Инфоурок Школьному психологу Рабочие программы"Сенімділік күш береді" тренинг сабақ

"Сенімділік күш береді" тренинг сабақ

Скачать материал

Тақырыбы: «Сенімділік күш береді»

Контигент: 11-сынып оқушылары, ҰБТ пәндері бойынша дайындайтын ұстаздар.

Мақсаты: 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту.

Түрі: пікір алмасу тренингі

Өту барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі тренинг сабағымызды ерекше болады деген ниетпен «Сәлемдесу» тренингімен бастасақ.

         Мына қорапта сіздерге арналған сөздер бар. Оны сіздерге сиқыршы жазып қалдырған. Кімде-кім сиқыршы, сиқыршы мен қандаймын? – деп қораптан бір парақ қағазды алсаңыз, сонда жазылған қасиетке ие боласыз.

Пікірлесейік

·        Сенім деген сөзді қалай түсінесіздер?

·        Өзіңізге сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

·        Қандай адам сенімге ие болады?

·        Адамдардың барлығына сене беруге бола ма?

Жаттығу: Ақ парақтың екі бөлігі

Мақсаты: жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымсыз қасиетті дамыту.

Нұсқау: алдарыңыздағы қағазды екі бөлікке бөліп оң жақ бұрышына «+», сол жақ бұрышына «-» белгісін белгілеңіздер. Енді «+» белгісі бар бөлікке өздеріңіздің ҰБТ-ға байланысты жағымды, жылы, сенімді ойларыңызды жазыңыздар. Ал «-» белгісі бар бөлікке жағымсыз, сенімсіз ойларыңызды жазыңыздар.

-         Ал осы жағымсыз жағдайлардан арылғымыз келе ме? Не үшін?  Не себапті?

-         Енді «-» жақтағы жағымсыз ойды қыйып, қағазды умаждап қоқыс шелекке тастаймыз?

Тыныштық сәті. «Өз жұлдызыңды тап!»
Мақсаты: Оқушының өзіне сенімділігін арттыру, өз жұлдыздарын таңдату.
Нұсқау: Шеңбер құрып отырамыз, көздеріңізді жұмыңыздар.Үш рет терең дем алып, шығарыңыздар (әуен жіберіледі)
Ал енді жұлдызды аспанды көз алдыңызға елестетіңіздер. Жұлдыздар алып және кішкентай, жарық және күңгірт.Біреуіңіз үшін ол бір немесе бірнеше жұлдыз ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін жарқыраған ноқаттар, ол бірде қол жетер жерге дейін жақындайды, бірде алыстайды.
Жұлдыздарға анықтап зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт, қуаныш, сәттілік, серпіліс сәттерін еске түсірген шығар?
Тағыда жұлдызыңды тамашалап сүйсініңіз және оған дейін қолыңызды созыңыз.Барлық күшіңізбен тырысыңыз! Және сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға қол жеткізесің.Аспаннан мұқият түсіріп алып, алдыңызға ептеп қойыңыз,жақындап зер салып қараңыз және қандай екенін, қалай сәуле шашатынын есіңізге сақтаңыз.
Енді екі қолыңыздың алақанымен тізеңді, сирақ бойы, аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз.Көзіңізді ашыңыз, қағаз алып, түрлі түсті қарындаштармен өз жұлдызыңды әдемілеп салыңыз. Қиып алып, біздің жұлдызды аспанымызға орналастырайық.
Енді құрметті түлектер, сіздің әрқайсысыңыздың әдемі жұлдыздарыңыз әр тренинг сайын бізге мейірімділік, достық, өзара көмек, қолдау сәулесін шашып тұрады. Соңғы сабағымызда әрқайсысыңыз өз жұлдызыңызды алып кетесіз, ол сізді білім жолында, емтихандарда және өміріңізде серік болады.Анықтап жұлдыздарға қарайықшы, олар бір- біріне ұқсамайды, яғни өзіміз сияқты алуан түрлі.

Оқушылар өмірде өзіне сенімді адам қандай болу керек деп ойлайсыздар?

Жадынама

1.     Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды есепке алып мойындаңызда соған байланысты өз мақсатыңызды алдыңызға қойыңыз. 
2. Сізге не құнды, неге сенесіз. Өз өміріңіздің қандай болғанын қалар едіңіз соны шешіңіз. Өзіңіздің жоспарыңызды бүгінгі күннің жағдайымен талдап көріңіз. 
3. Өткен өміріңізді талдап көріңіз. Ол жағдайға неліктен кезіккеніңізді ойластырып көріңіз. Сізге қайғы, өкініш , әкелген адамдарды түсініп және кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздегі қателіктермен сәтсіздіктерді, адасу – қателесулерді кешіре алыңыз. Өткен өміріңіздің көңілсіз жақтары сіз оны саналы түрде шығарып тастамасаңыз есіңізден кетпейді. Одан да алдағы өміріңізде болатын жақсылықтарға орын қалдырыңыз. 
4. Өзіңізді кінәлы сезіну сізге жетістікке жетуге көмегін тигізбейді. 
5. Өткен қателіктеріңіздің ішінен өзіңіздің жеке басыңыздың кемшілігін емес, дене, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайлардан іздеңіз. 
6. Әрбір жағдайда әртүрліше талдауға болатынын есіңізге ұстаңыз. Бұлай жасауыңыз адамдардың барлығына мейірімді қарауға көмектеседі. 
7. Өзіңіз туралы жаман ойламаңыз; соның ішінде мынадай қолайсыз қасиеттерді өзіңізге теңестірмеңіз- қолымнан ештеңе келмейді, сәтсізбін.
8. Егер қолыңыздан келмеген немесе қолыңыз жетпеген жағдайларда бұл да сәттілік одан жалған мақсат көздеп едім деп қорытындылаңыз. 
9. Өзіңізбен өзіңіз қалып өзіңізге ұнайтын жүрегіңізден шығатын іспен айналысыңыз, өзіңіздің ойларыңызды тыңдаңыз. Осы жағдайларда ғана сіз өзіңізді түсіне аласыз.
10. Қарым-қатынасқа байланысты жаттығыңыз. Сіздің ағаларыңыз бен апаларыңызды ойлаңыз. Сіз олардан қандай көмек сұрар едіңіз оларға сіз неден көмегіңізді берер едіңіз.
Сіз өзіңізді өзгелерге ашық адам екеніңізді сездіріңіз.
11. Алыс бірнеше мақсат қойыңыз алдыңызға оған жетуге уақ мақсаттар аралық әрекеттер болуы керек. Ойластырыңыз осы аралық мақсаттарға жету үшін қандай құралдар қажет. әрбір сәтті қадамыңызды көңілден шығармаңыз. Өзіңізді мақтап, қолдап , қолпаштап отыруды ұмытпаңыз.
12.Сіз- ата-анаңыздың үміт күткен болашығысыз.
Егер сіз өзіңіздің күшіңізге сенетін болсаңыз, қолыңыздан барлығы да келеді.

Тест “Сіз жарқын жүзді адамсыз ба?”

Тапсырма: Қыс мезгіліндегі табиғатты бейнелеу.Суретке мыналар бейнелеу ерек. (Үй, шырша, адам, қар, бұлт)
ü Егер сіз қар үйінділеріне басты назар аударсаңыз, оларға штрихтар мен көлеңкелерді салсаңыз, онда сіз дәл осы уақытта өзіңізді бақытты сезінуде емессіз.Сізді бір ойлар алаңдатуда, сіздің басыңыз қара ойларға, ал жаныңыз – уайымға толы.
ü Егер сіз қара түнерген бұлттың суретін салсаңыз ,онда сіз нағыз пессимист адамсыз.Сіз мінезіңіз нашар, өте ашулы адамсыз.Сіздің ыңғайыңызды табу қиын, өйкені сіздің үнемі ешнәрсеге көңіліңіз толмайды.Сіз өмірдің сәттеріне қуана білмейтін адамсыз, кез келген ақ нәрсені қараны көріп тұрасыз.
ü Егер сіз үйді басты назарда ұстап, оған мұражасынан түтін шығып жатқанын салсаңыз және үйдің терезесінен жарық көрінсе, онда сіз жарқын жүзді, бақытты адамсыз.Сіздің өмірдегі басты құндылығыңыз – бұл сіздің үйіңіз, жақындарыңыз және достарыңыз.Сіз осы аталғандардан өзіңіздің өміріңізге күш – қуат аласыз.Сіз өмірдің сәттеріне қуана білетін, өмір сүре білетін тұлғасыз.
ü Егер сіз шыршаға басты назарды аударсаңыз, бұл сіздің жарқынжүзді, шынайы адам екендігіңізді білдіреді.Бұл сіздің бүкіл әлеммен байланыс жасауыңыздың бірден бір құралы.Сізді айналаңыздағылар жақсы көреді, өйткені сіз көңілді, белсенді адамсыз.
ü Ауадағы қарлар – бұл сіздің жағымды, жақсы әсер қажетсінетіндігіңізді білдіреді, күнделікті өмірдің күйбеңінен басқа дүниені аңсайтындығыңызды білдіреді.
ü Егер сіз адамды шыршаның жанына салсаңыз, бұл сіздің күш – қуатыңыздың көптігін, шаршамайтын адам екендігіңізді білдіреді.
ü Егер адам үй мен шыршаның ортасына салсаңыз, сіз бір нәрсені қажетсінесіз, яғни сізге өмірлік мақсат қою керек немесе біреуді сүю қажет.
ü Егер адам үйдің ішінде орналасса, онда сізге демалу керек.Сіз рухани және физикалық тұрғыдан шаршағансыз. 
Жаттығу. «Сілкіп таста»

Мақсаты: жағымсыз қажет емес кедергі жақтардан құтылу, сенімділік орнату.

Мен сіздерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңіздің қалыпқа келтіру жолыңызды көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: Ойымызға Тағы да жолым болмай қалды. «ҰБТ-ға жақсы дайындала алмаймын», «Жақсы тапсыра алмаймын» деген сияқты.

         Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақандарыңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сеніңіздер сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен дайынмын.

Менің болашақтағы арманым...
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.

«Мен қазір»             

            

«Мен 6 айдан кейін»

«Мен 5 жылдан кейін»

 

«Мен 10 жылдан кейін»

«Майшам» жаттығуы
Оқушылар дөңгелене отырып, қолдарындағы майшамды көршілеріне беру арқылы,бір-біріне алдағы ҰБТ жақсы тапсырып, аңсаған армандарына жету үшін әр уақытта өмір жолдарының ашық,жарқын болуларына сәттіліктерін тіледі.
Тренинг соңында барлық оқушылар «ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әнін орындады
1.Арман,мақсат бір болған соң тілегіміз,
ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.
Білім болған бастау алар тірегіміз,
Әннен шашу шашайық. 
Қайырмасы:
Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,
Орындалсын үміт толы тілегіміз.
Бәрімізде дайым
Көрмей қайғы-уайым,
ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2.Жанымызға сенімділік серік болсын,
Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.
Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,
Асулардан асайық.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Сенімділік күш береді" тренинг сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылы, Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп психологы, білімі жоғары, еңбек өтілі 5 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылы, Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп психологы, білімі жоғары, еңбек өтілі 5 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылы, Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп психологы, білімі жоғары, еңбек өтілі 5 жыл,

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.05.2020 2035
    • DOCX 22.7 кбайт
    • 89 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нижельская Галина Анатольевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нижельская Галина Анатольевна
    Нижельская Галина Анатольевна
    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 72487
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с антивитальными переживаниями и самоповреждающим поведением методом когнитивно-поведенческой терапии

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 138 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1187 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 548 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе