Инфоурок Другое Другие методич. материалыҮш бәйтерек - үш бәйтерек

Үш бәйтерек - үш бәйтерек

Скачать материал

 

 

 (Үш бәйтерек әні орындалады.)

 Данаби:    Армысыздар, қадірлі  ұстаздар мен оқушылар,қонақтар !

 Қазақ әдебиетінің алып бәйтеректері С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлинге арналған «Үш бәйтерек-үш діңгек» атты  әдеби  -сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Ботагөз:  Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой - өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата - бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдары аз емес. Солардың бірегейі, әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған үлы тұлғалар-Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин.  Тәуелсіздікті ту еткен қазақ халқы осындай ұлдарымызды мақтан тұтады.

Данаби: Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды. Биылғы жылы «Үш бәйтерегіміздің» туғанына 120 – жыл толып отыр

Ботагөз:    Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.

Данаби:

Сәкені Жезқазғанның сұлу туған,
Жасынан өз бетінше өнер қуған.
“Үкімет” деп арпалысып жүргенінде,
Ақыры аяқ-қолын кісен қиған.

Бейімбеті Қостанайдың сөз зергері,
Жағдайын кедейлердің бар тергені.
Қолынан қалам түспей жүрген кезде,
Таусылды оның халқына көп берері.

Ботагөз:   

Ілиясы Жетісудің дүлдүл ақын,
Жырымен ұлағатты бізге жақын.
Көп өлеңі арналған балаларға,
Сондықтан ұмытпайды оның атын.

Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен,
Зарлатып әйел-бала бірге кеткен.
Оларға “халық жауы” атақ тағып,
Түбіне үшеуінің бір күн жеткен.

Данаби:

 Ал, бүгінгі  әдеби сазды кешіміз ІІІ бөлімнен тұрады.

І бөлім   «Өмірлері өнеге- үш бәйтерек»   (ақын жазушылардың өмірі мен шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстары)

ІІ бөлім «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»    (поэзия минуты)

ІІІ бөлім  «Ағаларды ардақтаймыз»   ( оқушылардың   шығармашылы)

Ботагөз:

Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.

 Олай болса «Өмірлері өнеге- үш бәйтерек» бөлімі бойынша С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына зерттеу жұмысын жүргізген оқушыларға сөз берейік.

(Баяндамашылар шығады.)

Ботагөз:

Кұлактан кiрiп бойды алар,

әсем ән мен тәттi куй.

Көңiлге түрлi ой салар,

әндi сүйсең менше сүй-деген ұлы Абай атамыздың осы өлеңі еріксіз еске оралады. Себебі біздің Сәкен ағамыз да әннен құр алақан емес . «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Жазғы түнде» өлеңдері ақынның лирик екенінің белгісі. Ол -адамгершілік сезімдердің, айнымас достық пен махаббаттың жыршысы.

Данаби: Иә, Ботагөз, ән десе елеңдемейтін құлақ болмас. Ендеше кезекті әнге берейік. С.Сейфуллин «Тау ішінде»

Данаби:

"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
-деп М.Мақатаев ақын жырлағандай  үш бәйтерегіміздің поэзия көгінде самғағанына, астына асау тұлпар мініп жорыққа аттанғанын,кең даланы дүбірлетіп ән шырқағанына барша қазақ халқы куә. 

Ботагөз:

Дұрыс айтасың ,Данаби. Олай болса сөз кезегін «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...»   атты  поэзиялық сағатымызға берейік.

(Өлеңдері оқылады.)

Данаби:

Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,
Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.
Мына дала болса егер мына бел,
Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.

Ботагөз:

Ежелден - ақ екі көздің бірі қас,
Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.
Ақаңның да Құлагері бар десек,
Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.

Данаби:

Теңеуін халық төксе де,
Байламын айтқан бекемдеп.
Сұлуы жердің Көкшетау,
Сұлуы ердің Сәкен-   деп жырлайтын ағаларына тағзым ететін  жастарымыз бүгінде баршылық.

Ендігі кезекті  «Ағаларды ардақтаймыз» атты  оқушылардың шығармашылығына береміз.

 (Балалар өз өлеңдерін оқиды) 

Ботагөз:     (ҚОРЫТЫНДЫ )
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.

 Данаби:

         Қазақ бәйтерек ағашын киелі санап, қасиет тұтады, тамырын тереңге жайған бәйтерек сан тарапқа жол ашып, көкпен жарыса өседі, ұзақ жылдар бойы өсіп - өнетін ағаш екен. Біздің қазақ халқы өз ұлын батырларын ескеріп, еңбегін бағалап, «бес арыс», «үш бәйтерек» деп өз сүрген қоғамына қарай, еңбегіне қарай топтап, бағалап келеді.Жас ұрпақ ағалар салған асыл жолды, олар қалдырған мол мұраны сақтап,қастерлеп ұрпақтан –ұрпаққа жеткізейік.

(Жаса Қазақстан өлеңі орындалады хормен

Данаби: Кеш соңындағы қорытынды сөз мектебінің директоры Төкейбекова Айгүл Төкенқызына беріледі.

Ботагөз:Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды ,кездескенше қош сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы білім беретін №8 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үш бәйтерек- үш діңгек

 

(Әдеби –сазды кеш)

 

 

 

 

                                                                       Орындағандар:   Абилова А.У

                                                                                                        Жумабаева М.К

                                                                                                        Артықбаева Ә.Ө

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш2014

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үш бәйтерек - үш бәйтерек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой - өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата - бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдары аз емес.

 

Данаби: Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне ықпал еткен, елді оқуға, білім алуға шақырған, үшеуі де үш бәйтерек сынды қатар өсіп, туған елі үшін еткен еңбектерімен шырқау көкке көтерілген, халқының болашағына жол сілтеген асыл перзенттері, 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіровтер болды. Биылғы жылы «Үш бәйтерегіміздің» туғанына 120 – жыл толып отыр

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 343 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2014 2375
    • DOCX 20.5 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумабаева Мираш Каримхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жумабаева Мираш Каримхановна
    Жумабаева Мираш Каримхановна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 11214
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе