үкіметінің осы озбырлық, отарлық саясатына қарсы наразылығы XIX ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы бүкіл қазақ даласын қамтыған Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық соғысын қолдауымен ерекшеленді.

Кенесары қозғалысы Қазақстанның бұл өңірлеріне таралуы аталған өлке қазақтарының, жекелеген би, сұлтандарының оған толық қолдау білдірулерімен ерекшеленді. Осыған байланысты тарихи құжаттарда «Аягөз округінде Ресей үкіметіне белгілі сұлтан Сивнқұл Ханхожин ғана қарсы шықты», - деген мәліметтер бар [1, 271бет].

Қозғалыстың Қазақстанның шығыс аймақтарына кеңінен тарағандығын «....Қарқаралы округтерінің қазақтары топ-топ болып Кенесарыныңтуының астына жинала бастады» деген тарихи зерттеу қорытындылары да дәлелдей түседі [3, 232бет].

Осы өңір қазақтарының Кенесары Қасымұлына ашық қолдаукөрсетуін Е. Бекмаханов одан ары былай деп керсетеді: «1838 жылы кектемде Кенесары Қасымов 5 адамды Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаковқа патша үкіметінің саясатына қарсы арнаулы наразы-хатпен жіберді. Себебі XIX ғасырдың 30-шы жылдарында жерді тартып алудың жиіленуі қазақ тұрғындарының көбінің мүддесін аяқасты етті. Кенесарының Баянауыл және Қарқаралы округтерінің қазақтарын өз жақтастарының қатарына жатқызуы кездейсоқ емес. Себебі осы округтерде патша екіметінің жерді тартып алуының ауыр зардаптары ерекше айқын сезілген еді» [3, 234-235беттер].

Осы өлкеде көтеріліс шарпынының таралуынан қорыққан патша әкімшілігі олардың арасындағы әр түрлі қимылдарға ерекше назар аударып, бақылау жасады. Шекара жүйелері казактарының күзеттері күшейтілді, қосымша сақтық шаралары қолданыла бастады.

Бұл тұрғыдан алғанда Сібір казактары шекара бастығы Жеке Сібір корпусының командирі князь Горчаковқа: «Бүлікшіл Кенесарының едөуір мол жылқыны Сұлтан Галиға сыйлыққа, өз адамдарын Тарбағатай тауларында көшіп жүрген және Аягөз округінің кейбір болыстықтарындағы тәуелсіз қырғыздарға жібергендігі туралы мәлімдеп, Кенесары мен қырғыздар арасындағы бірігуді болдырмау, оның адамдарын осы жерден аластау, мүмкіндік туа қалса оның өзін қолға түсіру» туралы тапсырма бергендігін айтқан [4, 443бет].

Даладағы ұлт-азаттық қозғалысына өздерінің қолдаушылықтарын білдірген осы өлкедегі тау-кен өнеркәсібінің қазақтары да өздерінің белсенділіктерін арттырып, тіпті жұмыстарын тастап көтерілісшілерге қосылуға ниет білдірді. Оны да осы Көкшетау округіндегі сол кездердегі келесі мәліметтерден көруге болады: «Осы округтегі алтын іздеуші серіктестігі жұмысшылары ешқандай себепсіз жұмыс орындарын тастап кетуге әрекет жасауда, аталған мақсатпен олар та- бандылықпен және батыл түрде қожайындарынан есеп жасауды талап етуде» [1, 272бет].

Кетерілістің кең етек алуына орай жергілікті халық ресейлік әкімшілікке салық төлеуден бас тарта бастады. Жергілікті патша билеушілері жоғары патша әкімшілігіне:«1838 жылғы салық жинау тонаушы және бұзық сұлтан Кенесары Қасымовтың әрекетінен орындалмай қалды» деген мәлімет жіберді [1, 272бет].

Кенесары Қасымұлы көтерілісінің Шығыс өңірге тарап кетуінен, олардың казак станицалары мен орыс деревняларына шабуыл жасауынан қауіптенген Ресей әкімшілігі аталған аймақтағы 10 шақырымдық жүйеге қазақтарға қоныс салдырмау, оларды орыс бекіністеріне келтірмеуді мақсат етіп қойды. Осы орайда Ресей Қаржы министрі Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаковтыңжергілікті халықтың ішкі жүйеге келуін, одан өтуін болдырмау үшін қырғыз дала- сында осы 10 шақырымдық жүйе аймағында құрылыс жүргізуге тыйым салу туралы шешім шығарғандығын мәлімдеп, оны қолдаған [1, 272-273беттер].

Даладағы толқуды басу, Шығыс өңірі қазақтарының оны қолдауын болдырмаудың алдын алу мақсатында Батыс Сібір генерал-губернаторы 1839 жылы жоғары мәртебелі патша әкімшілігінен көтерілісшілерге қосылуға ниет етіп, көшіп кеткен болыстар тұрғындарын қайтадан қайтаруды іске асыру мақсатында көтеріліс аймағын қамтыған округтерге ерекше отрядтаржіберуді сұрауға мәжбүрболды.

Осы аталған болыстықтар қырғыздарын жазалау мақсатымен князь Горчаков тарапынан «1838 жылы қоныс аударған қырғыздарға айып салу» арнайы нұсқауы қабылданып, ол мынандай талаптардан тұрды:

1.                        Өткен 1838 және 1839 жылдың басында жазалау отрядтарының далаға енуіне дейін қайтып оралған қырғыздардан ешқандай салық алынбайды.

2.                        Округтерден көшіп кеткен, алайда отрядтар келуіне орай қарсылықсыз қайтуға бет алғандарға 3 есе салық салынады, атап айтқанда, олар әр жүз малдан 6 бас мал төлейді.

3.                        Қарсылық көрсеткен немесе далаға тереңдеп көшіп кеткен қарудың күшімен қайтарылған қырғыздардың малдарының бестен бір бөлігі алынады.

4.                        Кенесары Қасымовтың немесе оның ең жақын көмекшілерінің қарамағына өткен үкіметке қызмет етуге ант қабылдамаған, округтар құрамына алынбаған болыстықтарға аздаған ғана қарсылығы үшін қарсыластар ретінде шара қолданылады [1, 273бет].

Осы талаптарды қабылдап, оны округтер мен болыстықтарға тарата отыра Батыс Сібір әкімшілігі оның қатаң орындалуын да талап етті.Алайда патша әкімшілігі тарапынан атқарылар осындай сипаттағы шараларға қарамастан Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың ІІІығыс аймақтағы әсері одан кейінгі жылдары да толастамай, халық арасынан кең қолдау тапты.

Орта Жүз, соның ішінде оның шығыс өңірі қазақтарының Кенесарыны қолдауы көтерілістің ең соңғы кезеңіне дейін жалғасты. Мысалы, заседатель Сухомлинов 1847 жылғы 1 қарашада: «Бүлікші сұлтан Кенесары Қасымов тонау мақсатында өзінің жыртқыштарын әр жаққа жіберуді тоқтатар емес. Таяуда Семейге керуенмен бара жатқан едәуір көлемді саудагерлерді талқандап, тонаған..» деген хабарлама түсірген [4, 460бет].

Осы кезеңдегі көтерілістің жаңа аймақтарға тарауын болдырмау мақсатында жергілікті әкімшілік пен әскери басшылық тағы да қосымша әскери шаралар қолдана бастады. Мысалы: «...Генерал-губернатор шекара билеушісінің Кенесарыға қарсы нәтижелі шараларды іске асыруы мақсатындағы Аягөздегі Нюханов отрядын күшейту үшін Қарқаралыдан есаул Карбышев бастаған қарулы отряд жіберді» [5.].

Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының азаттық соғысы сөтсіздікпен аяқталғанымен оның жаңғырығы далада ұзаққа дейін созылды. Азаттық қозғалысы басшысының есімі сол кездің өзінде-ақ патша үкіметі қаншама кері насихат жүргізгенімен, қазақ халқымен қатар алдыңғы қатарлы орыс зерттеушілерінен оңды баға алды. Көтерілістің алдына қойған мақсаты және Кенесары Қасымұлының биік тұлғасы туралы сол кездегі Шығыс Қазақстанды зерттеуші, ғалым, саяси жер аударылған Н.Я. Коншин: «...1874 жылы Кенесары Қасымов қайтыс болды. оның қайтыс болуымен Қарқаралы, Аягөз округтерінде толқу да басылды. Ол барлық жағынан басқа көсемдерге қарағанда ерекше артық тұрған адам еді. ...Олардың барлығы қырғыздық рулық қатынастардан ары шыға алмады, тек Кенесары Қасымов қана өзін барлық қырғызды русыз, ордасыз бір саяси одаққа біріктіргісі келген нағыз қырғыз халық батыры ретінде көрсете білді. Оның өлуімен ғана орыс үкіметінің қырғыз даласындағы билігі кеңейе түсті. Одан кейінгі он жылға таяу уақыт мөлшерінде сұлтандар билігін жойып, қырғыздар арасында 1822 жылғы ережесінен басқа мақсаттағы «ережені» қабылдауға мүмкіндікалды», - деп жазды [5].

Кенесары Қасымұлы көтерілісінің тарихымен Шығыс Қазақстан, Алтай өлкесін XIX ғасырдың аяғында кеңінен зерттеуші Б.Г. Герасимов та белсене айналысып, былай деп жазды: «Сұлтан Кенесары Қасымов. Ол Ресейдің отарында болған қырғыз халқына бұрынғы саяси бостандығын, өткендегі ұлылығы мен тәуелсіздігін қайтарып беруді мақсат етті. Кенесары Қасымов көтерілісі мақсатсыз бүлікболып есептелмейді, керісінше оның алдына өз халқын тәуелділіктен құтқару жолындағы жалынды саяси игі әрекет болып табылады....Ол өз халқының лайықты болашағын ойлаған сол кездегі осы әділетті қозғалыстың бастаушысы, үлкен ақыл иесі еді» [6].

ХІХғасырдың екінші жартысынан бастап Қазақстанның өнеркәсіп орындарындағы жергілікті қазақ жұмысшыларының патша үкіметінің отарлау орындары мен тау-кен, зауыт әкімшіліктеріне деген наразылықтары артып, ол ұйымдасқан қарсылықтарға, ереуілдерге ұласты. Мұндай жағдайдың негізгі себептерінің бірі олардың экономикалық-әлеуметтікжағдайларының аса ауырлығынан еді.

Кәсіпорындардағы осындай ахуал әсіресе түсті металдартау-кен орындарыныңорталығы болған Шығыс Қазақстанда өзініңұйымшылдығымен, оған қатысқан қазақ жұмысшыларының ерекше белсенділіктерімен ерекшеленді. Олардың қарсылықтары мен наразылықтарының өзіндік себептері болды. Атап айтқанда, кәсіпорындардағы жұмыс жағдайы аса ауыр болды, аталған уақытта тау-кен кәсіпорындарындағы техника өте қарапайым күйінде қалды, барлық жұмыс қол күшімен атқарылды.

Қазақ даласындағы тау-кен өнеркәсібіндегі экономикалық, әлеуметтік жағдайды XIX ғасырдың аяғында кеңінен зерттеген француз дипломаты Клавдий Оланьон өзінің «Сибирь и ее экономическая будущность» атты кітабында өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлердің жұмысшыларды қанауының шексіздігін нақты мысалдармен кеңінен керсеткен. Мысалы,ол жоғарыда аталған кітабында былай деп жазады: «Гигиеналық жағдайдың мүлдем сақталмауы, медициналық көмектің болмауы, ауыр да өлшеусіз ұзақ еңбек ондағы жұмысшылардың денсаулығы мен мінез-құлқын жылдам бұзады. Олар бірден ауруға ұшырайды. Тек алкоголизм ғана бұл бақытсыз адамдардың уақытша ауыр өмірлерін ұмыттырып, дем алуларының жолы болды. ...Мұнда ешқандай бақытсыздықтан, т.б. сақтандырудың жолы жоқ болды. Денсаулығынан айырылып, мертіккен жұмысшылар бірден қайыршылар мен қылмыскерлердің тобына қосылады» [7, 81бет].

Осындай жағдайлардан XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында да қазақ жұмысшыларының шаруашылық, тұрмыс дәрежелері өте ауыр болды. Қожайындар оларды ең ауыр жұмыстарға пайдаланды. Түгелге жуығы сауатсыз болды. Олар негізінен кәсіпорын иелерімен ауызша келісім жасап, жұмыс уақыты таңғы сағат 5-тен ешқандай демалыссыз қас қарайғанға дейін созылды. Бақылаушылардың күндік нормаларын орындамағандығы үшін жұмысшыларды соғуы кең етек алды. ...Істі толық білмеуі, сауатсыздығы салдарынан қазақ жұмысшылары арасында жұмыс барысында бақытсыздық жағдайлары жиі кездесті. Семей облысында ғана 1885 жылы аталған жағдайдан 1737 жұмыс күні жоғалды [1, 285бет].

Қазақстан өндіріс орындарындағы жұмысшылардың осындай аса ауыр экономикалық және тұрмыстық жағдайы олардың ашық қарсылықтары мен наразылықтарына әкеліп соқты. Басында жұмысшылардың жекелеген нара- зылықтары ретінде басталған бұл қарсылық, әсіресе XIX ғасырдың аяғында өзінің ұйымшылдығымен ерекшеленді.

Мысалы, 1887 жылы Зайсан уезіне қарасты Степанов пен Москвиннің тау-кен орындарында жұмысшылардың ұйымдасқан ереуілдері болды. Оған қатысушылардың басым көпшілігі қазақ тау-кен жұмысшылары, ал ұйымдастырушылары орыс шеберлері болды. Ереуілдің шығу себебі - келісім мерзіміне қарамай еңбекақыны уақытында төлемеу болды.

Ереуіл туралы Зайсан уезі бастығының Семей облысы әскери губернаторына жазған хабарламасында жұмысшылардың басым көпшілігінің Зайсан және Өскемен уездерінің қырғыздары, кен іздестіру ісімен 10 жылдан астам айналысып келе жатқандығы, тәжірибелерінің молдығы, көбінің орысша жақсы сөйлейтіндігі айтылған. Москвиннің кен орындарында қарсылықтан басқа жағдайлар орын алып, олар қызметкерлердің үйлеріне шабуыл жасап, соңы төбелеспен аяқталды. Жұмысшылардың арасында наразылық қарқыны, кейде ашық бағынбау өсе түсуде деп көрсетілген. Ереуілшілердің еңбекақылары беріліп, бұл жұмысшылардың өнеркәсіп иелеріне қарсы қозғалысындағы алғашқы жеңістерінің бірі болды

1888 жылдың 14 қазанында Зырян кен ендірісінің шахтерлары әкімшіліктің жұмыс уақытын бірден екі есеге арттырғанына, алайда еңбекақының бұрынғы күйінде қалғанына наразылық ретінде жұмысты толық тоқтатып, ере- уілге шықты. Ереуіл жетекшілері жұмыс уақытын азайтуды, еңбекақыны уақытында төлеуді талап етті.

1891 жылдың маусым айында осындай ереуіл Семей облысы Өскемен уезі Владимировск алтын іздеу кенінде болып, оған 140-тан астам қазақ жұмысшылар қатысты. Ереуіл 12-13 маусым күндері өткізілді. ...Ереуілді жұмысшылар И. Жа- галтаев, У. Джанкизин, М. Байжумиң К. Байжумиң У. Төлегеновтар басқардьі. Алайда жергілікті әкімшіліктің араласуымен ереуіл күшпен басылып, жұмысқа шықпаған жұмысшыларға айып салынды. 90 адам жұмыстан шығарылып, кен өндірісі маңайынан аластатылды.

...1898 жылғы 5 наурызда Зырян мыс-кен орындарының жұмысшылары ереуілге шықты. Оларға басқа жұмысшылар да қосылды. Ереуілдің шығуына кен әкімшілігінің жұмысшылардың екі пештің орнына басы артық жұмысшыларды қысқарта отыра төрт пешке қызмет етуге шешім қабылдауы болды. Ереуілшілер пеш жанында барлық бұрынғы жұмысшыларды қалдыру, күндік еңбекақыны 70-тен 80 тиынға, ал мереке күндері оны 1 рубль 20 тиынға дейін өсіруді талап етті. 7 маусым күні ереуіл жұмысшылардың жартылай жеңісімен аяқталды: кен орындарында пештерге қызмет етудің ескі тәртібі қалдырылды және ешбір жұмысшы жұмыстан шығарылған жоқ [1, 287бет].Бұл да XIX ғасырдың аяғындағы жеңіспен аяқталған ереуілдердің қатарына жатты.

Жалпы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Шығыс Қазақстан өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың жергілікті үкімет пен зауыт, кен орындары әкімшіліктеріне қарсы наразылықтары мен ереуілдері қалылтасқан дөстүрге айналды. Оған қатысушылардың негізгі талабы – атқарылған жұмыс сағаты мен өндірілген өнім көлеміне орай еңбекақыны арттыру, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, медициналық көмекті жолға қою мәселелері болды. Ереуілдерге қатысқандардың басым көпшілігі қазақ жұмысшылары еді. Аталған ереуілдер мен наразылықтарда қазақ, орыс жұмысшылары арасында жікшілдік, ұлттық оқшаулану болмады. Негізгі ұсыныс, талап ортақ болды. Орыс жұмысшылары әрқашан өздерінің қазақ достарының мүдделерін қорғады.

XX ғасыр басынан басталатын Қазақстан кәсіпорындарындағы жұмысшылардың ереуілдері мен толқулары өткен кезеңмен салыстырғанда неғұрлым ұйымшылдығымен, қойылған талаптардың ауқымдылығыме, оған қатысушылардың санының көптігімен ерекшеленді.

Жұмысшьшардың бірлігі мен таптық топтасқандығын 1902 жылғы Федоров кен орнындағы (Зайсан уезі) жұмысшыларының ереуілінен керуге болады. Ереуілге шығушылар жеңіске жетті.

Осы жылдың 19 маусымында Зайсан уезі Михаиловск кен орнында ереуіл болды. Жұмысшылар өз талаптарында ереуілге шығуларының себебі - ауыр тұрмыс жағдайы, кен иелерінің келісімді орындамауынан болғандығын атап көрсетті. Жұмысшылар нақты экономикалықталаптар қойды: еңбекақыны уақытында төлеу, ауру жұмысшыларды жұмысқа шығуға талап етпеу, өндірістікжүмыс көлемін азайту, т.б. Жұмысшыларталабы орындалмады, 5 шілде күні жұмысшылар кен орындарын тастап кетті [8, 187бет].

1905  жылдың маусым айының соңында алтын өндіруші кәсіпкер Костинның иелігіндегі Невск және Воскресенск ізде- стіру орындарында ереуіл басталды. Құлжа болыстығының қазақжұмысшылары жұмыс күнін 8 сағатқа дейін қысқартуды, тұрмыс жағдайларын жақсарту мен еңбекақыны молайтуды талап етті. Сонымен бірге Құлжа бөлімшесі уряднигінің хабарлауынша, әсіресе Бекбосын Сақыгов, Кошпун Бекболатов, Усабай Байтаев өз талаптарын батыл айтып, белсенділік көрсетті. ...40 адам кен орнынан кетіп қалды, қалғандары жұмысқа шыққан жоқ [9].

Жергілікті халықтың патша әкімшілігіне қарсы ұйымдасқан наразылығы ХХғасырдың басында одан ары жалғастырылып, оның аймағы кеңейді. Ашуланған халық осы кезден бастап бейбіт наразылықтан нақты қимылға көше бастады. Мысалы, 1905 жылдың 26 желтоқсанында Алтай округі басқармасының бастығы Рязанов әскерлер қолбасшысына жіберген жедел хатында Змейногорскіде патша кабинеті имениясының кеңсесі талқандалып, іс қағаздары жойылғандығы және Семей аймағындағы Локтевскіде тәртіпсіздік орнағандығы туралы айтылып, осындағы тәртіпті сақтау үшін Семей гарнизонынан казактарды жіберуді сұраған. Оған жауап ретінде Зайсаннан атқыштар ротасы жіберілді [1, 279бет].

1906 жылдың сәуір айынан бастап осы өңірдегі шаруалар толқуы одан ары жалғасып, көрші елді мекендергетарады. Осы уақыттағы Змейногорск басқармасының хабарламасы бойынша: «Локтев имениясы Николаевск селосына Куры, Таловка, Ивановка, т.б. селолардан жүзден артық шаруалар жиналып, салық төлеуден бас тартып, казактық міндетті атқаруға наразылық білдірген. Тәртіп орнатуға әрекет еткен полиция басқарушысының әрекетінен ештеңе шықпағаннан кейін шақырумен келген жаңа күшейтілген жасақ, капитан бастаған атқыштар бөлімі 15 адамды тұтқындап, толқуды басуға мүмкіндік алды» [1, 280бет].

1906 жылдың 3 шілдесінде Семей қаласында жүктиеуші қазақ жұмысшыларының басқаруымен жалпы қалалық ереуіл ұйымдастырылып, бірнеше күнге созылды. Оны қаладағы көптеген кәсіпорын жұмысшылары қолдады. Жүктиеушілер, ал олардың басым көпшілігі алыс ауылдардан келген қазақтар айлап еңбекақыларын ала алмады, қысы-жазы үйсіз ашық аспан астында жатқан олар кәсіпорын иелерінен өздерінің жағдайларын жақсартуды талап етті. Нақтырақ айтатын болсақ, 10 сағаттық жұмыс күнін енгізу, екі сағаттық түскі астан кейін үзіліс беру, сенбі күні жұмыс уақытын екі сағатқа қысқарту, т.б. талаптар болды. Алайда олардың ұсынысы қанағаттандырылмады. Бұл жағдай ереуілшілерді жұмысты толық тоқтатып, көшеге шығуларына мәжбүр етті. Олар- дың саны 300 адамнан асты. Ереуіл 4 шілде күні одан ары жалғастырылып, диірменнің орыс жұмысшылары және жүн жуу кәсіпорындарының қазақ жұмысшылары қатысқан көпадамды жиындар өткізіле бастады. Ереуіл өкілдерінің қатарында әйелдер де, соның ішінде қазақ әйелдері де болды [1, 288-289беттер].

Осындай ереуілдер 1908 жылдың 19-22 наурызында Өскемен уезінің алтын өндіру кәсіпкерлері Мусин мен Халитовтың «Удалый» кен орнында болды [1, 289 бет].

Бұл туралы мұрағат құжаттарында: «1908 жылдың басында «Удалый» кен орнында жұмысшы-қазақтардың еңбекақысы бірден темендетілді. 19 наурыз күні 250 жұмысшы-қазақтар ереуілге шығып, еңбекақыларын көтеру мен тұрмыс жағдайларын жақсартуды талап етті. Олардың бір бөлігі өздерінің болыс билеушілерінің қысымымен жұмысқа шықты. Алайда 187 жұмысшы күресті одан ары жалғастырды», - деген мәліметтер бар [10].

1909 жылдың аяғында«Удалый» алтын кен орнындағы ереуілдің әсерімен Өскемен уезіндегі М.М. Москвиннің «Николай» және «Основательный» кен орындарында ереуіл болды.1909 жылдың 16 қарашасы күні сағат 16-да «Николай» кен орнының 92 жұмысшысы ереуіл жариялады. Ереуіл жетекшісі 50 жастағы Хасен Жантаев болды. Ереуілшілер талаптары ішінара орындалып, жұмысшыларға ұнамаған бақылаушыларға ақшалай айып салынып, барлығы 8 адам жұмыстан шығарылды [1, 289бет].

Ұйымдасқан үлкен ереуіл 1911 жылы Өскемен уезінің Ресей алтын өндіру қоғамының «Богом даренный» кен орнында болды. Жұмысшылар әкімшіліктен еңбек, тұрмыс жағдайларын жақсарту, еңбекақыны өсіруді талап етті. Ереуіл үш күнге созылды. Әкімшілік оның ұйымшылдығын мойындап, талаптарын орындауға мәжбүр болды [8, 187бет].

Тарихи мәліметтерден XX ғасырдың басындағы өлкедегі ереуілдер мен наразылықтардың негізгі жетешілері қазақ жұмысшылары болғандығын байқаймыз. Оның өзіндік себептері де болғандығы белгілі. Атап айтқанда, өнеркәсіп, зауыт иелері жергілікті халық өкілдерінің лажсыздығы мен сауатсыздығын, арнайы мамандықтарының жоқтығын, т.б. пайдаланғысы келді. Алайда өткен кезеңдермен салыстырғанда тәжірибелері мен ұйымшылдықтары біршама арта түскен қазақ жұмысшылары мұндай теңсіздіктерге көлемді ереуілдермен жауап бере бастады.

Кен орындарындағы істің барысы туралы хабарлай келе тау-кен жұмыстарының меңгерушісі Гущук: «Тіпті қырғыздың да істің қожасы екендігін, жақсы еңбекақы алуға, еңбекгің қажетгілікті қанағаттандыратынын ұғатын уақыгы жетті», - деп жазды [11].

Қазақ даласының Ресей империясына қосыла бастаған уақытынан XX ғасырдың басына дейінгі әлеуметтік-саяси тарихында жергілікті халықтың отарлық езгіге қарсы күресі тарихтан өзіндік лайықты орын алды. Онда Шығыс Қазақстан және Алтай өлкесі де осы теңдік жолындағы күрестің өзіндік орталығы бола білді. Ұзақ кезеңді қамтыған бұл наразылық аталған өңірдегі жергілікті халықтың 1916 жылдан басталған ұлт-азаттық соғысына ұласты.

1916 жылы Қазақстандағы жұмысшылардың, шаруалардың толқулары жаңа маңыз алды. Бірінші дүниежүзілік соғыстыңтоқырау кезеңіне енген Ресей үкіметінің шет аймақтарды тонау саясатына, осыған орай халықтың экономикалық құлдырауына орыс, қазақ еңбекшілері бірлескен ереуілдермен, қарулы қарсылықпен жауап берді. Осындай ұйымдасқан бас көтеру 1916 жылдың күзінде Семей қаласында орын алып, әскери қызметкерлердің әйелдері жергілікті үкіметке қарсы ереуіл ұйымдастырды. Ереуілдің басталуына азық-түліктауарларының жетіспеуі мен қымбатшылығы себеп болды. Әскери қызметкер әйелдерінің бүлігінің ауқымдылығы сондай, ол желтоқсан айының ортасына дейін созылды. Әскери қызметкер әйелдерінің осы қарсылығы Семей қаласынан тыс аймаққа тезтарады. Тәртіпсіздік, сонымен қатар Долонск станицасында, Семей уезінің Семеновск, Грачевск және Өскемен уезінің Георгиевск селоларында болды [1, 290 бет].

1916 жылдың 17 қарашасында қымбатшылыққа қарсы Зайсан уезінің әйелдері толқуға шықты [12].

Бұл қозғалыстың халқымыздың басқа кезеңдердегі бостандық, теңдікжолындағы күресінен айырмашылығы - алдымен ұйымдастырылған ортақ басшылық болмаса да оның бір мезгілде еліміздің сол кездегі аудандарына жылдам таралуында, көтерілісшілер алабының кең сипат алғандығында болды. Сонымен қатар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіқазақ шаруаларымен қатар, XIX ғасыр- дың аяққы кезінен басталған тау-кен кәсіпорындарындағы қазақ жұмысшыларының өз теңсіздіктеріне, ұлттық қаналуларына қарсы көп санды толқу, ереуілдерінің жалғасындай болды, яғни аталған ұлт-азаттық қозғалысының себептері алдын-ала бүкіл қазақ қауымының арасында пісіп, жетілді. Қозғалысты орыс, т.б. ұлт өкілдерінің жұмысшы, шаруалары да қолдап, көтерілісшілер талаптарының орындалуына тілектес болды. Сонымен қатар 1905-1907 жылдардағы бүкіл елді қамтыған халықтық революция талаптарының орындалмауы, бірінші дүниежүзілік соғыстың барлық халыққа әкелген зардабы қазақ, орыс, басқа халықтардың жұмысшы, шаруаларының бірдей қаналуы да көтерілістің кең ауқым алуына жағдай жасады. Олар осы қозғалысты бастаушы қазақтарға үміт, сеніммен қарады. Қазақ халқының осы қарулы бас көтеруі басқа аудандармен қатар қазіргі Шығыс Қазақстан өлкесін де кеңінен қамтыды. Оны мұрағат құжаттарынан кездесетін мына мәліметтерден көруге болады: «1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Зайсан қаласында күйеулері, әкелері, балалары империялық соғыс майдандарына жіберілген әйелдердің бірінші батыл қарсылығы болды. Бұл қозғалысЗайсан қаласындағы саудагерлердің, алып-сатарлардың дүкендерін, қоймаларын,сауда алаңдарын талқандау және өртеумен аяқталды. 1916 жылғы 7 қараша күні бүлікшілерді тоқтату, жазалау туралы ескерту-хабарламаны алған әскери губернатор жарлығымен жаппай тұтқындау басталды. М. Шаповалова, М. Суханова бастаған әйелдер мен кедейлердің бұл наразылығы еңбекшілердің әділетсіздікке қарсы қозғалысының бастамасы болды» [13].

Ал 1916 жылғы қазақ даласындағы халықтың қарулы көтерілісінің басталуына себеп - 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің Астрахань губерниясы, Сібір мен Орта Азия жергілікті тұрғындарын соғыс қимылдары аймақтарына қорғаныс құрылыстарын және окоп қазу жұмыстарына алу туралы жарлығы болды. Жарлыққа сәйкес 19-43 жас аралығындағы ер азаматтар міндетті түрде тыл жұмыстарына алынатын болды. Қазақ даласы, соның ішінде Жетісу өлкесі, Сырдария, Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары, Каспий маңы аймағынан бірнеше жүздеген мың адам қысқа мерзімде тыл жұмыстарына алынуға жатты. Семей облысынан ғана 60000 адам тыл жұмыстарына алынуға тиіс болды [13, 87 бет]. Міне патша үкіметінің осы күтпеген жарлығы халықтың бірден ашу-ызасын тудырып, олардың жаппай қарсылығының басталуына әкеліп соқты.

Патша үкіметінің аталған жарлығы Қазақстанның басқа аймақтарымен қатар сол кездегі Семей облысының негізінен жергілікті халық өкілдері еңбек ететін кәсіпорындарға, қазақ ауылдарына жылдам тарады. «Қазақтарды тыл жұмыстарына алу туралы жарлық Семей облысында 29-шы маусым күні алынды. Себебі жалпы тыл жұмыстарына алынушылардың басым көпшілігі осы облыстарға жататын. Қазақ тұрғындарына жарлық жарияланысымен Өскемең одан ары Зайсан, Қарқаралы, Семей уездерінде толқулар басталды. Мұнда ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға біріккен қарулы көтерілісшілер отрядтарын жасақтау қолға алынды. Көтерілістің ерекшелігі - көтеріліске өнеркәсіл орындары мен тау-кен орындарындағы жұмысшы қазақтар қосыла бастады» деп жазылған сол кездегі тарихи құжаттарда [1, 292-293беттер]. Атап айтқанда Риддер, т.б. өнеркәсіп орындарында жұмысшы қазақтар негізінен жұмыс орындарын тастап, көтерілісшілерге қосылды. 1916 жылдың 16 қазанында Семей көмір кенінің 55 шахтері, Ертіс өзені пароходтығының және Омск темір жолы қазақ жүк тиеу- шілері көтерілісшілерге қосылды [1, 293бет].

Патша үкіметінің аталған жарльнына наразылық білдірген қазақтарға орыс жұмысшылары да өз ынтымақтастықтарын білдірді. Мысалы, Риддер зауыттары мен Екібастұз тау-кен орындарында қазақ, орыс жұмысшылары ереуілге шықты. Көптеген қазақ жұмысшылары ауылдарына тарап кетті. Бұл жағдайды ескерген Дала генерал-губернаторы Риддер акционерлік қоғамының сұрауымен 716 қазақты майдандағы тыл жұмысынан босатуға мәжбүр болды.

Алайда оған қарамастан жұмысшылар ереуілдері тоқтамады.Аталған зауыттың кеме шаруашылығында еңбекететін матрос-қазақтар патша жарлығына қарсы ереуілге шығып, кеме шаруашылығының меңгерушісі Дала генерал-губернаторына 500 қазақ жұмысшыларын босатуға рұқсат беруді сұрауға мәжбүр болды [1, 293бет]. Себебі Риддер зауыты бұл кезеңде қор- ғасын мен мырыш өндіретін Ресейдегі ірі кен орындарының бірінен саналып, оған жылына қорғаныс мақсатына 200000пұт қорғасын өндіру тапсырылды [14, 548бет]. Сондықтан да патша үкіметі қандай жағдаймен болсын аталған зауыт, тау-кен орны жұмысының тоқтамауына мүдделі болды.

Патша жарлығына қарсылық көрсету мақсатында халық қарулана бастады. Атап айтқанда, сол кездердегі мәліметтерде: «1916 жылдың шілде, тамыз айларында Ақмола және Семей облыстарының далалы өңірі мен қалаларында көтерілісшілердің елеулі күші шоғырландырылып, олардың қатарында көптеген өнеркәсіп жүмысшылары болды. Тыл жұмысына баруға наразылық білдірген қазақтар шақыру тізімдерін жойды, болыс билеушілеріне шабуыл жасады, болыс, байлардың малдарымен алыс далалық өңірлерге және тау қойнауларына қоныс аударды [1, 294-295беттер].

Зайсан уезінің қазақтары Қытай арқылы жіберілген мылтықты қарулармен қаруланып, әр ауылдарда жасақтар құра бастады. Осы толқуларды басу мақсатында қалаға пулемет, жарты жүздік казактар құрамын жіберу туралы уезд бастығы Семей облыстық әскери губернаторльғына арнайы хабар жібереді.Жергілікті халықтың аталған мақсаттағы жасақтарға бірігуі мен қарулануы, осыған байланысты көмек сұраған өтініштер облыстық және Дала өлкелік генерал-губернаторлығына жедел түрде түсе бастады. 1916 жылдың шілде айының ортасынан бастап Көкпекті ауданында көтерілісшілер қолы жасақталып, жолдарға, елдімекендерге бақылау орнатылды. Олар ауылдарға жіберілген хабаршыларды тоқтатып, тұтқындауға кіріседі. Жергілікті халық жұмыстарын тастап, қарулана бастады. Осы кезде Өскемен уезі қазақтары да топталып, казактар мекендеген қоныстарды қоршай бастады. Мылтықпен, т.б. қарумен қаруланған қырғызот- рядтары орыстарды талқандап, бауыздаймыз деп қоқан-лоққы көрсетуде деп жазды Семей облыстық әскер губернаторы Ф.Ф. Чернцов [14, 553бет].

«1916 жылғы, - деп жазылған мұрағат құжаттарында, - Омскіден жіберілген хабарламаға сай қырғыздардың ең көп жиналуы Зайсан уезінде болды (әрбіреуі 1000-нан асатын бірнешетоп), 7000 адамдықтоп Семейде, кейбіреулерінің саны 3000 адамға жуық бірнеше топ Өскемен уезінде орын алды.Көтерілісшілерге қарсы ірі, жақсы қаруланған жазалау бөлімдері жіберілді. Күзде Өскемен және Зайсан уездерінде көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында қарулы қақтығыстар болды» [15].

1916 жылдың шілдесінде Өскемен уезі Тайынты болыстығының Қараболат өңірінде казак әскерлері мен 2000 адамдық қазақ көтерілісшілері арасында қарулы қақтығыс болды. Патша үкіметінің қаруланған әскерлеріне төтеп бере алмай көтеріліс күшпен басылды. 6000-нан астам қазақ отбасы еріксізден Қытайға етті [16].

Тарихи деректерге жүгінетін болсақ, жерінен, малынан айырылған Шығыс өңірі қазақтарының Қытайға еріксіз қоныс аударуы еліміздің Ресей империясына қосылғаннан кейін басталып, бұл құбылыс тіпті Кеңес заманының 30-жылдарына дейін созылды [17, 45бет].

1916  жылғы осындай қазақ халқының бас көтерулері бұл Шығыс Қазаққстандағы патшаға қарсы ұйымдастырылған ірі қарулы қарсылықтардың бірі болды. Кейін ол 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-халықтық қозғалысына ұласты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.                        Қарасаев Ғ.М. Қазақстан және Алтай өңірі XVIII-XX ғасырлар аралығында / Ғ. М. Қарасаев. - Өскемен, «Медиа-Альянс», 2004, 392 бет.

2.                        Жидков Г. П. Кабинетское землевладение (1747-1917 гг.) / Г.П. Жидков. – Новосибирск, 1973, 262 с.

3.            Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX века / Е. Бекмаханов. – Алма-Ата: Каз.объед.гос.изд-во, 1947. – 390 с.

4.                        Национально-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова: сб.док. – Алматы, 1996. - 443 с.

5.                        ШҚОММ, қор 32, тір. 1, іс 19а, 175 п.

6.                        ШҚОММ, қор 1070, тір. 1, іс 11, 6 п.

7.                        Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. Алматы, 1992, 81 б.

8.                        Игибаев С. К. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг.), Алмаы, 1991., 187 б.

9.                        ШҚОММ, қор 50, тір. 1, іс 92, 195 п.

10.               ШҚОММ, қор 32, тір. 1, іс 22, 198 п.

11.               ШҚОММ, қор 50, тір. 1, іс 92, 200-201 п.

12.               ШҚОММ, қор 50, тір. 1, іс 19, 96 п.

13.               ШҚОММ, қор 752, тір. 2, іс 160, 2 б.

14.               Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане : сб. док. – М., 1960. - 794 с.

15.               ШҚОММ, қор 50, тір. 1, іс 92, 202 п.

16.               // Рудный Алтай. – 1967. – 27 июнь. – С. 1.

17.               Қарасаев Ғ. М. Шығыс Қазақстан: 1986 жыл / Ғ. М. Қарасаев. // Қазақ тарихы. – 2001. - №6. – 44-48  бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Шығыс Қазақстан өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстар тарихнамасы" тақырыбында мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 980 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2017 884
    • DOCX 50.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамиева Әсел Амангельдықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамиева Әсел Амангельдықызы
    Мамиева Әсел Амангельдықызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42785
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе