Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации
версия для слабовидящих
Главная / Другое / «Шұбар тауық» ертегісі

«Шұбар тауық» ертегісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып,ойлау қабілеттерін дамыту.Сұрақ-жауап арқылы балалардың байланыстыры сөйлеуін дамыту,зйін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ертегі суреттері,ермексаз,тақтайшалар.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

1. Балалар бір-біріне күлімсіреп жақсы сөздер айтады

Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда

Тұратын елжіреп

Бәрімізде бір жүрек.

Ендеше, қасымыздағы көршімізді күлімсіреп құшақтайық.

Тәрбиеші: -Балалар,бүгін бізге қонаққа қуыршақ Айнұр келіпті. Қарандаршы, ол бүгін көңілсіз,оның көңілін көтеру үшін мен сендерге «Шұбар тауық» ертегісін айтып берейін. Бәріміз мұқият тындайық,ал қуыршақ Айнұрды сендердің қастарыңа отырғызайын,ол да тыңдасын.

Тәрбиеші ертегі суреттерін пайдалана отырып ертегіні әңгімелеп айтады.

-Ерте-ерте ертеде ата мен әже болыпты. Олардың шұбар тауығы бар екен. Бір күні тауық жұмыртқа тауыпты: қарапайым емес,алтын жұмыртқа. Ата мен әже жұмыртқаны жегілері келіп ұрады-ұрады жұмыртқа жарылмайды, әжесі ұрады-ұрады жұмыртқа жарылмайды. Осы кезде тышқан жүгіріп келе жатып, құйрығымен жұмыртқаны қағып қалады, жұмыртқа үстел үстінен түсіп, жарылып кетеді. Оған атасы,әжесі де ренжиді. Сол кезде шұбар тауық келіп «Жыламаңыз ата,жыламаңыз әже, мен сіздерге басқа жұмыртқа тауып беремін,алтын емес,қарапайым жұмыртқа»-дейді. Сөйтіп шұбар тауық қарапайым жұмыртқа тауып береді. Осыдан кейін олар бақытты өмір сүріпті.

Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнынын тиянақтап, сөздік жұмыстарын жүргізеді.

Сергіту сәті: «Ұзын құлақ,сұр қоян...»

Тәрбиеші: -Ал енді,балалар,ермексаздан көп жұмыртқа жасап, ата мен әжемізге сыйлаймыз. (Жасауға қиналған балаларға көмек көрсетеді).

Тәрбиеші: -Балалар, сендер ермексаздан жұмыртқа жасадындар, сендер нағыз жұмыртқаны көрдіңдер ме? Ол қандай болады? (көрсету)

Тәрбиешінің жұмыртқаның пішіні, түсі қандай,қатты ма әлде жұмсақ па, оны қалай жейді ,жұмыртқа бізге қайдан келеді?- деген сұрақтарына балалар сопақша,ақ,сары,қатты,қайнатып,сыртынан аршып жейді,-деп жауап береді.

Тәрбиеші: -Жарарайсындар балалар! Ал,қазір мен сендерге шұбар тауық туралы тақпақ оқып берейін:

Шұбар тауық-ау,ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық.

Ертемен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

«Шеп-шеп», десем келмейді,

Берген жемді жемейді.

«Ауруы қандай қауіпті?»-

Деп аямаймын тауықты.

Деп жүрсем тауықты

Ақ жұмыртқа тауыпты!

-Сонымен,балалар,біз бүгін қандай ертегі тындадық?Ермексаздан не жасадық?

Мен сендерге қандай тақпақ оқып бердім?

Жарайсындар,балалар,бүгін барлығың менің айтқанымды мұқият тыңдап отырдыңдар. Ермексаздан жұмыртқаны жақсы мүсіндедіңдер, қуыршақ Айнұр да сендерге риза.

Тәрбиеші балалаардың жұмысын бағалап,мадақтайды.

  • Другое
Описание:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып,ойлау қабілеттерін дамыту.Сұрақ-жауап арқылы балалардың байланыстыры сөйлеуін дамыту,зйін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:

Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып,ойлау қабілеттерін дамыту.Сұрақ-жауап арқылы балалардың байланыстыры сөйлеуін дамыту,зйін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу.

Автор Байгалиева Жанар Кенжегалиевна
Дата добавления 19.01.2017
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 1835
Номер материала MA-069641
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

Популярные курсы

Курс повышения квалификации
«Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации
«Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации
«Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам»